Алматы қаласы экологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігінен тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі - оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қаліпті экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай суқоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 шаршы километрге артып, ұзындығы - 15 км, ені - 8 км, тереңдігі - 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі - 1 млрд шаршы кубқа жетіп отыр.

Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап 5 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар, елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде.

Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металлдар, т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындағы химиялық қоспалар тіршілікке өте қауіпті диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине, Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.

Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың көбеюі артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы: өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл?

Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл-ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі - ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі - Сорбұлақ көлінен канал арқылы сулы Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агродигромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.

Екінші жоба - Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті суқоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосы жұмыстары талап етілуде.

Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша - қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып, қайта пайдалану.

Келесі бір болашағы зор бағыт Сорбұлақ суын құрылыс ағаштарын өсіруге пайдалану. Бұл мәселе экологиялық жағынан қауіпсіз әрі шаруашылық салалары үшін арзан ағаш материалдары дайындаудың көзі болмақ. Бұл салада «Мерей-Терек» ЖШС бірлестігі терең өсіруді жоспарлап отыр. Егер де жоспарланған 400 мың га жерге терек отырғызылатын болса, онда оған жылына 30 млн м3 су жұмсалып, Сорбұлақ суының деңгейін тұрақтандыру жүзеге асары сөзсіз. Ал бұл мәселені көкөніс пен дәнді-дақылдар егіп шешуге мүлдем болмайды.

Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық-коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. «urbs» латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғанымен, «урбанизм» немесе «урбанизация» түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады.

Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келді. Қазақстан республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болуда.

Дүние жүзінің 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті, 1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті.

Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда 14 облыс, 84 қала және 210 қала типтес елді мекендер бар. Берілген мәліметтерден байқалғандай, 1970 жылға дейін қала халқының саны өсіп келген (қалада 50% ауылдық жерлерде 50%) . Одан бері қарай, қала халқы екпіндеп өспегенімен, баяулап арта отырып, 1989 жылы қала-ауыл халқының ара салмағы 57 және 43% болған.

Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп қана қоймай, қазіргі қалалар бір-бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды - мегаполис деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион. Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120 км, ені 60 км Лос-Анджелос-Сан-Франциско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де - Москва, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір-біріне қарай жылжып, аралары жақындап келеді.

Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда. Қала тұрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Шахтинск қаласы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Іле экологиясы
Глобальды экологиялық проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz