ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ

Озон (грек ozon - аңқығыш) оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі. Химиялық формуласы О 3 . 1785 жылы голланд физигі М. ван Марум ашқан. Түсі қою көк, өзіне тән өткір иісті газ; балқу температурасы - 192, 7 0 С, қайнау температурасы 112 0 С. Суда ерігіштігі 0, 394 г/л (0 0 С-та) . Озон тұрақсыз, өздігінен жылу бөліп, оттекке айналады. Күшті тотықтырғыш, алтын мен платинадан басқа барлық металдарды толықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді. Озонды иод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды: О 3 +2Кl+Н 2 О=I 2 (көк) О 2 +2КОН. «Кәдімгі» оттекО 2 Кl-мен реакцияға түспейді. Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі. Таза озон - улы, микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда, т. б. қолданылады.

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысты өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км биіктікте орналасқан. Ондағы озонның концентрациясы 0, 01-0, 06 мг/м 3 . Егер қабаттагы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды. Озонның мөлшері сантиметрмен (0, 3-0, 5) немесе Допсон бірлігімен ( 100 есе үлкейтілген миллиметр - 300-500 бірлік) есептеледі.

Атмосфераның жоғары қабатындагы озон оттегі молекулаларының (0 2 ) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Бір уақытта озон молекулаларының ыдыраи, оттегіне айналу проңесі жүреді. Реакңия жүруінің шарты ультра-күлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы больш табылады.

Озон толқын ұзындығы 200-320 нм болатын сәулелерді сіңіреді. Олардың бір бөлігі, ұзын толқындармен қатар Жер бетіне дейін жетеді. Ұзындығы 200-400 нм сәулелер биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелер категориясына жатады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.

Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4% артып отыр. Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, «көшіп жүретін тесіктердің» пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100 мың км 2 .

«Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алгаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалган. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Озон тесігі - озоносфера қабатының жарылуы. Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ңғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болыи есептеледі. Бұл хлорфтор - көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларында, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т. б. қолданылады.

Тасымалдаушы-газ (процилленттер) ретінде фреондарды кеңінен пайдалану олардың өте тұрақты (инертті) газ болуына байланысты. Осы жоғары дәрежеде тұрақты (100 жылдан астам өмір сүреді) бо-луына байланысты фреондар озон қабатына жете алады және белсенді ортада одан хлор бөлініп шығады. Хлордың әрбір атомы катализатор ретінде озонның 100 мыңдаган атомын бұзуга қабілетті.

Қазіргі кезде фреондардың мөлшерін кеміту және болашақта өндіруді тоқтатуа бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропилленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады. Бірақ, жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Бірқатар елдер-де (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар гидрохлор-фтор көміртек немесе гидрофторкөміртекпен алмастырылуда Бұлардың өмір сүру мерзімі қысқа (2-25 жыл) .

Сонымен қатар, озон қабатының тұрақтылығын арттырудың басқа да жолдары қарастырылуда. Озон қабатына этан мен пропанды жіберу хлорды пассивті хлорлы сутегіне айналдырады. Сонымен қатар озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Олар оттегінің диссонациялануын арттырып, озонның түзілуі мен жиналуына жагдай жасайды.

Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстагы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындагы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.

Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардагы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуымен түсіндіреді.

Соңгы жылдары ғалымдар «озон тесіктерінің» пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр. Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек табиги процестерге байланысты, соның ішінде күн белсенділігінің 11 жылдық циклімен екені туралы жорамал айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселері Адам санының өсуі Адам демографиясының әлеуметтік-георафиялық ерекешеліктері
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Экологиялық проблемалар және қышқылдық жауындардың пайда болуы
БИОСФЕРАДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар
Атмосфералық ауаның ластануының экологиялық мәселелері
Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе.Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары.Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы мен адам өмiрiндегi маңызы
Экология және даму
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz