Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы4

Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы7

Дүниежүзілік мұхит10

Құрлық сулары16

Мұздықтар21

Суды тазарту және ластанудан қорғау24

Әлемдегі ең ірі өзендердің сипаттамасы25

Әлемдегі ең ірі өзендердің сипаттамасы26

Кіріспе

Гидросфера -біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера Жердің басқа элементтері атмосферамен, литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе: мұхит- атмосфера - құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігінің қамтамасыз етеді.

Әйтседе, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттардың шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.

Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың, топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудыруда.

Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтарды кәдімгі түрлеріне жерді радиактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.

Судың ластануы әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектік алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.

Сондай-ақ, ол судың оттекті бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын органикалық заттарды ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өндеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болсада суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездеседі) бейтаныс қосындылар. Сондықтанда олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті.

ГИДРОСФЕРА

Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Гидросфера - Жер шарының су қабығы, ол ғаламшардағы химияның қосылысқа түспеген табиғи судың барлығьн (сұйық, қатты және бу түріндегі) қамтиды. Гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мұхиттану мен құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.

Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1, 4 млрд км 3 . Бұл орасан мол су массасының тек 2, 5%-ы ғана тұщы су, қалған 97, 5%-ын Дүниежүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар құрайды. Тұщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен олардағы су көлемі 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте

Гидросфераның құрамдас бөліктері және олардағы су көлемі

Гидросфераның құрамдас бөліктері: Гидросфераның құрамдас бөліктері
Су көлемі, км3: Су көлемі, км 3
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Дүниежүзілік мұхит
Су көлемі, км3: 1 370 000 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Жер асты сулары
Су көлемі, км3: 60 000 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Топырак ылғалы
Су көлемі, км3: 82 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Мұздыктар
Су көлемі, км3: 24 000 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Көлдер
Су көлемі, км3: 230 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Өзендер
Су көлемі, км3: 1 200
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Атмосферадагы су
Су көлемі, км3: 14 000
Гидросфераның құрамдас бөліктері: Барлығы
Су көлемі, км3: 1 454 327 200

Гидросферадағы судың жалпы салмағы 1, 5х10 18 т, бұл Жер шары салмағының 1/4180 бөлігі болып табылады. Жер шары Күн жүйесіндегі ең «сулы» ғаламшар болып табылады, оның бетінің 71%-ын Дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Ғаламшардың әрбір тұрғынына шаққанда 250 млн т судан келеді.

Судың қасиеттері. Су - Жер шарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді (Н 2 О) болып табылады. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықта жүретін процестер үшін маңызы зор.

Біріншіден, су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмсалады (булану, қар мен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсаңия, судың қатуы) . Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.

Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-та қайнап, О°С-та қататынын білесіңдер. Су +4°С шамасында ең жоғары тығыздыққа ие болады; бұдан төмен температурада, керісінше тығыздығы біртіндеп кеміп, көлемі ұлғая бастайды. Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы сұйык күйіндегі көлемінен 10%-ға жуык ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді. Өйткені су қатқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мұның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.

Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды-көпті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылыгы әркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді. Тұздылығы әр түрлі сулардың қату және ең жоғары тығыздық, байқалатын температуралары да айырмашылық жасайды (4-кестені қараңдар) .

4-кесте

Су тұздылығының оның басқа қасиеттеріне әсері

(Н. П. Неклюкова бойынша)

Тұздылык, °/оо: Тұздылык, °/оо
0: 0
5: 5
10: 10
15: 15
20: 20
24, 7: 24, 7
30: 30
35: 35
40: 40
Тұздылык, °/оо:

Қату темпе

ратурасы, °С

0: 0
5: -0, 3
10: -0, 5
15: -0, 8
20: -1, 1
24, 7: -1, 33
30: -1, 6
35: -1, 9
40: -2, 2
Тұздылык, °/оо: Ең жогары тьныздык байкалатын температура, °С
0: 4
5: 2, 9
10: 1, 9
15: 0, 8
20: 0, 3
24, 7: -1, 33
30: -2, 5
35: -3, 5
40: -4, 5

Өздерің кестеден көріп отырғандай, судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі тұзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, төменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы құмға қарағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни 1 см 3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см 3 ауаны 1°-қа жылытуға жетерлік жылу белінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.

Судың қасиеттері қысым мен температураға байланысты күшті өзгереді. Егер қысымы 1 атм. таза су 0° шамасында қатса, 600 атм. жағдайында -5°С температурада қатады. Бұл заңдылық негізінде тығыздығы 20 670 атм. -ға жеткен су +76°С температурада қатуы тиіс. Сонымен, біз елестете алмайтын күйдегі мұз, яғни ыстық мұз жоғарыда аталған қысым байкалатын Жер қойнауында кездесуі мүмкін. Температура өте төмен (-170°С), ал қысым аз болған жағдайда өте тығыз мұз қалыптасады, оның тығыздығы 2, 32 г/см 2 -ге жетуі мүмкін (бұл тығыздықты басқа қатты заттардың тығыздығымен салыстырып көріңдер) . Кристалдық құрылымы жоқ мұндай мұздар Күн жүйесіндегі суық ғаламшарда кездеседі.

Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер шарында тіршіліктің пайда болып? Дамуына және сақталауына жағдай жасалы. Қасиеттеріне байланысты: географиялық қабықта жүріп жатқан процестердің барлығына бірдей қатысып, маңызды рөл атқарады.

Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы

Судың Күн энергиясы мен ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфера, литосфера және тіршілік дүниесін қамтитын үздіксіз айналымын Дуниежүзілік ылгал айналымы немесе су айналымы деп атайды.

Күн жылуы әсерінен теңіздер мен мұхиттардың, құрлықтың бетінен (өзен-көлдермен қатар, топырақ пен өсімдіктер де буландырады) буланған су атмосфераға бөлініп шығады. Су айналымында ауа ағындарының маңызы зор, өйткені ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалды шалғай жатқан құрлыққа әкеліп жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта түскен судың басым бөлігі су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді. Топырақ ылғалын сіндірген өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераға бөліп шығарады. Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, буланған судың орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен мұхиттардан қайта буланған су атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады.

Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының тұйық емес екендігін дөлелдеп отыр. Өйткені атмосфераның жоғары қабатына көтерілген су буы Күн сәулесінің әсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарыш кеңістігіне өтіп кетеді. Ал жаңартау атқылаулары барысында жердің ішкі қойнауынан келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып отырады. Тіпті осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып келеді деген де болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км 3 (гидросфера көлемінен 15 есе артық) деп шамалануда.

Судың барлық табиғат құрамбөліктерін (компонент) қамтитын айналымы көптеген миллион жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфераның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі. Су айналымының нәтижесінде мұздық сулары толығымен «жаңаруы» үшін 8 мың жыл, мұхит суына 3 мыңдай жыл қажет болса, ағынсыз көлдер үшін, шамамен, бұл процеске 300 жылдай ғана уақыт керек. Өзен сулары, шамамен, әрбір 12 күн, ал атмосферадағы су әрбір 9 күн сайын алмасып тұрады.

Су айналымының нәтижесінде толығымен «жаңару» үшін мұхит суына 2500 жыл, полярлық мұздықтар мен тау мұздықтарына 1600- 9700 жыл, көлдерге 17 жыл керек болса, өзен арналарындағы су әрбір 16 тәулікте, ал атмосферадағы су 8 тәулікте «жаңарады». Биологиялық немесе тірі организмдер мен өсімдік құрамындағы сулардың «жаңаруына» бірнеше сағат қана жеткілікті (5-кесте) .

5-кесте

Гидросфераның құрамдас бөліктерінің «жаңару» кезеңдері

Гидросфераныңқұрамдас бөліктері:

Гидросфераның

құрамдас бөліктері

Жаңару кезеціЖаңару кезені:

Жаңару кезеці

Жаңару кезені

Гидросферанын құрам-дас бөліктері:

Гидросферанын құрам-

дас бөліктері

Жаңарукезеңі:

Жаңару

кезеңі

Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Дүниежүзілік мұхит
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 2500 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері:
Жаңарукезеңі:
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Жер асты сулары
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 1400 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: Көлдер
Жаңарукезеңі: 17 жыл
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Топырақтағы ылғал
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 1 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: Ватпактар
Жаңарукезеңі: 5 жыл
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Полярлық мұздықтар мен
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 9700 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: Өзен аріга^гарындары
Жаңарукезеңі:
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: тұрақты кар кабаты
Жаңару кезеціЖаңару кезені:
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: сулар
Жаңарукезеңі: 16 тәулік
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Тау мұздықтары
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 1600 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: Атмосфералық су
Жаңарукезеңі: 8 тәулік
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: Көпжылдық тоңдағы
Жаңару кезеціЖаңару кезені: 1 жыл
Гидросферанын құрам-дас бөліктері: Виологиялык. су
Жаңарукезеңі: Бірнеше
Гидросфераныңқұрамдас бөліктері: жер асты мұздары
Жаңару кезеціЖаңару кезені:
Гидросферанын құрам-дас бөліктері:
Жаңарукезеңі: сағат

Су айналымы литосфера, гидросфера мен атмосфераны бір-бірімен байланыстыру арқылы географиялық қабықты калыптастырды. Осы арқылы Жер шарының жаңа қабығы - биосфераның («тіршілік қабығы») түзілуіне алғышарт жасады. Су айналымының табиғаттағы айрықша рөлі мұнымен ғана анықталмайды. Ылғал айналымы барысында жылудың алмасуы қоса жүреді. Өйткені бір жерде булануға жылу жұмсалса, екінші бір жерде ылғалдың конденсациялануы барысында, керісінше, жылу бөлініп шығады. Бір жыл ішінде су айналымына Күннен келетін жылудың 25%-ға жуығы қатысады. Сонымен, су мен жылуды тасымалдау арқылы су айналымы Жер шарының табиғат кешендерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Су айналымына адамның шаруашылық әрекеті елеулі түрде ықпал етуде. Ормандардың жойылуы, орасан зор егістік алқаптардың пайда болуы, батпақтарды құрғату мен шөлдерді суландыру, жасанды алып бөгендердің құрылысы, шаруашылық мақсатта пайдаланылатын су мөлшерінің күрт артуы Жер шарындағы гидрологиялық яғни сумен байланысты процестердің жүру барысын өзгертуде. Өйткені су айналымын үздіксіз тізбек түрінде елестетсек, сол тізбектің бір буынындағы өзгеріс бүкіл тізбектегі өзгерістерге себепші болады.

Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзен суларының жылдық ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын сулар өндірілген өнім құрамына еніп немесе қалдық су күйінде жердің терең қойнауына кетіп, айналымға түсуі қиындайды. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы су айналымының нәтижесінде гидросфераның барлық дерлік бөлігіне таралуда. Ғалымдар казіргі кезде адамзат үшін судың тапшылығы емес, ластануы басты проблема деген пікір айтуда.

Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхит қандай бөліктерден тұрады? Мұхит суының қандай қасиеттерін білесіддер?

Дүниежүзлік мұхит және оның бөліктері. Дүниежүзілік мұхит суының жалпы көлемі 1 млрд 370 млн км 3 шамасында, бұл гидросфераның 94%-ын кұрайды. Мұхит суында табиғатта белгілі 110 химиялық элементтің 73-і кездеседі. Орташа тереңдігі 4000 м болатын Дүниежүзілік мұхит Жер шарының 3/4 бөлігін алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктеріне мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар жатады. Ол материктер мен аралдар аркылы 4 мұхитқа бөлінген.

Әрбір мұхит өзіндік ерекшеліктерге ие. Тынық мұхит пен Солтүстік Мүзды мұхиттың кейбір ерекшеліктерін салыстыру негізінде осыған көз жеткізейік. Тынық мұхит - Жер шарындағы ең ірі (ауданы - 178, 7 млн км 2 ), ең терең (орташа терендігі - 3976 м, ең терең бөлігі - 11022 м) және ең жылы (беткі суларының жылдық орташа температурасы +19Д°С) мұхит. Мүнда Дүниежүзілік мұхиттағы тереңдігі 5 мың м-ден асатын 35 шұңғыманың 25-і, сондай-ақ 10 мың м-ден асатын 4 шұңғыма орналаскан. Тынық мұхит суының көлемі, шамамен, 710 млн км 3 . Солтүстік Мұзды мұхит, керісінше, Жер шарындағы ең кіші (ауданы -14, 8 млн км 2 ), ең таяз (орташа тереңдігі - 1225 м, ең терең бөлігі -5527 м), көлемі ең аз (18 млн км 3 ) мұхит болып табылады. Оның жартысынан астамын материктік қайрандар алып жатыр. Географиялық орнына байланысты климат жағдайлары қатал. Қыста 90%-ға жуығын мұз жамылғысы басады, жаздық өзінде көпжылдық мұздары сақталады.

Кейбір ғалымдар Атлант, Тынык және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерін қамтитын 5-ші, яғни Оңтүстік мұхитты ажыратады, бірақ бұл пікір кең қолдау тапқан жоқ.

Теңіздер деп мұхиттың құрлықпен, аралдармен немесе су асты кыраттарымен азды-көпті бөлініп жатқан бөліктерін атайтынын білесіңдер. Теңіз мұхиттың құрамдас белігі болғанымен, одан суының қасиеттері, ағыстары, тіршілік дүниесі арқылы айырмашылық жасайды. Оларды мұхиттан оқшаулану деңгейіне қарай ішкі (Қара, Қызыл, Азов, Балтық, Мәрмөр теңіздері), аралдар аралығындағы, (Сулавеси, Банда, Фиджи, Филишшн теніздері) және шеткі теңіздер (Баренц, Шығыс Сібір, Кар, Лаптевтер, Чукот теңіздері) деп бөледі.

Шығанақ - мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан, бірақ су айдынының негізгі бөлігімен жалғасатын құрамдас бөлігі. Кей жағдайда мұхитты шығанақ пен теңіздерге бөлудің өзі шартты сипат алады. Мәселен, ерте кезден бері шығанақ аталып жүрген Гудзон, Мексика, Бенгаль, Парсы шығанақтары іс жүзінде теңіздер болып табылады. Ресейдің солтүстігіндегі құрлыққа сұғына еніп жаткан шығанақтарды (Гыдан, Двина, Мезень, Печора және т. б. )

Бұғаз деп - әр түрлі су айдындарын жалғастыратын және құрлықтың жеке бөліктерін бөліп жатқан, салыстырмалы түрде жіңішке су кеңістігін атайды. Мәселен, Дрейк бұғазы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын, Беринг бұғазы Солтүстік Мұзды мұхиттың Чукот теңізі мен Тынық мұхиттың Беринг теңізін жалғастырып жатыр. Сонымен, Дүниежүзілік мұхиттың жеке бөліктері өзіндік ерекшеліктерге ие болғанымен, жаратылысы, табиғат жағдайлары, даму болашағы бір-бірімен тығыз байланысты біртұтас күрделі жүйені құрайды.

Мұхит суының қасиеттері. Мұхит суының басты қасиеттерінің бірі - оның температурасы. Мұхит суының жылдық орташа температурасының ең жоғары көрсеткіштері (27-28°С) экваторлық ендіктерде байқалады. Ашық мұхитқа қарағанда теңіздерде, әсіресе қоңыржай ендіктерде жатқан теңіздерде жылдық температураның ауытқулары үлкен болады. Мысалы, Қара теңізде бұл көрсеткіш 17-24°С, Жерорта теңізінде 14°С-қа жетеді.

Жалпы алғанда, мұхит бетіндегі орташа жылдық температура +17, 4°С. Орташа жылдық температураның ең жоғары көрсеткіші Тынық мұхит бетінде (+19, 1°С) байқалады, бұл оның көпшілік бөлігінің төмен ендіктерде жатуымен түсіндіріледі. Үнді мұхиты бетіндегі орташа жылдық температура +17, 1°С-қа тең. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш Дүниежүзілік мұхиттың 54%-ында +20°С-тан жоғары, тек 14%-ында ғана +4°С-тан төмен. Мұхит суының ең жоғары температурасы (+32°С) Тынық мұхит бетінде тамыз айында, ең төмен температурасы (-1, 7°С) ақпанда Солтүстік Мұзды мұхитта байқалған.

Қазіргі заманғы өлшеу құралдарының көмегімен мұхит суының температурасының географиялық ендік бойынша ғана емес, тереңдікке қарай да таралу заңдылықтары анықталып отыр. Мұхит суының беткі 25-50 м, кей жағдайда тіпті 100 метрлік қабаты қарқынды араласады. Осы себепті бұл қабатта судың температурасы салыстырмалы түрде біркелкі болады.

Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендеп, кейіннен баяу өзгере бастайды. Мұхиттың терең қабаттарында температура біркелкі төмен болады, себебі мұнда полярлық аймақтардан келетін суық сулар басым болады. Жоғары ендіктерде мұхит түбіндегі судың температурасы 0° шамасында болса, экваторлық және қоңыржай ендіктерде +2°, +3°С. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа температурасы +3, 8°С.

Мұхит түбіне жақын су қабаттарының температурасына Жердің ішкі жылуы да әсер етеді. Мысалы, Қызыл теңіздің табанындағы ойыстарда судың температурасы +72°С-қа дейін жетеді. Ыстық тұз ерітіндісі күйінде болатын бұл судың құрамында темір, марганец және түсті металдар мөлшері кәдімгі мұхит суына қарағанда мың есе көп.

Мұхит суының 96, 5%-ын таза су құрайды, қалған 3, 5%-ы еріген тұздардың үлесіне тиеді. Сондықтан мұхит суының басты қасиетінің бірі оның тұздылыгы болып табылады. Дүниежүзілік мұхитта, шамамен, 49, 2х10 15 т еріген тұз бар деп есептеледі. Аталған тұзды құрғақ күйінде жер бетіне біркелкі етіп таратып жайса, Жер шарын қалындығы 150 м тұз қабаты көмкерген болар еді. Осыншама мол тұздың миллиондаған жылдар бойы жиналуының өзі Жердің геологиялық тарихымен тығыз байланыста жүрген күрделі процесс болып табылады. Мұхит суында кездесетін тұздар арасында ас тұзы (85%) басым, сондай-ақ мұнда магний, кальций және т. б. қосылыстар бар. Дүниежүзілік мұхиттағы тұздардың арақатынасы барлық бөлігінде бірдей, бірақ оның жеке бөліктеріндегі тұздылық көрсеткіші айырмашылық жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қабаттары жайында
Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар
Су ресурстарына сипаттама
Судың қасиеттері
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. Гидросфераның құрамдас бөліктері
МҰХИТТАРДЫҢ ЕНДІК БОЙЫНША БИОМАССАСЫ
Ағынды суды ластанудан тазарту
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Гидросфера
Жер беті су жамылғысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz