МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕРДІҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ


ЖОСПАРЫ
- МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕР - анықтамасы, кездесетін байлықтары.
- МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕРДІҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ:
а) мұнай қалдықтары
ә) радиоактивті қалдықтар
б) өндірістік қалдықтар
3. ТЕҢІЗДЕР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ КЕСТЕСІ (мұхиттағы ең үлкен апаттар мен олардың зардаптары) .
4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕР СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Ғылыми-техникалық прогресс, барлық елдерде экономиканың қарыштап дамуы адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.
Өнеркәсіптің дамуы жер қойкауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Сонымен қатар, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1. 200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал, бұл сан содан кейінгі 100 жылдықта-ақ екі есеге көбейген (2. 500 млн) . Ендігі кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40 жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген "тұтыну қысымын" өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзіміне жаңылды. Үшіншіден, қалалар көбейіп, оларда тұратын халық саны артты. XX ғасырдың басында жалпы халықтың 10%-ы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%-ға жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ға жетті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды. Бір сөзбен айтқанда, адам өзінің өнеркәсіптік шығармашылығымен қоршаған ортаның процестеріне кеңінен араласып, оларға кері әсерін тигізді. Қала маңында шоғырланған өндірістік орындардың қалдықтарының тікелей су бассейніне тасталуы - су ресурстарының шектен тыс ластануына әкеліп соқты. Ал судың ластануы дегеніміз, ол - адам ағзасының ластануы, денсаулық мәселесінің шиеленісуімен тікелей байланысты. Денсаулығы нашар адамның жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, денсаулығын көтеруге қажет қаражат, дәрі-дәрмек сатып алумен байланысты болса, ол - әлеуметтік жағына әсерін тигізеді. Бұл әркімнің отбасылық өміріне де нұқсан келтіретіні түсінікті.
Адамзат баласы өзі өмір сүріп отырған ортаны, айнала қоршаған ортаны шектен тыс ластап, табиғатқа орасан зор нұқсан келтіруде. Бұл әрине дұрыс емес. Менің баяндамам ресурс ішіндегі су атаулының ластануы, соның ішінде дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздердің ластануы жайлы.
Алдымен, теңіз бен мұхит деген терминдерге анықтама беріп, содан әрі баяндамамды жалғастырып кетемін.
Теңіз - мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық және климаттық режимдерімен бөлінетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мыс., Атлант мұхитының Сарғас теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдерде - Каспий, Арал, Өлі теңіз - теңіз деп, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады.
Мұхит - құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361, 26 млн шаршы километр, көлемі 1340, 74 млн шаршы километр, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Мариан шұңғымасы, Тынық мұхиты) . Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы төртке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік мұзды мұхит (4%) .
Мұхит суларында Д. Менделев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1км 3 -інде 36 млн тонна түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300-350 млрд т (қойнау қайраңында 184 млрд тонна) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік теңіз, Парсы шығанағы және Оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, маницит, титан, ильменит, рутил, т. б. ) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылумен қалыптасады.
Тірі организмдер бүкіл мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос, планктон және нектонға бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200-300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай.
Дүниежүзілік мұхиттың және құрлық жағалауларындағы теңіздердің ластануы теңіз суына, теңіз түбіне, жағалық және арналық аудандардағы теңіздерге әр түрлі ластанған заттардың түсуінің нәтижесінде болады. Олардың жалпы жылдық көлемі мыңдаған, миллиондаған тонналарды құрайды. Осындай ластану теңіз суының табиғи сапасын нашарлатады, тірі организмдер мен адам денсаулығына зиянын тигізеді. Сонымен қатар дүниежүзілік мұхиттағы биоресурстардың әлеуетін төмендетеді және экожүйелер арасындағы (теңіз жануарлары, теңіз өсімдіктері мен планктондары арасындағы) байланыстарды бұзады және барлық теңіз биотасының дамуына кедергі жасайды.
Дүниежүзілік мұхиттағы теңіз суларын ластайтын қауіпті және ең көп таралған түрлеріне жататындары:
1) мұнай және мұнай өнімдері;
2) ауыр металдар (сынап, қорғасын, кадмий және т. б. ) ;
3) хлорорганикалық қоспалар және пестицидтер;
4) радиоактивті заттар.
Осы барлық ластандыру көздерінің қатарына тағы үлкен көлемдегі әр түрлі сұйық және қатты үй-тұрмыстық қалдықтарды жатқызуға болады. Олар теңіз ортасына әр түрлі жолдармен түседі: атмосфералық жауын-шашындармен бірге; өзеннің ағыс суларымен бірге және теңіздерге өндіріс қалдықтарының тікелей тасталынуы нәтижесінде, сонымен қатар мұнай шаруашылығымен байланысты теңіздегі кемелердің жүк тасу кезінде ластануы болады.
Теңіз суының ластануының 70% жуығы жергілікті ластану көздерімен тікелей байланысты. Оларға кіші және үлкен қалалардағы өнеркәсіп, құрылыс, көлік, тұрмыстық шаруашылық орындары жатады.
Дүниежүзілік мұхиттағы ластанудың ең қауіптісі мұнай ингредиенттерімен ластануы. Жыл сайын дүниежүзілік мұхит акваториясына түсетін мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 3-5 млн тоннадан 10-15 млн тоннаға, тіпті 25-30 млн тоннаға жетеді деп бағаланады.
Мұнай өнімдері арқылы теңіз ортасына түсетін көмірсутектер судағы тіршілікке аса қолайсыз кері әсер етеді. Олардың бір бөлігі бірден атмосфераға бу болып айналып кетсе, екінші бөлігі теңіз организмдеріне өзінің уыттылығымен үлкен қауіп-қатер туғызады, ал үшіншісі су бетіне май ретінде жайылып мұнай қабығын құрайды да, ауа алмасуын тоқтатып, экологиялық жағдайды нашарлатады. Осы мұнай қабықшасы мұхитқа түсетін күн сәулесін қысқартады. Ол судың булануын қиындатады. Мұнай қабықшасы атмосфера және мұхит сулары арасындағы газ алмасу тепе-теңдігін тез өзгертеді, теңіз суларындағы оттегінің құрамын кемітеді.
Дүниежүзілік мұхиттың ластануы әдетте мұнайды танкерлерге артқанда, тасымалдағанда көп мөлшерде болады. Тағы да үлкен мөлшерде танкерлердің двигательдерімен жұмыс жасағанда және доктардағы (кеме жөндейтін порттағы құрылыс орны) танкерлерге жөндеу қызметін көрсеткенде, танкерлерді тазалап жуу кезінде, сонымен қатар балласты (кемені ауытқытпай тең ұстау үшін құйылатын су) суларды құю нәтижесінде түсуі мүмкін.
Дүниежүзілік мұхит пен теңіздерде апатқа ұшыраған танкерлер туралы ерекше айту керек. Статистикаға сүйенсек 1977-1990 жылдары 580 рет танкерлер апаты болған. Соның 370 апатында мұнайдың теңіз суларына көп мөлшерде төгілгені тіркелген. Осылардың ішінде өте үлкен 16 апаттың нәтижесінде 100 баррельден 200 мың баррельге (бір мұнай баррелі 159 литрге тең) дейін мұнай төгілген. Мұнайдың бұдан да көп төгілген апаттарының саны 24-ке жетеді. Көптеген мемлекеттердің жағалауларында апатқа ұшыраған бірнеше алып танкерлер 1-кестеде келтірілген.
Танкерлердің апатқа ұшырауына әр түрлі техникалық себептерге, сынуы, өрттің шығуына байланысты болады. Кейде көптеген танкерлерде мысалға: "Кастельо де Бельвер" Кейптаундағы рейдте (теңіз портына кіре берістегі кеме тоқтайтын қолайлы жер) тұрған кезінде жарылысқа ұшырады. Көптеген танкерлер суда жүзіп келе жатып маржандарға және тастарға соқтығысып апатқа ұшырап жатады. Парсы шығанағынан мұнай тиеп шыққан алып танкерлер Африканың оңтүстігіндегі жағалауларын айналып жүзіп өту кезінде апатқа ұшырауларының себебі көп жағдайда осындағы өте қауіпті кемелерді "өлтіргіш" толқындарға соқтығысуына байланысты. Мұнай тиеп шыққан алып танкерлер бағытын ауыстырып АҚІП және Еуропаға бағыт алғанда апатқа ұшырауының себебі осы "өлтіргіш" толқындар болуы ғажап емес. Ол толқынның биіктігі 20 метрге жетеді. Олар кемелердің корпусын оңай сындыра алады.
Теңіз суларының мұнаймен ластануы көздері туралы басқа да деректерді келтіруге болады. Олардың ішінде құрлықтан келіп түскен муниципалдық қоқыстар (мусорлар) және өнеркәсіптік қалдықтарды айтуға болады. Көп жағдайда теңіз суларының мұнаймен ластануы теңіз қайраңдарында (шельфтерінде) мұнайды өндіруге байланысты барлау, скважиналық бұрғылау кезінде және өндіру барысында мұнай платформаларында болып тұратын апаттарға байланысты ластанады.
Теңіз суларының мұнаймен ластануының тағы бір көзі - ол теңіздердегі әскери соғыстарға байланысты. Мысалы, Иран-Ирак соғысы барысында 1980-1988 жылдар аралығында 150 танкердің оққа ұшуына байланысты, оларға тиелген мұнай Парсы шығанағына төгілді. Ал 1991 жылы Ирактың Кувейтке соғыс жариялап жаулап алу кезінде Парсы шығанағына тағы 1, 5 млн. тонна мұнай төгілді. Осындай апаттарға байланысты Парсы шығанағында аса қауіпті экологиялық жағдай қалыптасып отыр.
Әр түрлі ғылымдар саласының мамандары дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануының картасын жасауға талпыныс жасауда. Алайда, осындай картаны жасаудың ортақ бір шартты шешімдері келісіліп қабылданбағандықтан, олардың карталарындағы су айдынының ластану аумағы әр түрлі. Ондай карталардың ерекшелігі, онда дүниежүзілік мұхиттың тек мұнаймен ластанған айдынының жалпы көрінісі сипатталган. Тағы бір байқалатыны мұнай өнімдерімен ең көп ластанған су айдыны Атлант мұхитының үлесіне тиіп отыр. Оның себебі, біріншіден Солтүстік теңізде мұнай өндірілетін болса, екінші бір негізгі себебі Еуропаның экономикасы дамыған елдерінің барлығы мұнайды осы Атлант мұхитының жағалауындағы теңіз жолдарымен тасымалдауына байланысты. Мұнаймен ластанған су айдыны Атлант мұхитының Африка жағалауларында да көптеп жайылып жатыр. Мұның себебі, Африканың жағалауларында мұнай таситын алып танкерлердің жолы өтеді. Ал Гвинея шығанағы жағалауындағы судың мұнаймен ластануы осы жағалаудағы елдерде мұнайды теңіз жағалауларында өндіруімен байланысты. Ал Мексика шығанағы жағалаулары мен Кариб теңізінің мұнаймен ластануының себебі, бұл жерде мұнайды осы теңіз қайраңдарында өндірумен байланысты. Атлант мұхитының ашық бөлігінде ластануының бір себебі, ол Канар ағысы мен Пассат желдерінің мұхиттық ағыстарының алып келуіне байланысты.
Тынық мұхитында су айдынының мұнаймен ластануы оның азиялық жағалауында көп таралған. Өйткені, осы азиялық жағалауларда мұнайды өндіру қайраңдарда жүргізіледі және осы азиялық жағалауларға жақын жерлермен мұнай тасымалдайтын алып танкерлердің жолы (трассалары) өтеді.
Үнді мұхитында мұнай өнімдерімен ең көп ластанған бөлігі Парсы шығанағының аумағы. Дүниежүзілік мұхиттың айдынында Парсы шығанағының аумағы теңіз суының астынан мұнай өндірудің ең үлкен алыбы болып саналады. Сондықтан бұл аймақ теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жүк толқыны қалыптасатын басты аудан. Осы мұнай жүк толқындарының қалыптасуына байланысты Африканың шығыс жағалаулары, Азияның Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығыс жағалаулары мұнай өнімдерімен көп ластанған.
Солтүстік Мұзды мұхиттың су айдыны мен материктік жағалауларының мұнаймен ластануы азырақ, дегенмен мұнда да мұнай өндіретін аудандар теңіз жағалауларында (Гренландия теңізі мен Бофорт теңізі) кездеседі.
Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластану концентрациясының орташа көрсеткіші 5-10 мг/л. Ал осы мұнаймен ластанудың концентрациясы бұдан жоғары болатын болса, онда көптеген балықтар тіршілік ете алмайды, ал олардың шашыратқан уылдырығы, шаян тәрізділердің дернәсілі (личинкасы) мен былқылдақ дене (моллюска) тәрізділері ластану концентрациялары 0, 01-0, 1 мгл мөлшерінің өзінде өліп қалады. Ал дүниежүзілік мұхиттың кейбір бөліктерінде мұнаймен ластанудың концентрациясының мөлшері 50-300 мг/л дейін жететін су айдындары бар.
Мұнаймен ластанумен қатар дүниежүзілік мұхиттың табиғи ортасына оның радиоактивті заттармен ластануы да үлкен қауіп төндіруде. Оған мысал ретінде мынандай фактілерді келтіруге болады. Атом энергетикасы дамуының бірінші сатысы кезінде АЭС-тарда электр энергиясын өндірудің көзі болып, кейіннен радиоактивті қалдыққа айналган заттарды әдейі арнап жасалған, цементтелген контейнерлерде (оларды кейде қазақшалап "тас табыттар" деп те атаған) көміп, дүниежүзілік мұхиттық терең жерлеріне батырып жіберген болатын. Осындай жұмысты бірінші болып 1946 жылы АҚШ жасады, ал 1949 жылы Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Швейцария, ГФР, Италия, Швеция, Жапония, Корея Республикасы, Қытай, соңынан Жаңа Зеландия қайталады. Сол кезде осы мемлекеттерде атом энергиясын дамыту саласына жауапты болған мамандар дүниежүзілік мұхитты "жағалаусыз" және "түпсіз" деген қате түсінікте болғаны, олар үшін "ядролық мола" болуы зиянсыз деп ойлауы мүмкін. Олай деп ойлауына тағы бір дәлел, сол кездерде салынған АЭС-тардың басым көпшілігі теңіз жағалауларында салынуынан байқауға болады. Осы АЭС-тарда теңіз суын реакторларды салқындату, мұздату үшін пайдаланып, оны теңізге ағытып жіберіп отырған. Сонымен қатар осы АЭС-тардан шыққан қатты және сұйық қалдықтарды да теңіз суларына тастап отырған. Осындай түсінбеушіліктің жалғасы ретінде дүниежүзілік мұхиттың суына атом энергиясының күшімен жұмыс істейтін су астында жүзіп жүретін сүңгуір қайықтардан шыққан ядролық қалдықтарды да терең су астыларына көміп тастауын айтуға болады.
Радиоактивті қалдықтарды АҚШ, негізінен, Тынық, Атлант мұхиттарына және Мексика шығанағының терең жерлеріне тастап көміп отырады, ал Еуропа елдері материктің Атлант мұхитының Еуропалық бөлігіне жақын жатқан тереңдіктерге және Жерорта теңізіне тастап көмеді, Жапония болса Тынық мұхиттың терең акваторияларына батырып тастаған болатын. Бұған қоса АҚШ-та Колумбия өзенінің сағасында, Ұлыбританияда - Ирландия теңізінің жағасында радиоактивті плутоний шығаратын зауыт орналасқанын айта кету керек.
Дүниежүзілік мүхит айдынына радиоактивті қалдықтарды көму 1980 жылдан бастап күрт төмендеді. Бірақ та табиғатты қорғай-тын мекемелердің қаупі бүдан азайған жоқ, өйткені, көпшілік қойған "тас табыттар" толық қауіпсіздікті тек қана жақын онжыл-дықтар ішінде ғана қамтамасыз ете алатын еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz