ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
ЖАЙЫҚ
ЭКОЛОГИЯСЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: АЛТАЙ Ж.
3-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ
тілі және әдебиет бөлімінің
студенті

БАҒАСЫ:____________

АЛМАТЫ-2007

ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ

Жайық – Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты,
Ресей Федерациясының Башқортостан Республикасы, Челябі, Орынбор және
Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы
түұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын
алабының ауданы 237 мың км2. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау
жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін
бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен
ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала
маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ,
арнасында қайраңдар бар. Ириклинск су электр станциясының салынуына
байланысты Ириклинск бөгені пайда болды. Ресей жеріндегі Орск қаласына
дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол Таналық, сол жағынан Ор
салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерлин
шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан
Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар,
Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған,
Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төмен
бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан
өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру
жүйесі тартылған. Жылдық орташа су ағыны Көшім ауылы тұсында 322 м3с;
төменгі ағысына қарай су ағыны азаяды. Мазамбет ауылы тұсында 268 м3с, ал
Атырау қаласында 225 м3с; ең аз су шығыны жазда 6,75 м3с, қыста 1,6м3с
шамасында.
Жайық көбіне қар суымен толығады. Су тасуы кезінде орта ағысы тұсында
арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен
жоғарғы ағысында қарашының басында, орта, төменгі бөлігінде қарашының
аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып,
жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр,
майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады.
Жайықтың бойында орналасқан қалалар: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск,
Новотроицк, Орынбор, Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Жайық
өзені бойымен, Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.

ЖАЙЫҚ ЖАБЫРҚАП, АЛ АДАМДАР АҚЫРЗАМАНҒА ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ

Ел экономикасын дамытудағы басты факторлардың бірі оны су қорларымен
қамтамасыз ету екені белгілі. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан су
шаруашылығын дамытуға назар аударыла бастады. Жаңа Су Кодексі қабылданып,
2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су бағдарламасы түзілді.
Алайда аймактарды сумен қамту әлі де күрделі әрі маңызды мәселе күйінде
қалып отьр. Ең бірінші кезектегі проблема деп елді мекендердің су
тапшылығынан кұтылмағанын айту керек. Облыстағы 457 мың халық тұратын 79
елді мекен суды ашық су көздерінен алып келеді. Қалған 31 елді мекен (34
мың адам) жер асты су көздерін пайдаланып отыр. Көптеген елді мекендер ашық
су көздерінен де, жер асты су көздерінен де көп қашық жерде орын тапқан.
Жекелеген аудандарда жерасты су көздері ауыз су үшін пайдалануга мүлдем
жарамсыз. Атап айтқанда, бұған бұрынғы Азғыр және Тайсойған полигондары
орналасқан аумақтар жатады. Облыстағы көптеген жұмыс жасап тұрған су
құбырлары санитарлық талаптарға жауап бере алмайды. Тозығы жеткен су
тазарту технологиялары нормативтік сападағы сумен қамтамасыз етуге
мүмкіндік бермей отыр.
Біздің облыста су қорларын қорғау және оларды бақылаумен Жайық-Каспий
бассейндік су шаруашылығы басқармасы айналысады. Оның камтуына жататын
негізгі су көздері — Жайық, Киғаш, Шарон, Ойыл, Сағыз және Жем өзендері.
Бұлардың бәрі де Ресей Федерациясы мен Ақтөбе облысынын жерінен бастау
алады. Жайыктың Каспийге құятыны белгілі, ал Жем, Ойыл және Сағыз
өзендерінің аяғы кұмды далаға сіңіп жоғалады. Бұл су көздерінің негізгі
тұтынушылары — өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы. Осы мақсаттарға судың 80
пайызы пайдаланылады.
— Біздің басқарма ең алдымен Жайық өзеніне катысты жағдайды дұрыстап
алуга баса көңіл бөлді, — дейді Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы
басқармасы су пайдалану бөлімінің бастығы Азамат Берғалиев. — 1993-1994
жылдары суды реттеп жіберу жөнінде Ресеймен арада өзара келісімдердің
болмауы салдарынан көптеген проблемалар туындаған. Содан соң көп ұзамай,
1996 жылы Транс-шекаралық сулар жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясы Ресей
бөлігінің төрағасы Н.Михеевпен арада ресми хаттама жасады. Оған Қазақстан
жағынан аталмыш комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы Т.Сәрсембеков
қол қойды. Хаттама трансшекаралық су нысандарын бірлесе пайдалану мен
қорғауды және Жайық өзені бассейнінде су шаруашылығы қызметін үйлестіруді
көздейді. Міне, осы кұжат негізінде біз он жыл бойы Жайық суын тиімді
пайдалануға қол жеткізіп отырмыз. Ресей бізге Ириклинск су қоймасынан
секундына 25-30 текшеметр су жіберіп тұрады. Бұл су келіктерінің қалыпты
жүріп тұруын және балықтың суда еркін өмір сүріп, өсуін қамтамасыз етуге
тиіс. Дегенмен осы жіберіліп тұрған су көлемі Жайық суын баска да үлкен
жобаларға пайдалану үшін аздық етеді. Сол себептен де Жайықтың
мүмкіндіктері шектеулі. Алайда ресейліктер Ириклинск су қоймасын ұстап тұру
үшін бұдан артық суды жібере алмайды. Бұл тіпгі Одақ кезінен солай болып
келеді...
Жайық өзенінің соңғы жылдары тарылып, тайыздап келе жатқанын тек
мамандар ғана емес, көнекез қариялар да айтып жүр. Жайықтың казіргі кейпіне
қарап, оны бір кезде Ұлысу деп қалай атады екен деп таңғалатын да адамдар
бар. Мен бір жолы бір қарияның аузынан ескі замандардың біріңде Ойыл өзені
Жайыққа құйған деген де әңгімені естігем. Мүмкін, рас шығар. Одан бері
Жайық канша рет арнасын өзгертіп, өзінің ескі сағаларынан қашықтап кетгі.
Жайыкқа осы күні Батыс Қазақстан облысының аумағынан Елек өзені құяды.
Бірақ оның үлесі бізге көршілерден ауыспайды. Бір сөзбен айтканда,
Жайықтың тайыздауы елеулі проблемаларға апарып соғар түрі бар. Атап
айтқанда, казір Каспийден Жайыкка балықтардың уылдырык шашу үшін шығуы
сонау 70-жылдармен салыстырганда төмендеп кетіп отыр. Бұған бір себеп —
судың тайыздап, оның астыңда тұз күмбездерінің пайда болуы болса, екіншісі
— Жайықтың Каспийге құяр тамағының бітелуі. Осы екі себеп балықтың өсіп,
көбеюіне кері әсер етуде. Ал мұны жөнге келтіру үшін бір нәрсе істеліп
жатыр ма?
— Иә, — дейді біздің бұл сұрағымызға тағы да су пайдалану бөлімінің
бастығы Азамат Қайырлыұлы. — Күні бүгін Жайық-Каспий гидротехникалық
компаниясы ЖШС мен Арна акционерлік коғамы Жайықтың кеме жүруге қолайсыз
боп калған жерлерін аршуда. Ал Спецстрой ЖШС балык кіретін сағаларды
тазалаумен айналысып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде Жайыққа балықтың шығуы
жақсарар деп үміттенеміз.
Жасыратыны жоқ, Жайық секілді үлкен су көзін баска да суға зәру
аймақтардың пайдаланғысы келеді. Мәселен, көршілес Маңғыстау облысы да бұл
орайда Жайық-Каспий бассейндеріне үміт артары сөзсіз. Ал біздің
Жайығымыздың Маңқыстауға су беруге шамасы жетпей отыр. Мамандардың
айтуынша, Жайыққа карағанда Қиғаштың бұған мүмкіндігі мол. Былай қарағаңда,
Қиғаш — Еділ өзенінің жай саласы ғана. Бірақ арғы жағынан алып тұрған нәрі
күшті болғандықтан шығар, оның қуаты Жайықтан екі есе үлкен. Осы куатты
пайдаланып сушылар қазір Қиғаштан кұбыр арқылы Маңқыстауға су жеткізіп тұр.
Бірақ Жайыкқа мұндай үлкен миссияны атқармай-ақ, өзінің бүгінгі қалпын
сақтап қалса да жарайды. Өйткені, оның өз проблемалары да жетерлік. Атап
айтқанда, Горводоканал, Атырау жылу-электр орталығы, Аджип ККО және
басқа мекемелер өзен суын пайдаланып отыр. Олар Жайыкқа ағынды суларды
төгеді. Мұның зиянын азайту ушін бұл мекемелер мамандардың талабы бойынша
зиянды заттарды тастаудын рұқсат етілген шекті мөлшердегі жобалық
нормаларын жасақтауда.
Казір Жайықтың Қазақстан аумағына жататын белігі 1049 шақырымды
құрайды. Оған дейінгі бөлігін Башқұртстанның, сондай-ақ Ресейдің Челябі,
Орынбор облыстарының халық шаруашылығы салалары пайдаланады. Содан бері
карайғы бүкіл жолында өзен минералды тыңайтқыштармен, өндірістік
кәсіпорындардың, кұрылыс мекемелерінің, коммуналдық шаруашылықтар мен мал
шаруашылығы кешендерінің қалдықтарымен ластанып келеді. Ал Жайықтың Атырау
қаласы тұсындағы сағасына жиналар үйінді мен салындылардың орташа жылдық
көлемі 3,5 млн. тоннаны құрайды екен. Осының салдарынан теңізге жыл сайын 5
млн. тонна құм құйылуда. Ал биылғыдай су тасымаған жылдары Жайық 680 млн.
текше метрдей суға зәрулік көреді. Мұның өзі облыс экономикасынын каркынды
дамуына кей жағдайда кері әсер етіп отыр.
Сөз жоқ, Жайықтың экологиясы да алаңдатады. Бірак су мамандары өзен
суының химиялық құрамында өзгеріс жоқ деген пікірлерінде табандап тұр.
Олардың айтуынша, өзенге негізгі зиян тигізіп жатқандар — тұрмыстық
калдыктарды тастаушылар мен өзен жағасында автокөлік жуушылар. Олардың
көпшілігіне баскарма тарапынан айыппұл салынған.
Дегенмен баска мәліметтерде Жайык экологиясының мәз еместігіне көптеген
дәлелдер келтіріліп отыр. Айталык, экологиясы бүлінген Каспийден канша
дегенмен белгілі бір мөлшерде Жайыкқа балык шығып жатканы рас. Оның ішінде
ауруға шалдыккан балықтар жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Тіпгі
Жайыктың Махамбет ауданы тұсындағы сағасы мен Атырау қаласы тұсындағы
сағасын жай салыстырғанның өзінде кейінгісінің өте лас екені көрер көзге
ұрып тұр.
Ал ғалымдардың пікіріне сүйенсек, ТШО-ның жерге тастап отырған
қалдықтары нәтижесінде күкірт қышкылы түзілуі мүмкін. Оның бір бөлігі, сөз
жоқ, су түбіне кетеді. Ол Каспий қайраңындағы тұщы судың қышқылдануына әкеп
соғуы ғажап емес. Ал Аджип ККО Каспий үшін ТШО-дан қауіпті. Себебі,
құрлықтағы жұмыс кезінде суға қалдыктардың бір бөлігі кетсе, ал теңіз
үстінде жұмыс істеген кезде зиянды элементтер тікелей Каспий суына
құйылмақ. Балықтар мен итбалыктардың қырылуына басты себеп осы болуы әбден
мүмкін. Мұны кәсіпорындар өздері жокқа шығарса да, эколог-ғалымдар
растайды.
Заңдық негіздің болуына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
сияқты, қазіргі күні жануарлар әлемі де жаппай жойылу үстінде.
Статистикалық есеп деректері бойынша табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылық,
атап айтқанда, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, балық қорының молаюына
нұқсан келтіру бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар саны жылдан-жылға
көбейіп келеді.
Мемлекет алдында Каспий теңізіндегі сирек кездесетін және жойылып бара
жатқан жануарлар, өсімдіктер түрлерінің тұқымын, бір кездегі бай балық
қорын молайту проблемаларын шешу жөнінде күрделі міндет тұр. Қазір, Каспий
бойындағы мемлекеттер, соның ішінде Ресей Каспийде бекіре балықтарды
аулауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау қаласының экологиясы
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Атырау қаласы
Қазақстанның табиғат жағдайы
Экологиялық проблемалар туралы мәлімет
Каспий теңізі
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Ауа алабының ластануы
Су жүйелер экологиясы
Солтүстік Каспийдің қазіргі экологиялық жағдайы
Пәндер