ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕР ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Қазіргі космогониялық түсініктемелер бойынша жер шамамен 4, 5-5 млрд. жыл бұрын гравитациялық конденсация жолымен күн айнала кеңістікте құрамында табиғаттағы барлық химиялық элементтері бар ионды-газды заттардан пайда болған.

Жердің қалыптасуы радиоактивті элементтердің - уран, торий, калий және т. б. ыдырауының нәтижесінде бөлініп шығатын энергияның әсерінен жер қойнауы көтеріліп заттардың дифференциациясымен жүрді.

Алғашқы жер газдар мен қатты заттардан тұратын, температурасы төмен дене болған және оның салмағы қазіргі жердің салмағынан 500 есе көп болған.

Әрине, алғашқы кезеңде салқын болған, себебі күннің заттарды жеткіліксіз тығыз орналасатындықтан, протопланетаға энергия ағыны жетпеген және қыздырылмаған.

Прото-жердің газ бөлігінің құрамында сутектің және гелийдің мөлшері көп болған, ал аздау бөлігін неон, метон, аммиак және судың буы, ал қатты бөлігі судың қатты фазасынан және минералдардан құралған. Тығыз компоненттері ақыр аяғында орталығына спираль бойымен жақындаған. Прото -жер ығысу процесінің нәтижесінде гравитациялық энергияның босатылуына байланысты қыза бастаған. Осы кезеңде басқа бұлт конденсациясы жүруінің нәтижесінде ай түзілуі мүмкін. Бірақ, қазіргі күнге дейін айдың түзілуі мен эволюциясына нақты түсініктемелер жоқ.

Конденсация процесінде күн қыза бастаса және гравитациялық энергияның жылу энергиясына айналып кеңістікке бөлініп шығуының нәтижесінде протопланеталардың температурасы жоғарылайды. Мүмкін, осы кезеңде протопланеталардың тартылыс сфераларынан көп мөлшерде жеңіл газ тәрізді компоненттердің ұшуы байқалады. Осы жеңіл элементтер кезінде протопланетаның салмағының 99% құраған және протопланеталарда, протокүнде сутектің және гелийдің қазіргі күнде және ғарыштағы мөлшерін қамтамасыз етті. Ғалымдардың санағы бойынша прото-жерден күн сәулесінің әсерінен газдардың ұшуына бірнеше жүз миллион жылдар қажет болды.

Қарапайым жердің түзілуі туралы екінші гипотезаны орыс ғалымы О. Ю. Шмидт ұсынды. Осы гипотеза бойынша жер температурасы төмен пропланетті бұлттың, газдарының, шаңның жән үлкендеу бөліктердің бірігуінің нәтижесінде пайда болды.

Эволюцияның ерте кезеңінде осындай бұлт астероидтардың көлеміндей көптеген денелерден тұрған. Олардың түйісуінің және бірігуінің нәтижесінде температура жоғарылайды. Қазіргі жерде табылған алғашқы органикалық молекулаларда абиогенді жолмен түзілген.

Юри ұсынған схема бойынша, планеталардың пайда болуындағы негізгі процесс - бұл салқын мөлшері атмосфераға дейін қатты денелердің мөлшері астероидтарға жинақталуы. Алғашқы жердің құрамындағы осы денелердің ығысуының нәтижесінде энергия бөлініп шығатын, бірақ температура литосфераны байытпаса жа жер қойнауының температурасы бірнеше мыңға дейін жеткен.

Осындай дифференциацияның нәтижесі химиялық құрамы бойынша, агрегаттың қалпы және физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленетін геосфералардың пайда болуы. Ішкі геосфералар сырттан қатты жер қабатымен шектелінеді. Жердің ортасында мантия қабатымен қоршалған ядро қалыптасты. Жер шегінің маңында сыртқы геосфералары су (гидросфера) және ауа (атмосфера) булардан және газдардан түзілген. Жер ядросының қалпы және қабаттарының өзгеруі планетаның түзілуінен басталғанынан қазіргі уақытқа дейін жүрді. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын және эволюциясын түсіну үшін гидросферада, атмосферада және жердің қатты қабатына литосферада жүретін өзгерістерді білуіміз қажет. Жердің барлық сфералары бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді болып келеді және олардың саналық, сапалық өзгерістері нақты иклді түрде жүреді (күн, мерзім, жыл, күн циклі, галактикалық цикл) .

Ғылыми деректер бойынша әр 21600 жылда жер өз өсінен ығысады, әр 43200 жылда жер өсінің жантаюы байқалады, әр 86400 жылда жер орбитасының өзгеруі жүреді. Жер күнге бірде жақындайды, бірде алыстайды. Яғни глобальды процестер белгілі периодтарда климаттың өзгеруі мен энергияның босатылуымен сипатталады.

Галактиканың, күн жүйесінің, жер эволюциясы жер бетінде тіршіліктің пайда болуына тікелей байланысты.

Қарапайым молекулалардың эволюциясын қарастыру үшін алдымен эволюция жүрген геохимиялық матрица қандай элементтер құрайтынын білу керек.

Биологиялық жүйелерде биоэлементтер немесе оргоноэлементтер деп аталатын органикалық заттар көміртектің оттектің, азот, күкірт және фосфор атомдарынан тұрады. Осы элементтердің аспан денелерінде болуы биологиялық молкулалардың эволюциясының негізгі шарты. Жүйелі өзгерудің әр этапы: элементтер- қарапайым қосылыстар -қарапайым биорганикалық қосылыстар-макромолекулалар - жүйелер ортаның белгілі жағдайларында ғана іске асуы мүмкін.

ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Органикалық дүниенің эволюциясы - тіршіліктің құрылымының әртүрлі деңгейінде әртүрлі бағытта жүретін ұзақ және күрделі процесс. Тірі табиғаттың дамуы қарапайым құрылысты төменгі формалардан күрделі формаларға қарай жүреді. Эволюция клеткасыз тірі организмдерден клеткалы организмдерге қарай жүреді, олардың дамуында екі кезең прокариотар мен эукариоттар, сонымен бірге келесі құрылымдық деңгейлер клекалық және ұлпалық (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар патшалығы) байқалды. Жеке топтардың ішінде белгілі бір ортада тіршілік етуге мүмкіндік беретін, арнайы бейімдеушілік дами бастады. Әр пайда болатын ұрпақ алдыңғы ұрпаққа қарағанда өмірге жақсы бейімделген болады. Эволюция барысында тіршіліктің барлық формалары үздіксіз жетіліп отырады.

Ордовик кезеңінде балықтар пайда болған, девонкарбонда олардан құрлыққа амофибиялар бөлініп шықты. Қосмекенділер бауырымен жорғалаушыларға батама берді, ал мезазой дәуірінде олар кең таралған, солардың бірі - динозаврлар. Бор дәуірінің соңында динозаврлар, птеродактильдер мен ихтиозаврлар прогрессивті құстар мен сүтқректілерге жол ашып, жойылды. Сүтқоректілерден жоғарғы приматтар жетілді. 15 млн. жыл бұрын гоминидтер тұқымдасының өкілдері пайда болып гоминидтердің эволюциясында бас мидың ұлғаюы, сөзбен құрал-жабдықтардың жетілуі жүрді. Рамопитек, австролопитек, шебер адам, тік ж. ретін адам (питенкантроп, сиантроп, гейдельберг адамы), неандертальдық, кромоньондық және саналы адам сатылары өте тез жүрді.

Қазіргі уақытта жер бетінде 2 млн. астам жануарлардың түрі белгілі. Омыртқасыз жануарлардың 22 түрі белгілі. Буынаяқтылар типі прогрессивті типтің бірі болып саналады. Осы типтің насекомдар класы басқа типтер мен кластарға қарағанда өте көп тараған. Жануарлардың 23-і типі - хордалы жануарлар.

Органикалық дүниенің тарихи дамуын және көптеген адаптацияларды талдай отырып, атақты эволюционистер А. Н. Северцев және И. И. Шмольгаузен эволюцияның үш негізгі бағыттарын көрсетті: ароморфоз, идиоадптация және дегенерация.

Ароморфоз бен идиоадаптация эволюцияның прогрессивті бғытын құрайды, бұл түсінікке 2 ұғым: құрылыстың күрделілігі және жоғары деңгей кіреді.

Дегенерация эволюциясының регрессивті бағытын құрайды және құрылымның қарапайымдану түсінігімен байланысты.

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ

Эволюциялық ілім -тірі дүниенің тарихи дамуының жалпы заңдылықтары, механизмдері, қозғаушы күштері, себептері туралы ілім.

Биологияда эволюция дегеніміз тірі дүниенің үздіксіз бағытталған дамуы, бұл даму организмнің әртүрлі таптарының құрылымдық деңгейі мен құрылысының өзгеруімен жүреді, ол өз кезеңінде сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделіп өмір сүруіне әсер етеді.

Эволюциялық ілім - биологияның теориялық базасы болып табылады, себебі ол органикалық дүниенің даму жолдарын, заңдылықтарын, негізгі ерекшеліктерін түсіндіреді. Органикалық дүниенің алуан түрлілігі мен бірлігінің себептерін түсінуге мүмкіншілік жасайды, тіршіліктің әртүрлі формалары арасындағы тарихи байланысын және болашақта дамуы қалай жүретінін білуге бағыттайды. Эволюциялық ілім тірі материяның өзгергіштігінің бағытын және механизмін түсінуге және осы білімдерді селекциондық жұмыстарға пайдалануға мүмкіншілік жасайды.

Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болуына 2 түрлі қарама-қарсы көзқарастағы жүйелер арасындағы күрестің нәтижесінде қалыптасты, дүниені құдай жаратты деген идея мен тіршілік өздігінен пайда болу идеясы. Бұл көзқарастардың нәтижесінде екі бағыт қалыптасты: біріншісі-криционизм, яғни дүниені құдай жаратты деген идея, екіншісі-эволюционизм, яғни органикалық дүниенің өздігінен пайда болуы.

XIX ғасырдың ортасында биологияда эволюциялық ілімнің қалыптасуына бірнеше себептер болды.

XVII- XVIII ғасырдағы үлкен географиялық жаңалықтар дәуірі адамзатқа дүниенің алуан түрлілігімен таныстырды. Жер шарын айналған саяхат дәуірі қоршаған дүниенің тұрақтылығы мен біркелкілігі туралы ұғымды жоққа шығарды. Жаңа жерлерге, олардың табиғаты мен руларына, өсімдіктеріне және жануарларға сипаттама берілді, бұл сипаттамалар дүниенің тұрақтылығы мен біркелкілігі туралы ұғымды бұзды.

Жаңа жерлерді европалықтардың белсенді колонизациялануы табиғатына, климатына және осы аудандардағы табиғат ресурстарына қосымша сипаттама беруді талап етті, мұның өзі жер табиғаты туралы адамдардың білімін кеңейтті. Бұл жұмысқа зерттеушілер ғана емес, көптеген адамдар қатысты, соған орай Европа елдерінің халқының білімі кеңейді.

Батыс Европаның елдеріндегі капитализмнің дамуы өндіріс дамуына қажетті техника мен ғылым жұмыстар прогресін тездетті.

Ғылымның өркендеуі, эволюциялық ілімнің даму процесіне әсерін тигізді. Осы уақытта табиғат туралы, оның тұтастығы мен дамуы туралы, жердің әртүрлі аймақтарында тау породолары мен минералдар құрылымының бірлігін көрсететін геология ғылымы жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін палеонтология ғылымы дамыды.

Сонымен бірге, қазіргі кездегі организм формалары мен жойылып кеткен формалардың аралық топтарының қазба қалдықтары табылған. Бұл фактілерді түсіндіру қажет болды. Салыстырмалы анатомияның жетістіктері өсімдіктер мен жануарлар топтарының ортақ қасиеттерін көрсетті. Цитология өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық құрылысының ортақ қасиеттерін анықтады.

Эмбриология әртүрлі жануарлар тобының ұрықтарының дамуындағы ұқсастықтарды анықтап Э. Геккель мен И. Мюллер биогенетикалық заңды ұсынды, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мен өнімділігін қолдан өзгерту мүмкіндігін көрсететін, селекция саласында көптеген нәтижелер алынды. Осы жағдайлардың барлығы эволюциялық ілімнің қалыптасуына себеп болды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жердің жаралу гипотезалары

Қабылдаған: Боранкулова Д. М

Орындаған: ГДб-04-3қ тобының

студенті СатиевМ. Ғ.

Алматы 2004

МАЗМҰНЫ

Кіріспе6

1. 1 Ежелгі Жер туралы7

1. 2 Жер жүйесінің пайда болуы8

1. 3 Қазіргі космогониялық гипотезалар9

1. 4 О. Ю. Шмидтің гипотезасы9

1. 5 Фесенковтың болжамы10

1. 1 Геологиялық гипотезалар11

1. 7 Кант пен Лапластың гипотезасы13

ҚОРЫТЫНДЫ14

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ15

АНДАТПА

Курстық жұмыс тақырыбы «Жердің таралуы туралы гипотезалар». Осы тапсырманың мазмұны жалпы Жер туралы гипотезалар заңдылықтарды анықтау арқылы жазылған.

Жекелеген аймақтардың табиғи даму ерекшеліктерін айқындауға бағытталған.

АННОТАЦИЯ

Тема курсовой работы «Гипотезы написана, рассматривая разные гипотезы о развитии Земли. В особенности доказывается развитие отделенных регионов.

Кіріспе

Ежелгі гректер жерді «Гея» деп аталған. Геология «Гея» деген сөзден туған. «Ге» - Жер, «Логос» - ілім, ендеше Жер туралы ілім. Толық айтсақ геология Жердің заттық құрамын, оның ішкі құрылысын, асты-үстінде болып жататын процестерді және олрдың тарихи дамуылының заңдылығын зерттейтін табиғаттану ғылымының саласы.

Жердің құрылысы жайлы сөз болғанда, әдетте оны шартты түрде шала пісірілген жұмыртқамен салыстырады. Шынында да жұмыртқаның сары уызының, ақ ұлпасының және сыртқы қабығының өзара орналасу ретімен мөлшерлік қатынастары Жер планетасының нақ осы ретпен орналасқан ядросын, мантиясын және Жер қыртысын еске алады.

Жер шарының табиғаты алуан түрлі. Сондықтан Жер планетасының алуан турлі табиғатын, әр түрлі ғылымдар системасы құрайды және зерттейді. Жердің қозғалысы мен фигурасын, құрамы мен құрылысын, климатын, жалпы алғанда бұлардың баолығы жер туралы ғылымдар деп аталады.

Жер сфероид тәрізді, жердің нағыз беті оның ауысып отыратын ұшы - қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен ойпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін Жердің шар тәріздігі туралы идея сонау көне заманда дамып, өзінің құндылығын әлі де жоғалтпаған тұңғыш дәлелдер ұсынылған болатын. Бірақ бұл түсінік ғылыми пікірді он жетінші ғасырға дейінгі қанағаттандырып келді. Өйткені кейіннен қайта қарауға мәжбүр еткен мәліметтер айқын дейді.

1. 1 Ежелгі Жер туралы

Ежелгі Жер туралы түсініктің дөңесті диска ретінде кеңінен таралуы адамдардың көргенімен түсіндіріледі, олар горизонт сызығының дөңгеленіп тұрғанын көрген, одан барып кемелердің біртіндеп горизонт сыртына жоғалғанын немесе керісінше горизонт сыртынан шығып келе жатқанын байқаймыз.

Біздің эрамыздан жеті ғасыр бұрын Жердің дөңгелек екені белгілі болған. Сол кездің өзінде-ақ оны өлшеуге әрекет жасалған. Біздің эрамызға дейінгі төртінші ғасырда Аристотель сол кезде Жердің шар тәрізді екендігі жөніндегі деректерді жинақтап, негізін қалаған. Ал біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Эратосфен Киронский Асуан мен Александрия аралығындағы меридианның кесіндісін, градусын, бұрыштық қашықтығы жергілікті жерде өлшеп меридианның бір градусының ұзындығы 110, 6 км-ге тең екендігін есептеп шығарылған. Мұның өзі шын орташа өлшеміне(111, 2км) жақын келеді.

Содан бері Жердің шар тәріздес екендігі жөнінде жаңа деректер шықты, мәселен, жер шарын айнала жүзулерде бұрыштарды анықтау методтары жетілдіріп, жер қашықтығын өлшеудің жаңа методтары қолданылған. Француз ғалымы Жан Пикардің 1669-1670 жылдары өте жетілдірілген приборлармен триангуляция методын қолдануы меридиан градусының мөлшерін соған дейінгі өлшегендердің барлығынан дәл анықтауға жағдай жасаған. Жердің радиусы 6371, 7 км-ге тең. Алайда көп ұзамай Жердің шар еместігі дәлелденеді . Ньютонның айналып тұрған дененің фигурасы міндетті түрде шардан аутқиды дегені дұрыс болды. Бұл жайында Ришенің сағатпен(1672 ж) жүргізген белгілі тәжірибесі анықтады. Парижде(48 градус 51с. е) оның маятнигі Кайендпіге(4 градус 56с. е) қарағанда тезірек жүрді.

Ньютон жердің сығыруы себебін түсіндіріп қана қойған жоқ, ол оны есептеп шығарды. Ньютонның есебіне қарағанда Жердің полярлық жартылай осі экваторлыққа қарағанда 24км қысқа болып шықты.

1. 2 Жер жүйесінің пайда болуы

Күн жүйесі қасиеттері әр түрлі аспан денелерінен тұрады. Бұл жүйеге Күн, 9 планета(оның біреуі Жер) және ондаған мың планеталар, кометалар, көптеген метеориттік денелер кіреді, күн жүйесі әлі зерттеліп бітпеген Жер жүйесінің құрамына кіреді және барлық планеталармен бірге жүйенің орталық денесі болып табылатын Күнді батыстан шығысқа қарай айналады және қозғалады.

Жер жүйесінің пайда болуы жөніндегі мәселе - жаратылыстанудың аса маңызды және күрделі мәселелерінің бірі. Көптеген ғылымдар бұл мәселені түсіндіруге тырысты.

1. 3 Қазіргі космогониялық гипотезалар

Астрономиялық байқаулардың жинақталу барысында космогония жинақталу барысында тұмандықтар және жұлдыз жүйелерінің дамуы туралы жаңа, дәлірек мәліметтермен толықты. Бұл деректер Жер жүйесінң жаралуы туралы жаңа, едәуір жетілдірілген болжамдардың пайда болуына себепші болды.

1. 4 О. Ю. Шмидтің гипотезасы

1943 жылы академик О. Ю. Шмидт жасаған алғашқы космогониялық гипотезалардың бірі болып саналатын жаңа болжам жарық көрді. О. Ю. Шмидтің гипотезасы бойынша планеталар аса қызған газдармен газ тәрізді заттардан емес құрамында түрлі мөлшерде газы бар қатты бөлшектерден тұратын салқын материядан жаралған. Күнді айнала қозғалған осы бөлшектердің түйіршік заттардың орасан зор көлемі бір-бірімен түйісуі нәтижесінде қою зат күйінде келген. Жаңа бөлшектердің үздіксіз бір-біріне жабуының нәтижесінде, ақыры олар планеталарға айналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюция және Прогресс пен Регресс
Эволюция және прогресс түсініктер қатынасы прогресс критерийлері
Макроэволюция
Эволюция ұғымы, оның бағыттары
Ламарктың Зоология философиясы еңбегі
Эволюциялық процесстің заңдылықтары
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Эволюция ілімі
Телеология: ортогенез, номогенез, финализм, преформизм және басқа концепциялар
Эволюциялык идеялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz