Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
ЖОСПАР
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі 2
1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі 2
2. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары 7
3. Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу жолдары. Толық немесе жартылай
санитарлық тазалау 16
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
Қарулы күштердi әлсірету үшiн әр соғысушы жақ екiншi жақтың ту сыртына
соққы берудi мақсат етедi. Мұндай соққы беру мүмкiндiгi 1914-1918-шi
жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі
туды. Сөйтiп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле
бастады.
Ал мұның өзi осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай
дәрежеде болуын талап еттi. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери
күштермен қатар, қираған өндiрiс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына
келтiруге халықтың өзiн көтеру қажеттiгi туындады.
Сөйтiп әуе шабуылынан қорғану үшiн 1920 жылдары жергiлiктi әуе
шабуылынан қорғану жүйесi құрылды.
Кеңестер одағында ХӘҚЖ 1961жылы Азаматтық қорғаныс АҚ - деп аталына
бастады. Кеңес үкiметi 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесiн
одан әрi нығайту мақсатында бiрнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ-не
төмендегідей мiндеттер жүктелдi:
- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауiптiң өткендiгiн хабарлау;
- әуе шабуылының зардаптарын жою;
- бомбадан не газдан, улағыш заттардан УЗ паналау орындарын дайындау;
- зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
- қауiп төнген аудандардағы қоғамдық тәртiптi сақтау шараларын жүргізу;
- ХӘҚЖ үшiн арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу;
- арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз берiлiп, қорғаныс
жасақшылары саны жаппай өсiп, 6 млн.-нан асып түстi. Соғыс жылдары бұл
күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары жалғастырылып
жетiлдiре берiлдi.
Бұл күндері оларға жаңа мiндеттер жүктелiнген, құрылымы өзгерген.
Халықты әуе шабуылынан, атом бомбысының қолданылуынан, химиялық,
бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелдi. Бұл
жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрлiктерге, облыстық, қалалық және
аудандық әкiмшiлiктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:
• Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе – адам. Сондықтан барлық қорғау
шараларында адамдардың қауiпсiздiгiн ескеру – негізгі мақсат.
Адамдарды қорғай білу – мемлекет үшiн маңызды iс. Сондықтан халықты
қорғау, адамдардың өмiрiн сақтап қалу, олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
• Халықтың еңбегiмен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ
ережелерiнде олар сенiмдi түрде қорғалуы қажет деп көрсетiлген.
Азаматтық қорғаныс мiндеттерi:
• Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық)
зардаптарынан сақтап қалу.
• Төтенше жағдайда өндiрiс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
(Барлық өнiмдердiң қажеттi мөлшерде өндiре алу);
• Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтiру жұмыстарын
жеделдетіп жүргiзу;
• Апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргiзу.
• Зардап шеккен адамдарды iздестiру, құтқару, оларға қажеттi көмек
көрсету.
• Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуiне жол бермеу.
• Өндiрiс орындардағы апаттық көршi тұрған обьектiге зиянын келтiрмеуiн
көздеу және қалпына келтiру.
• Адамдарды және техникаларды басқа да обьектiлердi улы, бактериялық,
химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткiзу.
• Территорияны, техниканы, киiмдi, тамақты улы, радиоактивтi заттардан,
бактериалардан қорғау.
Казiргi кезде ғылыми-техникалық прогрестiң яғни завод, фабрикаларды
энергия беру т. б. өндiрiс орындарының (шаруашылық кешендерінің) адам
өмiрiне келтiрiп отырған пайдасы мен қатар зияны, зардабы аз емес.
Шаруашылық кешені (ШК) деп өз алдына материалдық баланысы бар, банк
бөлiмшесiнде өзiнiң жеке тобы бар мекеменi айтады. Тау-кен өндiрiсiнде,
көмiр, металлургия, мұнай өнiмдерiнің өндірілуімен қатар, кейде, апат
кездерiнде, адамға зиянды улы заттардың ауаға кетуi ықтимал, кездесіп те
жатады. Төтенше жағдайлар мемлекеттiк жүйе құруға мәжбүр етедi. АҚ ұйымдары
территориялық және өндiрiстiк принциппен құрылады.
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:
1. Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.
2. Облыстық, қалалық, аудандық штабтар.
3. Министрлiктер бойынша жергiлiктi жердегi мекемелерде АҚ штабтары
немесе қызметкерлерi.
4. Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекшiлiк қызметкерлерi мен байланыс
орындары.
Азаматтық қорғаныстың күштерiне жататындар:
• Азаматтық қорғаныс әскерлерi.
• Ауқымдық не министрлiктерге бағынатын жасақшылар.
• Арнайы жасақшылар.
Басқару орындары:
• Қазақ Республикасының Прьемер министрi.
• Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы
• Төтенше жағдай жөнiндегi комиссия
• Облыс әкiмi
• Қала әкiмi
• Аудан әкiмi
• Әр мекемедегi бiрiншi бастық
Әр мекеменiң бiрiншi бастығы – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып
есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс iстейтiн барлық
адамдар орындауға мiндеттi. Мекеменiң бiрiншi бастығы осы мекеменiң төтенше
жағдайдағы дайындығы үшiн, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде
жүргiзілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың
зардабын жоюға, ұжым мүшелерiн ұйымдастыруға мемлекет алдында бiрден-бiр
жауапты адам.
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
Адам табиғаттағы, өндiрiстегi, көлік апаттарының Төтенше жағдайының
басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлi бағалайды әрі оған психологиялық кері
әсер етуі мүмкін. Мұның өзi сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-
қыстау жағдайда қалай қимылдауды бiлмегендiгiнен болады. Асып-сасушылық
басым болуы мүмкiн. Бiрер адамнан шыққан үрейлену көпшiлiкке берiлсе, онда
жаппай үрей (паника) тууы мүмкiн. Қорқыныш сезiмiн бiлмеген адамдар
жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сiлтеуге жақын тұрады. Олар
өз сезiмiне бой берiп, жауапкершiлiкті жоғалтады.
Бұндайда терiс түсiнушiлiк, бұрмалаушылық әңгiмелер көп болады. Жаппай
үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше
жағдайларға алдын-ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай
қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығыулар өткiзу қажет.
Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушiлiктiң алдын алу
үшiн төтенше жағдайда, дереу оның себебтерiн нақты түсiндiрудiң маңызы зор.
Егер жаппай үрейленушiлiк туындаған жағдайларда адамдармен тез арада
сұхбаттасып, қорқыныш сезiмдi жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бiр
кiсi өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейiн сол адамдардың өздерiн құтқару,
қалпына келтiру жұмыстарына кiрiстiрiп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек
сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған паникаға адамдарды тоқтатуға болады.
Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиiстi көңiл
аударуды қатаң талап етедi.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың
міндеттері
Азаматтық қорғаныс қызметiнiң жұмысы жергiлiктi әкiмшiлiктiң облыстық,
қалалық, аудандық басшылығымен жүредi.
Азаматтық қорғаныс қызметiнiң құрылымы мемлекеттiк құрылымға сәйкес
құрылады. Бұл қызметтiң өзi қолда бар материалдық жағдайды және адам күшiн,
оларды негiзгi қызметтерiнен айырмай тиiмдi түрде пайдалана бiлу негiзiне
сүйенедi де, өзiне берiлген мiндеттердi орындауға бағытталады.
Азаматтық қорғаныс жүйесi территориялық және өндiрiстiк негiздерi
бойынша құрылады.
Территориялық - дегенiмiз әр облыс, қала, аудан территориясында
ұйымдастырылады.
Өндiрiстiк - дегенiмiз жұмыс саласындағы әр министрлiк бойынша
жергiлiктi жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың
орындары болады.
Азаматтық қорғаныс күштерiне:
• Азаматтық қорғаныс әскерлерi;
• Министрлiктерге бағынатын өндiрiстiктегi жасақшылар;
• Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме,
өндiрiс, орта және жоғарғы оқу орнындағы әскери емес жасақшылар
(Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар;).
Жалпы қызмет атқаратындар өз кәсiпорындарында құтқару не қалпына
келтiру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да
көмектесуге шақырылады.
Олар жаппай өртке не жер сiлкiну және де басқа да iрi апаттардың
зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына әрбiр еңбекке
жарамды адамдар кiредi. Оларды құру негiздерi: әр цех бойынша, бөлiм,
бөлiмшелер, бригада басқа да өндiрiс учаскелерiнде ұйымдастырылады. Әр
смена, бригада, бiр жасақшылар тобы болып, кей учаскелердегi адамдар
басқаларға бiрiктiрiледi.
Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, арлық
ұйымдастыру жұмыстары осында жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының
төтенше жағдай кезiндегi бiрiншi орынбасары болып табылады.
Әрбiр төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткiзудiң
маңызы өте зор.
Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсiлi ретiнде мемлекттiк
радио, теледидар және сонымен берiлетiн байланыс жүйелерiнiң құралдары
пайдаланылады. Дабылды берудiң мақсаты, халықтың назарын алдын-ала аудару
үшiн сирена, өндiрiстiк гудоктар арқылы ,,Тыңдаңыздар баршаңызға,, - деп
аталатын (,,Внимание всем,,) ескерту хабарлары берiледi. Бұл хабар бойынша
барлық халық өздерiнiң радио, теледидар кұралдарын iске қосып, төтенше
хабарды тыңдауға әзiрленуi керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио
тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тiзбектерi тез арада iске
қосылға тиiстi.
Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын,
не болмаса болған қатерлердi, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-
шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсiпорнында апат
болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда
не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршiлерге хабарлап, жел
бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені
не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киiмнiң
жағасы не мақталы жерi арқылы дем алуы керек. Содан кейiн азаматтық
қорғаныс штабынан келесi хабарды күтуi керек.

Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Төтенше жағдайларды ескерту және iс-әрекеттер жөнiндегi Республикалық
жүйенiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға даярлығы түпкiлiктi нәтижеде
оның осы мақсатқа жету қабiлетiн анықтайды. Қазiргi уақытта адамзаттың
алдында соғыс қатерiнен басқа ғаламдық қауiп-экологиялық апат қауiпi өткiр
тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған,
топырақ бөлінуде, ормандарға, өсiмдiктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
Адам өмiрiне қауiптi заттарды пайдаланатын және өндiретiн обьектiлер
бiр жерге шоғырлануда. Бұл обьектiлердегi апат салдарын қазіргі заманғы
жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады.
Чернобыль АЭС-iндегi оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскiдегi, Шығыс
Қазақстандағы жер сiлкiнiстерiн және басқа төтенше жайттарды талдау бейбiт
уақыттағы жағдайда адамдардың қауiпсiздiгi мәселесiне басқаша тұрғыдан
қарауға мәжбүр етедi.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсiбi обьектiлерi
мен өзге де обьектiлерi орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам
құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулi экономикалық салдарға
да ұшыратуы мүмкiн. Осы жағдайлар мемлекеттiк, әскери және шаруашылық
органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелерiне, халықты сенiмдi қорғау
мен шаруашылық обьектiлерiн сақтау, басқару жүйесiнiң мүлтiксiз жұмыс
iстеуi жөнiндегi мiндеттердi шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етедi.
Бейбiт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму
бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты
қорғаудың негiзгi принциптерi мен әдiстерiн iске асыру халықтың сенiмдi
қорғалуын дәйектi көтерудi қамтамасыз етедi.
Халықты қорғау принциптерi - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда
халықты қорғау тәртiбiн анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметi ресми
белгiлеген ережелер.
Халықты апат, зiлзала мен құралдарынан қорғау жөнiндегi шараларды
жүргiзу сипаты, көлемi мен мерзiмi ахуалды бағалау және жергiлiктi
жағдайлар мен мүмкiндiктердi ескере отырып, әзiрленетiн АҚ жоспарларымен
анықталады.
Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық
обьектiлерiн (ШО) қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткiзу. Ол мыналарды
қамтиды:
• бейбiт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзiрлеу;
• халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау
әдiстерiне даярлау;
• ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға
әзiрлiкте ұстау;
• көшiру шараларын даярлау;
• бейбiт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен
обьектiлерi жұмысының сенiмдiлiгiн және тұрақтылығын көтеру
жөнiндегi шараларды жүргiзу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерiнiң сипаты, мүмкiндiктерi мен салдары
өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын
күштерімен ерекшеленеді.
Осы ерешелiктерiнiң бiрi - қаруды жеткiзудiң жаңа құралдарының пайда
болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесiндегi нысананы жоюға
болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым ендi салыстырмалы
сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары
ықпал аймағына кез келген елдi мекен тап болуы әбден мүмкiн.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық обьектiлерiн қорғау жөнiндегi
шаралардың әрбiр ауданда, қалада, обьектiлерде, бүкiл республика аумағында
мiндеттi түрде жүргiзiлуі қажет.
Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн анықтаудағы салыстырмалы
көзқарас.
Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемi Төтенше жағдай сипатына, сондай-
ақ, қалалардың, шаруашылық обьектiлерiнiң экономикалық және қорғаныс
маңыздылығы мен жергiлiктi жағдайларға байланысты.
Соғыс уақыты жағдайында, бiрiншi кезекте, халық пен шаруашылық
обьектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға
iргелес елдi мекендерде жүргiзiледi және мынадай жолдармен iске асырлады:
• қызметтерi соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсiпорындардың
жұмысшылары мен қызметкерлерiн, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға
жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймаққа
таратып қоныстандыру;
• АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен
қызметшiлердi бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшiн
ыңғайластырған және бөлiнген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына
көшiру кезiнде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру.
Бұл қалаларда халықты қазiргi қарудың барлық түрiнен қорғау қамтамасыз
етiлуi тиiс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елдi
мекендер мен селолық жерлерде халықты, негiзiнен, радиоактивтi зақымдаудан
қорғау қарастырылады.
Бұл жағдайда тек жергiлiктi халықты ғана емес сондай-ақ, iрi қалалардан
көшiрiлген адамдарды да қорғау ескерiледi.
Сөйтiп, соғыс қимылдары кезiнде тұрғындар мен шаруашылық обьектiлерiн
қорғау шаралары бүкiл республика аумағында жүргiзiлсе де, олардың мазмұны,
көлемi мен өткiзу мерзiмi қандайда бiр елдi мекеннiң қазiргi заманғы қырып-
жою құралдары соққысына ұшырау мүмкiндiгi мен болжанған шабуыл сипатына
байланысты анықталады.
Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтiлген сипатына
сай келуi тиiс. Демек, бұл iрi елдi мекендер мен аса маңызды обьектiлердi,
халықты қорғау деңгейiнiң аса жоғары болуы тиiс екендiгiн көрсетедi.
Бейбiт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезiндегi
өткiзiлетін шаралардың сипаты мен көлемi әртүрлi аймақтарға тән зiлзала
түрiне, сондай-ақ аса қауiптi шаруашылық обьектiлерiндегi ықтимал апаттарға
байланысты.
Жерсілкіну қауіпі бар аудандар үшiн халықты қорғаудың негiзгi мiндетi
апатты жер сiлкiнiсi кезiнде халық құрбандығы мен экономикалық залалды
азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады.
Су басу, тасқын аймағына орналасқан өңiр үшiн зiлзала болатындығын
алдын ала ескертудің маңызы өте зор және оның ықтимал зардабына байланысты.
Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қаупi бар обьектiлердегi ықтимал
апат қаупi кезiнде халықты қорғау мiндетi апатты болдырмау және ол пайда
болған кездегi залалды азайтуға байланысты.
Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
Халықты қорғау жөнiндегi шаралардың кешендiлiгi ТЖ сипатына байланысты
қорғаныс әдiстерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануға, ал соғыс уақытында
зақымдау құралдарының түрi мен көлемiне орай туындайды.
Әрбiр нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысы барынша сәйкес
келетiндiгiне мән бере отыра, халықты қорғау әдiстерiн қисынды үйлестiрiп,
дәл қолдана бiлу қажет. Халықты бейбiт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы
зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшiн бейбiт уақытта
сипаты мен көлемi бойынша әртүрлi инженерлiк, көшiру, радиациядан қорғау,
дәрiгерлiк қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенiн өз уақытында
жоспарлап, iске асыру қажет.
Осы шаралардың мәнiн қысқаша қарастырайық.
а) Инженерлiк шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру - шабуыл жағдайында оны қорғаудың
ең негiзгi әдiсi болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған
қалалар мен шаруашылық обьектiлерiне панаханаларды дер кезiнде салу
мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық
жерлердi радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрiстету болып
табылады.
ә) Көшiру шалалары.
Төтенше жағдайда болсын, заманғы зақымдау құралдарын қолдануда
тұрғындарды қоғау мақсатында көшiру шараларын дер кезiнде жүргiзудің маңызы
өте зор.
б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
Халықты радияция мен химиядан қорғау шаралары әдетте бiрыңғай Азаматтық
қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:
1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу
және айдау:
• радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21);
• химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерiн анықтайтын
индикаторлық түтiкшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1);
дозиметрлiк бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24)
• залалсыздандыруда осы құралдарды әзiрлiкте ұстау;
• радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау;
• халыққа радиоактивтiк, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-
түлiктi, суды, мал мен өсiмдiктiң зақымдауына жол бермеу және оларды
заласыздандыру;
• радиоактивтiк және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау
режимдерiн әзiрлеу;
• жердегi ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азық-
түлiктi улы затпен ластануын анықтау үшiн халықтың “Мастер-1”, “Сосна”,
“Белла” тұрмыстық дозиметрлерiн пайдалану;
• радиоактивтiк ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.
в) Медициналық шаралар.
Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша
дәрiгерлiк шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен
және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесiн
төмендету мақсатында жүргiзiледi.
Ол мыналарды қамтиды:
• санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргiзу;
• халық пен АҚ бөлiмшелерiнiң жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзiне
және өзара көмек әдiстерiн көрсетуге оқып-үйрету;
• халық пен АҚ бөлiмшелерiнiң жеке құрамын дәрi-дәрмекпен
қамсыздандыру;
• обьектiлердiң радиоактивтi, химиялық заттармен және бактериалдық
құралдармен зақымдалуына лабороториялық бақылауды ұйымдастыру;
• санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзу.
г) Өрттен қорғау шаралары.
Бұл - халық пен шаруашылық обьектiлерiн өрттен қорғау мақсатында
жүргiзiлетiн техникалық және ұйымдық шаралардың¦ кешенi. Өрттен қорғау
шаралары мынаны қамтиды:
• ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;
• қалалардың, басқа елдi мекендер мен шаруашылық обьектiлерiнiң өртке қарсы
берiктiгiн көтеру жөнiнде инженерлiк-техникалық және өрттен сақтандыру
шараларын жүргiзу;
• өрттен қорғау қызметi мен халықтың тиiстi даярлығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz