Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары-тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан-ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі апаттардан қорғау-маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорғану жолдары

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену - бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан (жарылыс басында) бірнеше мыңға дейін болады (жарылыстың аяғында) .

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы\см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

Жарық импульсі-1 кал\см

Жарықты сәулелену- адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1- дәрежелі -4 кал\см; -болса,

2-дәрежелі-4-7. 5 кал\см;

3- дәрежелі-7. 5-12 кал\см (тері сыдырылады) ;

4- дәрежелі-12 жоғары кал\см (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі) .

Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады:ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация-ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 секунд ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1гр затты не1куб. см. көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентгенмен алынады. 1 рентген-1куб. см. ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағанасымен 760 мм болғанда- 2. 08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация-әртүрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Ашық траншея- 3 есе азайтады.

Жабық траншея- 7-10 есе

Бір қабатты ағаш үй-3-5 есе

Бір қабатты тас үй-10-15 есе

Жер астындағы үйде-7-15 есе (землянка)

Арнайы дайындалған жер асты үй-400 есе

Көп қаталлы үй подвалы-100-400 есе

Арнайы салынған баспана-1000 есе

Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы-түгел қорғайды. \еш зиянсыз\. .

Радиоактивті ластану-жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды-радиоактивті заттар жерге түседі.

Оның үш звеносы:1-қауіпті зонасы,

2-күшті ластанған зонасы

3-аздау ластанған зонасы

Ластау \ластану\ мөлшеріне байланысты:

-жарылыс түрінен \бомбаның\

-оның күшінен \неше мегатонна\

-жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

-эпицентрден қашықтығынан;

-жарылыс кезіндегі ауіа райынан;

-жер бетінің рельефінен \таулы, жазық дала\

Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы: бір сағат өткеннен кейінгі деңгейді 100 %деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта он есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады \дем алғанда, тамақпен, сумен\. Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.

Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар

Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болды. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне жүз жылдан асып кеткен, ал соңғы отыз-қырық жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз:теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т. т.

Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқа есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда \термос, бидон, графин, банкі\ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерле сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.

Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы анықталса ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі бір метр, қалыңдығы 40-50см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізіледі, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауда болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.

Зардап шеккен жердегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі оның тезділігі мен тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарына:

-көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау

-жолдағы немесе апат орындағы өрттің жойылуына жол бермеу

-апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу

-құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру

-оларды шығару

-зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру

-халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру

-адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу

-территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстры жүргізіледі.

Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

-ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау

-апаттың одан әрі таралуына жол бермеу

-бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу

-қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары

-көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету

-құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық және бактериологиялық қарудың жарылу ошағы
Ядролық қарудың жарылыс ошақтары
Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторлары
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері
Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері пәнінен дәрістер жинағы
Азаматтық қорғаныс туралы
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі жайлы
Әсері күшті улы заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz