Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы


Кіріспе.
Ақсу - Жабағылы ұлттық қорығы . . . 2
Алакөл ұлттық қорығы . . . 4
Алматы ұлттық қорығы . . . 5
Барсакелмес ұлттық қорығы . . . 5
Батыс Алтай ұлттық қорығы . . . 6
Қаратау ұлттық қорығы . . . 7
Қорғалжын ұлттық қорығы . . . 7
Марқакөл ұлттық қорығы . . . 8
Науырызм ұлттық қорығы . . . 8
Үстірт ұлттық қорығы . . . 8
Алтынемел ұлттық бағы . . . 10
Баянауыл ұлттық бағы . . . 10
Бурабай ұлттық бағы . . . 11
Іле Алатауы ұлттық бағы . . . 11
Қарқаралы ұлттық бағы . . . 13
Қатон Қарағай ұлттық бағы . . . 13
Көкшетау ұлттық бағы . . . 14
Шарын ұлттық бағы . . . 14
Ақсу - Жабағылы
Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі қорық. 2006ж. оған 80жыл толды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А. Л. Бородский болатын, ол 1920жылы бірінші рет Жабағылы және Аксу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық ретінде бағалы екенін растады. 1925жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталы, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу - Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама №25) қабылдады, ол 1927жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді. Сонымен Ақсу - Жабағылы өз мерейтойын үш жыл қатарынан тойлауына блдады.
Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна (1867 - 1938 ) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу - Жабағылы қалыптасуының ең қиын алғашқы он жылдығында басқарды. Осы кезде маңызды ғылыми зерттеулер жүгізілді, Қызметкерлер санымен қорық территориясы көлемі алғашқы 30мың гек., 1937жылы 69825 гектарға ұлғайды. Келесі 50жыл аралығында оның көлемі мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер болды. Тек соңғы он жылдықта Қ. Р. Үкіметінің шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы жағы және Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу - Жабағылы қорығының көлемі 128118 гек. Ол Қазақытанның Өзбекстан мен Қырғыстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңт. Қазақстан менЖамбыл облыстарында орналасқан.
Сонымен қатар қорықта екі палентологиялық жер бар, олар Қаратау тауында орналасқан . Сол уақытта Шымкент мұражайының директоры болып жұмыс істеген Б. П. Тризнаның белсенділігің арқасында 1924жылы мамырда көлемі 126гектар Қарабастау жері тек 1973жылы ғана қорық болып жарияланды. Осы жерлерде қорғалатын юра дәуірінің жануарлары мен өсідіктер қалдығы - әлемдік ғылымның бірігей асыл қазынасы.
Ақсу - Жабағылы негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100 - 4200м. Биіктіктегі Угам жотасыныңқиыр солтүстік - шығыс тарамын алып жатыр. Мұндағы тау жыныстарының басымы төменгі карбон мен жоғарғы девон ізбестері. Ізбес сілімдері палеозойдағы ежелгі теңіз жануарларының көпшілігін - трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, гупкаларды қатқан күйінде сақтаған. Орталық бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылытөр көзге айқын түсіп тұрады. Осы жотаның мұздықтарының ішіндегі ең ірісінің көлемі шамамен 1шаршы шақырым. Қорықтың басқа мұздықтары (олар 50 ден астам) оның мөлшерінен аспайды.
Қорықтың негізгі өзендері - Жабағылы, Ақсу, Балдабрек, Бала - Балдабрек, олар батысқа қарай ағады. Оларға су, қар, мұз және бұлақтардан келеді. Өзең аңғарларының көпшілігі таудан шығар жерінде арна түрінде болады. Әсіресе Ақсу өзені арнасы ерекше көрінеді, оның тереңдігі 400метрден 20км - ден артыққа созылады. Ақсу - Жабағылының бірегей табиғи нысаналары мен көптеген көркем ландшафтары есте қаларлықтай. Бұл Көкүйірім мен жасыл керемет сұлу тау көлдері, Ақсу - Жабағылы, Шүгілдік және Бұғылытөр жарқырама құлама мұздары, Балдабрек өзені аңғарындағы жеңішке құзды қақпалар Дарбаза, Майдагтал өзенінің сәулетті аңғарлары . . . Маржан сайындағысұр жартастардың жұмбақ сілемдері дерлік түгел 250млн. жыл бұрын палеозой дәірінде осы территорияны алып жатқан үлкен теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың (маржандар, губкалар, мллюскалар) тасқа айналған қалдықтарынан тұрады.
Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын - шашынның (таудың орта белдеуінде 950мм. ) 30% қыста, 40% күзде және небары 10% жазда түседі. Ауаның жылдық орташа температурасы +5, 6 С, ең суық айда (қаңтарда) - орташ - 5, 4С, ең ыстық айда (шілдеде) +17, 2С. Құрғақшылық кезеңінің орташа ұзақтығы - 70күн, аязсыз - 142күн, қар жабыны бар кезең - 160күн.
Топырақ өсімдік және жануарлар әлемінің бөлінуі, барлық таулардағы сияқты тік белдеулік заңына сәйкес. Қорық территорисы 5 тік белдеудің ішінде орналасқан. Ең жоғарғы невальды белдеуде (теңіз деңгейіне 3600 - 3800м биіктікте) топырақ және өсімдік жабыны жоқтың қасы. Дегенмен қар мен мұздың үлкен қоры осы аймақтың өзен ағыстарын реттеуде маңызды орын алады. Биік таулы альпі белдеудеуі (2800 - 3000м) таулы әльпінің әр түрлі топырақтарында көбіне аласа бойлы сиркек шөтесінді өсімдіктер өсуімен ерекшеленеді.
Орта тау белдеуіне (1500 - 2200м) құрғақ сайларда шалғындар өседі және биік дінді аршаның екі түрі (зеравшан және сауыр) осында орман түзуде маңызды орын алады. Сонымен қатар бұталы, кейде аршалы сирек ормандары ірі шөптесіді далалар бар. Бұл белдеуде тау қоңыр топырағы басым. Аласа тау белдеуі (1500м төмен) сол. - шығыс белдеуінен басқа, қорық территориясының басым көпшілігін алып жатыр, кей жерлерде бұталар араласқан далалар бар. Бұл белдеу топырағы сұр - қоңыр, беткі жағында қарашірік аз болуымен ерекшеленеді.
Қазақстан қорықтар арасында Ақсу - Жабағылы өсімдіктерінің бай және алуантүрлігімен көзге түседі. Басқа қорықтарда 5 - 7 типті өсідіктер болса, мұнда 12 типті өсімдікке жататын 60 өсімдік формациясы бар. Тек батс Тянь - Шань үшін ең ерекше өзіне тән жартылай далалар немесе далалар болып табылады. Қорық пен оның айналасында осы типтің үш түрі кездеседі. Аласа шөптесінді далада көпжылдық қысқа мерзімді (эфемеройдтар) жуашықты қаңырбас, мерзімді . Аласа шөптесінді далада көпжылдық қысқа мерзімдік (эфемериодтар) жуашықты қоңырбас.
Қорық флораға бай. Қорғалатын түрлер саны келесідей. Саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, Балдырлар 60 - 70 түрден, жоғары өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Флораның бірігейлігі мен өзгешілігі жоғары өсімдіктен жоғары көрінеді. Бұл топта 200 сирек түр белгілі, сонымен қатар Батыс Тянь - Шань менҚаратау эндемигі - 177, қалдық түр - 30 дай, қызылкітаптық - 39 түрі.
Қорықтың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Омыртқалы жануарлар фаунасында 330 түр, оның ішінде 6 отряд 21 тұқымдасқажататын 50 сүтқоректілер түрі бар. Саны және түр құрамы жағынан басымы - кеміршектер оның ішінде тоқалтіс пен тышқанның алуан түрлері.
Жыртқыштардан көбіне тянь - шань қоңыр аю кездеседі. Бұл қызылкітаптық түрдің барлық таралу аймағы ішінде ең жоғары тығыздығы Ақсу жабағылы қорығында орналасқан. Арқар мен аюдан басқа, қорықта тағы басқа 5 - қызылкітаптық түрлер - барыс, жайра, түркістан сілеусіні, шұбар күзен және тас сусары мекендейді.
Құстар әлемі өте бай. Мұнда 268 құс түрі кездеседі, сонымен қатар 110жыл құс және 130 ұйалайтын құс бар.
Ақсу - Жабағылы қорығында бауырымен жорғалаушылардың 11 түрі бар.
Алакөл қорығы.
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атыруындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірігей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998ж. 21 сәірде Қ. Р. Үкмет қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында орналасқан.
Қорықтың алғашқы көлемі 12520гектар болатын, сонан кейін 20743 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы (17423гектар. ) мен алакөл көлі аралдары (3320гек. ) кіреді. Бірінші бөлімше айналасында көлемі 21547га екі шақырымдық қорғау аймағы құрылған. Қорғалатын аралдар Үлкен Аралтөбе, Орта және кішкене Аралтөбе айналасында да көлемі 5130 екі шақырымдық аралық аймақ белгіленген, мұның ішінде аң, балық аулауға, қайықтар мен кішкене кеме мен басқада жүзетін заттар тұрағына тыйым салынады.
Атырау өзендері мен қамысты жерлерді мекендейтін сүт қоректілер - доңыз, сібір елігі, ондатр, су тоқалтісі, су жертесері. Жоғалаудағы шөлді жерлерде қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, сасық күзен, аққалақ, қалқанқұлақ, керпілер мекендейді. Кемірушілерден құм қоян, жыңғыл құмтышқаны, қызылұрт саршұнақ, үлкен және кіші қосаяқ, соқыртышқан т. б. әдеттегі түрлер болып табылады. Қорықта сүт қоректінің небары 33 түрі ғана кездеседі.
Алакөл қорығы барлық фаунасы 15 түрден тұрады, оның ішінде Қазақстан Қызылкітабына енген балқаш алабұғасы бар. Алакөл қорығы территориясынан космекендінің не бары 2 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі белгілі. Қорықтың қазіргі шекарасында 272 құс түрі, сонымен қатар Тентек атырауында 263 түрі (119 ұялайтын) және алакөл аралдарында 87 (49 ұялайтын) құс түрлері анықталған. Қазақстан Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін және құрып бара жатқан құстардан Алакөл шұңқырында 38 құс тіркелген, оның 27 сі ұялайды.
Алматы қорығы
Алматы қорығының тарихы тереңде жатыр. Ол 1931жылдың 15 мамырында 15000гектар Кіші Алматы қорығы деп құрылды. 1935жылы көлемі 4гек. ал сонан соң 856680гектарға кеңейіп, Алматы қорығы деп аталды, Кіші Алматы су алабы ғана емес, Жалаңаш және Сөгеті аңғарлары шектес таулармен қорық құрамына кірді. Дегенмен 1939жылы қорық территориясының жекелеген бөлімдері әр түрлі ұйымдарға берілді, ал 1951жылы қорық жабылды. Тек 1961жылы 31шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі №524 қаулысымен, бірақ енді шелек, Табанқарағай және Таушелек ормандарынын орнына қорықтар қайта құрылды. Қазіргі кезде қорық көлемі 71700гектар. Орталық мекені Алматы қаласынан 25 шақырым жердегі талғар қаласында орналасқан.
Ең ірі мұзкөл көлі Есік өзенінің жоғары жағында орналасқан ( теңіз деңгейінен 3600м. биік. ) оның көлемі 46300 шаршы метр, ал тереңдігі 25, 5метр
Қорық өсімдіктер әлемі бай және алуан түрлі. Оның флорасында жоғары өсімдіктердің 1000 - ға тарта түрі бар. 50 түрі сирек кездеседі, оның 26 түрі Қазақстан қызыл кітабына енгізілген.
Қорық жануарлар әлемі бай. Омыртқасыз жануарлардың саны белгісіз, бірақ алуан түрлі әрі көп екні сөссіз, қазіргі уақытқа дейін 8 кластың 2000 - дай түрі анықталады. Қорыққа кірген кезде ең алғаш көзге түсетіндер ашық түсті күндізгі көбелектер, олар ең ірі желкенділерден ұсақ көгілдір көбелектерге дейін, мұнда олардың 135 түрінен кем кездеспейді.
Қоңыздар отрядынан барылдауық қоңыздың 252 түрі, жапырақ жегіштердің 102 түрі, жабайы бал араларынан 110 түрі және құмырсқаның 33 түрі, қазғыш аралдардың 97 түрі анықталған. Қорық территориясында насекомның 6000 астам түрі кездеседі деген болжауды сеніммен айтуға болады.
Осы көптүрліктің Қазақстан қызыл кітабына тек 12 түрі ғана енгізілген.
Омыртқалы фаунасына 225 түр жатады, олардың ішінде 3 балық түрі, 2 - қосмекнді, 6 - бауырымен жорғалаушы, 172 - құс, 42 - сүт қоректі жануарлар.
Барсакелмес қорығы.
Барсакелмес қорығы тарихы 1929 ж. ұйымдастрылған Бағалы аң терілері Одағының аңшылық шаруашылығымен басталады. Аралға зорманнан басқа қарақұйрық, ақбөкен, орқоян, сұр шіл, сырдария қырғауы әкелінді. 1939ж. осы шаруашылық негізінде қорық құрылды. Ашылғанға дейін мұнда ақбөкеннің 50 - 60 басы болды. 1953ж. қорыққа Бадғыздан (Түркімения) құландары әкеліеді. Тұяқты жануарлар саны жылдан жылға ауа - райы жағдайына, қыс өтуіне, қоректеріне байланысты қатты өзгеріп отырды. Әсіресе 1929ж. Қарақалпақстаннан әкелінген тоғыз бас қарақұйрық саны аутқыды. 1948ж. олардың саны 2000 жетті. 1948 - 1949ж. ж. қатаң қыс қарақұйрықтардың жаппай қырылуына әкелді, нәтижесінде 60 бас қана қалды. Бұл жердің жағдайларына едәуір бейім ақбөкендер болды, кейін жылдардың оның сандары 3000 жетті, ал қолайсыз жылдары 3 - 5 есеге төмендеді. 1983ж. санақ мәліметтері бойынша аралда 230 ақбөкен, 160 қарақұйрық, 242 құлан мекендеді. Тұщы судың жетспеулігіне және теңіз суы тұзының артуына бйланысты аралдан құландар біртіндеп әкету шешімі қабылданған болатын. 1990ж. соңында Арал құрылыққа қосылды. Қалған жануарлар жағалауда ішетін су көзін іздеп қоныс аударды. Аралдың түбекке айналуы және бұрынғы Қасқақұлан аралы аймағындағы құландардың тіршілік ортасы шағын болғандықтан қорықты кеңейту мәселесі туды. Бұл кеңейтудің жобасы 2005ж. аяқталды. Қорық территориясы қазіргі кезде екі бөлімнен - (Барсакелмес) және (Қасқақұланнан) тұрады.
Барсакелмес бөлімі бұрынғы қорық территориясынан (16975гек. ) және құрғаған жермен кеңейіп, жалпы көлемі 50884гек. болды, оның 37725гектары қорық орталығы, ал 13159 гек. аралық аймақ.
Қасқақұлан бөлімінің көлемі 109942гек., оның 68154гектары қорық орталығы, аралық аймағы - 41788 гек. Сонымен, қорықтың қорғалатын территориясының жалпы көлемі 105879гек. ал аралық аймақ - 54947гек. Қорықтың әкімшілік мекен - жайы Қызылорда облысы Арал қаласынан оңтүстік - батысқа 1300 шақырым және қазалы қаласынан батысқа 210шақырым жерде орналасқан.
Қорықтың өзекті өсімдіктер флорасына 51 тұқымдас 174 туыстың 278түрі жатады. Барсаклмес 253түр, ал Қасқұланда 101түрі тіркелген. Олардың құрамында жоғарғы өсімдіктердің 53 түрі, қынаның 6 түрі, саңырауқұлақтың 2 түрі бар.
Батыс Алтай қорығы.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Қазақстан Алтайы тау жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992ж. 3 шілдесіндегі №1519. - 12 Қ. Р. Жоғарғы Кеңес Қаулысымен құрылды. Оның көлемі 56078гек, ол Шығыс Қазақстан облысының солтүстік - шығыс шекарасында, екі әкімшілік аудан жерінде - Риддер (бұрынғы Ленингорск) және Зырянда орналасқан.
Нң ірі көлдер - Кедр және Щербаков. Олар орман және Альпі аймақтары шекарасында орналасқан. Ондағы ұзақ жылғалар жоғарыда батпақ түзеді, оның ішінде Батыс Алтайдағы Қара Убаның шығар жеріндегі Гульбище ірі батпағы. Өзендердің негізгі қорегі - қарсондықтан су тасуы мамыр шілдеде, ал қараша мен наурызда су аз болады.
Қорық флорасында 84 тұқымдас 339 туыстың 804 түрі бар. Батыс тұқымдастардың үлестік қатынасында Голарктиканың қоңыржай аймақтарындағы флораны көрсетеді. Оның маңызды белгісі - өзгешіліктің жоғарғы дәрешесі. Мұнда 60 эндемиктік және субэндемиктік түрлері өседі. Оның бесеуі (уба, линей, ленингор, Нұрания бидайықтары мен Иващенко жуасы) тар таралған эндемиктер, тек қорық территориясынан ғана белгілі. Қазақстан Қызыл кітабына 25 түрі енгізілген, қауырысынды қау, кәдімгі баранец, ұсақ торлы жуа, қандық, тамшылы шолпанкенбіс, алтай рауғашы, көктем жанар гүлі, дала таушымылдығы, алтай жалаңаш тұқымы, қар дәуаяқ, алтай таутобылғысы. Жалпы алғанда қорықтың бар флорасының 10, 2% немесе 82 өсімдік түрі ерекше қорғауды қажет ететін топқа жатады.
Қорықтың жануарлар әлемі алуантүрлігі ішінде ең көзге түсетіндері, сүтқоректілер, құстар мен насекомдар. Сүтқоректілердің 6 отрядының, яғни насекомқоректілер, қалқанаттар, қоян тәрізділер, жұптұяқтылар, кеміргіштер мен жыртқыштардың 52 түрі бар. Қасқыр тек 1982ж. бірінші рет Каменушка өзенінің аңғарында пайда болды, қазіргі кезде Уба мен Тургусун өзендерінің жоғары жағында аз кездеседі. Қорық ормандарында терісі бағалы мына аңдар, бұлғын, сарыкүзен мен сарғыш күзен әдеттегідей кездеседі. Барлық өзендерде жерсіндірілген құндыз бен американдық күзен мекендейді.
Қаратау қорығы.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы - еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004ж. 1 наурызында Қ. Р. Үкметінің №240 арнайы қаулысымен құрылған.
Қорық территориясы Қаратау жотасының едәір биік жері (Бессаз тауы - теңіз деңгейінен 2167м. биік) орталық бөлігінің оңтүстік баурайын алып жатыр. Негізгі өзендер - Қантағы, Біресек, Баялдыр жотаның биік жерінен басталады.
Сонымен, қорықтың жоғарғы өсімдіктері флорасы шамамен есептеу мәліметтері бойынша 400 түрдей болады. Ол жоғары дәрежелегі ерекшелігімен айрықшаланады, өйткені ол ежелгі және жаңа эндемиктік түрлердің жинағынан құрылған. Қорықтың қазіргі территориясының өзінде қаратау эндемиктерінің 53 түрі, Қаратау мен Батыс Тянь Шаньның тағы 10 эндемигі бар. Қызыл кітапқа (екінші басылымды есепке алғанда) 42 түрі енгізілген.
Қорық құстар фаунасы қызық әрі алуан түрлі, мұнда 80 дей түр кездеседі. Әсіресі жыртқыштар көзге түседі, оның алтауы ителік, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Омырқасыз фаунасы, оның ішінде ең ірі класс Насекомдар арнайы зерттелмеген. Болжам мәліметтері бойынша 6 отрядтың қызыл кітаптық 18 түрі. Инеліктер (көрнекті шоқпарқарынды, Кириченко инелігі т. б. )
Қорғалжын қорығы.
1974жылы бұл қорық Рамсар тізімінің А дәрежесінде енгізілді.
Қорғалжын қорығының қазіргі шекарасы 2600 шаршы шақырым, ол Теңіз - Қорғалжың ойпатының ең төменгі бөлігінде орналасқан, Мұнда Қазақ шоқырлары мен Көкшетау қыраты арасындағы негізгі өзендері құяды.
Қорғалжын көлі көлемі 330 шаршы шақырым, дегенмен 70 - 80 % қамыс пен қоға алып жатыр.
Қорық флорасында жоғары өсімдіктердің 350 түрі кездеседі, ал шөптесін өсімдіктер өте аз. Мұнда бұталардың 15 түрі ғана бар, олар негізінен өзен жайлымысындағы тоғайларда кездеседі.
Мұнда ең көзге түсерлік құстар болып табылады, себебі қорық орнитологиялық болып құрылған болатын. Қазіргі кезде құстың 300түрі белгілі.
Қорық аңдардың 42 түрі бар, олардың жартысынан көбі - кеміргіштір.
Марқакөл қорығы.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы территориясында бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған ландшафтын қорғау мақсатында құрылды. Қорықтың қазіргі көлемі 75048 гектар, оның едәуір бөлігі (46045 гек. ) Марқакөл көлі су айдыны алып жатыр.
Көлдерде балықтың 6 түрі - майқап, сібір хариусы, көлталма, теңгебалық, талма балық бар. Алғашқы екі түрі Марқакөлге ғана тән, эндемик болып табылады.
Қорықта тіршілік ететін сүт қоректілердің 58 түрінің ішіндң тайга мен биік тау өкілдері басым. Мұнда тұяқтылардың марал, бұлан, елік, сібір ешкісі, ал жыртқыштардан қоңыр аю, қасқыр, түлкі, сібір сілеусіні, құны, бұлғын, ақкіс, сарғыш күзен, сарыкүзен, сасық күзен, американ су күзені, аққалақ, құндыз бар.
Наурызым қорығы.
1931ж. 30 маусымында РСФРС Халық Кеңесі Комиссарының №826 Қаулысы қабылданды. Қорық алғашында құрамына көлемі 250 мың гек. кең тың дала жерлерін, көл жерлерін, көктеректі қайынды және қарағайлы ормандарды.
Кейінгі жылдары дадалы жерлер есебінен қорық көлемін ұлғайту жайлы бірнеше рет ұсыныс жасалынды. Нәтижесінде 1976ж. қорықтың Терсек бөліміне 2000ға суыр тобы орналасқан қаулы дала қосылды. 2004ж. 26 қаңтардағы №79 Қ. Р. Үкіметі Қаулысына сәйкес оның жер көлемі 103687 гектарға кеңейді. Қазіргі кезде Наурызым қорығының жалпы көлемі 191381гектар.
Қорық флорасына жоғарғы өсімдіктердің 684 түрі жатады. Флораның жалпы құрамына әр түрлі дәрежедегі сирек кездесетін 20 түрі бар.
Жануарлар әлемінің көптүрлігі ландшафтың алуан түрлігіне байланысты. Қорық жерінде омыртқалы жануарлардың 351 түрі, яғни аңдардың 44 түрі, құстың 290 түрі, бауырмалы жорғалаушылар мен қосмекнділер 3 түрден, балықтың 11 түрі белгілі.
Құстар фаунасында 155 ұялайтын түр, 135 түр ұшып өтетін, қаңғыған немесе қыстайтын болып табылады. Сирек кездесетін құстардың 44 түрі бар. 36 - сы Қазақстан Қызыл кітабына, 23 - і табиғат қорғаудың Халықаралық Одағының Қызыл кітабына (ТҚХО) енгізілген. Наурызымда жыртқыш құстар алуантүрлігімен еркше 28 түрі бар, оның 19 ұялайды. Тек Наурызымда бір жерде төрт қыран түрі, бүркіт, қарақұс, аққұйрық су бүркіті, дала қыраны ұялайды, тобы - 40 жұп, қырандар - 18 - 20, итегілер - 16 - 20, Бүркіттер - 3 - 4 жұп.
Үстірт қорығы.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ерала ауданында орналасқан. Оның көлемі 223300 шектар. Бұл керемет жерге бару үшін, қорғалатын жерден 150 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңа - Өзен қаласындағы қорық басқармасынан рұқсат алу керек.
Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 27 түрі, оның ішінде кесіркенің 17 түрі мекендейді
Жыландардан үстірт пен қорықтың құмды сайларынан түрлі түсті қарашұбар, оқжылан, қақантұмсықты жыланды кездестіруге болады.
Тасбаққа қорықтың дерлік барлық жерінде, едәуір ылғалды жерлерде қосмекнділердің жалғыз түрі (жасыл құрбаққа), бұлақта балықтың бір түрі кездеседі.
Алтынемел ұлттық бағы.
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1996жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №460 Қаулысымен Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде құрылды. Ол Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан. Орталық үй - жайы Алматы қаласының 250 шақырым жердегі Басши елді мекенде орналасқан. Бақтың жалпы көлемі 459620гектар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz