Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері 2
Аумақтық ауқымына қарай 2
3.1 Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу тәртібі. 5
3.2 Ауыл шаруашылығы алқаптарының (жер) топырақ мониторингі. 9
3.3 Қоршаған ортаның ластануы мониторингі 13
3.4 Ауыл шаруашылығы топырақтың мониторингі. 16
3.5 Табиғи мал азықтық алқаптарының өсімдіктер мониторингісі. 20
3.6 Жер мониторингін ғылыми және технологиялық қамтамасыз ету.
Дистанциондық мониторинг. 22

Жер мониторингінің жалпы жағдайы, түсінігі, мазмұны және міндеті

Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері

Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпаратты алу үшін
қашықтықтан зерделеу, жер бетін суретке түсіру және бақылау
әдістері, сондай-ақ қор деректері қолданылады.
Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын
басқару жөніндегі техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару
жөніндегі тиісті аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және
сақтау пунктері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге
асырылады.
Жер мониторингінен алынған нәтижелер автоматтандырылған ақпараттық
жүйенің мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкінде
жинақталады.
Азаматтар, кәсіпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар,
шетелдік заңды және жеке тұлғалар жер мониторингінің мәліметтерін
белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

Аумақтық ауқымына қарай

1. Республикалық
2. Өңірлік
3. Жергілікті мониторинг болып бөлінеді.
Республикалық мониторинг Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын
қамтиды.
Өңірлік мониторинг физикалық, географиялық, әлеуметтік, экономикалық
және өзгеде шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды.
Жергілікті мониторинг жекелеген жер учаскесімен ландшафттық
экологиялық кешендердің қарапайым құрылымына дейінгі өңірлік
деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.

Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезенділігіне қарай
жердің жай – күйіне бақылаудың мынадай түрлері жүзеге асырылады.
1. Базалық бақылау
2. Жедел бақылау
3. Мерзімді бақылау
Базалық бақылау ол бастапқы жер мониторингін жүргізудің бастау
сәттегі объектінің жай – күйін бақылау болып табылады.
Жедел бақылау ағымдағы өзгерістерді бақылау.
Мерзімді бақылау ол 1 жыл немесе одан да көп жылдан кейінгі
бақылау.
Жер мониторингінің міндеттері:
1. Жердің жай –күйінің өзгерістерінің уақытылы анықтау оларды
бақылау болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау
мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізүді ұйымдастыру жер ресурстарын
мемлекеттік басқарудың өзгеде функцияларын ақпараттық қамтамасыз
ету болып табылады.
3. Жер мониторингінің жердің санаттарына сәйкес келетін ішкі
жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық
не жергілікті жер мониторингі жүзеге асырылады.
4. Жерді жүйелі түрде бақылаудың, суретке түсірудің , зерттеудің,
түгендеудің нәтижелері, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік
бақылаудың материалдары , мұрағаттық деректер, жердіңсапалық жай
– күйі туралы басқада мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат
көздері болып табылады.
Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру жер
ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жер мониторнгі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы
мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар бірыңғай жүйе бойынша
жүргізеді ал жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.
1. Қашықтатан тексеріп бақылау (ғарыштық ақпараттар биікке ұшатын
ұшақттардан биікке ұшатын ұшақтардан шағын авиационның және
басқа да құралдардың көмегімен суретке түсіру және бақылау
материалдары).
2. Жер бетінде суретке түсіру (топырақ, геоботаникалық және басқа
да аумақтық желі пунктеріндегі бақылау материалдары).
3. Жерді түгендеу (инвентаризациялау) және жер кадастрлық
құжаттар.
4. Қор деректерді (карталар, картограммалар, схемалар және кестелік
матер-р) пайдалану.
Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару
жөніндегі тиісті аүмақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және
сақтау пункттері бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге
асырылады. Жер мониторингінен алынған нәтижелер автоматтанған
ақпараттық жүйенің мұрағаттарында және деректер жинағында сақталады.
Азаматтар кәсіпорындар, мекемелер халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды
немесе жеке тұлғалар жер мониторингінің мәліметтерін белгіленген
тәртіппен пайдаланылады.
Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар.
1. Аумақтың дамуын жоспарлау, жерді аумаққа бөлу, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі мәліметтерді әзірлеу. Қала
мәселелері жер ресурстарын басқаруға
байланысты басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік жергілікті атқарушы
және үкімді орган.
2. Қоршаған орта және табиғи ресурстарын мониторингін
бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу табиғи ресустың пайдаланғанына
және қоршаған ортаның жай – күйіне бақылау жүргізу мәселелері
мемлекеттік органдар арасында табиғат қорғау іс – шараларын әзірлеу
бойынша жиынтық деректер банкін жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық орган.
5. Өзгеде заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзгеде шектеулерді
Қамтымайтын деректері жалпыға қол табылады және мүдделі жеке және
заңды тұлғаларға ақылы негізінде беріледі. Жер мониторингі жөніндегі
құжаттар базалық және есептік құжаттарды қамтиды.
Жер мониторингін реттейтін негізгі нормативтік заңдылық
құжаттарға мыналар жатады:

1. Жер кодексі 24.01.2004ж
2. Қазақстан Республикалық Үкіметінің 19.09.2003ж №956 қаулысы.
“Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның
деректерін пайдалану ережесі”
Базалық құжаттарға жататындар жердің жай – күйінің бастапқы
тақырыптық карталары картографиялық материалдар және жердің сапалық
жай – күйі туралы жиналған материалдар жатады.
Есеп құжаттарға жататындар: жердің жай – күйінің тіркелген
өзгерісі және сандық көрсеткіштері көрсететін кестелер ведомоствалар
жатады.
Жер мониторингі деректерін пайдалану қағаз немесе
магниттік жеткізгіштерінің стандарты рәсімделген құжаттармен танысу
және оларды алу сондай-ақ технологиялық телекомунникациялық байланыс
құралдарын қолдану арқылы деректер банкінде тікелей рұқсат етілген
кіру нысанасында жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы мониторингінің жүйесі.
Мониторинг объектілері.
1. Шаруашылық субъектілнрінің және елді - мекен шаруашылығының
мониторингі.
2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі.
3. Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі.
Ауыл шаруашылығын реттеу ауыл шаруашылық мекемелерін шаруа
фермер қожалығын және үй шаруашылығында үздіксіз бақылауды және
талдауды қажет етеді. Сонымен мониторинг объектілері ауыл шаруашылық
мекемелері (АОҚ, АҚ, ШФҚ) және елді – мекен шаруашылығы болуы керек.
Ауыл шаруашылығында өндірістің негізі – жер болғандықтан оның
пайдалану тиімділігін бақылау және топырақ құнарлығын сақтау,
жоғарылату қажеттілігі туады. Республикадағы елді -мекендердің 44 %
ауылда тұрғандықтан және ауыл шаруашылық өндірісіне байланысты
ауылдың дамуы , ауылдың әлеуметтік сферасы мониторингін құруды
көздейді. Оның объектісі ауылдың елді – мекен және әлеуметтік инфра
құрылымы болып табылады.
Шаруашылық субъектінің мониторингі ол ауыл шаруашылық
өндірісінің өнімі (өсімдік жүргізу және мал шаруашылығын жүргізу )
материалды техникалық базасы, елді - мекендегі шаруашылық өндірісі,
өнімнің қаражатты - экономикалық көрсеткіштері, ресурстар және ауыл
шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін пайдалану.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі - ауыл
шаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы, ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлердің иелену формалары және пайдалану.
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі – ауылдық елді -
мекен, ауылдық елді – мекендегі еңбек нарығы, өмір сүру деңгейі,
ауылдағы білім және мәдениет, денсаулықты сақтау.
Басқару шешімдерін қабылдауда ақпаратты аналитикалық
механизмінің басты элементі мониторингтің кешенді ақпараты жүйесі
болып табылады. Осыған байланысты оны ұйымдастыру схемасын анықтауға
болады.
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі:
1. Шаруашылық субъектінің және елді - мекеннің шаруашылық
мониторингі.
2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау
министрлігі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

3.1 Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу тәртібі.

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы:
1. Қоса беріліп Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу
және оның деректерін пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Топырақ және геоботаникалық зеттеулерді жүргізуде қайталауға жол
бермеу, жер мониторингі деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету
мақсатында жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті
ортаға топырақтық , топырақтық – тұздық, топырақтық – эрозиялық,
топырақтық – агрохимиялық, топырақтық - геохимиялық, топырақтық -
мелиорациялық, топырақтық – геохимиялық, топырақтық – мелиорациялық,
геоботаникалық зерттеулер мен тексерулердің бірыңғай мемлекеттік
есебін, сондай – ақ көрсетілген зерттеулер мен тексерулердің негізінде
жасалатын тақырыптық карталардың, картограммалардың сараптамаларын
жүргізу жүктелсін.
1. Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның
деректерін пайдалану ережесі бұдан әрі Ереже Қазақстан
Республикасын жер мониторингінің мазмұның , құрылымын, оны жүргізу
және деректерін пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы ережеде қолданылатын ұғымдар:
Жердің тозуы – жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының
өзгеруіне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи –
шаруашылық мәнін төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы;
Статционарлық учаске - әр түрлі табиғи климаттық, аймақтарда,
провинцияларда, биіктік белдеулеріне өсімдіктер мен топырақтың
жамылғысы жағдайын ұзақ уақыт (10 жылдам астам мерзімге) тұрақты
бақылау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі.
Полигон – белгілі бір ландшафтың түрлерін (құмдар, тау етегінін
жазықтары, таулар) сипаттайтын әртүрлі конфигурациялы аумақ.
3. Жер мониторингінің мазмұны – жер қорының жай –күйін жүйелі түрде
бақылау (суретке түсіру,іздестіру, зерттеу), онда болып жатқан
өзгерістерді анықтау және оларға баға беру.
4. Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсатымен
және аумақтық ауқымымен айқындалады.
5. Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып
жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынандай
қосымша жүйелерге бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің мониторингі;
елді – мекендер (қалалар, кенттер мен аудандық елді –
мекендер) жерінің мониторингі;
өнеркәсіп, көлік, байланыс,қорғаныс және өзгеде ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жердің мониторингі;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жердің, сауықтыру
аумақтағы жердің, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи –
мәдени мақсатындағы жерлердің мониторингі;
орман қоры жерінің мониторингі;
су қоры жерлерінің мониторингі;
босалқы жерлердің мониторингі.
6. Аумақтық ауқымына қарай жердің республикалық, өңірлік және
жергілікті мониторингі жүзеге асырылады:
Республикалық - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын
қамтиды;
Өңірлік – физикалық географиялық, әкімшілік, экономикалық және
өзге де шекаралармен шектелген маумақтарды қамтиды;
Жергілікті – жекелеген жер учаскелері мен ландшафтық –
экологиялық кешендердің қарапайым құралдарына дейінгі өңірлік
деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.
Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай
жердің жай – күйін бақылаудың мынадай:
базалық (бастапқы жер мониторингін жүргізуді бастау
сәтіндегі бақылау объектілерінің жай – күйін бақылайды);
жедел (ағымдағы өзгерістерді тіркейтін);
кезеңдік (бір және одан көп жылдан кейін) түрлері жүзеге
асырылады.
7. Жер мониторингі:
Жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерудерді
(қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;
Жердің жай – күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
Жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу ;
Белгілі бір уақыт кезеніңде жердің сапалық жай - күйін
болжауды әзірлеу;
Жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды
қамтиды.
8. Жердің жай – күйін бағалау жүргізілетін байқауларды
(кезеңдік,маусымдық,тәулікті) талдау, алынған көрсеткіштерді
нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы қарқындылығын
зерделеу арқылы орындалады.
9. Жердің жай – күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға
өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінің,
бағытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар,
диаграммалар және кестелер қоса беріліп отырып, жедел мәліметтер,
баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
10. Жер мониторингін ұйымдастыруды жер ресустарын басқаружөніндегі
орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Жер мониторингін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар бірыңғай жүйе бойынша
жүргізіледі, жер ресустарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті оргна
оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.
12. Жер мониторингін жүргізу республикалық бюджеттің қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
13. Жер мониторингін жүргізу үшін жер ресурстарын басқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган жердің жай – күйінбақылаудың стационарлық
пунктерін қамтиды.
Статционарлық бақылау пунктері берілген толықтық пен дәлдік
арқылы жердің жай – күйі туралы ақпаратты – жүйелі алып туру үшін
құрылады. Статционарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар
осындай пукттерге жатады.
Жартылай стационарлық бақылау пунктері (жартылай стационарлық
алаң, бейін ) жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай
ұйымдастырылады. Оларды бақылау жүйелі түрде 3,5,10және одан көп жыл
арлықпен жүргізіледі.
15. Мониторингтің деңгейі бақылау пункттерінде жүргізілетін жердің
жай – күйін бақылау бағдарламасымен айқындалады.
16. Жер мониторингі бірыңғай жіктеушілерді, кодтардыбірліктер жүйесін,
деректер мен нормативтік – техникалық базаның стандарттық форматтарын,
координаттар мен биіктіктерді мемлекеттік жүйесін қолдануға
негізделген әрекетті деректердің өзара үйлесімділік қағидасы сақтала
отырып жүргізіледі.
17. Жер мониторингі жөніндегі ақпаратты алу үшін:
қашықтықтан тексеріп - байқау (ғарыштық аппараттардан, биікке
ұшатын ұшақтардан, шағын авиацияның және басқада құралдардың
көмегімен суретке түсіру және бақылау);
жер бетінде суретке түсіру (топырақтық, геоботаникалықжәне басқа
да) және аумақтық – аймақтық желі пунктеріндегі бақылаулар;
жерді түгендеу, жер кадастрлық құжаттама;
Қор деректері (карталар, картограммалар, схемалар, кестелік және
басқа да) материалдары пайдалынады.
18. Ғарыштық жеткізгіштен суретке түсіру мен бақылау республикалық
және өңірлік деңгейлерде жердің жай - күйінің сипаттамасын алу үшін
орындалады.
Жер бетіндегі бақылау, зерттеу,тексеру және суретке түсіру
статционарлық және жартылай статционарлық алаңдарды , түйінді
учаскелерді, полигондарды және бейіндерді пайдалану арқылы жердің
барлық санаттары бойынша жүргізіледі.
19. Жер мониторингінің нәтмжелері қағаз жеткізгіштермен де,
ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерін пайдалану
арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде
рәсімделеді.
Жер мониторингі бойынша алынған ақпаратты тиісті жер ресурстарын
басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдар қорытады әрі талдайды,
ол мұрағаттар мен автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер
банкінде жинақталады және сақталады.
20. Жер мониторингі жөніндегі құжаттамалар базалық және есептік
құжаттарды қамтиды.
Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер жер
учаскесінің бастапқы (аялық) жай – күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға
жердің жай – күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық
материалдар және жердің сапалық жай – күйі туралы жиналған мәліметтер
жатады.
Бірізділендірілген нысандар, оларда жердің жай -күйінің
тіркелген өзгерісі көрсетілген кестелер есептік құжаттар болып
табылады.
21. Жер мониторингі жөніндегі құжаттар мынадай
талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Белгіленген үлгідегі бланкілерде атқарылуы.
Картографиялық материалдар жер ресурстарын басқару жөніндегі
орталық өкілнтті орган белгіленген техникалық талаптарға сәйкес
әзірлену.
Мемлекеттік құпияға жататын жер учаскесінің жоспарларында
қамтылған мәліметтер олардың құпиялығын қамтамасыз ететін белгіленген
ережелерге сәйкес пайдалынады және сақталуы тиіс.
22. Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар:
Аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аймаққа бөлу, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, қала
құрылысы кадастры мәселелері, жер ресурстарын басқару байланысты басқа
да мәселелер бойынша - мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді
органдар;
Қоршаған орта және табиғи ресурстер мониторингінің бірыңғай
жүйесін жүргізу, табиғи ресурстардың пайдалануына және қоршаған
ортаның жай – күйіне бақылау жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар
арасында табиғат қорғау іс – шараларын әзірлеу бойынша жиынтық
деректер банкін жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық орган;
өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
23. Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз және
магниттік жеткізгіштермен стандартты рәсімделген құжаттармен танысу
және оларды алу, сондай – ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс
құралдарын қолдану арқалы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген
кіру нысанында жүзеге асырылады.
24. Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге
де шектеулерді қамтитын деректері жалпыға қол жетімді болып
табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде
беріледі.
Жер мониторингінің деректері мемлекеттік органдарға беру осы
мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге
асырылады.

3.2 Ауыл шаруашылығы алқаптарының (жер) топырақ мониторингі.

Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізгенде ауыл шаруашылық
Мониторингі және ауыл шаруашылықтың басқа алқаптарында жеке жұмыс
ретінде немесе ботаника гидрогеологиялық , инвентаризациялық,
топогеодезиялық жұмыстар кешеніңорындалады. Ауыл шаруашылық
алқаптарының топырақ мониторингінің негізгі мақсаты жай - күйін бақылау
олардың өнімділік мүмкіндігін сақтау және арттыру оларды ұтымды
пайдалану және қорғау бойынша ұсыныстар жасау дұрыс пайдаланбағаны
үшін шаралар қолдану ұсыныстар беру және топырақты ұтымды пайдалану,
құнарлығын арттырғаны үшін жеңілдіктер жасау болып табылады.

Ауыл шаруашылық мониторингісі топырақ жамылғысының жай –
күйін тексеру және бақылау жүйесі болып табылады. Бұл жұмыс өз
уақытында топырақта болып жатқан өзгерістерді бақылау үшін жүргізуді
және өзгерістердің бағыты мен қарқындылығын бағалайды, өтіп жатқан
процестердің дамуын болжайды, кері процесстердің алдын – алу бойынша
ұсыныстар жасайды. Топырақ мониторингінде бақылау, тексеру, болжау
және бағалау жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде топырақтың келесі
параметрлері зерттеледі.

1.Су және жел эрозиясы,

2.Тұз және су эрозиясы

3.Ауыр металдармен, радионуклеидтермен, пестицидтермен
гербоцидтермен және тыңайтқыштармен ластануы

Өсімдіктердің қоректену элементтері (гумус, азот,
калийдің, жалпы өсгермелі мөлшерінің дамуын бақылау). Аумақты
территориялық игеру нәтижесінде сандық және сапалық жағдайын бақылау
және келеңсіз процестердің немесе құрылыстардың алдын – алу бойынша
шараларды қолдану және талдау жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық мониторингі мынандай бағыттарға бөлінеді:

1. Ғылыми әдістемелік
2. Әдістемелік қолданбалы
3. Қолданбалы
4. Ақпаратты техникалық
Ғылыми әдістемелік бағыт бойынша зерттеулер статционарлық
және жартылай статционарлық экологиялық алаңдарда полигондарда және
басқада негізгі учаскелерде 1 жыл немесе ұзақ мерзімді 5 –15 жыл
интервал аралығында гумус құрамын калий, фосфор, суға еритін
тұздар, пестициттер және гербицидтер мөлшерін бақылау сондай – ақ
судың физикалық қасиеттерін топырақтың тұздық режимін зерттейді.

Әдістемелік қолданбалы бағыт бойынша мына жұмыстар
жүргізіледі:
Топырақ, топырақ мелиоративті, топырақты эрозиялық зерттеулер
материалдарын жалпылау және жүйелендіру аудандық, облыстық,
республикалық арнайы карталарды картограммаларды құрастыру сондай – ақ
топырақ тізімін жүйелеу және өңдеу классификациясын нұсқауларын
көрсету топырақты бонитеттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және
тағы басқа.
Қолданбалы бағыт алғашқы топырақ, топырақ мелиоративті
топырақты эрозиялық іздестіруді қайта зерттеулерді және қолдағы бар
материалдарды түзету жұмыстарын және жер пайдаланудың арнайы
карталарын құрастыру және табыстау жұмыстары осы бағыт бойынша
орындалады. Сондай – ақ су және жел эрозияның жергілікті дамуын
топырақтың тұздық режимінің өзгеруін, топырақтың ауыр металдармен
мұнай өнімдерімен пестицидтермен минералдық тыңайтқыштармен ластануы
бойынша кешенді түрде далалық лабораториялық , камералдық жұмыстар
жүргізіледі.
Ақпаратты техникалық бағытта автоматизациялық ақпараттық
база құру барша бағдарламаларды жасау Республиканың мониторинг
бойынша мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру жұмыстарын жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының мониторингінің ғылыми
әдістемелік бағыты. Топырақ мониторингі үшін бақылау объектілерінің
барлық топырақ климаттық зоналарда және республика аумағында
орналасуы жалпы принцип болып табылады. Бақылау объектілерінің ауданы
100 га құрайды. Әр бақылау учаскесінде топырақты зерттеу үшін 3 –
ке жуық статционарлық экологиялық алаңның ауданы 1 га кем болмауы
тиіс. Статционарлық экологиялық алаңдарда әр жыл сайын бақылау
жүргізіледі. Олар:

- 1 рет қана
- ай сайын
- декада сайын
- ауыл шруашылық өсімдігінің даму фазасы бойынша бақылау
жүргізу.
Топырақ материалдарын жалпылау және талдау жұмыстары 2 этапта
орындалады.
1 этапта Жер пайдаланушылар бойынша жиі кезднсетін 5
топырақ түрлерінің көлемі табиғи шаруашылық аудандастыру есебінен
таңдап алынады.
2 этапта 1 этаптың берілгендері негізінде әкімшілік
облыстар бойынша жиі кездесетін 5 түрлі топырақ таңдап алынады.
Топырақ түрлері аудандары бойынша топырақ картасынан және
шаруашылығы топырақтың жүйелік тізімдерінен алынады. Бақылау
объектілерін орналастыруды алдын – ала анықтауда доминантық топырақ
турлерінің шинен біреуі бойынша статционарлық экологиялық алаң
ұйымдастырылады. Ал қалған 4 топырақ доминант түрлері бойынша
жартылай статционарлық экологиялық алаңдар түзіледі. Жасалған жұмыстың
нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының әр әкімшілік облыстың
шегінде табиғи ауыл шаруашылық аудандарды есепке ала отырып бақылау
объектісін немесе статционарлық жартылай статционарлық экологиялық
алаңдарды анықтау әр топырақ зонасына бөлінген бақылау объектінің
санына байланысты табады. Ауыл шаруашылық алқаптарын топырақ
мониторингін жүргізу жүйе ұйымдастыру 3 кезеңде орындалады.
1. Дайындық
2. Далалық
3. Камералдық
Дайындық кезеңі бұрын жүргізілген жұмыстың топырақ
материалдарын негізге ала отырып алынып жатқан бақылау учаскесінің
орны (шаруашылығы, егістігі, танап және топырақ контуры ) анықталады.
Қажетті материалдардың барлық түрлері бойынша мәліметтер жиналады.
Олар төмендегідей:
- Топырақ, агрохимиялық, геоботаникалық, гидрогеологиялық
түсірістер,
- Тыңайтқыштарды енгізу саны мен сапасы жайында мелиоративтік
және агротехникалық шараларды жүргізу,
- Топырақ геоботаникалық, гидрогеологиялық карталардың ішкі
шаруашылық жерге орналастыру пландарындағы көріністерді көшіру,
- Топырақ қасиетін анықтайтын кешенді жүргізілетін жұмыстың
бағдарламасын календарлық планның шығындар сметасын және тағы
басқа деректер жиналады.
Далалық кезеңдердің жұмыстары 2 этаптан тұрады:

1. этапта топырақтың түрлерінің қасиеттерін және факторлардың
қазіргі жағдайын зерттеу және топырақ процестерінің дамуына және
тигізетін әсерлерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Статционарлық экологиялық алаңдағы көп жылдық режимді бақылау үшін
бірінші этап нәтижесі есеп беру базасы болып табылады.
2. этапта кешендегі топырақ параметрлерінің өзіндік көп жылдық
режимді бақылауы жасалады. Бақылау учаскесінің орналасу резервінің
саны және табиғи ауыл шаруашылық зонадағы ауыспалы егістігі бойынша
анықталады. Бақылау учаскесінің орнын таңдауда шаруашылық агрономы,
жер категориялары жерге орналастыру аудандық комитетімен келісімге
келе отырып анықталады және жер учаскесінің актісі құрылады. Бақылау
учаскесінің топырақтарын зерттеуде горизонтальдар арасы 0,5 м
орналасқан топырақ түсірістер аэроүсірістер түсіріліп олардың
фотопландары арқылы зерттеу жүргізіледі. Статционарлық экологиялық
алаңдарда мыналар анықталады:
1. Топырақтың морфологиялық қасиеті.
2. Топырақтың су физикалық қасиеті.
3. Жер асты суларының деңгейі және минералдануы.
4. Агротехникалық көрсеткіштер, жырту тереңдігі, енгізілетін
тыңайтқыштар түрлері мен көлемі егілетін дәнді дақылдар
сорттары және олардан алынатын өнімділік.
5. Жүргізілетін мелиоративтік шаралардың сипаты.
6. Ауыр металдардың концентрациясы, пестицид және радионуклеидтердің
мөлшері.
7. Жұмыстарды жүргізу кезеңіндегі метериологиялық мәліметтер және
басқа да топырақ гидрологиялық параметрлер.
8. Стационарлық экологиялық алаңдардағы ауыл шаруашылық өнімін
өндіруге кеткен жалпы шығын.
Статционарлық экологиялық алаңдарда әр жылда топырақ түзуші
процесінің параметрлері анықталады. Олар төмендегідей:

- тұздану
- карбонаттылығы
- гипс
- гумустылығы
- ылғалдылығы
- азот, калий және басқа да элементтерінің мөлшері
- тыңайтқыштар түрлері мен көлемі
- жауын – шашын мөлшері
- ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері, сорттары және өнімділігі
a. А+В гумусты горизонттың жалпы қуаттылығы анықталады
Камералдық кезең дайындық және далалық кезеңдерден алынған
мәліметтер өнделіп есептеулер жасалады. Камералдық кезіңде топырақ
және жер асты суларының физика – химиялық сипаттамаларына
лабораториялық анықтау жүргізіледі.
- механикалық құрамы
- микроагротехникалық құрамы
- гумус
- гипс
- топырақ қоспасының РН реакциясы
- азот, фосфор, калийдің жалпы мөлшері
- ауыр металдар
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры құжаттамасы
Мониторинг түсінігі
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
Мемлекеттік жер кадастры
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Нысанның орналасқан жері
Пәндер