ЖЕЗҚАЗҒАН ЭКОЛОГИЯСЫ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ЖЕЗҚАЗҒАН ЭКОЛОГИЯСЫ
ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: НҰРҚАДІРОВА Ж.
БАҒАСЫ:
АЛМАТЫ-2007
ЖЕЗҚАЗҒАН ЭКОЛОГИЯСЫ
Ғарышты игере бастаған соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде
Байқоңырдай бәкенелеу Востоктан бастап, буырқанған Боранға дейінгі
мыңдаған ракеталар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең
кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре
двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель),
немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы 1-
сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді. Пайдаланатын отынының құрамы
да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдері ғарыш
кемесінен бөлініп, жерге құлайды. Жер болғанда, кәдімгі Жезқазған облысының
Жезді, Ұлытау аудандарындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-
жарым ауытқып кеткендері анда-санда Арқалық аймағының да апан-топанын
шығарып тастайды. Мысалы, осы таяуда ғана мамыр айының 14-інде Комета
атты Жер серігін орбитаға шығаруға тиіс болған Союз ракета-тасығышының
апатқа ұшырап, Арқалықтан 120 шақырым жерге құлағаны белгілі.
80-жылдардың ортасына дейін бәрі де бүкіл әлемде баянда бетшілік
орнату үшін жасалынып жатыр деген. Кеңес үкіметінің жел сөзінің жетегінде
жүрді. Төңірекке төпей төгілген темір жаңбыр елді есеңгіретіп, орны
толмас апаттың құрсауында қалғанда ғана, есімізді жинаған болып жатырмыз.
Кезінде Кеңес үкіметі өз азаматтарының денсаулығына тікелей залал
келтіретін жұмыс жүргізіп жатыр деп, ешкім де ойлаған емес. Аңқау халық
жалтыраған жеңіл металдан жасалған ракета қаңқаларын үйлерінің маңына
сүйретіп әкеліп, малқора ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын
алатын қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіреп тойлар да
өткізді ғой...
Енді, осы ракеталар жаңбыры астында жатқан аймақтапға қатысты мына
бір деректерге назар аударайықшы.
1987-жыл, 27-наурыз. Қарсақпай кеңшарының Мұжық қыстағында отырған
шопан Базарқан Рақымжанов мал жайын жүріп, шөлге шыдамай ракета сынығының
ішіндегі еріген қар суымен тамағын жібітеді. Сол күні қан құсып, ел орынға
отыра қайтыс болады.
1990-жыл. Қарсақпай кеңшарының Құттыбай қыстағының маңындағы жазыққа
ракета сатысы түсті. Ауа қысымының әсерінен ракета құлаған жердің қары еріп
кетіп, одан аға шопан Мүсеев Шаяхметтің отарынан біраз қой су ішті. Сол
кеште 78 бас қой сеспей қатты.
1992-жыл, 13-шілде, Сәтбаев кеңшарына қарасты Жыңғылдыөзек танабына
ракета құлады, 19-шілде күні сол маңнан су ішкен 62 қозының бірі қалмай
қырылып қалды. Аудандық малдәрігері М.Өмірбекова малға тән ауру-індетке
ұқсамайтындықтан жаппай өлімнің себебін анықтай алмады.
1992-жыл, 30 қазан күні Қарсақпай кеңшарының шопаны Құдабаев Сәбеттің
отарының дәл іргесіне ракета түсті. Оның қой жайып жүрген баласы Берік
белгісіз сырқатқа шалдығып, ауыр жағдайда әуелі аудандық, содан соң
облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күн ішінде 70-тен астам қой шығынға
ұшырады.
Бір-біріне ұқсас осындай үрейді деректерді үйір-үйірімен келтіре беруге
болады. Баспасөз бетінде құлаған ракеталарға байланысты радиациялы, улы
деген сияқты жалпылама айыптаулар аз айтылып жүрген жоқ. Кеңес үкіметі
ғарыш техникасына қатысты барлық мәліметтерді құпиялап ұстады. Ол үкімет
енді жоқ, сондықтан өзімізге әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны
болып табылатын гептил жайлы (химиялық атауы - нитрозодиметиламин) мына
анықтама көптеген жайлардың бетін ашып береді:
Нитрозодиметиламин (гептил) айрықша сасық иісті түссіз сұйық.
Айналаға тез тарайды, жердің бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз
қасиеттерін жоймай, ұзақ сақталынады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге
жедел сіңіп кететін болғандықтан қоршаған ортаға аса зиянды. Ол қауіптілігі
жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады.
Адам ағзасыиа ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге
тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адам организміне қатері
орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, ты-ныс тарылу, бұлшық еттердің
еріксіз тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан айналысындағы
ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың
клиника-лық белгілері болып табылады. Сол сияқты нитрозодиметиламин ұрықты
жатырда жатқандаақ ауруға ұрындырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін
төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін
тигізеді.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған ракеталардың алғашқы
сатыларының барлығына жуығы осы аймаққа түсетіндігін және олардың
әрқайсысында жанып үлгер-меген 1 тоннадан 3 тоннаға дейін гептил
болатындығын ескерсек, Жезқазған жерінің қаншалықты уланғандығын шамалауга
болады. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жасыл жайлаулар қу тақырға айналып,
шөптің көптеген түрлері мүлдем жойылды. 1979 және 1990 жылдары табиғаты
белгісіз тажалдан ақбөкендер жаппай қырылып, өлке өлімтікке бөгіп жатты.
Зерттеп-зерделеген адамға бұл өңірдегі қасқырлардың өзі бірдеңенің шалығына
ұшырағандай әсер қалдырады.
1993 жылы Қумола өзенінің бойында қой қоздатып отырған Сарбаев
Жұмабайдың әкесі Сейтен ақсақалды талтүсте үйінің іргесінде қасқыр талап,
қан-жоса қылып кетті. Бұл жалғыз оқиға емес, осы аймақта қасқырлардың
ауылға келіп адамға шабуы, бала-шағаны жеп кетуі жиі кездеседі. Ракета
сатылары үзбей жауатын жердің қасқырлары да биологиялық ауытқуға бой
алдырган сияқты.
Облыстық биоресурстар және экология басқармасының есебі бойынша
Байқоңыр ғарыш кешенінің ықпалына ұрынған аумақтың жалпы көлемі 330,4 мың
шаршы шақырым екен. Оның 70 проценті Жезқазған облысының үлесіне тиеді.
Облыс көлемінде кеңес дөуірінде картаға түспеген, шартгы түрде Ташкент
— 4 деп, аталған айналаға әсері жөнінен Байқоңырдан бірде кем түспейтін
тағы бір полигон бар. Ол — Балқаш көлінің жағасыңдағы Приозерск ракета
сынау айлағы. Бұл кешеннің жұмысы жайындағы шындық экологиялық құжаттарда
да, баспасөз бетінде де бұрын-соңды толық ашылмай келгендіктен өңгімені
кеңірек баяндауға тура келеді.
Жезқазған жерінің батыс бөлігінде ракета сынықтары шашылмай жатқан жер
жоқ деуге болады. Бір ғана бұрынғы Қарсақпай кеңшарының аумағында ондаған
жерге жиналган (жиналмағаны қаншама) космос техникасының қалдықтарының
жалпы салмағы20—30 мың тонна көлемінде. Тіршілік пен тілшілік қарекетімен
өзіміз өр жылдары жүріп өткен жерлерде ракета сынықтарын (тіпті құлаған
тұтас ракеталарды) Жәйрем қалашығының оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай
жайылымынан бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл өңірінен, одан да әрі
жатқан Торғай облысының Ақкөл атырабынан, Ақтөбе облысының Балта
шабындығының төңірегінен кездестірдік.
Ленинград политехникалық институтында оқыған кезде ракета қарулары
бойынша әскери мамандық алып, әуе шабуылына қарсы қимыл жасайтын
бөлімшелерде тиісті деңгейде тәжірибе де жинақтағандықтан байтақ далада
шашылып жатқан техниканың бәрі бірдей Байқоңырдан ұшырылған ғарыш
кемелерінің құлаған сатыларына жатпайтындығын бірден байқағанбыз. 1931 —
1932 жылдары Қарақұм көтерілісін қарумен басудан кейін ешқандай соғыс
қимылдары жүріп көрмеген алқапта осыншама мөлшерде ұзақ қашықтықтарға
ұшатын атом-оқтұмсықты жойқын қаруларының қалдықтары шашылып жатқандығының
құпия сырына жете алмай жүрдік. Жезқазған облысының өуе кеңістігі
арқылы 5—6 ракета жолдары өтетіндігі жайлы жазылып та жүр. Әрине, бұл
трассалардың ракета сынау полигондарын бір-бірімен қосатын траектория
екендігі белгілі. Ептеп ауытқуларды есептемегенде, жоғарыда әңгімелеген
ракета қаңқаларының барлығы дерлік бұрынғы Одақтағы екі қуатты полигон —
Астрахань облысындағы Капустин Яр мен өзіміздегі Приозерскіні қосатын оқтан
түзу сызыктың бойында жатыр...
Ақыры, шындықтың шымылдығы ойламаған жерден ашыла кетті. 1994 жылдың
тамыз айында облыс әкімі Қ.Нағымановпен бірге Приозерск қаласында болдық.
Полигонның сол кездегі қол-басшысы генерал А.В.Тарасов ұшыру алаңына
апарып, бізді әскери ракеталармен таныстырды. Қалың әскерилердің ортасында
өткен сол кездесу үстінде оның: Сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер, —
деген ақжарқын емеурінінің жетегінде кеткен жалғыз мен болдым. Обалы не
керек, тілшіден тосын сауалдар күтпесе де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz