ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА - ЖАҒЫРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

  1. ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА-ЖАҒЫРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
  2. ҚОСТАНАЙ - ЕЛІМІЗДІК КӨРІКТІ ДЕ СҰЛУ АЙМАҒЫ.
  3. ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ.
  4. ҚОСТАНАЙДАҒЫ НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ.
  5. ҚОРЫТЫНДЫ
  6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Қостанай - Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі, 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостаенай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар. Орталығы - Қостанай қаласы. Жер аумағы 196, 0 мың км. Тұрғыны 913, 6 мың адам. Облыстың солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүскке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физико-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін, қиыр оңтүстік-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солтүстцігінде Золотая Сопка тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.

Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан. Солтүстік жағын қара топырақ, орталық бөлігін қоңыр-қызғылт топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.

Қостанай өңірінің табиғаты ерекше. Сырттан келген адамдар мұнда ауаның тазалығын бірден байқайды. “Тынысым бірден кеңіп кетті” деп сыйлы қонақтар ризашылық білдіріп жатады.
Атмосфераның тазалығы жергілікті жерлерде белгіленген игі істердің уақытылы орындалуына байланысты. Мәселен, кейбір қалаларда қатты отынмен жылытылатын жылу қазандықтарынан қап-қара түтін будақ-будақ шығып жатады. Қою түтін аспан әлеміне жөңкіліп жатса да ауаны ластамай қоймайды.
Мұндай залалдан құтылудың амалы бар. Әлгі қазандықтар газбен жұмыс істесе, қою түтін аспанға ұшпайды. Осы тәсіл Қостанайда тиімділікпен қолға алынған.
Дегенмен, Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің жылу энергетикалық орталығы көмірмен, Арқалық қаласындағы осындай орталық мазутпен жұмыс істейді. Әрине, олардың қазандықты газбен жылытуды ойластыруы қажет. Облыс басшылары мұны ескеруде.

Бюджеттен аудан орталықтарын және ірі елді мекендерді газдандыру қолға алынбақ. Мұның экологиялық тазалыққа ықпалы зор.

Кәсіпорындардан жыл сайынғы сыртқа шығарылатын қоқыстар мөлшері 316, 069 мың тоннаны құрайды. Жалпылай алғанда атмосфераның ластанып, бүлінуі автокөліктердің көбейіп кетуінен. Кәсіпорындардан бөлінетін жоғарыда аталған қоқыс мөлшерінің 51 пайызын, жылына 159, 678 мың тонна, автокөлік түтіні құрайды.

Осынау келеңсіздікке тосқауыл неге қойылмайды деген сауал туындайды. Әрине, ешкім де қол қусырып, қарап отырмайды. Автокөліктердің түтінінен ауаның ластануын азайту мақсаты көзделуде. Соған орай жиырмаға жуық бақылау-зерттеу пункті жұмыс істейді. Мұның сыртында облыста автокөліктерді газбен жүруді қамтамасыз ету стансасы іске қосылған.
Қоршаған ортаға ағынды сулардың да зияны тиеді. Бүгінде ағынды су көлемі 99 мың текше метрден астам. Бұл 2005 жылдан жеті пайызға көп. Өткен жылмен салыстырғанда қалдық заттар көлемі де кеміді.

Желқуар, Аманкелді, Қаратомар, Жоғары Тобыл су қоймалары да, Тобыл, Шортанды, Желқуар және Обаған өзендерінде мониторинг жүзеге асырылады. Себебі, мұндағы суды ірі елді мекеннің тұрғындары пайдаланады.

Соңғы жылдары Тобыл өзені суының сапасы жақсара түсуде. Бұл судың тазалығын сақтауға белгіленген шаралардың ықпал етуіне байланысты. Кейінгі кезде табиғатты және суды қорғау заңнамасы тиімді түрде пайдаланылады.

Дегенмен, су ресурстарын қорғау және тиімді түрде пайдалану үшін аймақтық бағдарламаны жасайтын уақыт жетті. Оған 30 миллион теңге ақша қажет.

Қоршаған ортаны таза күйінде сақтауға қажеттілердің бірі - тазартқыш құралдары. Әсіресе, кәріздік тазартқыш құралының экология талаптарын орындауда ролі зор. Лисаков, Рудый, Жітіқара қалаларында және Қашарда мұндай құралдар бар. Тек облыс орталығына осындай құралдар орнатылмаған. Олардың ағынды суларды тазартудағы үлесі үлкен. Қостанай қаласында қажетті құралдар орнату туралы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және облыстық әкімдікке бірнеше рет ақпарат берілді. Қазіргі талапқа сай келетін, ағынды суларды тазартатын нысан құрылысын салуға республика бюджетінен қаражат бөліну керек. Бұл мәселені аталған министрлік күн тәртібіне қойды. Экологиялық проблема реестріне сәйкес республикалық бюджеттен 6 миллиард 300 миллион теңге 2007-2009 жылдары құрылыс салуға бөлінетін болады.

Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар түншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлсс қосып отыр. Біздің республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т. б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп "Ақпараттық экологиялық бюллетень" журналы арқылы көпшілікке хабардар етеді. Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезказған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Әрине бүл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т. б. ластану көздерінің жұмыс істеу қаркыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2000 жылдары Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде кара және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қоқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр. Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан мамандануы нашар. Яғни, ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак және әр түрлі қатты және сұйык заттар. Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері: Павлодарда 763, 0 мың т., Қарағандыда 601, 6 мың т., Шығыс Қазақстан калаларында 170, 0 мыңт., Қостанайда 170, 0 мыңт., Ақмолада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

1) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

2) өнеркәсіп орындары;

3) ауыл шаруашылығын химияландыру;

4) халық шаруашылығының басқа да салалары.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар калалар бойынша: Қостанайда 119, 4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87, 3 мың т., Алматыда 85, 0 мың т., Павлодарда 74, 7 мың т., Көкшетауда 53, 6 мың т. көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлық шығарылатын заттардың 70-80 % құрайды.

Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4 РЗШ-ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегидтің 3 есе кебейгені Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда 2, 3 РЗШ, Петропавлда 3 РЗШ-ке жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 РЗШ мөлшерін көрсетуде.

Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Мәселен, Алматы, Шымкент, Лениногор, Зырян қалаларының ауа бассейндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның есебінен қалалар үнемі калың зиянды улы тұмшамен оранып жатады.

Қазақстан территориясының 3, 8%-ы орманды жерлер алып жатыр. «Қазақстан-2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5, 1%-ке дейін көтеру жоспарланған.

1997 жылы республикамыздың орман қорының территориясында 2257 орман өрттері орын алған. Бұл өрттердің 70%-ы отты дұрыс пайдаланбау себепті орын алған.

Өрт 4 млн. м 3 -ге жуық ағашты жойған. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болған.

50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар анықталған. Ең ірі орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында анықталған. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелген.

Қазақстан Республикасының орман және аңшылық шаруашылығының комитеті Республикадағы ормандарды мемлекеттік есепке алу жұмыстарын жүргізуде.

1997 жылы Түркияның Анталия қаласында орман шаруашылығы бойынша Дүниежүзілік конгресс өткен. Оған 146 елдің ішінде Қазақстан да қатысты. Қазақстанның Солтүстігіндегі өзен жағалай өскен ормандары мен Оңтүстігіндегі тоғайлары да жеке-жеке алаптар болып есептеледі.

Орманды далалы алқапқа - Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ болын өсетін қайыңды ормандары жатады. Олардың жалпы көлемі 700 мың гектар. Бұл ормандарда өсетін ағаш тұқымының көбі қайыңнан құралады. Одан басқа мұнда терек, ал бұталардан түрлі талдар, қарақаттар, дала шиесі, мойыл, итмұрын, тобылғы кездеседі.

Далалы алқапта - қайыңды шоқтардың оңтүстігін алып жатқан қарағайлы ормандар өседі. Олар ертеде Орал мен Алтай аралығын тұтастырып жатқан. Жергілікті халықтың өртеп, кесіп, мал бағуының салдарынан кеміп кеткен.

Торғай ойнатында өсетін қарағайлы ормандардың көлемі 21, 5 мың гектар. Мұнда 4 орман шаруашылығы - Арақарағай, Бурабай, Семиозер, Басаман және Наурызым қорығы ұйымдастырылған. Бұл ормандарда қарағайдан басқа қайың, тобылғы, итмұрын, долана, шие, қарақат өседі.

Шөлді алапқа - Қазақстанның бүкіл оңтүстігі, орталыгы мен батысының көп жері кіреді. Мұнда ақ сексеуіл мен қара сексеуіл өседі және қоянсүйек, жыңғыл, жүзгін, шеркез, қандым кедеседі. Ағаш тұқымдарынан тоғайларда көбіне жиде мен тораңғы, ал бұталардан әр түрлі тал, жыңғыл, шеңгел, шырғанақ, зерек өседі.

Алтай-Сәуір тау алабы - теңіз деңгейінен 600- 2500 метр биіктік аралығында өсіп-өнетін ормандарды қамтиды. Мұнда бағалы қылқан жапырақты қарағай, шырша, самырсын сияқты ағаш тұқымдары көп тараған. Самырсынды орман Кенді Алтайдың ең жоғарғы белдеуінің 31 мың гектар жерін алып жатыр. Қарағайлы орман Алтай мен Сәуір Қойнауының 371 мың гектарын алып жатыр.

Солтүстік Тянь-Шань тауы алабына - Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Жоңгар Алатауы мен Кетпен, Нарын жоталарының ағаштары кіреді. Төменгі белдеуінде көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың көбі - жеміс-жидекті, алма, өрік, жаңғақ, қарақат.

Батыс Тянь-Шань таулы алабына - Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жотасындағы ағаштар кіреді. Бұл аймақ жеміс-жидекке өте бай. Мұнда Қазақстанның басқа жерлерінде кездесаейтін алша сияқты бағалы бұталар түрі өседі.

Қазақстандагы орманның жалпы көлемі Қазорман жобасының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568, 2 мың гектар болды.

Соңғы жылдары саланы қаржыландырудың қысқаруы, орманды күтіп ұстаудың нашар ұйымдастырылуы нәтижесінде орман шаруашылығының жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10 айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын территориясының 12, 1 гектары жанып кетті.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық қозғалыс
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы моделдері
Қазақсатандағы ежелгі тарихи және экологиялық процестер
Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
Этнография -этнология ғылымының дамуы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Біртұтас алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жайында
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz