СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ЖӘНЕ МҰНАЙ –ГАЗ КОМПЛЕКСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ЖӘНЕ
МҰНАЙ –ГАЗ
КОМПЛЕКСІ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: АЛМАБАЕВА А.
2-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ
тілі және әдебиет бөлімінің
студенті

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007
КАСПИЙДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

Каспий теңізі - жер шарындағы бірден-бір тұйык су айдыны. Оның көлемі -
380 мын км2 Каспий теңізі солтүстігінен оңтүстікке дейіні 1030 км,
батыстан шығыска дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс
бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты
құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне кайраңдардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен
жануарлардын қолайлы ортасы. Мұнда Кызыл кітапқа енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйықсу айдыны болғандықтан мұндағы
организмдердің басымы эңдемиктер. Теңіздің кұңды байлыктарының бірі -
бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре
тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін
мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен,
фаунасы және флорасының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің
945, балдыр-лардың 64, фитопланктоңдардың 414, зоопланктоңдардың 100-ден
астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балыктың 76 түрі
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз
жағалауларыңда3-3,5 млн. құстар кыстап калса, ал жыл құстарының саны 10-12
млн-ға жетеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің
көтерілуімсн байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы
жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойьшша 1820-
1930 жылдар аралығыңда Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның
себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен
түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын кұрайды.
Соңдыктан теңіз суының толысуы Еділ өзенімеи тығыз байланыста болды. Соңғы
жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам
баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердіц бәрі
Каспий теңізінің байырғы калыптасқан табиғи тепе-тендігін бұзған адамның
теріс іс-әрекеттері ретінде кабылдаиды. Теңіз суының ырғакты ауытқуы
табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950
жылдардағы теңіз деңгейінің төмеи түсуін антропогеңдік факторларга
жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су
мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген.
Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деигейінің азаюын тежеу максатымен 1980
жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындыгы 100 метр табиғи бөгет
салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішіндё кеуіп кетіп,
айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен
тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткепі
Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат
комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен
көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оныц деңгейі 3 метрге жуық көтерілді,
Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6
мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммукикациялық желілер, өнеркәсіп
орындары су астында калды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына
араласып. оның аймағы 300 мын гектарға жетті. Кейіигі жылдары теңіз суының
көтерілуін табиғи процесс екенідігі дәлелдеді.
Каспий тенізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы -экологиялык жағдайлар.
Біріншідсн, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи
жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мсн жануарлардың мекенін басып
қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгетгер жағалаудың фаунасы мен
флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырык шашу аясы мен құстардың
ұя салу тығыздығы кеміп биокөптүрділіктің азайып кету проблемасын туғызып
отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауамен топырақгын
ластануына одан әрі экологиялык апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен
ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су кұрамыңда пестицид және ауыр
металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, кұстардың
жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер
бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұиай
ұңғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарьш, балық
комбинаттарын, елді мекекдерді су басып, орасаи зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий
теңізінің экологиясын одан әрі шиелеиістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге
аузға шығатын үлесі де газдардың көтерілуі аймактың ауа ағынында зиянды
газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік
процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айна-луына себепші болып отыр.
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялык проблемаға
айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары каркынмен жүргізізіп, ұзақ жылдарға
жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазакстаи ғана емес Ресей, Әзірбайжан,
Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий
теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу; Каспий
проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау
каласында Каспий теңізінің биокоптүрлігін сактаудың белсенділігін бағалау
тақырыбында өткен бірінші аймактық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде
өткен кеңестік мақсаты - Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге
отырып, Каспий теңізінің экологиялык проблемаларын шешудің ең тиімді
жолдарын карастыру. Теніз экожүйесінде туындан отырған проблемаларды
саралап және баға бере отырып, экологиялык аппараттарға жол бермеуге және
оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының
дүниежүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының
бастамасы.
Солтүстік Каспийдің тұзды күмбезінің астындағы мұнайды иелену мақсаты
кеше басталған жоқ. Каспийге шабуып № 37 скважина өртеніп,
Теңізшевройлдың елді мекендер мен теңізге тигізген зияны осыдан бірнеше
жыл бұрын болған еді. Сарқамысты, басқа да елді мекендерді газбен
тұншықтыру басталғаны да көп болды. Сонда құрлықтағы мұнайды дұрыс игеріп
сатай алмай жатып мұнымыз не?
Солтүстік Каспийдің Қазақстанға қарайтын экваториясының байлығының
халық үшін де, мемлекет үшін де, жалпы тіршілік үшін де, тіпті планетамыз
үшін де маңызы зор. Оның фаунасы мен флорасына әлемде теңдес аналог жоқ,
ландшафты 500 миллиард допларға тең. Бұл баға ең төмен көрсетілген баға.
Мысалы, тек бекіре тектес балықтың өзі қара уылдырығымен қоса
браконьерлердің аулағанын қосып есептесек 500 миллиард аспаса кем түспейді.
Бір бекіре тектес қорытпа табиғатқа еш зиянын келтірместен, орташа есеппен
жүз жыл өмір сүреді. Жүз жыл өмірінде ол 80 рет уылдырық шашады. Салмағы
1,5 тоннаға дейін, уылдырығы 0,2 тоннаға дейін жетеді. Сонда жүз жыл өмір
сүрген қорытпа балық миллиардттаған шабақ өргізіп кететін болса, ол
қорьлгпадан өскен тұқым жұз жылда Каспийге сыймай кеткен болар еді,
біреуіне жарты шаршы метр экватордан ғана есептегенде. Алайда қорытпаның
жүз жыл өмір сүруіне қарап жатқан біз жоқ. Жеп жатырмыз, сатып жатырмыз.
Браконьерлік жолмен де, заңды жолмен де, ішкі сауда да, сыртқы сауда да.
Қара уылдырықтың бағасы мұнайдан екі есе қымбат. Ал оның денсаулыққа
пайдасы ше? Қара уылдырық радиация ауруына ұшыраған адамдарды жазып
шығарады. Бұл құдірет емес пе?
Біз бала кезімізде қара уылдырықты нан орнына жедік. Қазір Кас-пий
маңындағы төрт мемлекеттің тұрғындары да оны тегін жеп отыр. Осындәй
қасиетті тағамды, басты байлығымызды қалай қорғамаймыз? Оны келер ұрпаққа
аман-есен тастап кету борышымыз емес пе? Осындай теңдесі жоқ байлықты мұнай
мен газға айырбастағанда не таптық?
Мен өз бетіммен Ақ Жайықты ақысыз-пұлсыз қорғауға 1971 жылы кіріссем,
Соптүстік Каспийдің Қазақстанға қарайтын территориясын қорғауга №37
скважинада өрт болған кезден бастап кірістім. 1993 жылы Батыс Қазақстан
академиясына осы теңізді қорғаудың экологиялық кар-тасын жасап бердім. Сол
экологиялық картаны президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына да жібергенмін,
жергілікті шенеуніктер көңіл бөлмегендіктен. Жазғаным да, сызғаным да
қазақша болатын. Бірақ оған қазақша жауап ала алмадым. Академик Садықовтың
қайтарған жауабына түсіне алмадым.
Өз басым қай кезде де шетелдіктердің біздің табиғатымызға жаны ашиды
дегенге сенбеймін. Себебі № 37 скважинада өрт болғаннан кейін табиғат қамын
ойлаған болсақ Каспий айдынын таза ұстау үшін күресер едік қой. Жоқ, олай
болмай шықты. Тұз күмбезінің астындағы мұнайдың қорын анықтар-анықтамастан
теңіз астына бұрғы салуға ұмтылдық. Қазір сол № 37 сқважинаның аймағына
ерме газдарды ауада өртейтін қондырғылар көбейіп кетті. Оның газы жел тұрса
Сарқамыс, тағы басқа елді мекендерді жазы-қысы тұншықтырады да отырады. Жел
қырдан соққанда теңіздің балығын тұншықтырады. Бұл газдың зиянды салдары
Жайықтағы балыққа да әсерін тигізіп отыр. Осындай скажи-налардан тұратын
платформаны теңіздің айдынына қондырып, оның балыққа, фаунаға, флораға,
қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ деушілік ақылға сыяды ма? Ол уланудың
салдарынан болса керек дала аңдары — қасқыр, түлкі құтырып, алды қалаға
келһ адамға шабуыл жа-сап жатыр. Бұл да зор апаттан бір белгілері болуы
керек. Ал ертең адам құтырса не болмақ?
Сөз жоқ, Солтүстік Каспийге шабуылдың негізін облыстың бұрынғы әкімі Р.
Шырдабаев қалады. Ол әкім болып тұрған кезде тіпті академик те атанды.
Акәдемик Қ. Сәтпаевтың көшесіңде Мұнай біздің болашағымыз!—деген ұранды
түйенің де бойынән үлкен қылып бетонға отырғызып қойды. Осы ұранға Сәтпаев
тірі болса қалай қарар еді? Мен Сатпаев тірі болғанда Атыраудың басты
байлығы-балық! — дер еді-ау деп ойлаймын.
Осы жылдың басында Президентіміз Н. Назарбаев біздің Атырау облысына
әкім етіп Иманғали Тасмағамбетовті жіберді. Жаңа келген әкіміміздің әзірге
қызметі жаман емес. Көңілді қуантарлықтай қаракет-тер жасап жатыр. Ең
бастысы, Атырау қаласын күл-қоқыстан арылтып, экологиялық апаттың көзін жою
үшін төтенше жағдай жариялады. Жаңа әкім айтқандарын істете алса біздің
Атырауда түбі құт орнайтынына сенім мол. Алайда менің қозғап отырған
проблемам қаланың қоқысын тазартуға қарағанда күрделі. Оп мемлекеттік
дәрежеде шешілуі керек. Оның басты мақсаты утилизация жасау арқылы
Солтүстіх Каспийдің Қиғаш өзенінен бастап Арал теңізін қамтыған аймақты
экологиялық және экономикалық интенсивті дамытуға мүмкіндік ашу. Менің
экопогиялық картамда мұнай көздерінің де қауіпсіздігі қаралған.
Ғылым мен техниканың дамыған шағында қазіргі энергияның көзі көмір мен
мұнайдан адамзат бірте-бірте бас тартады. Және біз осыны бірінші болып
бастауымыз керек. Себебі осы екі энергия көзі жер астынан шығып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің экологиясы
Теңіз жаға бойы рельефі
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫ
Судың сандық мөлшерінің ластану мәселелері
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Пәндер