Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері және адам денсаулығына әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері 2
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар 4
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ) 5
Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы 8
Барлау органдарының жұмыстары 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған мың химиялық заттардың арасынан
тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың
жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға
болады.
Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта
түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр
салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек
химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың ) салдарын дер
кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті
шаралары мен ҚӘУЗ – бен зақымдану аймағында іс - әрекет жасау, ал қажет
болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында
қабылдауы мүмкін.
Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде
бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы,
гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы,
күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтил қорғасын, фосген,
фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі және т.б.

Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері

Химиялық обьектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына
жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін
жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер сильно действующие ядовитые вещества жаппай қаруларының
бiрiне жатады. Бұлардың негiзiн химиялық қосындылар құрайды. Олар
адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетiн, техниканы, суды және азық-
түлiктi улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтiн не
бу күйiнде болуы мүмкiн.
Улы заттпен зақымдаудың бiрнеше ерекшелiктерi бар:
• аз уақыт iшiнде жаппай улауға болады;
• ауа, жер кеңiстiгiнде үлкен аумақта улай алады;
• аэрозоль, бу түрiнде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кiрiп
кетеді.
• әр түрлi жағдайда, әр түрлi орындарда тұйық, желсiз жерлерде ұзақ
сақталуы мүмкiн.
Улы заттармен зақымданудың түрлерi:
• уланған ауамен демалғанда;
• улы тамшылардың терiге не көзге тиюi;
• уланған заттарды ұстағанда;
• уланған азық-түлiктi не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр,
сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы – 34,6ºС. Яғни, хлор қыс кезінде де газ
түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті
сұйыққа айналады. Суда жақсы еридi. Өндiрiстiң түрлi салаларында кеңiнен
қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға
қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал
мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада
таза ауаға шығарып, оттегімен инголяция жасаған жөн. Тыныс алу жолдары
зақымданғанда нашатыр спиртін искеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2-
паыйзды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естiгенде
үйдiң жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған
территориядан тез өтiп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, Бiрақ
жүгiрмеңiз. Жердiң шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр
спиртiн иiскету керек. Ыстық сүт, шай берiп жылы жерге науқасты
орналастыру керек.
Аммиак – нашатыр тәрiздi иiсi өткір, түссiз газ. Суда жақсы еридi.
Аммиактың ауамен араласқан түрi 1:3 мөлшерде қопарылыс жасауға қабiлеттi.
Адамның тыныс мүшелерiне, көзiне қатты әсер етедi. Аммиактың жоғары
концентрациясы адамның нерв жүйесiне қатты әсер етедi. Терiнi, көздi
күйдiрiп не үсiрiп жiбередi.
Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзiңiз тұратын
үйiңiздiң не жұмыс бөлмеңiздiң есiк-терезесiн, саңылауларды ылғал матамен,
мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерiн тез ажырату қажет.
Өндiрiсте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз
жапқыш 100 минутқа дейiн көптеген улы заттардан өміріңді сенiмдi сақтайды.
Бiрақ аммиактың, метилхлоридтың, венилхлоридтiң улы заттарынан сақтауы екi
талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу
керек. Киiмнiң түктi, мақталы жерi, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс
алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сiрке
қышқылының ерiтiндiсiн немесе судың жылы буын иiскету керек. Зақымданған
жердi химиялық пакеттегi ерiтiндiмен сүртедi, немесе сабынды сумен жақсылап
жуады.
Аптечканың АИ-2 № 2 ұясындағы таблетканы iшу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейiн толықтай не жартылай
санитарлық тазалықтан өту керек.

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссiз сұйық түрiнде
кездеседi. Оның иiсi болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу еридi – 5, ал
органикалық ерiткiштер мен майларда жақсы еридi.
Ашық жатқан су көздерiн көл, өзен өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға
дейiн зақымдандырады. Адамның терiсiне, тыныс жолдары, киiмiне сiңу арқылы
уландырады. Жазды күнi бiр жерде 7-15 тәулiк бойы, ал қысты күнi 2-3 айға
дейiн сақталып улайды.
Зарин – бұл түссiз немесе сарғыштау түрде кездесетiн, ауада жақсы
буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға
немесе органикалық ерiткiштерге араластырып қолданады. Судың әсерiне
тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерiн ұзақ уақыт бойы
уландырады. Адамның терiсiне, киiмiне тез сiңiп кетедi. Оның буы 20 км-ге
дейiн тарайды. Ойлы жерлерде жазда бiрнеше сағатқа, қыста 2 тәулiкке
сақталады.
Осы тәрiздес улағыш заттың бiрi – Зоман. Ол да терiге өтiп, тыныс алу
органдарын улайды. Организмге сiңiп алғаннан кейiн орталық нерв жүйесiне
зардабын тигiзедi. Өлтiргiш қуаты бар кезiнде адам жүректiң сал болып
iсінуiнен өледi.
Қорғаныс жолы: терiнi қорғау құралдарын және противогаз пайдалану,
панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.
Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.
Терiнi күйдiрiп, iрiңдететiн улағыш заттардың бірі – Иприт
Ол сарымсақтың иiсi бар сарғыш немесе қара қошқыл түстi сұйық зат.
Органикалық ерiткiштерге жақсы еридi. Әртүрлi лакты бояу жағылған заттарға,
резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терiсiне оп-оңай сiңiп кетедi.
Адам терiсi 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулiк бойы
жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттiң буымен демалғанда бiрнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра
бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, iсiніп, тынысы тарылып, адам
тұншығып өледi.
Қорғаныс құралдары: противогаз, терi қорғау құрал-жабдықтары және
арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететiн түссiз зат. Ашық жерде тез буға
айналып ұшып кетедi. Қату температуоасы - 14ºС , адам синиль қышқылы
тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат (газ) - фосген.
Бұл түссiз газ түрiнде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шiрiген шөптiң иiсi
шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы
жерлерде 3 сағатқа дейiн сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы
зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл
газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.

Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)

ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қала болса солай
сақтау немесе төгiлуi адамдардың жаппай улануына алып келуi мүмкiн.
ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс кирағаннан кейiн қысым
атмосфера қысымына дейiн төмендейдi.
ӘКУЗ – қайнайды (қайнау температурасы +20ºС) және атмосфераға газ
немесе бу түрiнде бөлiнедi. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан
химиялық қауiптi обьектiге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ-дiң
пайдаланылатындығын бiлуге тиiс. Химиялық зақымдау ошағының көлемi, оның
адам терiсiне тамшы сұйық түсуi және бумен демалу нәтижесiнде болуы мүмкiн.
Химиялық қауiптi обьектiдегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе
қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда болған жағдайда төмендегі іс-
қимылды iстеу қажет:
улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз
және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
жақын жердегi панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ
болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырыну;
Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртiптердi мүлтiксiз сақтау
қажет:
жүгiрмей және шаңдатпай тез жүру;
- төтенше жағдай ұйымдарының өкiлiнiң бұйрығына дейiн қорғаныс
құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тонельдердi
және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;
зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетiнше қозғалмайтын қарттар
мен балаларға қажеттi көмек көрсету.
ӘКУЗ төгiлген кезде көсетiлетiн немесе iстелiнетiн iс-әрекеттер;
Хлор - төгiлген кезде (ол ауадан ауыр) ең биiк орындарды таңдауға
қажет:
а) егер сiз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа
көтерiлiңiз;
ә) егер сiз көшеде (далада) болсаңыз, биiктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгiлген кезде (ол ауадан жеңiл) тез буланып жоғары
көтерiледi, яғни төмен жерлердi таңдау қажет (жертөле).
Химиялық зақымдау туралы дабылды естiген бойда жеке қорғаныс
құралын тез киiп, өзiңiз тұрған ғимаратты қымтаңыз:
есек пен терезенi жақсылып қымтаңыз;
ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен
жабыңыз.
Егер дабыл сiздi көшеде келе жатқан кезде берiлсе, ықтимал
зақымдану аумағанан шығып, желге қарсы жүрiңiз.
Тыныс органдарын қорғау үшiн, тыныс органдарын аммиактан,
метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут
бойы қорғайтын противогаз кию керек.
Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкi таңғышы
көмектеседi).
Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшiн сумен
немесе ауыз суының 2% (хлор төгiлген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5%
(аммиак төгiлген кезде) ертiндiсiмен шайылған кез келген матаны
пайдаланыңыз.
Тыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Ғимараттардың зақымдануы
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
Өндірістік улар және олармен улану
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Наноматериалдар өндірісінде қауіпсіздікті қамтамасыздандыру және бақылау
Химиялық қауіпттер
Су дайындау технологиясында табиғи суды зарарсыздандыру әдістерін зерттеу
Топырақтың механикалық құрамы
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Пәндер