Жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат қорын пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат қорын пайдалану

Жердің сыртқы қыртысы “литосфера” деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.

Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы деп, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан. Жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі.

  • жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;
  • рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т. б. металдар кендері;
  • бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т. б. ) отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т. б.

Адамдар өте ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қойнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жер қойнауындағы минералдық қазба байлықтар осы заманға индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады.

Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай. Онда өнеркәсіпте қолданылатын минералдық шикізаттың барлық түрі бар деп айтуымызға болады. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығарылу арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табилады.

Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қрғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:

  1. Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп - минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес көшенді жүргізілуі тиіс.
  2. Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау (азайту), қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы т. с. с. Жер қойнауынан шығарылатын мұнайдың, газдың үлесін арттыру, ілеспе өнімдерді тиімді пайдалану. Өндіру кезінде көмірсутектердің жеңіл фракциялар жоғалтпауы т. б.
  3. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыт, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30%-ке арттыруға болатына әлдеқашан дәлелденген.

Қазақстанда өндірілетін түсті металдар кендерінен таза металл және қоспа түрінде қырық тоғыз элемент алынады, яғни кенді кешенді пайдалану әлі де жеткіліксіз. Жезқазған комбинатының кендерінде он жеті элемент пен компонент болатын болса, оның тек он екісі ғана алынада. Соколов-Сарыбай кеніндегі 10-нан астам пайдалы элементтердің негізгі біреуі ғана - темір алынады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Барланған мұнай қорының 30-33%-і ғана өндіріледі. Көмір шахталарында есепке алынған қор мен өндірілген қор айырмашылығы 50-60%-ке жетеді.

Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық жетістікке (ҒТЖ) байланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда олэкономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі. Осыған қарамастан ұзақ жылдар бойы экономикалықбағалауға мән берілмей келді, жер қойнауында жатқан байлықтың ақшалай құны жоқ деп есептеліп тау-кен рентасы мойындалмады. Іс жүзінде мұндай көзқарас қазба байлықты пайдалану экономикасында біраз кемшіліктер туғызды. Біз әлі күнге дейін қазба байлықтарымыздың ақшалай құнын білмеміз. Ол нарық қатынасына көшуімізге байланысты өте қажет. Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау, т. б. дұрыс шешу мүмкін емес. Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан экономикалық бағалауға байланысты, оны анықтаудың әдістері туралы көптеген ғылыми пікір-таластар, практикалық ұсыныстар айтылып келеді. Оларды бағалау басты көрсеткішіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.

Қазіргі қалыптасқан экономикалық теорияға сәйкес табиғат ресурстары ренталық қағида бойынша бағаланады. Минералдық шикізат қоры уақыт факторын ескеріп шеткі шығыннан дербес шығындарды немесе шеткі шығын бойынша есептелген өнімнің бағасынан келтірілген шығынды нормалы пайдасымен қоса шегріп анықтайды. Қазба байлық түрлеріне байланысты шеткі шығын шамасы әр түрлі белгіленеді: аймақтық, бассейндік немесе республика бойынша. Минералдық шикізаттың кейбір түрлеріне әлемдік баға деңгейі ескеріледі.

Пайдалы қазба кендерінің экономикалық бағасы оның қорын пайдаланғанда алынатын халық шаруашылық тиімді көрсетеді. Экономикалық бағалау ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шеткі және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шеткі шығын белгілі бір уақытта нақты өнімге жұмсалатын халық шаруашылық қажетті ең жоғары шығын болып табылады.

Шеткі шығын, сондай-ақ, пайдалы қазба қорының пайдаланудың халық шаруашылық тиімді шегін көрсетеді.

Кен орындарын экономикалық бағалау геологиялық барлау жұмыстарын технико-экономикалық негіздеудің және минералдық шикізат кондициясын бекітудің құрамды бөлігі болып табылады. Белгіленген тәртіппен кен қоры бекітілгеннен кейін кен орнының экономикалық бағасы кеніштердің мемлекеттік кадастрлар жүйесіне кіргізіледі.

Кен орындарын экономикалық бағалау үшін ең алғаш шеткі шығын шамасын анықтау керек. Шеткі шығын шамасын анықтаудың ең қолайлы әдісі нақты сала бойынша өндіргіш күштердің дамуы туралы жоспары негізінде оптималдық есептеулер. Мұндай есептеулер халық шаруашылық қажеттілікке сәйкес алдағы және қазіргі өнім өндіру мүмкіндігін ескеріп жүргізіледі. Сондықтан болашақта нақты кенді барлауға өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға жұмсалатын шығындар анықталады.

Оптимизациялық есептеулер мүмкін болмағанда, шеткі шығынды анықтаудың оңайлатылған әдісі қолданылады. Ондай әдістердің бірі өнімді алуға жұмсалатын келтірілген шығынның шамасы бойынша реттеу. Ол үшін әрбір пайдаланылатын кеніштерде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын дербес келтірілген шығындар анықталады. Келтірілген шығынның құрамында күрделі қаржы және ағымдағы шығындар есептеледі. Қажетті өнімді алуға болатын барлық өндірістер бойынша келтірілген шығындар есептеледі. Содан кейін өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын келтірілген шығынның өсуіне қарай кеніштер реттеледі.

Қаттарға (тізімге) халық шаруашылық қажеттікті өтеуге керекті барлық кен орындары қосылады. Қатарды өнімді ең аз шығыннан, яғни ең тиімді кеніштен бастайды да одан жоғары шығынды, бірақ өнімі қажетті кенішпен аяқтайды. Шығыны одан да жоғары кеніштер қажетті өнімді беретін кеніштер анықталғаннан кейін уақытша қалдырылады. Қатарға кірген кеніштердегі өнімнің бір өлшеміне шаққандағы ең жоғары шығын шеткі шығын деп есептеледі. Сонымен шеткі шығын нақты өнімді алу үшін жұмсалуға қажетті, жол беруге болатын ең жоғары шығын. Шеткі шығын өткен немесе қазіргі шығындармен емес, болашақ шығындар негізінде айқындалауы тиіс. Былайша айтқанда, ол бір орталықтан алдағы болатын шығындарды, нақты өнімге сұранысты ескере отырып анықталады.

Шеткі шығын шамасы уақыт өткен сайын ғылыми-техникалық жетістіктерге, өнімге сұранысқа, жаңа кеніштердің ашылуына, т. б. байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Сұраныстың өсуі, кедей кеніштердің іске қосылуы шеткі шығын шамасын арттырады. ҒТЖ, қолайлы жағдайдағы жаңа ірі кеніштердің ашылуы өндіріс шығындарын азайтатын факторлар болап есептеледі. Бірақ соңғы жылдардағы іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, кен орындарын игеру шығындары ұдайы тұрақты өсіп келеді.

Пайдалы қазбалардың халық шаруашылық құндылығына - экономикалық бағалау шамасына бірнеше геологиялық, географиялық, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Оларды шартты үш топқа бөлуге болады.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар қазба байлықтың халық шаруашылық маңыздылығын, одан алынатын өнімнің қажеттілігін, нақты кенішті игеру керектігін қамтиды. Минералдық шикізаттың нақты түріне халық шаруашылық сұраныс кеніштің маңыздылығын көрсетеді. Халық шаруашылық қажеттілік өндіріс салаларының даму дәрежесімен және оларды минералды шикізатпен қамтамасыз ету көрсеткіштерімен анықталады. Осы мақсатта минералдық шикізат қоры, оны өндіру, алынатын өнімді өңдеу, тұтыну баланстары қарастырылады. Олар жергілікті, аудандық, аймақтық (облыстық), республикалық деңгейде есептеледі. Баланстар негізінде балама кеніштер, олардың топтары, экономикалық бағалау көрсеткіші бойынша бірінші кезекте игерілетіндері таңдалды. Таңдау кезінде минералдық шикізаттың жаңа түрлерін игеру, табиғи шикізаттың орнына жасанды шикізат қолдану, кең өндіру, өңдеу және ұқсату технологиясын жетілдіру мүмкіндіктері ескеріледі.

Геологиялық факторларға қазба байлық кен орындарының ең маңызды көрсеткіштері: геологиялық, баланстық қоры, ондағы пайдалы элементтер, зиянды қоспалар құрамы, технологиялық сапасы, оранласуы, өндірудің геологиялықжағдайы жатады. Геологиялық факторларға байланысты тау-кен өндірісінің қуаты, өндіру әдісі, кеннің таусылу уақыты, кенді өндіру-өңдеу технологиясы, т. б. анықталады. Басқа жағдайлары тең болғанда кеніштің геологиялық сипаты неғұрлым қолайлы болса, оның құндылығы соғұрлым арта түседі. Экономикалық бағалау шамасы үшін қазба байлық қорының геологиялық сан және сапа көрсеткіштері ерекше маңызды.

Қазба байлықтың сапа көрсеткіштеріне оның физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттері жатады. Олардың ішінде әсіресе құндылығына әсер ететіндері құрамындағы пайдалы және зиянды элементтер мен компоненттер. Кен қорының сан және сапа көрсеткіштері бір-бірімен байланысты және өзара себептес болады. Мысалы, кендегі пайдалы элементтің азаюы оның сапасын нашарлатады. Кеннің кондициясы төмендетілгенде оның баланстық қоры артады, кондиция көрсеткіші жоғарылатылғанда бағалау жүргізгенде кеннің сан және сапа көрсеткіштерін қоса қарастыру керек.

Пайдалы қазбалардың технологиялық сипаты ондағы пайдалы және зиянды компоненттердің құрамында, таралуына, минералдық құрамына, физикалық, химиялық қасиеттеріне (қаттылығы, тығыздығы, опырылғыштығы, т. б. ) тау жыныстарының, кен талшықтарының химиялық және минералдық қасиеттеріне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық реттелуі
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Қазақстандағы пайдалы қазбалар
«Жер қойнауының құқықтық режимі»
Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz