ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ТУЛЕУОВА И.

2-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ тілі және әдебиет бөлімінің

студенті

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ЖОСПАРЫ:

1. Қазіргі кездегі Қазақстан қалаларындағы экологиялық жағдай.

2. Қарағанды облысындағы экологиялық жағдай:

3. Балқаш-Жезқазған өңірінің экологиясы

4. Батыс Қазақстан Аймақтарының экологиялық проблемалары

5. Әдебиеттер тізімі.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Қарағанды облысы - Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды . Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138, 4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299, 4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96, 2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.

Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп.

Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып , одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.

Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, » АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.

Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі - кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі -қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі.

Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал) .

Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.

Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.

Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.

«Өлкетану» электрондық каталогқа өлке экологиясы туралы 500-ден астам жазулар енгізілген. Өлкетану бөлімі өлкенің табиғаты бойынша толық мəтінді құжаттарды құруға кірісті.

Кітапхана оқырмандары «Қоршаған ортаны қорғау» атты тақырыптық папканы белсенді пайдаланады. Орталық Қазақстанның табиғаты туралы ақпараттарды əлемдік айдаланушыларға қол жеткізу мақсатында «Сарыарқа-оn-line” web- сайты құрылған. Көрсеткіштің басты мақсаты қалың оқырмандар мен оқушылардың өз өлкесінің əсем табиғатын, қоршаған айналасын қорғауға шақыру, облыс жұртшылығына экологиялық білім мен тəрбие беру жəне əдебиеттермен таныстыру.

Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы танысу үшін сіздерге Н. В. Гоголь атындағы ОҒƏК өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық каталогтың негізінде жасалған осы көрсеткіштің материалдары көп көмек береді.

Көрсеткішті жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұғалімдер, студенттер, оқушылар қосымша құрал ретінде пайдалана алады.

ЖЕЗҚАЗҒАН-БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Жезқазған өңірі кең-байтақ еліміздің дəл орталығында орналасқан жəне республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек жəне шашыранды металдар өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мəдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.

Жеқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.

Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрлысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40-10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дəуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген.

Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады. Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам, молибден, ванадий жəне құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың пермь дəуіріне дейін жиналған тау жыныстарымен байланысты. Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың салырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен

мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде.

Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар екені де күмəнсіз.

Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды, оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына арналғаны- 831701 гектар, өнеркəсіп, көлік жəне байланыс құрылымдарына қатыстысы- 14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің тіні - Табиғат-Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді.

Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат”(өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер көбейе береді.

Балқаш көлі - ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол.

Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Балқаштың тағдыры -жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры- Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын көлге қаладағы өндіріс орындарынан 10 жерден лас су құйылатын- комбинаттың қалдық сақтау орнынан, жылу орталығынан, түсті металл өңдеу зауытынан, сауықтыру орындарынан жəне т. б. Сол тұста жаға-жайдағы суды тексеру үшін жаздыкүндері көлге резина етік кимей жақындай алмайтын. Жағалаулар май, мазут. т. б. сіңіп, əбден ластанған. 1995 жылдан бері комбинат көлге пайдаланылған лас суларын ағызуды тоқтатты.

Балқаштың балығы да азайып барады. Жауапсыздық пен салғырттықтың өкінішті орнын толтыру қиын-ақ. Бір кезде маусымына 40-50 мың тонна балық аулаған балықшылар соңғы жылдары ондай көрсеткіштерге қол жеткізе алмай келеді.

Ауаға зиянды зат тарататын 216 кəсіпорынның 91-інде ауаға тараған зиянды зат көлемі арта түскен. Мұның өзі “Испат-Кармет” ААҚ, Балқаш кен-металлургия комбинаты жəне “Қазақмыс”корпорациясы, “Жезқазғанцветмет” сияқты облысымыздағы ірі өнеркəсіп орындарында өндірістің жандануын да көрсетеді. Балқаш пен Теміртау қаласы ең ластанған қалаларға жатады. Барлық ластаушы заттардың 73%-і осылардың үлесінде немесе тиісінше 204, 2 жəне 178, 5 мың тонна.

Жезқазғандағы экологиялық жағдай да күрделі. Есепті мерзімде оның аумағына 74, 1 мың тонна зиянды қалдық тараған, бұл алдыңғы жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 2, 3%-ға артық. Бұған себеп “Қазақмыс Корпорациясы” ААҚ бөлімшелерінің кəсіпорындарында жанармайдың көп қолданылғаны болып отыр.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Актөбе облысы. Өткен онжылдықтар аукымында облыста қалыптаскан күрделі экологиялык ахуалдын соңғы жылдарда да жаксаруына бетбұрыс байқалмай отыр. Қазіргі кездегі облыстағы калыптаскан жағдай жылдар бойы шешімін таппаған мына проблемалардан калыптасып отыр:

  • Елек өзенінің хроммен, броммен және Ақтөбе каласыііын. тазарткыш жүйелерінеи ағызып жіберілген тазартылмаған акпа сулармен ластануы;
  • Мұнай-газ кешендерінің жағымсыз әсерлері;
  • Облыста пайда болатын тұрмыстык және өнеркәсіптік калдыктардың қордалануы;
  • Шөлейттеиу процесінің үдеуі және басқа да біркатар проблемалар;

Ауа бассейні . Облыс аумағында ауа бассейніне зиянды заттарды тарату көзі болып табылатын 500-ге жуық кәсіпорын орналаскан. Олардьщ арасын-дағы негізгілері - "СНПС - Ақтөбе мүнай-газ" - АҚ, - "АЗХС" АҚ, -"Феррохром" АҚ, - "Ақтөбе" энергетикалық орталығы, АФ Казтрансойл ЖАҚ.

Тұрмыстык және өндірістік қалдыктардың пайда болуы. Ірі кәсіпорын мен елді мекендердін төңірегіндегі айтарлыктай аумактарда қалдыктар жинакталады. "АЗХС" АҚ жүмысынмц нәтижесінде 6, 7 млн тонна монохроматты күл-кокыс, 0, 4 млн тонна күкіртгі натрий кокысы, "Феррохром" АҚ кызметінен - 9 млн тонна жоғары және тәмен көмірсутекті шлак, Актөбе жылу энергетикалык орталығы маңында 2, 8 млн тонна шлак, Дөң кен байьггу комбинаты мен Кемпірсай Руда баскармасында 720, 0 және 200, 0 млн тонна аршылган жыныс калдықтары және осыған сәйкес "Кекқиякнефть" НГДУ маңайында 50 мың тонна мазут сіңірілген топырак үйіндісі пайда болады.

Жыл сайын облыста: 10 мың тонна күкіртті натрий қокысы; 170 мың тонна монохраматты қоқыс; 10 аршылған жыныс; 25 мың тонна түрмыс калдыктары; 34 мын тонна ауыл шаруашылық калдыктары пайда болып отырады.

Қазіргі кезде облыс кәсіпорындарында 773 радиоактивтік көздері бар, онын ішінде 266-ы көмілуге тиіс, 1996 жылдан өнеркәсін орындары өзінің радиоактивтік калдықтарын Шыгыс Қазақстан облысындагы "Байкал-1" арнайы кешенінде көміп келеді.

Атырау облысы. Экологиялық проблемалар. Жагалык аймактарды, мүнай газ өндіру кешеидері мен ауыл шаруашылығы объектілері орналаскан учаскелерді су басу қаупі теңіз суынын қарқынды ластануы, теціз экожҮйесі орнықтылығынын, төмендеу қаупі бар. Жакын болашақта экологиялык факторлар экономикалық өрлеу карқынын айкындайтын болады. Күрделі экологиялык жағдай аумақтық қайта өндіру процестеріне өз таңбасын калдыруда. Облыс үшін:

  • су ресуртарының тапшылығы;
  • урбандалған (кенттенген) аумактардын атмосфералык ауасының ластануы;
  • су объектілерінің саркынды сулармен ластануы;
  • жайылымдардын Күлазуы;
  • коршаған ортанын қатты өндіріс және түрмыс қалдыктарымеп ластануы;
  • мүнай және газ өндіру аймактарында қоршаған ортаның қаркынды ластануы манызды экологиялык проблема болып калуда.

Жыл сайынғы сиякты табиғат корғау шараларыиа арналған инвестиция-лардын жеке үлесіиің комакты бөлігі Атырау облысына беріледі. БҮЛ жыл сайынғы осы максатка арналган республика бойынша инвестициялардың 20% қамтиды. Облыста халыкты сапасы жаксы ауыз сумен камтамасыз етуде жағымсыз жағдай қалыптаскан. Су КҮбырларын жөндеу мен реконструк-циялаудың жоспарлы шаралар жүргізіліп, суды дәрілеп залалсыздандыру токтаған.

Ірі өзендер айдынынып сулары Республика аумагына ластаиып келеді. Орал өзені бассейні ец ластанған күйінде калып отыр. Жер үсті (взепдегі) сулардың жай-күйіне су корғау объектілеріи инвестициялау децгейінің төмендігі, прогрессивтік таза экологиялык технологиялардын. жоктығы, сондай-ақ экологиялық бағдарламалардың мемлекет тарапынан жеткіліксіз колдану барынша ықпал етуде.

Атырау облысында қүбыр суы сапасының канағатганғысыз болуы 75 % деңгейінде.

3-ші кесте

Гигаеналык нормаларға сөйкес келмейтін ауыз су сынамаларының

жекелсй үлес салмағы, %

Облыстар: Облыстар
Қүбыр суы: Қүбыр суы
Орталыксызданды-рылған су: Орталыксызданды-рылған су
Облыстар:

Қүбыр суы: 1997
Орталыксызданды-рылған су: 1998
1997
1998
Облыстар: Республика бойынша барлығы:
Қүбыр суы: 4, 3
Орталыксызданды-рылған су: 5, 6
п; 9
11, 4
Облыстар: Оның ішінде Атырау облысы
Қүбыр суы: 2, 9
Орталыксызданды-рылған су: 7, 5
1, 5
6, 9

Ақпарат көзі: ҚР табиғи ресурстар мен қоршаған органы қорғау Министрлігінің 1998 жылғы бюллетені.

Су қүбырларынъщ акаулы болуы, олардың уактылы жөнделмеуі, электрмен камтамасыз етудегі іркіліс салдарынан үзақ уакыт су КҮбырын пайдаланбау және т. б - су сапасынын, канағаттанғысыз болуының бірден-бір себебі. Барлык және де залалсыздандыратын дәрілер мен реагенттердің жетіс. пеушілігі байкалады.

Сапалы тасымал сумей Атырау облысының 10, 5 % көптеген іркілістер аркылы камтамасыз етеді. Осының салдарынан жедел жұкпалы іш аурулары-мен, гепотитпен жергілікті халыктың сыркаттану деңгейі жоғары болып отыр.

Каспий теңіз денгейінен қазіргі кезде көтерілуі бірқатар жағымсыз экологиялык процестерді туындатады. Теңіз жағалауыныц Солтүстік-Шығыс аудандарында мұнай өндірудің дамуы, Теціз Прорва және баска да кен орындарының игерілуі мүнай тасымалдау кезінде.

Көмір сутегімен, мүнай өндеу индустриясының өндіріс каддыктарымен ластану каупін туындатады, сондай-ак жағага жакын жерлерде түрлі жобаларды жүзеге асыру кезінде ауыр металдармен (цинкпен, мыспен, корғасынмен және т. б) ластану пайда болып, теңіз флорасы мен фаунасының улану каупін күшейтеді. Жағалаудакы аймақтардың, мүнай-газ өндіру объектілері мен ауыл шаруашылығы кешендері орналаскан учаскелердін су астында калуы, теңіз суларының карқынды ластануы, теніз экожуйесінің орныктылығының төмендеуі көрініс беруде. Жагдай күзгі-көктемгі кезенде ушыға түседі.

Батыс Қазакстан облысы. Экологиялык проблемалар. Су ресурстарьк Облыстағы негізгі су көздері Орал, Шаған, Деркөл, Елек өзендері болып табылады. Облыс аумағындағы Орал өзенінің жағдайы Селебі (Челябинск), Орынбор, Ақтөбе облыстары аумағынан келетін ластагыш калдыктардын, сондай-ак коммуналдык және ауыл шаруашылығы калдыктарының көптеп тасталуынан ушыға түседі.

Бес жыл ішінде орташа су түтыну 709, 1 млн текше метр, суды кайыру -15, 08 млн текше метр, айналымдагы су - 7, 2 млн текше метр.

Ауа бассейні. Облыста 200-ден астам бірлестік пен кәсіпорып бар, олардың қызметі ауа ортасына жай-күйіне елеулі эсер етпей коймайды. Соңғы бес жылда тұрақты ластану көздерінен шығатын зиянды заттардың жалпы көлемі 21, 6 мың тоннаны қүрап, оның ішінде қатты түрлері 3, 1 мың тонна, сұйық және газ туріндегісі 18, 5 мың тонна болды. Шығарылатьш зиянды заттардың негізгі автокөліктері тиесілі, бұл өнеркәсіп орындарыныц тоқтап түруына немесе толык куатында жұмыс істемеуіне байланысты. Ластанудың жылжымалы көздері атмосфераға шығаратын зиянды заттардыц көлемі 1996 жылдан 2000 жылдар аралығында орташа есеппен 45, 3 мың тонна болы. Ауа бассейініне зиянды қалдыктардың жайылу көлемінің үлғаюы Қарашығанак газ конденсат өндіру орнында көмірсутегі шикізатын өндірудің артуымен байланысты.

Өндіріс пен түтыну қалдыктары. Облыстың аумапьниа соцғы он жыл ішінде әр жылда аздаған ауытқулармен 570-680 мын текше метр денгейінде түрақтанады. Пайда болған қаддыктардың шамамен 200 мың текше метрдейі іске жаратылады, 0, 01 , негізгібөлігі көміледі. Қаладағы калдыктарды төгетін жерлер соңғы 5 жылда шамамен 0, 9 мың гектар жер болды. Облыста пайдаланудаи шыккан лгоминесцентті, сынапты және қүрамында сынап бар лампалар мен қүрылғыларды сонынан демеркуризациялау мақсатымен орталыктандырылган жинау және сақтау пункті ашылды. Түрлі себептермен бүрын жиналған калдықтарды: кағаз калдыктарьш (140 т) ., әйнек сынығын (83 т) ., тозған шиналарды (94 т) калдык майлар (75 т) жою мәселесі шешімін таппай отыр.

Облыс аумағында стихиялы түрде пайда болған үйінділер (100 жерде) 146 гектар жерді алып, осындағы қалдык 84 мын текше метр көлемінде кордаланғандықтан санитарлык-эпидемиологиялық, ахуалдың жаксаруына ықпал етпей отыр. Осының нәтижесінде облыста инфекциялык аурулар: гепатиттің, дизентерияныц және т. б үшығуы үдайы байкалуда.

Облыстағы орман ресурстары Орал және Елек өзендері жағалауындағы тогайлар, Бөкей ордасы ауданындағы КҮм жолдары арасындагы жыңғылдар, ыктасьш ретінде отыргызылған ағаштар болып табылады. Мемлекетгік орман қорының жалпы көлемі 206, 1 мьщ гектарды қүрайды, онып ішінде ормап жапкан жерлер 94, 1 мың гектар аумақты алып жатыр. Көшеттік материалды өсіру үшін облыс орман шаруашылыктарында көлемі 483, 3 гектар 6 питомник бар, оның ішінде 333, 3 гектары суармалы.

Мангыстау облысы. Экологиялык проблемалар. Ауа бассейні. Ілеспе МҮнай газдарын, табиғи газдарды алауларда, мүнай кыздыру пештеріне, қазандыктарда, көмір сутегілерді бөліп шығаратын жабдыктарда жакканда ластанады. Қоймалардағы және күятын жерлердегі мүнайдын эр тоннасынан жыл сайын 95 кг. үшпа газ буланады. Қаламқас, Арман мүнай кендерінде ілеспе мүнай газдарын толык жою мәселесі шешілген жок. Мүнай-газ кеше-нінін кәсіпорындары әсіресе Жаңа өзен каласынын атмосфералык ауасына үлкен зиян келтіруде. Газ өндіру мен өндеу жөніндегі баскарма объектілеріндегі газдың апаттық жайылулар токтамай келеді. Мүмай-газ кешенінін кәсіпорындары ауаға: күйе, күкірт, азот қышқылдарын көміртегі диоксидің (газды алауда, қазандықтарда, жакканда бөлінетш өнім) көптеп шыгарады. КазГПЗ кызметі қосылмаг-аи объектілерде ілеспе газды жою ете ауыр. Ілеспе газдың біраз бөлігі жеке мүддеге пайдаланылады: мүнайды қыздыру пешіне, ал "Арман" БК мен "Казахтуркмунай" БК -да электр энергиясын өндіру үшін. Газдын қомакты бөлігі алауларда жағылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері
Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері
Экономиканың аймақтық дамуы
Қалалардың орналасу факторы
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz