Жарылғыш заттар туралы


2. 3 Зертханалық сабақтарының жоспары
1 Зертханалық жұмыс - Жарылғыш заттардың түрлері және оларды өндірісте қолдану жағдайы.
Жұмыстың мақсаты. Жарылғыш заттардың қауіптілігін ескере отырып олардың түрлерін, қай топқа жататындығын, қалай сақталу керектігін, улылығын және атылып кету қаупін студенттерге үйрету. Сонымен қатар жарылғыш заттар салынған қаптардағы белгілерді айыра білу және олардың түстерінің ерекшеліктерін білу.
Жарылғыш заттар бір немесе бірнеше химиялық қоспалардан тұрады. Себебі жеке химиялық жарылғыш затты қолдану өте қауіпті.
Мысалы нитроглицерин өте күшті жарылғыш зат, бірақ оны жеке қолдануға болмайды. Себебі ол сыртқы әсерден оңай атылып кетеді. Кейбір химиялық заттар сыртқы әсерге онша сезімтал емес, мысалы тротил, бірақ мұнда оттегі аз сондықтан тротил атылыстан кейін улы газды көп шығарады. Бірнеше заттардың қосындысынан жарылғыш заттарды әр түрлі жағдайларға сәйкестендіріп жасауға болады.
Өндірістік жарылғыш заттар қолданылу жағдайы бойынша кластарға бөлінеді (3-кесте) . Жарылғыш материалдарды қолдану жағдайы ережеге сәйкес орындалуы керек.
Жарылғыш материалдар Мемлекеттік техникалық қадағалау органымен келісілген стандарттар және техникалық жағдайлар талаптарына сәйкес қапталуы керек. Жарылғыш заттар салынған жәшіктер, контейнерлер және қаптар өндіретін заводтың бекіткен әдісімен пломбалануы керек. Жарылғыш материалдардың қаптарында оның қолданылу ережесі, класы, біріктіру тобы, негізгі техникалық сипатамалары, сақтау бойынша кепілдік мерзімі және пайдалану ережесі жазылуы керек.
Жарылғыш материалдар орналасқан жерден 100 м жақын жерде ашық от қолдануға, темекі тартуға, өзіңмен бірге қару немесе от шығарғыш құралдарды алып жүруге болмайды. Жандырғыш құралдар тек жарушыда, ал қару күзет қызметкерлерінде болуы керек.
Құрамында 15% артық нитроэфирі бар жарылғыш материалдарды мұзданған түрінде қолдануға болмайды.
Оқ дәрілерді сақтайтын бөлмелерде олармен жұмыс істеу үшін аяқ киімнің табанында метал заттар болмауы керек. Метал құралдар жалын шығармайтын материалдардан жасалуы керек. Болаттан тек бұрағыш құралдарды ғана қолдануға болады.
3-кесте
3-кестенің жалғасы
Қапқа салынған аммиакты-селитралы ұнтақталған жарылғыш заттарды қолданар алдында қапты ақырындап қағып ішіндегі бірігіп қалған жарылғыш заттарды ұсақтау керек. Ылғалдылығы нормадан асатын жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.
Қауіпті көмір және тақтатасты шахталарда сыртқы қабы зақымданған патрондалған жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.
Жару жұмыстарын жүргізген кезде жарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін (адамдардың улы газдармен уланып қалмауы) шаралар қолданылуы керек. Бұл шаралар өндіріс орнының жетекшісімен бекітіледі.
Жарушы жару жұмыстарын жүргізген кезде арнайы киімде болуы керек, сонымен қатар оның сағаты және жару жұмыстарына керекті құралдары болуы керек. Жарушылардың киімдері статикалық электр тогын жинамайтын материалдардан тігілуі керек.
Жарылғыш заттардан босаған қаптар жақсылап тексерілуі керек. Жарылғыш заттардың жойылуы немесе ұрлап кету жағдайлары тіркелетін болса, жарушы жауапқа тартылып заң алдында жауап береді.
Тапсыма: суреттер бұл зертханалық жұмыста жарылғыш заттармен танысады, соған қоса олар жарылғыш заттардың түсін, қай жерде қолдануға болатынын, қандай класқа жататынын және топтарын жатқа білулері керек.
Негізгі әдебиет: 1. [68-86] ; 2. [7-15] .
Қосымша әдебиет: 1. [5-50] .
Бақылау сұрақтары:
1. Өндірісте қолданылатын жарылғыш заттар қандай химиялық қоспалардан жасалады.
2. Нитроэфирлік жарылғыш заттарды өндірісте қолдану тәртібі.
3. Өндірістік жарылғыш заттар қолданылу орны бойынша қандай кластарға бөлінеді.
4. Жарылғыш заттардың кластарға және топтарға бөлінуі.
5. Жару жұмыстарын жүргізетін жарушының формасына қойылатын талаптар.
2 Зертханалық жұмыс - Жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау.
Жұмыстың мақсаты. Жарылғыш заттар қолданылатын жеріне байланысты әр түрлі құрамда жасалады. Соған сәйкес олардың техникалық сипаттамалары және жұмыс істеу қабілеттіліктері де әр түрлі болып келеді. Бұл жұмыста студенттер жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау әдістерімен танысады және оларды үйренеді.
Жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігі дегеніміз - қолданылатын ортаны қопару немесе жылжыту бойынша белгіленген бір жұмысты өндіруге қабілеттілігі.
Жарылғыш заттардың жұмыс қабілеттілігі жарылыстың жалпы әсерін сипаттайды және жарылыс кезінде бөлінетін қуаттың толық мөлшерімен анықталады. Жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігі тәжірибелік жағдайларда қорғасын бомбасында және балистикалық маятник немесе мортирде анықталады. Қорғасын бомбасында анықталатын жарылғыш заттың жұмыс істеу қабілеттілігі Трауцль сынағы деп те аталады.
Трауцль бомбасы - ортасында бір жағы жабық каналы бар қорғасын цилиндрі. Бомбаны 390-400 0 С температурада ерітілген қорғасыннан құйып жасайды, оның биіктігі және диаметрі 200±2 мм шамасында болады. Ортасында орналасатын каналдың тереңдігі 125±2 мм және диаметрі 25 мм болады. Каналдың түбіне массасы 10 г қағаз гильзаға оралған оқтаманы орналастырады. Каналдың бос қалған бөлігі құрғақ кварц құмымен толтырылады. Бомбадағы жарылғыш зат оқтамасын детонаторлармен қоздырады. Жарылыстан кейін бомбада қуыс пайда болады (1-сурет) .
Бомбадағы пайда болған қуысты тазалап оның ішінің көлемін өлшейміз. Өлшеп анықталған қуыс көлемінен каналдың көлемін және детонатордың атылысынан пайда болатын көлемді алып тастаймыз. Детонатордан пайда болатын болатын көлем 30 см 3 тең.
Салыстырмалы нәтижелерді алу үшін сынақтың стандартты жағдайларын орындау керек. Сынақты жүргізген кездегі ауаның температурасы да сынақ нәтижесіне әсер етеді. Стандартты температура ретінде +10 0 С қабылданады. Температура өзгерген кезде сынақ нәтижесіне сәйкес өзгертулер енгізу керек. Температура 0 0 С кезінде алынған нәтижені 5% жоғарылатамыз, ал +30 0 С болғанда 6% төмендетеді.
Сонымен қатар сынақ көрсеткіштеріне жарылғыш заттың өлшенген көлеміде айтарлықтай әсер етеді. Биік салынған оқтамалар қоғасынды жақсы деформациялайды, сондықтан бұл жағдайларда канал көлемі үлкен болады.
1-сурет. Жарылғыш заттардың қорғасын бомбасында жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау схемасы:
а - оқталғанға дейінгі бомбаның көрінісі; б - оқталған бомба көрінісі; в - жарылыстан кейінгі бомба көрінісі.
Бұл әдістің кең тарағанына қарамастан оның кемшіліктері де бар. Жарылғыш заттың жұмыс қабілеттілігі көлем өлшемінің шартты белгісімен анықталады, сонымен қатар каналдың кеңеюінің шамасы жарылғыш заттың шын жұмыс қабілеттілігімен сызықсыз байланысқан.
Баллистикалық маятник әдісі. Баллистикалық маятниктің негізі оның қозғалмайтын бөлігіне ілінетін жүк болып есептеледі. Маятникке әсер еткенде ол қозғалысқа келіп ары-бері бұрыш жасап тербеледі. Баллистикалық маятниктің конструкциясы әр түрлі болып келеді.
Соның қарапайымдарының бірінде жарылғыш зат жарылысы маятниктің шетінің соққысынан пайда болады (2а-сурет) . Жарылғыш зат оқтамасы маятник шетінен алыстау, кейбір жағдайларда жақын жерге орналастырылады. Егер маятник жарылғыш зат жарылысының әсерінен φ бұрышына ауытқыса, онда маятник түбінен қабылданған импульс мынаған тең болады:
, (1)
мұнда М - маятник массасы; g - еркін құлау үдеуі; l - ілінген жүк ұзындығы.
Бұл формула ауытқу бұрышы 20 0 аспаған жағдайларда тиімді. Егер ауытқу бұрышының орнына маятниктің жазық орын ауыстыруын х өлшейтін болсақ, онда аз импульс бұрыштары үшін
, (2)
мұнда Т - маятниктің тербеліс уақыты. Атылыс жұмысы А=Мһ, мұндағы һ - маятниктің ауырлық центрінің көтерілу биіктігі.
Онда
.
Баллистикалық маятниктің басқаша конструкциясында оқтаманың жарылысы арбаға орнатылып маятникке жақын орналасқан болат мортирде өтеді (2б-сурет) . Маятник бұл жағдайда жарылғыш зат атылысынан өз орнынан ауытқиды. Бұл сынақта 200 г жарылғыш заттың атылысына салыстырмалы түрде маятниктің ауытқу өлшеміне байланысты анықталады. Бұл әдістің артықшылығы массасы 200 г артық жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтауға болады.
2-сурет. Баллистикалық маятник:
1 - маятник денесі; 2 - маятник ұшы; 3 - жарылғыш зат оқтамасы; 4 - ауытқу өлшегіші; 5 -қорғаныс экраны; 6 - ілгіштер; 7 - мортир.
Баллистикалық мортир әдісі. Маятник түрінде ілінген болат мортирде массасы 100 г сыналатын жарылғыш зат салынатын жарылыс камерасы және жарылыс алдында поршень-снаряд орналасатын кеңейткіш камера болады (3-сурет) .
Мортирдің ауытқу жұмысы А 1 =Мһ=Мl(1-cosφ), мұндағы М - мортир массасы; һ= l(1-cosφ) - мортирдің ауырлық ортасын көтеретін биіктік; l - мортирдің ілінетін ұзындығы.
Поршень-снарядты лақтыруға жұмсалатын жұмыс А 2 =mv 2 /(2g), мұнда m - поршень-снарядтың массасы; v - поршень-снарядтың бастапқы жылдамдығы.
Олай болса мортир мен снарядтан алынған қозғалыс саны бірдей болғандықтан мортирдің қозғалыс жылдамдығын келесі қатынас арқылы табуға болады:
Ml(1-cosφ) =Mu 2 /(2g), (3)
бұдан u 2 =2gl(1-cosφ) .
v=M/m·u болса
онда v 2 =M 2 /m 2 ·2gl(1-cosφ) .
Осыны ескеретін болсақ А 2 =mv 2 /2g=M 2 /m·(1-cosφ) . (4)
Жарылыстың толық жұмысы
А М =A 1 +A 2 =Ml(1-cosφ) +M 2 /m·(1-cosφ) немесе
А М =Ml(1+M/ml) (1-cosφ) . (5)
3-сурет. Баллистикалық мортирдің схемасы:
1 - мортир; 2 - снаряд; 3 - жарылғыш зат оқтамасы.
Тапсырма: бұл жұмыста студенттер жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау әдістерімен танысады. Жарылғыш заттардың жұмыс қабілеттіліктерін қорғасын бомбасында, баллистикалық маятникте және баллистикалық мортирде анықтап білулері керек.
Негізгі әдебиет: 1. [61-68] ; 3. [187-193] .
Қосымша әдебиет: 1. [314-320] .
Бақылау сұрақтары:
1. Жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігі дегеніміз не.
2. Қорғасын бомбасында жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау.
3. Баллистикалық маятникте жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау.
4. Баллистикалық мортирде жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау.
5. Баллистикалық мортирде жарылғыш заттардың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау үшін алынған нәтижелерді талдау тәртібі.
3 Зертханалық жұмыс - Атылыстан пайда болатын улы газдар, олардың қасиеттері.
Жұмыстың мақсаты. Жарылғыш заттардың бірнеше химиялық қоспалардан тұратындығын жоғарыда атап өттік. Соған байланысты жарылғыш заттар атылғаннан кейін олардан әр түрлі адам өміріне зиянды улы газдар бөлініп шығады. Сондықтан студенттер жарылыстан бөлінетін улы газдардың түрлерін және адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін анықтап білулері керек.
Бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ең маңызды шаралардың бірі адамдарды жарылыстан пайда болатын улы газдардың әсерінен сақтау. Жарылғыш зат және олардың компоненттерімен қорғаныс шараларысыз байланысқа түсу адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Олардың қысқа уақытты әсерінен уланудың бас айналу, бас ауыруы, жүректің айнуы белгілері білінуі мүмкін. Ұзақ уақытты байланыстан сақталып қалынатын бауыр және өкпе аурулары пайда болады.
Көп жағдайларда зиянды зат адам ағзасына шаң немесе бу түрінде тыныс алу жолдары арқылы жәнеде асқорыту жолы немесе тері арқылы енеді.
Әр түрлі жарылғыш заттардың улылық дәрежесін олардың мүмкін болатын шектік концентрациясы (МБШК) арқылы анықтайды (4-кесте) .
Жарылғыш заттардың шаңы және буларымен улану қауіптілігі патрондалмаған жарылғыш заттармен жұмыс істеген кезде, сонымен қатар жарылғыш заттарды механикалық оқтау, қаптау және тасымалдау кезінде ерекше болады.
4-кесте
Жарылғыш заттардың шаңы мен буларынан басқа адамға жарылыстың да кейбір заттары - азот тотығы, көміртегі тотығы, күкіртті қоспалар және т. б. заттар кері әсер етеді.
Көміртегі тотығы (СО) - иісі төмен түссіз газ, ауаға қатысты тығыздығы 0, 967. Көміртегі тотығы тұрақты, сумен реакцияға түспейді және суда ерімейді. Көміртегі тотығының ауадағы мөлшері 12, 5-74, 5% аралығында болған кезде қоспаның жарылғыш қасиеті жоғарылайды.
Адамның, құрамында 0, 01% көміртегі тотығы бар ауамен күнделікті тыныс алуы сақталынатын улануға әкеліп соқтырады. Ауадағы көміртегі тотығының мүмкін болатын концентрациясы 0, 0016% аспауы керек.
Азот тотығы (NO, NO 2 ) . Жарылыстан пайда болатын ең улы компоненттердің бірі азоттың тотығы және екі тотығы болып есептеледі. Ол өкпенің ауыруын, ауыр жағдайларда ісуін тудырады.
Азот тотығының ерекшелік сипаты, оның потологиялық әсері 4-5 сағаттан кейін ғана білінеді. Азот тотығының атмосферадағы мүмкін болатын шектік көлемі 0, 0002%. Өзінің улылық қасиеттері бойынша бұл газдар көміртегі тотығынан жоғары, сондықтан көміртегі тотығының шартты мөлшерінің жинықтығын есептеген кезде олар улылық коэффициентіне 6, 5 көбейтіледі.
Өздерінің химиялық қасиеттеріне байланысты бұл екі компонент ерекшеленеді. Азот тотығы суға тұрақты болып келетін болса, азоттың екі тотығы азот қышқылын құрай отырып суда оңай ериді.
Күкіртті сутек (Н 2 S) - ашыған жұмыртқаның исі сияқты жаман исі бар түссіз газ. Суда жақсы ериді, ауаға байланысты оның тығыздығы 1, 19. Күкіртті сутек газымен тыныс алған кезде көздің шырышты қабығы, тыныс алу жолдары зақымданады және ол өкпенің қабынуын тудырады.
Адамның ұзақ уақыт байланысы кезінде күкіртті сутек газының мүмкін болатын шектік концентрациясы 0, 00066% аспауы керек.
Күкіртті ангидрид (SО 2 ) - иісі жаман түссіз газ. Ауаға байланысты тығыздығы 2, 21 және суда жақсы ериді. Ол газбен тыныс алған кезде адамда түшкіру, жөтелу белгілері байқалады, сонымен қатар ол дыбыс каналдарын тарылтады, ал ауыр улану кезінде бронхының қабынуы, кеңірдек және өкпенің ісуі байқалады.
Кеніш ауасындағы оның мүмкін болатын концентрациясы 0, 00095% аспауы керек. Өзінің улылық қасиеттері бойынша күкіртті газдар көміртегі және азот тотықтарының қатарына енеді. Көміртегі тотығына байланысты олардың улылық коэффициенті 2, 5 тең деп қабылданған.
Сынап және қорғасын булары. және азидотетрилді детонаторлар немесе электродетонаторлар атылысы кезінде ауаға сынаптың және қорғасынның онша көп емес бөлшектері таралады. Олар адамның орталық жүйке жүйелерін, ас қорыту мүшелерін және өкпесін зақымдайды.
Улы газдар көп немесе аз көлемде барлық өндірістік жарылғыш заттардың жарылысынан бөлінеді. Ол жарылғыш заттардың химиялық құрамдарына, детонациялық қабілеттілігіне және басқада химиялық реакцияның толықтығын анықтайтын факторларға байланысты болады. Сонымен қатар қопарылатын таужыныстарының химиялық, физико-механикалық және теплофизикалық қасиеттеріде белгілі мөлшерде әсер етеді. Жарылыстың құрамы негізінен жарылғыш заттардың оттегілік балансына байланысты болады. Оттегілік балансы оң өндірістік жарылғыш заттар жарылыс кезінде азот тотығын тудырады, оның мөлшері жарылғыш зат құрамындағы оттегінің кемуіне байланысты өсіп отырады. Оттегілік балансы теріс болған кезде көміртегінің улы тотығы пайда болады. Зертханалық жағдайда анықталған кейбір жарылтың нәтижелері 5 және 6 -кестелерде келтірілген.
5-кесте
6-кесте
Оттегілік баланстың әсері жоғары болғандықтан жерасты қазбаларында улы газдардың бөлінуін төмендету үшін оттегілік балансы нөлге жақын жарылғыш заттарды қолдану керек.
Сонымен қатар патрондардың жанғыш қабықтарының өзі улы газдарды бөліп шығарады. Бұл көміртегі тотығының мөлшерінің өсуіне жол береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz