Қазақстан экологиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дарын қазақ ұлттық гимназиясы

Тақырыбы: Қазақстан экологиясы

Орындаған:Артықбаева Айжан
Тексерген: Сыдыққызы Нургуль

Алматы 2006

Қазақстан - экологиялық проблемалар.

Қазақтар тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен
ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кеше дейін, туған өңіріміздің
табиғаттын таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық
экология деген сөзді естімеген ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің
Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керегін жеңіл алуымыз
керек деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып,
жерді терең қазып, өзен көлді бұғалақтап, ел үшін біраз ізгі істерді жүзеге
асырды. Ғылыми техникалық революция болды. Көптеген тонналық өнеркәсіптер
іске қослды. Сол кезде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен
техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын
аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы тепе теңдік заңдарын бұзды.
Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы таралып, өзін көлі бүлініп,
жайылымдарының топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып тоза
бастайды. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың
мезгілсіз құрауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі
қосылыстармен ласануына әкеліп отыр. Қоршаған ортының тепе теңдіктер
бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны
көбейді.
Мінеки осы экологиялық апаттардан қалай құтылуға болады? Табиғатты
қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен,
адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу
керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу
орындарында, адамдардың табиғатқа , қоршаған ортаға деген көзқарасын
өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология
керек. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен табиғатты сүюге
тәрбиелемесек, көп нәрседен ұтылытынымыз хақ. Эрбір тәрбиеші, мұғалім,
маман , басшы экология негіздерін білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның
миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы
негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда
белсенділік көрсете алады. Газет жұрналдарға мақала жазу, баяндама жасау,
теледидардан мәлімет беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесу өткізудің
нәтижелері де мол болады. Адамдардың көздерін, адам да табиғатың бір
бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Экология жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он жиырма жылға дейін
тіптен көңіл бөлінбей кеткен. Әбден табиғатымыз азып тозғанда ғана ,
бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болошақта, экология саласында білім
берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі экология пәнін бала
бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында
оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат
қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандарына, бүгінгі күнде де экологиялық
мүшкіл хал келіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз
біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы
бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1 % не де
жетпейді.
Табиғат шараларына бөлінген қаржының 50-60% игеру Қазақстанның әр
кәсіпорындары тиесілі. Экожұйедегі тұрақсыздық, табиғи шаруашылық қорлардың
интенсивті түрде игерілуі, жер су қорларына үсті үстіне келіп жатқан
антропогенді салмақтың жаншыл езуі, қоршаған орта жайына барған сайын
нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтамен ластатуда
Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше үлес қосып отыр: Батыс Қазақсан
мұнай, газ, конденсат кен орындары, Өскемен қорғасын мырыш комбинаты,
Өскемен титан магний комбинаты Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск
полиметалл комбтнаты, Жамбыл суперфосфат комбинаты, Жамбыл фосфор заводы,
Балқаш тау кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтобе хром қосылыстары
мен химия заводы, Екібастұз энергетикалық кешені, Қаракғанды металлургия
заводы, Фосфор Шымкент өндірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы,
т.б. Мысалы: Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4
млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталынған, ал автотранспортардан шыққан
улы заттардың мөлшері 2.9 млн. т. болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір
адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.
Кейінгі кездерде Балхаш тау кен комбинатында өндірстен бөлініп шыққан
күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтарылып тасталынып жатыр. 2001
жылғы мәліметтер бойынша, Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әрқайсысының
басына алты тоннадан күкірт диоесиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа
да улы заттар , көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың
салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басандағы жапырақтардың
түгел дерлік жоғалуы және құсардың жаппай өліуі байқалған. Жапырақтардың
жоғалып кетуін, құстардың қырылып, жапырақ жейтін құстардың көбейіп
кетуімен де түсіндірулуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құртардың
көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор қорғасын
ингридиентін мысалға алайық. Қорғасын-политропты у. Оның организімдегі
азғантай концентрациясы, органдармен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв
жүйесін, иммун жұйесін зақымдап бүлдіреді. Қорғасынның жоғарғы мөлшеі
Өскемен, Зырьяновск, Лениногорск қалаларының атмлсфералық ауа құрамында
байқалады. Шашқа жасаған спектральді анализ бойынша, бұл қала тұрғындарына,
қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты.
Қорғасынның бір қатар мөлшерін тұрғындар, су, азық түлік арқалы қабылдайды.
Сондықтан да шығыс Қазақстандықтардың қан ауруымен науқастанғандарының
саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі бір тонна қорғасын алу үшін мың тонна
кенді қазып өңдеуге, бес тоннаға дейін бос жынысты қазуға тура келеді.
Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 %
аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5 : 2,5 %. Қалдық
сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс
қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4 % 0,7 %, кейде 1,5 % ке дейін жетеді.
Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы
микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түседі. Жалпы бүгінгі
күнге дейін Қазақстандағы металлургия кәсіпорындарының техногенді
қалдықтарының мөлшері астраномиялық цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139
млрд. тонна. Республика байынша қалдықтардың 16,5 % Шығыс Қазақстан
экожүйесіне тиіс, бір ғана Жезқазған түсті металл өндірістік бірлестігінде
13,5 % қалдық қордаланған, ал Соколов Сарыбай өндірістік бірсестігінде
қалдықтардың 42,9 % жинақталған.
Республикадағы жұмыс істеп отарған кәсіпорындардың тазалау
қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30 % тен аспайды. Өндіріс сарқынды,
шайма және қолданылған сулардың әсіресе, Ертіс, Орал, т.б. өзендерінің суы
, зияндылығы мөлшерінен нормативтік көрсеткігтерден асып түседі.
Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 киллометрлік жол жүріп өткен
соң ғана турбулентті және лиманарлы араласулар эсерінен жүзеге аса алады.
Тіпті, бұл су көздерін пайдаланудан есте сақтау қабілеті де зақымдалған.
Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетіктіктерін ендіру, осы
мақсаттарға қаржы жұмсау, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың мөлшері
теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары,
тозудың аз ақ алдына десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы
жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жердегі құнарлықтың төмендеуі,
топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан
далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта
қалыңдығы бес см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса,
аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық.
Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс шара: 1 га үшін 300
мың теңгеге дейін, кейде одан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны,
экожүйенің микроклиматы енді қайтып орынына келмейтін күй кешеді.
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл
кендері, түсті металургия, ал микроэлементтерден – қорғасын, хром оксиді,
марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде басқа елдерге
жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр.
Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы
зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.
Қоршаған ортаның Республикамыздағы халақтың науқастануына тйгізген
әсері 60 % шамасында. Ол әсіресе тау өнеркәсібі орналасқан қалаларда
жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауыру түрлерінің өршуіне
ықпал етуде.
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті Республика аумағынан асып,
бүкіл планетаның бас ауыруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында орталық
Азиядағы бес мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және
Түркменстаның Президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының
шешімімен, Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы
шаралар айқындалды.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархат тауын жарап
өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархат ГЭС салынса, бертін келе 60 шы
жылдары, Шардара ГЭС, мунай басқа Тоқтағұл, Әндіжап, Шарбақ су қоймалары
пайдалануға берілді. Бұл іс әрекеттен көптеген суару суландыру жүйелерін
іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше
жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездегі кемерінен асып, төгіле аққан
суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған мол өзеннің жырнағы ғана Арал
теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені
де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып,
60 жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына
орта есеппен төрт текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті
ылғалды беру үшін, кемінде жылында 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың
бұрыңғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы
шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.
Бір кездері арнасынан асып тасып жатқан алып теңіз, қазірде
жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түпкір түпкіріне
жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экологиясы туралы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экология ғылымы туралы ақпарат
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Экология ғылымы туралы
Пәндер