ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: БӨРІБЕКОВА К.

БАҒАСЫ:__________

АЛМАТЫ-2007

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластаушылардың басқа адамда әр
түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық
ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар,
қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің
неме адам организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді.
Соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып табылады. Адам паразитінің
көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай
паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда
болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты
паразиттерге иесі тек азық үшін ғана емес, олары тіршілік ететін ортасы
болып табылады. Оларға безгек плазмасы, т.б. жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам
организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен
микробтар өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның
эритроцитінде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей
қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра
алатын тырысқақ, қантышқақ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол
ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне
қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші –
ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары
арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш
микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты
сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды – ауалы-тамшылы аурулар
тобы деп атайды. Оларға оымау, қызылша, шешек аурулары жатады.
Екінші – ауыз арқылы тарау, яғни микробтардың ішек-қарын жолдарына
түсуі. Ал қоздырғыш микробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет
арқылы шығады. Бұл жолмен ішек-қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды.
Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877).
Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын
биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-
өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір
сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы –
биотоптардан тұрады. Яғни биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік
ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды
құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген.
Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың диалектикалық бірлестігі.
Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл
өсімдіктер), талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші –
жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат
компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарыс-қатынастар жүріп
жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады. Ал
биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың
біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы
биологиялық бірлестіктер кез-келген популяциялар мен биотоптардан тұратын
кішігірім жәндік інінен бастап, мұхиттардың биомасасын қамтитын табиғи
бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе – биосфера немесе экосфера. Ол жер
шарының барлық тірі организмдері оның тіршілік ететін физикалық ортасын
қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде Экожүйе термині
қолданылады. Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және
кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастардағы ғылымда биотикалық
факторлар деп атайды. Яғни биотикалық факторлар дегеніміз тіршілік
барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері мен ықпалы. Аталған
факторлар бір түрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін
организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен,
өсімдік - өсімдік қоректі организм үшін ең қажетті роль атқарғанымен,
кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өсімділігін азайтып, қолайсыз жағдай
туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер ұщін оны тозаңдататын аралар, т.б.
жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының
күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық ластану
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Биологиялық ластану және халық денсаулығы
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Химиялық ластану
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Биосфераның ластануы
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Пәндер