Қорықтар - табиғат эталоны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан қорықтары

Табиғат - қоғам байлығы. Ол қашан да жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Қай елде болмасын өзі мекендеген жерінің табиғатын қорғау басты парыз.

Еліміздегі табиғат қорғаудың ең басты саласы - мемлекеттік қорықтар. Қорық - барлық табиғат байлықтары қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аймақ.

Қазақстанда қазіргі кезде тоғыз ірі табиғи мемлекеттік қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Наурызым қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс Алтай мен Алакөл қорықтары.

Республикмызда табиғи қорғаудың екінші саласы - ұлттық саябақтар . Қазір елімізде жеті ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Олар:

  1. Баянауыл;
  2. Алтынемел;
  3. Көкшетау;
  4. Іле;
  5. Алатауы;
  6. Қарқаралы;
  7. Катонқарағай;
  8. Шарын.

Қорықтар - табиғат эталоны. Мұндағы орман - тоғай, жайқалған шабындық, аң - құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс.

Ақсу-Жабағылы

Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы 1927 жылы ашылған. Еренқабырға тауының батыс баурайын ала ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Шөл-шөлейт, далалық, шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады. Арынды өзендері ақ көбік атып, күркіреген сарқырамаларға құлайды.

Ақсу-Жабағылы жер бетінен жоғалып бара жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық. Мұнда арқар мен тауешкі, бұғы мен елік, сілеусін мен қар қабыланы, қасқыр мен түлкі, аю мен жайра, сусар мен оқ тышқан т. б. аңдар бар. Құс баласы да өте көп.

Қорық көлемі әр жылдарда бірте-бірте ұлғайтылған. Бүкінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан. Негізгі өзендері - Жабағылы, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Ақсу, Балдабрек. Бұғылытөр, Құлөлді, Айнакөл, Қызөлген, Жасыл атты шағын көлдер бар.

Ақсу-Жабағылы қорық қана емес, ғылыми зерттеу мекемесі де.

Қорық мұражайында 50-жылдардан бері Зерафшан аршасы сақталған. Діңіндегі сақиналар оның жасының 394-те екенін айғақтайды. Мұнда 600 мыңдаған жыл жасаған аршалар да бар.

Қорықта емдік шөптердің 200-ден аса түрі бар. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген шипалы өсімдіктің 30 түрі Ақсу-Жабағылыда өседі.

Ақсу-Жабағылыда құстың - 238 түрі кездеседі. Омыртқасыздар тобына жататын 30-дан астам түрлі, жиырма отрядқа жіктелген 1200 түрлі ұсақ насекомдар анықталып, тіркелді. Түсі, сұлбасы бір-біріне ұқсамайтын қандаланың 100 түрі, қоңыздың 700 түрі кестеге тіркелген.

Тұяқтылар отрядынан Сібір тау ешкісі бар. Шамамен жалпы саны 1200-1500. Онан бөлек марал, елік, арқар, жабайы қабан т. б. ұсақ аңдар мекендейді.

Ақсу-Жабағылы қорығында Ресей, Қазақстан Қызыл кітабына енген омыртқалылар тобының 20, сирек өсімдіктердің 40 түрі сақталған.

Алматы мемлекеттік қорығы

Ұлттық мақтанышымызға айналып отырған 13000 шаршы метр жер көлемін алып жатқан Талғар бойында орын тепкен кезі 1931 жылдар. Қорықтың негізгі бөлігі Алатаудың орталық бөлігінде, Алматыдан 25 шақырым жерде. Шығысында - Есік, батысында - Алматы. Алматы қорығының бір және мәңгі мұздар белдеулерінің ұштасып жатуында. Қорықтың ең төменгі жері 1200 м, ең биігі теңіз бетінен 500 метр.

Қрықтың 965 жоғары сатылы өсімдік бар. Олардың 28 түрі Қызыл кітапқа енген. өте сирек кездесетін Альберт құртқашамы, Мемкетов түйесіңірі, Алматы кекіресі.

Қорық жерінде 85 тұқымдас өсімдік, 368 туыстас, 953 әр түрлі өсімдік өседі. Дәрі-дәрмек алатын өсімдіктер саны 70-тен асады. Тамақтық қасиеті бар өсімдіктер саны 96, ал бал беретін өсімдіктер 34 түрлі. Витамин беретін өсімдік 20 түрлі. 10 түрлі тері илеу кезінде қолданылатын өсімдік бар. Әр түрлі бояу алатын өсімдіктердің 22-сі табылады.

Барсакелмес

Барсакелмес қорығы - Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық жерінің аумағы 20 мың гектар. 1965 жылға дейін мұндағы мұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі жыл құсының 211 түрі болды.

Наурызым

Наурызым қарағайлы орманы мұз дәуірінен қалған жұрнақ. Ла Қостанай обылысының оңтүстігіне орналасқан қорық. Атақты Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Ғалымдар осындағы құрт - құмырсқа, бақа-шаян, көзге әрең көрінетін жәндік атаулының есебін алып, оның 20 мың түрін қаттап қағазға түсіріпті. Сонымен бірге 687 өсімдік түрі, сүтқоректілердің 44, құстардың 262 түрі ұшырасады екен. Наурызымда 19 құс, 5 өсімдік түрі қызыл кітапқа жазылыпты.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы

Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1968 жылы ұйымдастырылғын.

Астана қаласынан 180 шақырым жердегі Қорғалжын мемлекеттік қорығын «құс базары» деп орынды атайды. Көлді-батпақты жердегі қоқиқаздардың мекені, өсімдіктің-331, жәндіктердің-228, балықтың-11, қосмекенділердің-2, бауырмен жорғалаушылардың-3, құстың-294, сүтқоректілердің-37 түрі бар. Құстардың 39-ы «Қызыл кітапқа» енгізілген.

«Қорғалжын-Теңіз» көл айдындарының 80 пайызында қамыс пен қоға өседі. Қорықта 150-ге жуық арал бар. Олардың ең ірілері Аралтөбе, Жартөбе, Көкпекті.

Марқакөл

Табиғаты әсем Марқакөл қорығы облыс орталығы Өскеменнен 500 шақырым қашықтықта жатыр. Ол қазақ-қытай шекарасына таяу маңғы орналасқан. Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976 жылы құрылған. Марқакөлде балықтың дүние жүзінде сирек кездесетін бес түрі бар. Қорық негізінен осы балық түрлерін сақтау үшін құрылған болатын. 1985 - жылға дейін балық аулау өнеркәсіптік негізде жүргізілді, қазір көл аумағында көптеген балық аулау нүктесі жұмыс істейді. Көлдегі экологиялық жағдай бірқалыпты. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бүгінде балықтардың орташа салмағы 1-2 кг. болса, кейбіреуі 6-7 килограмм тартады.

Қорықта хайуанаттардың - 57, құстың - 256 түрі бар. Сондай-ақ бұл өлкені марал, аю, бұлғын, елік, құндыз тағы басқа аң түрлерімен қатар үш-төрт қар барысы мекен етеді. Сонымен қатар өте сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енген балықпен қоректентеін бүркіт тұқымдас суқарақұс секілді құстар ұя салады.

Қорық 75 мың гектар алқапқа орналасқан.

Алакөл

Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғат қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Еліміздегі көлемі шағын қорықтар қатарына жатады. Алакөл мен Сасықкөлдегі жер кқлемі 20743 гектарды құраса, ені екі шақырым болатын қорғаныс аймағы 21547 гектарды құрайды. Алакөл мемлекеттік ұлттық қорығы ерекше қорғалатын табиғат аумағына жатады. Мұндай қорық елімізде екеу-ақ. Екіншісі - Қорғалжын қорығы. Қорық аумағында балық аулуға, аң - құстарды атуға болмайды.

Алакөл аймағының көлдері Африка, Индия жерлерінде қыстап, біздің жер арқылы Сібірге дейін жер ұялайтын құс жолы және өсіп - өнетін мекені. Мысалы, осы көлдерді құстардың - 283 түрі мекендейді, оның 19 түрі Қызыл кітапқа тіркелген. Тек қана осы жерде сақталған көне дәуір шағаласы (реликтовая) мекендейді. Ол құс тобы дүниежүзілік Қызыл кітапқа тіркелген. Көл аймағында сүтқоректілердің - 40 түрі, балықтың - 16 түрі бар. Ғылыми маңызды Иран-Тұран шөлді аймақтары тобына жататын өсімдіктерде осы маңда өседі. Олардың - 323 түрі бар, соның 37-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сұңқар, дуадақтың бірнеше тұқымы, италақаз көп болатын. Арқарлы, Майбүйрек жақты арқарлар мекендейтін.

Тек Алакөл мен Балқашта ғана өсетін қарабалық (маринка), Балқаш алабұғасы (салмағы 3-4 кг-ге жететін) түр ретінде жойылды десе де болады. Ақ балықтың (судак) дені ісік ауруына шалдығып, өндірістік құнын жоюда. Атақты Алакөлдің сазанының да саны күрт азайды.

Батыс Алтай қорығы

Шығыс Қазақстан облысында, Батыс Алтай тау жоталарындағы таулы орманды, альпі, субальпі шалғындықтарының табиғат байлықтарын қорғау және ғылыми-зерттеу мақсатында 1992 жылы құрылған мемлекеттік қорық. Жер аумағы: 56 мың гектар. Әкімшілік жағынан Шығыс Қазақстан облысы, Ленинагор қаласы, Зырян аудандарын қамтиды. Қорық жерінен Ақ Оба, Қара Оба, Үлкен, Тұрғұсын, т. б. өзендер ағып өтеді. мұндағы өсімдік жамылғысы биіктікке сәйкес нағыз шалғынды дала, бұталы, жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты, аралас жапырақты орман, альпілік, субальпілік, биік таулы, тундралы белдеулер болып кезектесіп өседі. Өсімдіктердің - 288 түрі бар.

Орманды белдеуде қайың, көктерек, мойыл, шетен, шәңкіш, сары қараған, самырсын, майқарағай аралас өседі. Дәрілік өсімдіктерден алтын тамыр, марал мамыр, т. б. кездеседі. Балықтың бір түрі (таймен), құстардың - 127, сүтқоректілердің - 52 түрі мекендейді.

Құстардан - бүркіт, лашын, қара дегелек, ителгі; ал сүт қоректілерден - сілеусін, Иконников жарқанаты, т. б. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

Үстірт қорығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қорықтары жайлы
Ерекше қорғауға алынған территориялар жайында
Қазақстан қорықтары
Ерекше қорғауға алынған территориялар
Табиғатты қорғау мәселелері
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
Қазақстан Қызыл кітабы
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz