Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы және биосфера мен адам
өмiрiндегi маңызы 4
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері 7
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Адам өзінің барлық даму сатыларында қоршаған ортамен үнемі қарым-
қатынаста болады. Бірақ соңғы он жылдықтарда Ғылыми Техникалық Революцияның
даму барысында адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері күрт үлкейіп, қазіргі
кезде глобальды яғни дүниежүзін қамтитын проблемалардың біріне айналды.
Жоғары индустриялық кең орындар табиғи қазба байлықтарды пайдаланып,
олардың қорларын қайта толтырмайды, сонымен қатар көптеген орман мен далалы
жерлерге экономиканың дамуы барысында әр түрлі зауыттар, тұрғын үйлер,
темір жолдар тағы басқалар салынуда.
Адамзат өзі тіршілік етіп отырған ортаға, яғни биосфераға өзінің
"қолын сұғып" ондағы болып жатқан экологиялық, генетикалық, биологиялық,
химиялық және тағы басқа табиғатта болып жатқан құбылыстарға өзінің кері
әсерін тигізетініне көзіміз жетті. Бірақ бұған қарамастан қоршаған орта,
оның ішінде тіршілік маңызы зор атмосфера ластануда. Біздің
республикамыздың қалаларында автокөлік, жылу электр станциялары ауаға
көптеген улы заттарды шығарып отыр. Солардың біріне жататын көміртегі
оксиді (СО). Бұдан басқа да улы заттарға жұмыс барысында сипаттама
беріледі.
Жұмыстың мақсаты ретінде атмосфераның ластаушы көздерін анықтап,
оларға сипаттама бере отырып, адам организміне тигізетін әсерін анықтау.

1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы және биосфера мен адам
өмiрiндегi маңызы

Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу және sphaira — шар) — Жердi
қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жердi онымен бiрге айнала жүрiп
оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х
1015 тонна. Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн
қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен әсер етедi.
Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жер бетiнен қашықтаған
сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады.
Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера,
стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары
қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңiстiгiне таралады.
Осы қабатта атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.
Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл
қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi — 10-12 км, экваторда — 16-
18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп,
найзағайлар күн күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге
созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен,
атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң
ультракүлгiн сәулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан.
Мезосферада температура одан әрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте — 700С -қа
түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан,
онда 500-600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның
қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера
орналасқан.
Атмосфераның 400-600 км биiктiкке дейiн ғана сақталатын газды құрамы 1
кестеде берiлген.

1 кесте

Атмосфераның төменгi қабаттары мен таза құрғақ ауаның химиялық құрамы

Компо-ненттерМөлшерi КомпоненттеМөлшерi
р
Массасы Көлем Массасы Көлем
бойынша, бойынша, бойынша, % бойынша,
% % %
Азот 75,52 78,09 Азот оксидi2,5х10-3 2,5х10-4
Оттек 23,15 20,94 Сутек 3,5х10-4 5х10-5
Аргон 1,28 0,93 Метан 0,8х10-4 1,5х10-4
Көмiртек 0,046 0,033 Азот 8х10-5 1,5х10-4
оксидi диоксидi
Неон 1,2х10-3 1,8х10-4 Озон 10-6-10-5 2х10-6
Гелий 7,2х10-5 5,2х10-4 Күкiрт - 2х10-8
диоксидi
Криптон 3,3х10-4 1х10-4 Көмiртек - 1х10-5
оксидi
Ксенон 3,9х10-5 8х10-6

Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ бетiндегi,
топырақтағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.
Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08%
азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған
0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне
тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк
әрекеттерi нәтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан
фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер
оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға
тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық
заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы
көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануар-лар организмiне зиянды
әсер етедi.
Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлi. Ол,
бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының және тыныс алу үшiн
оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сәулелерден қорғайды, Жерде
жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тәрiздi өнiмдерiн
қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн
және басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер
үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына әсер етедi,
т.с.с.
Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi
реттiк және ол Жердiң қатты қабықшасынан пла-нета түзiлгенннен кейiн
бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң
атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне
бөлiнуi, вулкандардың әрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ультракүлгiн
сәулелерi әсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер
қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесiнде бөлiнетiн
газдар әсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.
Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол
сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк әре-кеттерiмен тығыз байланысты.
Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi
жанып кететiн метеориттердiң зиянды әсерлерiнен сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететiн тiрi организмдердiң
тiршiлiк әрекеттерi өз кезегiнде осы атмосфералық жағдайларға тiкелей
байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды әсер ететiн Күннiң
ультракүлгiн сәулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi
өсiмдiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы
өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климаттық факторлар, әсiресе, жылу
режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне әсер
етедi. Со-нымен қатар адамның тiршiлiк әрекетi атмосфераның құрамы мен
климатқа үлкен әсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800
жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi организмдер
сiңiрсе, көмiрқышқылын — 300-395 жылда сiңiредi.
Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның
атмосферасы негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы —
көмiр қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады,
сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон және басқа тұрақты,
ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компонентi — су
буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi атмосфераның қабаттары
жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая бередi.
Атмосфералық процестерге, әсiресе стратосфераның жылу режимiне озон
үлкен әсер етедi. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының
ультракүлгiн сәулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты
озонның бiр айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2
мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге
қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк әрекетiнiң
әсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон
қабатының бұзылуына әсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын галогендi
қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш,
Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады.
Фреондар стратосфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп,
бiздiң планетамызды ультракүлгiн сәулелерден сақтайтын, озон молекулаларын
ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор
аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау —
мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға
әкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар өндiрiсi мен оны
пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы әлемде бұл көрсеткiш әлi де
жоғары күйiнде қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан
жылға ұлғайып отыр.
Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферада бiркелкi
таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оңтүстiкке қарағанда
фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.

2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері

Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерiн кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының
мөлшерi жоғарылауда. Нәтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды
деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесiнде көмiрқышқыл
газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады.
Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы
күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса,
соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана
жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының
концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен
әсер етедi.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң
табиғатта жүретiн табиғи процестер нәтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық және
космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы,
орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық
шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар —
бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б.
түрiнде және өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде
болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи
ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер
қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн
жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады.
Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн,
олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады және топырақ пен тау
жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi
немесе су беттерiнен булану нәтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның
төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе
аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер
мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.
Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының
майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда
түзiледi. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк
ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi.
Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi
роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-
шашынның түзiлуiне әсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi
организмдердi күннiң зиянды сәулелерiнен қорғайды. Академик В.И. Вернадский
атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды.
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ
бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот,
көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне әкелiп соғады.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт
түрлерi, әсiресе автомобильдердiң жанар-майларының жану өнiмдерi болып
табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден
бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%,
көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот
оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын
компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт және
азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар,
мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етедi.
Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27%
қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн
болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне
түсетiндiгi белгiлi болды.
Қазiргi кезде бүкiл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса,
үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн
қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын
үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал әрбiр мың
автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық
емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде
адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейнiн күкiрттi газбен және шаңмен ластаушы жылу электр
станциялары. Қуаты орташа жылу электр стан-циясы 1 сағатта 80 т көмiр
жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид және 16-17 т күл бөледi.
Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететiн жағылатын отынның сапасы,
жағу әдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың
биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзек қызметі балдыр жасушасына ауа өткізу
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Ауаның ластануын талдау әдістері
ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН НОРМАЛАУ
«Атмосфераның құқықтық режимі»
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Павлодар қаласы ауасының ластану көздері
Атмосфера құрамы
Ластаушы заттардың тізбесі
Автокөліктің табиғи ортаға әсері
Пәндер