ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қаркындылығының
артуы, соңғы уақытта, ең қиын да, күрделі мәселелердің бірі болып отырганы
белгілі. Қазақстанның осындай ірі өзен алаптарының бірі болып табылатын
Ертіс өзені, Республиканың шығысы мен солтүстік - шығысында орналасқан
аймактарды, ягни түсті металлургияның дамыған орталықтарын басып өтеді.
Сонымен Ертіс өзені алабы - Қазақстан арқылы ағып өтетін аймактарының
өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ауыз суы және тұрмысқа қажетті сулармен
қамтамасыз ететін негізгі көзі. Өзен алабына Қазақстан аймағында 53
өнеркэсіптің пайдаланған сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық
сулардың мөлшері 1,3 млрд. м3 - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай
тазаланбай, ал 30 % - ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде
түседі. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптерден басқа аймақтың су ресурстарының
жағдайына тау - кен өнеркәсібінің бос калған рудниктері мен шахталары,
сонымен қатар Шыгыс Қазакстандағы орманды кесу де, елеулі әсерін тигізеді.
Қазақстандағы 8 тұшы су бассейндерінің ең ірісі – Ертіс. Ол Семей-
Павлодар аралығында 150-200 метрлік терең жер қыртысында жатыр. Көлемі –
360 мың шаршы шақырым. Осы су бассейні үстімен – Ертіске Ертіс Сарыарқаны
тіліп өтіп, Обь өзеніне барып құяды. Ертіс өзені көршілес Моңғолия мен
Қытайдың Алтайдағы Манг тауынан бастау алып, Зайсан өзеніне келіп құяды.
Бұл екі аралықта Қара Ертіс деп атайды, ол шамамен 750-дей шақырым. Ал,
айсан көлінен Обьқа (Үпке) дейін – 3501 шақырым. Осы екі аралықта Ертіске
он шақты шағын өзендер құяды. Оның ішінде ірілері – Тобыл, Есіл, Үлбі,
Күршім, Шар өзендері. Кеңестер Одағы тұсында Ертіс бойында екі алып бөгет
салынып, Бұқтырма және Шүлбі ГЭС-тері пайдалануға берілді. Павлодардың Ақсу
өңірінен Ертіс-Қарағанды каналы тартылды: оның ұзындығы – 500 шақырым,
тереңдігі – 5-6 метр, ені – 40 метр. Осы каналмен 22 су сорғыш стансалар
секундына 110 текше метр суды 420 метр биіктікке көтеріп, каналмен
Қарағандыға қарай жылына 2260 текше метр су әкелінеді. Ал, Бұқтырма, Шүлбі
ГЭС-тері маңдарындағы егін шаруашылығы тек суармалы әдіспен күн көрген ауыл
шаруашылығы нысандары.
Шығыс Қазакстанның өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған
өзендерге жатады. Ертіс өзенінің ластану деңгейі, Шығыс Қазақстанда 2002
жылы орташа деп сипатталғанмен де, өзен алабына түсетін өнеркәсіптік және
тұрмыстык калдық сулардың мөлшері жылына шамамен жүздеген мың тоннаға
жетті. Ертіс өзені алабының ландшафттарының зиянды заттармен қарқынды
ластануы, тазарту қондырғылары ескі Серебрян, Өскемен және Семей
аймақтарында болса да, өзен алабына негізгі үлкен зиянды Шығыс Қазақстанның
апатты жағдайға ұшыраган кезіндегі тау - кен - металлургиялық және
техникалық өнеркәсіптері әкеледі. Бүкіл Ертіс өзені алабына жыл бойы
бірнеше ондаған тонна мырыш, 3 тонна мыс, 2 тоннадан да көп кадмий мен
қорғасын түседі. Ертістің жалпы өзен алабының бойындағы мыс, мырыш,
қорғасын, хром, кадмийдің ШЖК (шектеулі жіберілетін концентрация) мөлшері,
микробиологиялык көрсеткіш бойынша 24 есеге дейін жоғары. Енді осы
қарастырылып отырған аймақтың ландшафттарының ластануынын, жеке-жеке
компонентке бөліп карастырайық.
Сонымен, Шығыс Қазақстан аймағының су ресурстарының жағдайына келсек,
аймақтың су қоймаларына тек қана бір жыл ішінде 86 мыңдай зиянды заттар
түссе, соның біразы улы заттар, яғни 125 мыңдай - мырыш, 5 тоннадайы - мыс,
шамамен 1 тоннадайы Корғасын. Бұған қоса ционидтер, кадмий, селен, талий
және қышқылдар да кездеседі. Бұлардың жалпы жылдық көлемі 26-57 тоннаға
дейін өзен суына косылады. Өзен салаларының суына тазаланбаған шахтаның
сулары мен уақытша жұмыс істемей тұрған рудниктердің де шахталық сулары
косылады. Тұрмысқа пайдаланылған сулардың да өзенге түсу нәтижесінде оның
ластану деңгейі артады. Оның нәтижесін судағы нитриттер, нитраттардың,
фосфор мен органикалық заттардың косындыларының артуынан көруге болады.
Жалпы, аймақтағы суды колдану соңгы жылдары тұрақты, яғни жылына 600 - 700
млн м3 болса, оның - 270 млн. м3 суы қайтадан, екінші кайтара колданылады.
Жер беті су қоймаларына пайдаланылған су 53 өнеркәсіптің су жіберетін 76
орны арқылы келеді. Тау -кен өнеркәсібі мен түсті металлургия дамыған
аймақтағы Ертіс, Үлбі, Үбі, Глубочанка, Бұқтырма, Красноярка, Березовка
өзендеріндегі ауыр металдар мен баскд да зиянды заттардың мөлшері 10-20 есе
көп болса, ал олардың коспалары кажетті мөлшерден 10 есе жоғары. Мысалы,
мыс - 1-43, мырыш - 4-40, фенол 2- 7, есе көп. Сонымен, Ертіс өзені
алабының суы республика бойынша ең ластанған және тұрғындар денсаулығына
кауіпті өзендердің бірі болып саналады. Өзендердің түбіндегі шөгінділерінің
де катты ластанғандығы анықталған. Өнеркәсіптік аймақтағы ластанған жер
беті сулары тұрғындарды ауыз сумен камтамасыз етуге жарамайды. Сол себептен
Өскемен каласы да ауыз сумен 15 жер асты сулары арқылы камтамасыз етіледі,
бірак ол жер асты сулары да зиянды заттар мен ауыр металдардың
ерітінділерімен ластанып, кажетті мөлшерден жоғары болуы мүмкін.
Ертіс өзенінің суындағы мырыштың орташа мөлшері, оның жоғары ағысынан
Обь өзеиіне кұятын жеріне дейінгі аралыкта 7,6 есе өзгереді. Бұл жерде өте
назар аударатын жағдай, оң жак жағалау салалардағы мырыштың ерітіндісі сол
жактағы салаларға карағанда 8,1 есеге көп. Бұл жағдай, Ертіс өзенінің оң
жақ салаларының, әсіресе Бұктырма, Үлбі, Үбі, Глубочанка, Красноярка сияқты
өзендер, Зырян қорғасын, Лениногор полиметалл, Өскемен титан - магний және
корғасын - мырыш, Ертіс химия - металлургиялық комбинаттар мен және де т.б.
өнеркәсіп орындарының ағын суларымен ластануымен түсіндіріледі. Сондай-ақ
оң жақ жағалауының саларының бойында тұрғындардың тығыздығы да жоғары. Және
де ауыл шаруашылығы да қарқынды дамыған.
Жалпы Қазақстан бойынша атмосфераға 2582,6 мың тонна ластаушы заттар
түссе, бұл заттарды тастайтын негізгі үлеске ие 5 облыстың ішіне Шығыс
Қазақстан, (274,7 мың тонна), Павлодар (463,6 мың тонна) облыстары да
кіреді.
Осы заттардың негізі өңдейтін өнеркәсіптер (тасталынатын заттардың
жалпы көлемінен 48,6 % осының үлесіне тиеді), металлургия (44,6 %) және тау
- кен өнеркәсіптері (16,2 %) болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша
атмосфераны ластайтын заттар тастайтын шамамен 459 кәсіпорын бар. Осы
зиянды заттардың көлемі 2001 жылы 274745,8 тоннаға жетіп, 2000 жылмен
салыстырганда 30865,8 тоннаға өсті. 2001 жылы тастанған зиянды заттардың
саны Шығыс Қазақстан аймағында шамамен 40-тай. Сыртқа тасталынатын
элементтердің ішіндегі айтарлықтай көп мөлшердегілері: мыс оксиді (11,7
тонна), мырыш пен оның қосындылары (4311 тонна), күкірт (260,4 тонна),
құрамында 35-40 % -ке дейін кальций оксиді бар кемір кулі (21270,8 тонна).
Ертіс өзені алабының атмосферасына түсетін зиянды заттардың негізгі
көздері Өскемен, Лениногор, Зырян, Семей және Глубокойдағы өнеркәсіп
орындары.
Атмосферадағы зиянды заттардың өнеркәсіп орталықтарынан желдің соғуына
байланысты оңтүстік-батыс бағытқа қарай 40 км-ге дейін, ал шығысқа 80 км-ге
дейін, солтүстік - шығыс пен солтүстік батысқа карай 110 км-ге дейінгі
аймақтарға таралса, олардың жалпы түсетін ауданы 3000 км . Ертіс өзені
алабының бойында орналасқан 10 мын стационарлық көздерден түсетін қалдық
заттардьщ жалпы мөлшері жылына 240 мын тоннадан асады. (2000 жылдың
мәліметтері бойынша).
Тымық ауа-райы жағдайындагы күндерде (желсіз) Өскемен, Лениногор және
Зырян калаларының ауа бассейндерінің ластануы санитарлык шамадан 10 және
одан да бірнеше есе болып, республикадағы ауасы ең таза емес қалалардың
қатарына кіреді. Мысалға алсақ, тек кана бір жылдың өзінде, яғни 1998 ж
Казцинк ААҚ-ң өзінен ғана Өскемен қаласынын атмосферасына 59 мың тонна
ластаушы заттар тасталынса, соның ішінде 90 мың тоннасы қорғасын.
Глубокийдагы Ертіс мыс заводы ААҚ кэсіпорны атмосфераға 33,9 тонна
корғасын, тастаса, жылына 30 мың тонна шамасындағы зиянды заттар Лениногор
каласынын атмосферасына тасталынады. Ауа бассейнінің ластануына
автотранспорттың да әсері елеулі.
Сондай - ақ, Ертіс өзені алабының атмосферасында шаң - тозаң,
куүкірттің тотығы, көміртегі, азот, хлор, формальдегид, фенол, корғасын
(кауіптілігі 1 класс ) аныкталды-Жоғарыда айтылып өткен елді мекендердің
атмосфера ауасының орташа жылдық ластану динамикасы, атмосфераның ластану
индексі бойынша (АЛИ) 11-24 - ке дейінгі аралыкта ауыткып отырады.
Лениногор полиметалл комбинатынан атмосферага түсетін шаң – тозаң 0,5 - 1,5
мың гектар жерге дейін таралады, бұл жылына орташа есеппен 100 тоннаны
кұрайды деген сөз. Бүкіл техногендік калдыктардың бұзылуынан пайда болатын
шаң - тозаң мен ластану аймақта жылына 113 мың тоннаны құрайды. Шаңның ең
жоғарғы мөлшері, минералды - шикізатты кешенді ірі өнеркәсіптердің әсер ету
зонасында қалыптасқан. Глубокийда (ЕМЗ) олар тәулігіне 2560 кгкм2 жетсе,
Өскеменде (ҚМК), Лениногор (ЛПК) тәулігіне 1000 кгкм2, тіпті бұдан да
жоғары болып, атмосфераның ластануының өте қауіпті деңгейіне сәйкес келеді.
Тау - кен байыту өнеркәсіптерінің аймақтарында Зырян, Белоусовка, Жоғары
Березов ауылының қонысты аймақтары шаң - тозаңның салмағы тәулігіне 700
кгкм2- қа жетті.
Атмосфералык ауаға жүргізілген талдау бойынша орташа тәуліктік ШЖК
(шектеулі жіберілетін концентрация) - ның өсуі, кұрамындагы күкірт
ангидридінің мөлшері бойынша 27,6 есеге жетсе, мырыштың мөлшері 22 есе
болады, ал бұл дегеніміз елді мекендерге сәйкес келмейтін өте үлкен
көрсеткіш.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан сорғыш жәндіктер
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Су экологиясы
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Ертіс алабындағы өзен
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Ертіс өзенінің ластануы
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Балқаш аймағындағы дауылдар және борасынмен құмтасымалдануын бағалау
Пәндер