ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ӘЛІПБЕЛОВА БАНУ

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірін.

Қоршаған ортаны қорғау дейтініміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі ұстанымдары (принциптері) :

  • халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
  • қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
  • экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
  • табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
  • қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
  • биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
  • табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
  • халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
  • халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.

Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері ауаны улы көміртек оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен, қағаз өндірісі - күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды. 1 тонна шойында өңдегенде атмосфераға 4, 5 кг шаң, 2, 7 кг күкірт оксиді, 0, 1-0, 5 кг марганец, мырыш, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап, сирек металдардың қосылыстары бөлінеді.

Қазақстанның көптеген өндіріс дамыған аймақтарында әсіресе Орталық пен Шығыс Қазақстан облыстары топырағының өте көп мөлшерде улы заттармен ластанғанына байланысты бұл төңіректе биогеохимиялық аномалиялар пайда болып отыр. Осы аталған облыстардың кәсіпорындары мен көлік, тағы басқа ластаушы көздері соңғы мәліметтер бойынша тек атмосфераға 5 млн. тонна улы заттарды жыл сайын тастайды екен.

Қоршаған ортаның ластану мөлшері табиғи ресурстардың тиімді және жан-жақты пайдалануына да көп байланысты. Қазіргі кезеңде бұл проблема әлі толығымен шешілмеген. Пайдалы кен қазбаларын, минералды шикізаттарды жер қойнауынан алған кездің өзінде біразы шығынға ұшырайды.

Қара металлурғияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейтін. Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір, марганец рудаларын өңдейтін өндірістерді, екі ферросплав және «Казгнеупор» зауыттары мен «Казвторчермет» өндірістік қоғамын атауға болады.

Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші орында келеді. Негізгі ластаушы компонеттер - көміртек оксиді, ақтты заттар, күкірт оксиді, азот оксиді, көмірсутектері. Орта есппен 1 млн тонна өнім шығарғанда қара металлургия зауыттарынан шаң - 350, күкіртті ангидрид - 200, көміртек оксиді - 400, азот оксиді - 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.

Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15 пайызын осы сала жұмсайды. Негізінде қара металлургияда судың 75 пайызы металлургиялық пештерді, құрал-саймандарды салқындатуға қолданылады. Металлургия өндірісінде жұмсалатын судың мөлшері 9, 5-ші кестеде келтірілген. Суды көп мөлшерде пайдаланатын илек, домна және болат балқыту өндірістері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Биологиялық ластану
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Биосфераның ластануы
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Химиялық ластану
Биологиялық ластану және халық денсаулығы
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz