Қар жабындысының антропогендік және табиғи заттармен ластануы


Әртүрлі техникалық әдістер, әдетте салыстыруға келмейтін нәтижелер береді.
Қар жамылғысы табиғи жинағыш-планшет тәрізді суық кезеңде түсетін құрғақ және ылғал түсімдердің нақты шамасын көрсетеді.
Жер шарының таулы және полярлы аудандарында қар жамылғысы біртіндеп мұзға айнала отырып, ондағы ластанушы заттарды консервілейді де қолайлы жағдайда сақтайды. Бұлар мұздықтар массасында жүздеген, мыңдаған жылдар бойы сақталып, атмосфералық ауа құрамының және ластануының шежіресі болады. Қорыта келгенде қар жабындысы қоршаған ортаның қышқылдануының тиімді индикаторы болып саналады. Қар жамылғысының ластануы біздің ғасырларымыздың 70-ші жылдарының ортасында тез өсе түсті. Қар атмосфераның мына заттармен ластануының индикаторы бола алатындығы көрсетілді: сульфаттармен, нитраттармен, аммонимен, негіздермен, ауыр металдармен, ароматты, мұнай, полицикленді көмірсутегімен, хлорорганикалық пестицидтермен және газтәріздіні қосқандағы бірқатар басқа да заттармен.
Қар жамылғысы тек ластану деңгейін білу үшін ғана емес, сонымен қатар күрделі геофизикалық тапсырмаларды - заттың құрамын анықтау, кәсіпорын шығындыларының қуаттылығын / заттек үлгісін / және алысқа тасымалданатын заттектердің үлесін анықтауға қолданылады.
Қар жамылғысын жергілікті жердің ластануын дистанциондық өлшеу үшін, оның ішінде ғарыштан өлшеу мақсатында қолданады.
Қар жамылғысын қоршаған ортаның ластануының индикатры ретінде қолданудағы соңғы жылдардағы прогресс жұмыстың жаңа сапалы түріне ауысуға негіз болады. Осыған дейін қалыптасқан қар өлшеу жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы территориясындағы қар жабындысының физикалық параметрлерін ( биіктігі, тығыздығы, қардағы ылғал қоры ) анықтау үшін керек.
Қар жабындысының антропогендік және табиғи заттармен ластануы
Қар жабындысының ластануы екі кезеңде жүреді. Біріншіден, бұл қар ұшқынының бұлтта қалыптасу және жерге түсуі кезінде ластануы. Былайша айтқанда ластаушы заттардың қармен бірге ылғал түрде түсуі. Екіншіден, бұл түскен қардың атмосферадан түсетін құрғақ ласнушы заттардың әсерінен, сонымен қатар топырақтан және тау жыныстарынан түсетін ластанушы заттар әсерінен ластануы.
Ылғал және құрғақ жауын-шашын арасындағы байланыс бірқатар факторларға тәуелді. Олардың ең бастысы: салқын периодтың ұзақтылығы, қар түсімінің жиілігі және олардың интенсивтілігі, ластаушы заттардың физико-химиялық қасиеттері, аэрозольдердің өлшемі.
Алғашқы қыс айларында, толық қар жабындысы жоқ кезде, қардың ластануы қатып қалған топырақтың ашық үлескілерінің жел эрозиясына ұшырауы нәтижесінде болады. бұл ластанудың негізгі массаларынан тұратын жеткілікті ірі (50 мкм және жоғары) минерал бөліктерімен шарттандырылады.
Бұл бөлшектер шағын арақашықтықтарға бірнеше метрден он және жүздеген метрлерге жылжиды. Қар жабындысының биіктігі жоғарылаған сайын мұндай ластану тез төмен түседі және қар жабындысы жаппай қалыптасқан кезде тоқтайды.
Кәсіптік өндірістен және жылу электр станциясынан түсетін ластаушы заттардың сипаттамалық биікті 150 м-ді құрайды. Бұл бағалау кезінде құбырлар биіктігі, газшаңды факельдің, бастапқы көтерілімі, тастанды қуатының қайнар көздердің бөлек түрлері бойынша таралуы ескеріледі. Шығындының нақты биіктігі кең шектерде, оннан жүз метрге дейін өзгеруі мүмкін. Жоғарғы тропосфераға және стратосфераға атомдық жарылыс өнімдері, ғарыш кемесі және ұшақ қозғалтқышында отынның жану өнімі лақтырылады.
Антропогенді және табиғи заттектердің атмосферада болуының орташа уақыты алғашқы шығарындының биіктігі мен физико-химиялық қасиетіне тығыз байланысты. Болу уақыты шығарынды биіктігімен және аэрозольді бөлшектердің дисперстілігінің жоғарылауымен байланысты. Ол химиялық белсенділігі төмен газдар үшін жоғары; күкіртті газ және азот тотығы үшін бір тәуліктен аспайды. Ұсақ дисперсті аэрозольдердің тропосферада болу уақыты бірнеше тәуліктен әдетте бес тәуліктен аспайды. Бұларға күкіртті газдан және азот тотығынан қалыптасатын сульфаттар мен нитраттарды қосамыз. Ірі бөлшектер төменгі тропосфереда негізінен он минуттан астам бола алмайды. Ұсақ дисперсті аэрозольдердің жоғарғы тропосферада болуы 10-20 күнге дейін, ал стратосферада жылдан астам.
Химиялық белсенділігі төмен газдар ( көміртегінің тотығы және қос тотығы, көптеген көмірсутектер, соның ішінде БАК, жеңіл мұнай көмірсутектері, фреондар ) мекендеудің орта мәніне ( айдан бірнеше жылдарға дейін ) ие. Мекендеудің орта есебі заттектің негізгі массасының іс-әрекетін сипаттайтындығын және радиоактивті элементтердің тіршілік етуінің орташа уақытынан айырмашылығы сыртқы орта шарттарына тәуелділігі кең болатындығын айта кеткен жөн.
Бұлтты қатпар қуаттылығы әдетте жүзден мың метрге дейін өзгеріп отырады. Атмосферада тік қозғалыстардың әлсіреуімен байланысты қыс уақытында, салыстырмалы жоғары емес қайнар көздерден шығарылатын шығындылар, сағатпен өлшенетін уақыт ішінде бұлтты қатпарға жетеді.
Атмосферада мекен ету уақыты төмен және орташа заттектер үшін шығарындылар көздеріне дейінгі типтік арақашықтық бір және он километрді құраса, орташа уақытпен (ондаған сағаттар, күндер ) - жүздеген және мыңдаған километрлер. Ұзақ тіршілік ететін (айлар және жылдар ) заттектер үшін ластану, ауаның ластанған массасы жер шарын бірнеше рет айналып өтуі мүмкін болатын, жалпы сипатқа ие болады.
Қар жамылғысының химиялық құрамы
Қар жамылғысының химиялық құрамын қар жамылғысындағы концентрацияның азаюы тәртібінде, далалық орманды далалы Ресей жазықтығының орманды белдемдері, Қазақстан және Сібір үшін де жазуға болады:
HCO 3 ¯ > SO 4 2- > Cl¯, немесе SO 4 2- > HCO 3 ¯ > Cl¯ ; Ca 2+ > Mg 2+ немесе
Na + > K + > Ca 2+ > Mg 2+
Жергілікті кәсіпшілік көздерінің интенсивті антропогендік әсеріне ұшыраған және азоттық қосылыстардан және күкірттен тұратын заттектердің әрекет ету нәтижесінде аймақтардағы қар жамылғысында Н + , SO 4 2- , NO 3 ¯, NH 4 + концентрациясының жоғарылауы байқалады. Соңғысы атмосфералық жауын-шашындарда күкірт және азот қышқылының еруі нәтижесінде түзіледі. Аммони ионы NH 4 + атмаосфералық ауада кездесетін аммиактың бейтараптандыратын әсерінен пайда болады.
Қардың әртүрлі ингердиенттермен ластануын анықтау үшін алынатын сынаманың ерекшеліктері.
Қар жамылғысының ластануын анықтау үшін жүргізілетін жұмыстардың негізгі ерекшелігі, оның тығыздығын анықтағаннан кейінгі қар сынамасының заттектік талдауын өндіру.
Қар сынамасын жинау қысына - 1рет қарды салмақты қар өлшегіш көмегімен алу арқылы жүргізіледі.
Ластану параметрін анықтау қарды өлшеу маршрутында жиналған бір құрама сынаманы талдау жолымен жүргізіледі. Бұл сынамаға қойылатын негізгі талап - салмағы минимум болған кездегі оның жоғарғы келбеті. Алынған құрама сынама маршрутта ластаушы заттардың орташа концентрациясын берілген дәлдікпен сипаттау. Бұған қардың тығыздығын анықтау пункттерінде бірнеше жеке сынамаларды алу арқылы қол жеткіземіз.
Жиналған құрама сынама оның көлеміндегі қоспалардың біртексіз таралуына байланысты қателіктер минимумға дейін келтірілген масса болуы керек. Құрама сынаманың көлемі ластаушы заттарды аналитикалық өлшеу мүмкіндіктерінің талаптарын қанағаттандыратындай болуы керек.
Қар сынамасын бірінші ретті өңдеу, сақтау және сынаманы сараптамаға дайындау
Қар сынамасын бірінші ретті өңдеу, оны тасымалдау кезінде ұзақ сақтау және анализге дайындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қатты және сұйық фазаларға бөлу мақсатын көздейді. Қарды өңдеу өз бойына қар және фильтрлерді еріту операцияларын жинайды.
Егер ластаушы заттардың түсу параметрін анықтау мақсатында территорияның ластануын қадағалау тұжырымдамасы қойылса, онда қажетті шарт болып сынамаларда ластаушы заттардың алғашқы құрамын сақтау, ізінше тез еру кезіндегі ақаба суларының және топырақтың ластануын болау керек болса, онда қажетті шарт болып сынама жинауды қар ерудің табиғи шарттарға максимальды жақындатылуы және ізінше жай еру тәсілін қолдану табылады.
Аймақтың ластануын бақылау тәжірибесінде сынаманың екі түрін жинау жүргізіледі: суда еритін қосылыстарды анықтау үшін, негізінде ион сульфатын және ластаушы заттардың кешенін анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz