Қазақстандағы Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің экологиялық проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің экологиялық проблемалары

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км2. Егер
гидросферадагы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы
шамамен 2,5 км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал
ең терең максималды тереңдік 11022 м (Мариан шұңғымасы).
Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы
қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның
мөлшері 35 млн. км2-ге тең. Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі
жағдайында Жердің су балансы төмендегідей болады. Планетаға түсетін жауын-
шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км2жылына жуық. Мұхиттың
булануы жауын-шашыннан 47000 км2жылына артық. Құрылықта кері заңдылық
байқалады булану жауын-шашыннан 47000 км2жылына кем. Осы су
өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.
Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңгысы
судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430—550 км2 артық алады. Осының
нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеи көтеріліп келеді). Қосымша ылғалдың 75%
мұхиттар мұздықтардың еруі, 18,5% жер асты қорының пайдалануы, 7% көлдердің
есебінен алады.
Құрлықтағы жауын-шашынның толық буланбауы (47000 км) жылудың
жетіспеушілігі емес, экожүйенің реттеушілік рөліне байланысты болатынын
атап өту қажет.

Еліміздің су ресурстары

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең
ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас,
Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің
кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен
олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.
Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты
су артериясы Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары
дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар
мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі
ластаушыларга иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен
23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (16 мың тоннаға жуық),
фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна),
цинк (42,6 және 24,9 т 1995жылы) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік
су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы. Каспий теңізі көмірсутектік
ресурстары мен биологиялық байлықтары жағынан әлемде ешбір теңдесі жоқ
табиғи обьект болып саналады. Бұл ауданның экологиялық жағдайы теңіз
деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз жүйесінің антропогенді
әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз
деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызығының 2400-2700 км ұзарып, су
астында қалған жерлерге тағы да 1,2—2,2 млн. га қосылуына әкелуі
мүмкін.
Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық
мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл
әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 ж. Тегеранда Каспий маңындағы
мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий
аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару
концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық
бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде
маңызының артуы күрделендіреді.Аймақта мұнай өндіру бұдан 150 жылдай бұрын
басталған еді.
Теңіздің негізгі ластаушысы – мұнай және оның өнімдері болып
табылады.Олар фитобентос пен фитопланктонның дамуына кедергі келтіріп,көк
және диотомды балдырларға оттегінің жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Мұнайдың
су бетіне төгілуі булану процессін бірнеше есеге дейін азайтады.Сирек
кездесетін балықтар мен басқа да тірі организмдердің мүлдем жоғалу қаупі
бар. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ірі мекен ету
ортасы болып табылады.
Тағы да бір айта кететін проблема – басқа теңіздер мен көлдерден
бөтен текті организмдердің, әсіресе гребневиктердің көбейіп кетуі.Бұл
организмдер күніне өз салмағының 40%-дай планктондармен қоректенеді.Мұның
соңы каспий балықтарына жемнің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.Егер жағдай
осылай жалғаса беретін болса , онда 2012-2015 жж.балық шаруашылығын
жоғалады десек те болады.
Зардабын тигізуші қатерлер қатарына – заңсыз балық аулау,яғни
броконьерлікпен айналысу қосылады.
Фенолдармен ластану.Фенолдар – аромат көмірсутектер.Олар ұшатын және
ұшпайтын болып бөлінеді.Ұшпа түрлерінің иісі өткір,уландырғыш болып
саналады.Әдетте фенолдар органикалық заттардың биохимиялық ластануынан
түзіледі.Табиғи суға мұнай өңдейтін және тағы да басқа өндірістерден ағынды
сумен бірге келеді.Балық шаруашылығындағы фенолдардың ауыз судағы шектеулі
мүмкін концентрациясы 1мкгл.1994 жылғы сейсмоіздеулер жұмыстарының
нәтижесінде Солтүстік Каспийде фенолдардың кездесуі 8мкгл-ге дейін
жетті.Ал 1995 жылғы Қуандықов Б.М. және т.б. зертеуіне қарасақ ,орташа
мөлшері 3мкгл болатын суда фенолдар 60мкгл-ге көбейіп
кеткен.Казгидрометтің айтуынша соңғы уақытта фенолдардың ШМК-сы 6-ға жетіп
қалды.
Ауыр металдармен ластану.Металдар қоршаған ортаның әсеріне байланысты
физикалық ,химиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды.Олар балықтардың
денесі арқылы өтетін биохимиялық процестерге қатысып,ферменттердің,
витаминдер мен гормондардың құрамында кездеседі.Бірақ та металдардың суда
көп мөлшерде кездесуі тіршілік құбылыстарында антибиотикалық әсерін
тигізіп,генетикалық өзгерістер пайда болады.Қазіргі уақытта алынған
мәліметтерге сүйенсек,Шығыс Каспий суында концентрациясы ең көп кездесетін
металдар ға мыс, барий,цинк жатады.Бұл элементтердің судағы көрсеткіштері
(ШМК 10 мкгл-ге) мыс пен цинк 20 мкгл,барий - 50 мкгл.Қалған металдар
аз мөлшерде : мышьяк пен хром – 6-дан кем, ванадий мен никель – 10-нан кем,
кадмий – 1,5-нан кем, сынап - 0,1 мкгл.Бұндай сандардың балық
шаруашылығына сәйкес тағайындалған ШМК.
Су массасында металдың көбейюі аз булануға әкеледі.Солтүстік Каспийдің
жауын-шашын құрамындағы элементтердің орташа концентрациясы:
цинк 2.0-28.0 (орташа 8);
мыс 1.0-15 (орташа 4.0);
кадмий 0.02-0.34 (орташа 0.073);
свинец 2.0-8.0 (орташа 3.0);
хром 4.0-27.0 (орташа 10.0);
никель 4.0-27.0 (орташа 10.0);
барий 32.0-140.0 (орташа 70.0);
ванадий 5.0-32.0 (орташа 13.0);
сынап 0.005-0.075 (орташа 0.019);
темір 1032.0-12100.0 мкгг (орташа 3995.0 мкгг).

Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу жолдары
1998 жылдан бастап Теңізді сауықтыру және қорғау барысында Каспиийдің
Экологиялық Бағдарламасы құрылды.Бағдарлама тек климаттық өзгеріс пен теңіз
прблемаларымен айналыспайды,сонымен қоса әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді де шешеді.
Негізгі ластану көздері мұнай болғандықтан Каспийге иелік етуші бес
мемлекет мұнай өндіруге шектеу қоюы керек.Мұндай жүйе шаруашылық
субьектілеріне, мемлекеттік структураларға ,ұлттық және ұлтаралық
корпорацияларға да тиімді.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал
теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін
қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам
қысқартып жіберді. Су деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті,
тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен
құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қолайлы климаттың өзгеруі одан әрі
жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының
дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси
мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің
болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты
сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның
жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,
қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатьн технологияларды жасап, іске
қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3
судан айрылды, судың тұздылығы 26—27 глитрге (бұрын 11—12) жетті. Судың
деңгейі 13 метрге төмендеи, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді.
Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша
Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды
оңтүстік және шығыс жагынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі шамамен 1000
км3. Тереңдігі 20—25 м., ең үлкен тереңдігі 67 м. Жаздағы орташа
температура 24—26 0С, қыста 7—13,5 0С. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен
100 мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен 5,9 км3, өзен ағысымен
54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану 60,7 км3 .
Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы 25 см, ал ғасырлық 3 м-ден аспаған.
Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің
сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері
Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал
теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км3, ал
1980 жылы 10 км3. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиги температура реттеуші ретінде ауа райына
үнемі әсер өтіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км
ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік
белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Күн сайын айдың орташа айлық
температурасы 1,5—2"С-га төмендесе, маусымда 2°С-га артқан. Ауа райының
қаталдыгы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді.
Аязсыз кезеңнің 170—180 күнге қысқаруы мақта өсіруді
қиындатады {мақтаның өсуіне 200—220 күн оң температура
қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 гл болса, қазір ол
2,5 гл жеткен. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер
жабынына ерекше әсер етті.
Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла
бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.
Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Арал теңізінің кризисінің негізгі концепцияларына келесі
қатардағылар жатады:
• Шаруашылықты ,әсіресе ауыл шаруашылығын қайта құру құрылымы;
• Мақта жоспарына жұмсалатын жедел түрде қысқарту енгізу.Улы
химикаттарды пайдалану ликвидациясы;
• Суды қорғауда араластыру технологияларына ауысу.Араластыру арналарында
сүзгілерді азайту жұмыстарын жүргізу;
0. Әмудария және Сырдария өзендерідегі Су пайдаланудың ғылыми негізделген
және экономикалық сүлбесін дайындау.Мұнда суды пайдалану заң жүзінде
комиссиямен көрсетілуі тиіс;
Сондықтан Арал бассейнінде:
• Мал шаруашылықтарын қорғау,қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі
керек,ол үшін шөл Институтының ғылыми еңбектерін және тәжірибесін
пайдалану;күзет ұйымдастыру;
• Жердің контурлық құрылымын ескеріп,араластыру принциптерін сақтау;
• Мақта өсіру дәстүрін азайту ,тіпті одан бас тарту;су беруде дренажды-
коллекторлы желіні қолдану және соған сәйкестендірілген
технологияларды қолдану;
1. Ағынды суларды екінші реттік пайдалануды жүзеге асыру.
Орта Азияда экстенсивті ауыл шаруашылығымен айналысу арал маңының
және Арал теңізінің құрғауына әкеліп соқты.Енді алдымыздағы үлкен мәселе
табиғатты,одан зиян шеккен адамдарды және шаруашылық дәстүрін қорғау.

.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды
(Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорган) облыстарымен шектесіп жатыр. 70-
жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22
мың км2 дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде
9—19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш Алакөл
көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақ дала шөлімен, ал оңтүстік және
оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен
қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-
Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі 112 км, ең үлкен тереңдігі 6 м.
Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне шағын
өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды. Балқаш — жартылай
тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс жәно шығыс бөліктерге
бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы
болған. Ол көлге жылдың су мөлшерінің 78,2% береді. Балқаштың
шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлыгы қазір
толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге
жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың
еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен
Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал,
Леисі, Тентек, Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970
жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін
бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш
көлінің бассейнінің өзендерінен 1965—1986 жылдар аралығында
алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км3жылына артқан. Соңғы
онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су
бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың
минералдылығы артып, судың минералдылығы, өндіріс орындары мен
коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-
дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз
ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы
қамыстар жойылып бара жатыр.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру
кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың
центнерге дейін кеміп кетті. Оң жағалауларындағы тоғайлы ормандар жойыла
бастады.
Балқаш көлінің соңғы 40 жылда байқалып жүрген ең үлкен проблемасы –
судың биологиялық құндылығының төмендеп кетуі.Осы жылдардың ішінде толқын
тәріздес гидроплазма деңгейінің құлдырауы бақыланды.1949 жылдан басталған
Семей өңіріндегі полигондар салдарынан балқаш суындағы гидроплазмалардың
құрылымын және концентрациясын мүлдем өзгертіп жіберді.Кейінірек 1969 жылы
Қытайдағы Лоб-Нор ядролық полигонындағы сынақтардан Іле өзенінің суының
сапасы күрт нашарлап кетті.Ал Іле өзені Балқаш көлін қоректендіретін
негізгі артерия болып табылады.Осылайша Семей техногенді зонасы құрылды.
Гидроплазманы бұзу және оның концентрациясын өзгертудегі улы
химикаттар өсімдік,мал өсіруде кеңінен қолданылды.Ауыл шаруашылығында көп
өнім алу қазіргі кезде судың құнарсыздануына алып келді.
Соңғы жылдары Балқашта су деңгейі көтеріліп келгенмен,судың
биологиялық құндылығы керісінше түсіп барады.Егер Балқашты туризмге
қолайлы орын ретінде және балық шаруашылығында маңызды обьектіге айналдыру
үшін бізге оның суын байытуды қолға алу керек.Сондықтан суда биогениезация
жұмыстарын жүргізу қажет.Бұл әдіс әрі қарай судың өзін өзі тазалау
қабілетін жоғарлатады.
. Ал жоспарланып жатқан атом электр станциясының орнына
желгидроаккумуляторлы электр станциясын салу болашақта ірі проблемалардан
сақтанып қалуға көмектеседі.

Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары туралы
Қазақстанның көлдері мазмұны
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Пәндер