БИОСФЕРАДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

БИОСФЕРАДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: АБДИЕВА КАМШАТ

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ЖОСПАР

1. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамуы.

2. Биосферадағы ғасырлар бойы болып отырған өзгерістер

3. Адамның табиғатқа әсер етуінің негізгі факторлары

4. Экологиялық тоқырау және экологиялық тоқырауға әкеп соқтыратын негізгі жағдаяттар

5. Құрлық суларының антропогендік ластануы және оларды қорғау.

6. Әдебиеттер тізімі.

БИОСФЕРАДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Биосфера - өзінің эволюциялык даму кезеңдерінде әр түрлі та-биғи процестердің әсерінен үнемі өзгеріп отыратын ғаламдық экожүйелер жиынтығы болып саналады. Биосферада ұзак уакыттарға созылған эволюциялық процестердің нәтижесіңде өзін-өзі реттеу кабілеті калыптасты, бұл, негізінен, тікелей көптеген заттар мен энергияның алмасуы нәтижесінде жүзеге асып отырады. Биосферадағы эволюциялық процестердің нәтижесінде Жер бетіндегі табиғи бірлестіктер мен экожүйелердегі тірі организмдер үнемі өзгеріп отыратын табиғи орта жағдайларына бейімделіп отырады. Осындай күрделі тіршілік әрекеттері табиғаттағы табиғи тепе-теңдікті калыптастырды.

Соңғы ғасырлардағы коғамның дамуы, ғылыми-техникалық процестердің күрделенуі, ауыл шаруашылығының өркендеуі, халық санының артуы адамның биосфераға әсерін арттыра түсті. Адамның күнделікті тіршілік әрекеттері арқылы тікелей табиғатқа әсер етуін ғылымда антропогендік факторлар деп атайды.

Көрнекті американ экологы Б. Коммонер (1974) адамның табиғатка әсер етуінің негізгі 5 жолын ерекше бөліп керсетті.

1. Табиғи экожүйелердің өзгеріске ұшырауы және олардағы биологиялык процестердің бұзылуы.

2. Шашыранды энергияның шоғырлануынан жылу түріндегі ластанудың пайда болуы.

3. Химиялық өндірістерден шығатын улы қалдықтардың көбейе түсуі.

4. Экожүйелерде бұрын болмаған организмдердің жаңа түрлерін жерсіндіру.

5. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде генетикалық өзгерістердің пайда болуы.

Табиғатқа тікелей әсер ететін антропогендік әсерлердің көпшілік түрлерін адам белгілі бір өзі алдын-ала жоспарлаған мақсаттарға сәйкес жүзеге асады. Мысалы, аң аулау, су қоймаларын салу, ормандардан ағаш кесу, жер жырту және т. б.

Антропогендік факторлар табиғатқа, негізінен, екі түрлі әсер етеді. Оның бірі - жағымды әсерлер болса, екіншісі - жағымсыз әсерлер. Жағымды әсерлерге - егістік алқаптарды қайта өңдеу, су қоймаларына бағалы балық түрлерін жіберу, ағаш отырғызу, су кездерін тазалау және т. б. жатады. Ал, жағымсыз антропогендік факторларға - жаппай орманды отау, жерді дұрыс пайдаланбау, заңсыз аң аулау, ядролық қаруларды пайдалану, ретсіз ядролық жарылыстарды сынау және т. б. жатады.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына және халық санының артуына байланысты адамзаттың табиғат ресурстар пайдалануы жылдан-жылға артып келе жатқаны шындық екені кімге болса да белгілі. Осындай жағдайлардың әсерінен биосферада екі түрлі жағымсыз көріністер байқалады.

1. Табиғи байлықтар корының азая бастауы.

2. Табиғи ортаның ластануы.

Табиғат байлықтарын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігі бұзылып, экологиялық тоқырау және экологиялық апатты жағдайлар орын алуда. Бұл кезде табиғи орта жағдайлары адам баласының өз өміріне кауіп төндіретіні айдан анық. Адам баласының экологиялық тоқырауды болдырмау үшін әлі де болса белсенді түрде нақты жұмыстар атқарып, оның алдын алуға болады. Ал, экологиялық апатты жағдайда адам баласы еш нәрсе істеуге дәрменсіз болып, оның зардабын тартады.

Экологиялық тоқырау мен экологиялық апаттың адам баласына әсер ету дәрежесіне сәйкес оларды жекеленген өңірлерге ғана немесе үлкен аймақтарға және ғаламдық (бүкіл ғаламшарға) тән деп бөлуге болады.

Біз мақаламызда, негізінен, ғаламдық өзекті мәселелерге басты назар аударуды жөн көрдік. Өйткені, биосферадағы ғаламдық экологиялық өзгерістер бүкіл Жер бетіндегі адамзатты толғандырып отырған әрі кезек күттірмейтін өзекті өмірлік мәселелерге айналып отырғаны белгілі болып отыр.

Қазіргі кезде жер бетінде 6, 5 млрд адам тұрады. Осыншама адамды тамақпен және күнделікті қажетті басқа да заттармен қамтамасыз ету ушін қаншама табиғат байлықтары қажет екеңдігі айтпаса да түсінікті. Тек соңғы 100 жыл ішіңде адам баласының табиғат байлықтарын пайдалануы одан бұрынғы өзінің тарихи сан ғасырлар бойы пайдаланған мөлшерінсн 100 есе арткандығын ғалымдар есептеп шығарды. Қазіргі кезде Жер бетіндегі әрбір адамға шаққанда жылына 20 т. қажетті түрлі өнім өндіріледі. Осы өндірілген өнімнің 2 т. ғана тікелей адам өмірі үшін қажетті болса, ал қалған 10 т. өнім қажетсіз қалдыққа айналып, биосфераны ластайтын заттар қатарына қосылады. Мұндай табиғатқа тән емес қалдык заттар - редуценттер (ыдыратушылар) тоқырауының пайда болуына басты себеп болып отыр. Биосфераның қалдық заттар-мен ластануымен бірге, тағы да атмосфераның теменгі қабаты - тро-посфераны жасанды энергияның шоғырлануынан жылулык (температураның) ластану орын алуда, бүл климаттың ғаламдык деңгейде озгеруіне әсер етуде. Мұны ғылымда термодинамикалық тоқырау (ластану) деп атайды.

Атмосфералық ауаның ғаламдық деңгейдің ластануына, негізінен, енеркәсіп салалары, жылу электр стансалары, түрлі ондіріс орыңдары, келік түрлері әсер етеді. Бүл кезде ауаның қүрамына шамадан тыс мелшерде күкірт диоксиді (қостотығы - 50), азот оксиді (N0 2 ), коміртек оксиді (СО) және т. б. үсақ катты болшектер болінеді. Бұлардан басқа ірі қалалар мен елді мекендерде 70-тен астам зиянды әрі улы заттар формальдегидтер, фторлы сутек, қорғасын қосылыстары, аммиак, фенол, бензол және т. б.

Атмосфераны ластаушы ең қауіпті заттарға - радиоактивті заттар жатады. Радиоктивті заттардың кейбір изотоптары мыңдаған жыддар бойы езінің зияңды әсерлерін жоймайды. Мүңдай заттар кебіне ядро-лық қаруларды сынау кезінде, АЭС-ында апат болған жағдайларда ете кеп мөлшерде ауаға қосылады. Мысалы, 1945 жылғы тамыз айында Жапонияның Хиросима қаласына тасталтан атом бомбасынан атмо-сфераға 740 г. радионуклидтер таралған болса, ал 1986 жылғы Украи-надағы Чернобыль АЭС-нан атмосфераға белінген радиоактивті зат-тардың мөлшері 77 кг. қүраған. Мұның азабын сол маңдағы түрғындар және оның зардабын жоюшылар осы күнге дейін тартып келеді.

Күн энергиясының кеп белігін жер ғаламшары езіне сіңіреді, ал біраз белігі қайтадан кері шағылысып, ғарыш кеңістігіне таралады. Онеркәсіп орындарынан белінетін түрлі улы газдар (метан, күкірт ангидриді, азот тотықтары, кемірқышқыл газы, су булары, т. б. ) Жер бетінен белінетін энергияны ғарыш кеңістігіне таралуына тосқауыл жасап ұстап қалады да атмосфералық ауаның қалыпты температурасының артуына тікелей өсер етеді. Мұндай газдарды парниктік газдар деп атап, одан болатын құбылысты парниктік (жылы жай) эффект деп атайды.

Ал, кемірқышқыл газы атмосферадағы ауа қүрамының негізгі та-биғи қүрамды белігі. Ол өсімдіктердің тіршілік әрекетіне қажетті газ. Оны фотосинтез кезінде сіңірсе, тыныс алу кезінде беліп отырады.

Атмосферадағы С0 2 мөлшерінің қалыпты жағдайдан арта түсуіне түрлі отын кездерін (тас кемір, мүнай, табиғи газ) жаққан кезде ерек-ше әсер етеді. Жер бетінде орманды алқаптардың азаюы, әлемдік мүхиттардағы фитопланктондардың жаппай жойыла бастауы атмосфе-рада С0 2 мелшерінің арта түсуіне септігін тигізеді. Мүның бәрі де Жер бетіңде температураның қалыпты жағдайдан ауытқуына тікелей әсер етеді. Ғылыми деректер бойынша 1990 жылға дейін әрбір 100 жылда жылдық температура 0, 5°С көтерілгендігі, ал соңғы уақытта әрбір 10 жылда температура 0, 3°С көтеріліп жатқандығы анықталған. Осындай жағдай жалғаса беретін болса осы ғасырдың соңында Жер бетінің температурасы 1-5°С көтерілуі мүмкін.

Жер бетінің ғаламдық деңгейде жылына түсуіне озон қабатының жүқаруы және кейбір аймақтарда озон ойықтарының пайда. болуы да септігін тигізіп отырғандығын ғалымдар жоққа шығармайды. Озон қабатының жұқаруына немесе оңдағы ойықтын пайда болуына тозаңазыт-қыш қондырғыларынан, шашыраңцы аэрозоль енімдерін пайдаланудан белінетін хлорфторкоміртекті қосылыстар (фереондар) айрыкша әсер етеді. Мүндай қосылыстар атмосфераның 20-25 шқ. биіктігіңдегі табиғи қалыптасқан озон (О, ) қабатымен әрекегтесіп, оның бүзылуы-на зор ықпал жасайды. Атмосферадағы озон қабатының жүқаруынан пайда болатын диамстрі 1000 шқ-нан асатын аймақты қамтитын ой-ықты "озон қабатының ойығы" деп атайды. Ең алғаш мүңдай ойық 1985 жылы Антарктида үстінде озон қабатындағы озонның 50%-ға азайғандығы байқалды. Озон қабатында пайда болған ойық 1992 жылы Арктика устінен байқалды. Озон қабатының ерекшеліктерін ағылшын ғалымы Дж. Фарман жан-жақты зерттеді. Озон ойықтарының пайда болуы Күннің ультракүлгін сәулелерінің Жер бетіне зиянды әсерін күшейте түсетіні белгілі. Ал, озон қабаты Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны Күннің ультракүлкін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғап түратын бірден-бір табиғи тосқауыл қабат.

Озон қабатының түтастығын ғаламдык деңгейде қорғау жоніңце 1985 жылы Вена конвенциясына қол қойыдды. Ал, 1987 жылы Монре-аль хаттамасы қабылданды. Бүл қүжаттар бойынша озон қабатына зиян келтіретін улы химиялық заттарды пайдалануға тыйым салыңды.

Соңғы жылдары дүниежүзінің кейбір ғалымдары озон қабатын-дағы ойықтар ойдан шығарылған аңыз деп есептейді. Дегенмен де, озон қабаты жоғары ендіктерде тропикалық ендіктерге қарағанда жүқа екеңдігі анықталғаны шындық.

Атмосфераның ластануы нәтижесінде адамзатты алаңдатьш отыр-ған ғаламдық экологиялық мәселеге "қышқыл жаңбыр" деген үғым да жатады. Бұл өнеркәсіптерден бөлінетін күкірт диоксиді мен азот оксидінің атмосферадағы су буларымен қосылуынан пайда болады да, жауын-шашынның (жаңбыр, қар) қышқыддығы арта түседі. Мүңдай қышқыл жаңбыр өнеркәсібі еркендеген АҚШ-тың, Үлыбританияның, кейбір Еуропа еддерінің үстінде пайда болып ауа массалары арқылы басқа елдердің (мысалы, Канада, Норвегия, Швеция, Финляндия) аумағына түседі де, өзен, кеддердегі организмдердің тіршілігіне зор қауіп төңдіреді. Оңдай мақсаттардағы өсімдіктердің өсуі де нашарлап, енімі азаяды.

Ғаламдық экологиялық мәселелерге өлемдік мүхиттардың мүнай өнімдерімен және улы тыңайтқыштармен ластануы да жатады. Мүнай өнімдері көбіне әлемдік мүхиттар арқылы тасымалданады. Кейде осындай мүнай тасымалдайтын ірі танкерлер апатқа үшырайды. Мысалы, 1989 жылы Аляска түбегінің маңында "Экссон Вальдес" танкері жағалауға жақын жерде апатқа үшырап, 50 мың т жуық мүнай теңізге төгідці де, мүнай 1600 шқ бойы Солтүстік Америка жағалауына тарал-ды. Оның теңіздегі жануарларға тигізген зияны орасан зор. Бұған жауапты мұнай компаниясына 150 млн. доллар салық салынды. Әлемдік мүхиттар ластап жатқан мүндай мысаддарды көптеп келтіруге болады. 1987 жылы улы қалдықтарды (2000 т. ) тасымаддап бара жатқан "Кэрен Би", 1992 жылы Еуропадан Жапонияға улы радиоактивті плутонийді әкетіп бара жатқан "Акацуки-Мару" танкерлерінің апатқа үшырауы да әлемдік мүхиттың ластануына орасан зор өсер еткендігі белгілі.

Әлемдік мүхиттардың ластануына теңіздерге қосылатын езеқдер-мен келетін калдык сулардың қосылуының да зияны ерекше. Өзендер арқылы улы тыңайтқыштар, өнеркәсіп орындарынан шыққан улы қал-дыктар да қосылып, судағы организмдердің тіршілігіне зиянды әсер ететіні де шындық.

Тропикалық ормандардың Жер бетіңдегі адамдардың калыпты өмір сүруі үшін маңызы зор. Бүл ормаңдар бүкіл ғаламшарымыздың "жасыл өкпесі" саналады. Бірақ та соңғы жыддары бұл ормаңдардағы ағаштарды кесу өте қарқыңды жүргізілуде. Тропикалық ормандардың ауданы жылына 16 млн. гектарға азайып отырғандығын. ғалымдар ашына жазады. Тропикалық ормандардағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жа-нуарлардың көптегсн түрлері аныкталмағандығын ескерсек, оньщ ғылым үшін қаншалыкты маңызы бар екеңдігі өзінен-өзі түсінікті. Ғалымдардың болжауы бойынша тропикалық ормандарды кесудің саддарынан организмдердің көптеген түрлерінің жойылып кетуі ақиқат. Кейбір адам аяғы баспаған ормандардың 1000 гектар алқабыңда ағаштардың 750, ал гүлді өсімдіктердің 1500-дей түрі кездеседі деген деректер де бар. Табиғатта кездесетін әрбір биологиялык түрдің тіршілік тізбегінде өз орны бар екендігін ешуақытта естен шығаруга болмайды.

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялык мәселелердің бірі - табиғаттағы биологиялық түрлердің саналуандығын сақтап қалу болып отыр.

"Биологиялық саналуан түрлілік" деген ұғым ғылымға 1990 жылдан бастап кеңінен ене бастады. Бүл, негізінен, мынадай үғымдарды камтиды.

1 . Тірі ағзалардың гендердің саналуандық үйлесімділігін сақтау.

2. Тірі организмдердің жекеленген түрлерінің көптурлігін сақтап қалу.

3. Турлердің саналуандығын сақтау;

4. Түрлерді құрайтын популяциялардың көптеген топтарын сақтап қалу.

5. Ауқымды аймақтардагы экожуйелердегі түрлердің саналуандығын сақтау.

6. Жер бетіндегі тіршіліктің көптүрлілігін сақтау.

Табиғаттағы әрбір жеке түрдің тіршілік үшін өз қүндылықтарын анықтаудың ғылыми мәні зор.

Жер бетіңде ғалымдар 2 млн. жуық организмдердің түрлері бар деп есептейді, өлі де ғылымға белгісіз түрлердің канша екендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Кейбір ғалымдар Жер бетінде 5 млн-дай түрлер бар десе, ғалымдардың еңді бір тобы одан да көп деп есептейді.

Кейбір деректер бойынша дуние жүзінде Жер бетінен әр күн са-йын бір түр жойылып отырады. Қазіргі кезде әрбір түрдің жойылуы саналы адам пайда болған уақытпен салыстырғанда 1000 есе жыддам уақыт аралығыңда журеді деген болжамдар да бар. 2002 жылғы МСОП деректері бойынша 723 түрлі организмдерге жойылып кету қаупі төнген. Кейбір түрлердің сақталған дараларының саны бірнеше жүзден аспай-ды. Мысалы, Африкадағы Конго және Руанда мемлекеттершің жерінде сақталған тау горилласының саны 300-400 данадан аспайды. Ал, Ка-лифорниядағы (АҚШ) кондор жыртқыш қүсының 50-ге жуық данасы сақталған.

Табиғаттағы кез келген биологиялық турді сақтау үшін оның тіршілік ететін орта жағдайларын сақтау шешуші рөл атқарады. Мысалы, тек қана бір ғана жолбарыстың тіршілігі үшін 300 шаршы шқ. аймақтың табиғи ортасын сақтау қажет.

Табиғаттағы биологиялық түрлердің саналуандығын сақтау мақса-тында 1992 жылы Рио-де-Жанейро каласында халықаралык дәрежеде арнайы конференция өткізіліп, бұл мәселеге әлемдік деңгейде басты назар аударылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Биосфера мен биота эволюциялары
Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыста экологиялық сана қалыптастырудың экософиялық аспектілері
Шудың адамзатқа кері әсері
БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
Экологиялық фактор
Тұрақты даму моделіндегі биологиялық саналуандылық тұрғысындағы экософияның орны
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz