Парниктік эффект: парниктік газдардың концентрациясы, динамикасы және экологиялық салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ЖЫЛУ

(ПАРНИКТІК)

ЭФФЕКТІСІ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ПАЗЫЛБЕКОВА М. С.

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ

Айнала қоршаған ортаны қорғап, табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану - қазіргі кездегі ең актуалды проблемалардың бірі болып табылады.

Сондай экологиялық проблемалардың бірі - ғаламдық жылыну (глобальное потепление) . Бұл дүние жүзіндегі ауа температурасының көтерілуі, соның нәтижесінде мұздықтардың еріп, көптеген экологиялық апаттарға әкеп соғады.

Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге мүмкіндіктердің кеңеюі, т. б. )

Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы - шаруашылықтың көптеген түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.

Әйгілі физик В. И. Лебедеваның айтуы бойынша СО2-ның ауадағы көп мөлшері дүние жүзіндегі глобалды жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.

Физик Б. М. Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын - парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады (кесте) .

жер атмосферасындағы негізгі парниктік газдардың

концентрациясының өзгеруі, динамикасы және қасиеттері

(К. Я. Кондратьев, 1990)

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Көмірқышқыл газы (CO2): Көмірқышқыл газы (CO 2 )
Метан (СН4): Метан (СН 4 )
Фре-ондар: Фре-ондар
Азот оксид.: Азот оксид.
Көрсеткіштер: Өндіріс дамығанға дейінгі кезеңде
Өлшем бірлігі: Бөлік млн шаққанда
Көмірқышқыл газы (CO2): 280
Метан (СН4): 0, 79
Фре-ондар: өте аз
Азот оксид.: 0, 288
Көрсеткіштер: Қазіргі кездегі концентрация
Өлшем бірлігі: -//-
Көмірқышқыл газы (CO2): 354
Метан (СН4): 1, 72
Фре-ондар:
Азот оксид.:
Көрсеткіштер: Жылдық өсу
Өлшем бірлігі: %
Көмірқышқыл газы (CO2): 0, 3-0, 5
Метан (СН4): 0, 5-0, 6
Фре-ондар: -
Азот оксид.: 0, 2-0, 3
Көрсеткіштер: Өмір сүру уақыты
Өлшем бірлігі: жыл
Көмірқышқыл газы (CO2): 50-200
Метан (СН4): 10
Фре-ондар: 130
Азот оксид.: 150
Көрсеткіштер: Әсер ету белсенділігі
Өлшем бірлігі: 1 молеку-лаға
Көмірқышқыл газы (CO2): 1
Метан (СН4): 25
Фре-ондар: 11000
Азот оксид.: 165
Көрсеткіштер: Парниктік эффектідегі үлесі
Өлшем бірлігі: %
Көмірқышқыл газы (CO2): 66
Метан (СН4): 18
Фре-ондар: 8
Азот оксид.: 3

XIX ғасырдың ортасынан бастап атмосферадагы ауа мөлшерінің өзгерісі (ауаның млн. мөлшері, немесе млн. -ға шаққандағы бөлігі) 1859 жылы - 265-290; 1958-313; 1978-330; 1990-350, яғни 12-15% артқан. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-га дейін жетеді. Басқа парниктік газдарга метан (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар (хлорофтор көміртек) және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-га жуық парниктік газдар, олардың атмосферадагы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. Аталған көрсеткіш бойынша көмірқышқыл газын бірге теңеп алсақ, онда метан үшін ол 25, азот оксидтері үшін - 165, фреондар үшін - 11000-га тең.

Ғаламшарымыздың жер бетінде негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфрақызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанга түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліп соқтырады.

Біздің қолымызға келіп түскен соңғы мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0-0, 3°С-қа артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0, 3-0, 5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді (Метан - жылына 1%, азот оксидтері - жылына 0, 2%) . Атмосферадагы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі XXI ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр түрлі болжамдарга сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3, 5°С-қа артуына әкеледі. Болжамдар бойынша ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1, 5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1, 5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5 млн. км 2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі. Бұл аудан жалпы алғанда үлкен болмағанымен (құрлық бетінің 3%-ы ғана) құнарлы және тығыз қоныстанған жерлер. Болжамдар бойынша мұхит деңгейінің көтерілуі 1 м-ден кем болса да, Бангладеш тәрізді ол су астында қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парниктік эффект және парниктік газдардың антропогендік әсері: себептері, салдары және Қазақстан жағдайы
Парниктік эффект: себептері, экологиялық салдары және алдын алу шаралары
Парниктік эффект: антропогендік себептері, көмірқышқыл газының рөлі және климаттық салдары
Атмосфераның экологиялық мәселелері: қасиеттері, ластануы, парниктік эффект және озон қабатының бұзылуы
Парниктік эффект пен ғаламдық жылынудың климаттық әсерлері мен азайту шаралары
Озон қабатының бұзылуы, парниктік эффект және қышқыл жаңбырлар: себептері, салдары және қорғау шаралары
Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық проблемалар: парниктік эффект, озон қабатының бұзылуы және қышқыл жауындар
Атмосфералық ластану: парниктік эффект, озон қабатының бұзылуы және қышқыл жауын-шашын
Адам әрекетінің экологиялық қауіптері: ауа ластану, парниктік эффект, озон қабатының бұзылуы және улы заттардың жіктелуі
Ғаламдық экологиялық дағдарыс: озон қабатының бұзылуы, парниктік эффект және мұхит пен ормандардың ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz