Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау

1. Қазақстанда жер қорын пайдалану 2
2. Жер ресурстарын экономикалық бағалаудың негізгі принциптері 5

1. Қазақстанда жер қорын пайдалану

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру
ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік
жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы
жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн.
га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап; ауыл шаруашылық жерлері, елді
мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат
қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени
маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік
қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер
көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і ғана.
Жер қорының едәуір бөлігінің сапасы төмен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75
млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз
етілмеген, 58%-тен астамы “қауіпті” (шөлейтті) аймақта орналасқан;
жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры
нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер
басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-і сортаңдаған,
3%-і батпақтанған, 5%-інің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту,
өзінде арнасы өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың
ауданы 30%-ке кеміді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын
болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын
өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты
бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді
құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген
жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану
құрылымын жақсарту.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2
млн. гектардан 3,5 млн. гектарға жеткізуге мүмкіндік бар. Сортаң жерлерді
өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын
7,1 млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына
келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар
бүлінген жерлер оңдаулы тиіс.
Жердің ерекше қасиеті – топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы
көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ
оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100
жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл
керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның
факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т.б.) әсер етеді.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді.
Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал
жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе
жойып жібереді. Топырақ құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру
жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік,
ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар:
жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын
топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер,
әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жер эрозиясына
ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр
техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз
жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.
Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай
шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды
өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су
эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру,
суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер
ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын есекре отырып
мынадай шаралар қолданылады:
• ұйымдастырушылық шаралары – айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс
пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;
• агротехникалық шаралар – жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес
өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу
және т.б.;
• егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру, т.б.
2. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы
жауан-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті
көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр
суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады.
Егістікті, жайылымдысуғарудың озық тиімді әдістерін қолдану
топырақты сортаңданудан сақтайды.
3. Топырақты құм басудан қорғау жолдары – ағаш (сексеуіл, жыңғыл),
бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.
4. Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар
жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.
5. Топырақтағы коректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар,
сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту,
тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу, т.б. агрономиялық жұмыстар
жүргізіледі.
6. Топырақты уланудан қорғау – пестицид, гербицид, тыңайтқыштар
қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау,
санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру,
қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына
келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір
жақсартады.
8. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын
болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі
құрылысқа, саяжайға жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы,
құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны
заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
Аталған жұмыстар арналуы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп
жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады.
Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың
экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану
шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар
жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, жақсарту
шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық
есептеулерді, бағалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы
ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге,
пайдалануға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Жер ресурстарын қорғау
Жер ресурстары – ел байлығының негізі
Табиғат пайдалану төлемдері
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Пәндер