Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе

І. Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері.

1. 1 Қоршаған ортаны қорғау;

1. 2 Тау-кен өндірісі;

1. 3 Көмір өндірісі;

ІІ. Өнеркәсіптен шығатын қалдықтар, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.

ІІІ. Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму;

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Экология - ағзалар мен олардың тіршілік ету ортасының қарым-қатынасы туралы биологияның бір саласы. Біз бұл рефератта қоршаған ортаға өндірістің негізгі тигізетін әсері деген мәселені қарастырамыз. Қоршаған ортаның ластануы осы өндірістің әсерінен орын алады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресстің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта - табиғатқа орны толмас орасан зор зиян тигізіп келеді. Соған орай бұл күнде атмосфераның, гидросфераның үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін болмай бара жатқаны да анық. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселесі және оны табиғи қалпында сақтау мәселелері бүкіл дүние жүзі мемлекеттерінің алдында тұрған бірден-бір міндеттерінің бірі болып тұр. Оған әсіресе қоршаған ортаны қорғаудың мамандары (экологтар, гидрологтар, океанологтар, топырақтанушылар, биологтар) тікелей атсалысып, қатысулары міндетті.

Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарына, тұз кендерінің орындарына, кейде арнайы жасалған орларға-полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толыымен шешімін таппаған экологиялық проблемалардың бірі болып табылады.

І. Халық шаруашылығы әртүрлі салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері.

1. 1 Қоршаған ортаны қорғау.

Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара қарым - қатнастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын және басқа ресурстарды тиімді пайдалану, сауықтыру сапасын жақсарту, молықтыру.

Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, тау-кен өндірісі, электр энергетикасы? Ауыл шаруашылығы, мұнай, газ, химия өнеркәсібі салалары жатады.

Бұл негізінде тау-кен өндірісінде сапалы технологияның жоқтығына байланысты. Сонымен қатар, бұл басқару, жоспарлау және табиғи байлықтарды тиімді пайдалануға жағадай жасауға ынталандыратын экономикалық механизмнің болмауынан.

Қазба байлықтары сарқылатын ресурстарға жататынын ескерсек, ертең ауыр жағдайға душар болуымыз мүмкін. Сондықтан бұл өте үлкен мәселе.

1. 2 Тау-кен өнеркәсібі.

Қазақстан минералды ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және баридтың қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден - төртінші, уран - бесінші, алтын - алтыншы, темір кені - жетінші, қалайы мен никель - сегізінші, көмір мен табиғи газ - тоғызыншы орында тұр.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майтөбе, Обаған, Шіліншік, Теңіз - Қорғалжын, Шу, Іле жатады.

Темір кендерінің қоры 8 млрд тоннадан астам. Оның 80 пайызы Торғай темір кен бассейінінде орналасқан.

Тау кен өнеркәсібі радиоактивті ластанудың ең басты көздерінің бірі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы полиметалдық кендердің, фосфаттардың қомасы болып табылады.

Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метеорологиялық әрекеттіліктің түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар, уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты.

1. 3 Көмір өнеркәсібі.

Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркәсібі көмір өнеркәсібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып табылады. Көмірді негізгі пайдаланушылар; электроэнергетика - 39 пайыз, өнеркәсіп пен үй-жай секторы - 35 пайыз, кокс химия өнеркәсібі - 14 пайыз, ауылшаруашылығы 5 пайыз.

Қазақстанда көмір өнеркәсібі ХІХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. 1855 жылдан бастап Қарағанды бассейні, 1869 жылы Ленгір, 1895 жылы Екібастұз кен орындары игерілді. Тас жіне қоңыр көмір 10 бассейінде, 149 кен орынында орналасқан, зерттелген қордың мөлшері 200 млрд тонна үстінде. Оларға Қарағанда, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жыланшақты, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле және Орал-Каспий бассейіндері жатады.

Көптеген кен орындарынан көмірді ашық әдіспен алуға болады. Мысалы: Құлан (қоры 60 млн тонна), Юбилей (500 млн. тонна), Алакөл (40 млн тонна) т. б. кен орындары.

Шығыс Қазақстан Кендірлі кен орнының көмір қоры 1, 6 млрд тонна көмірмен қатар бұл жерде отын немесе химия және газ өнеркәсіптерінде шикізат ретінде қолдануға болатын 4 млрд тонна шамасында жанатын тақта тастың (сланецтің) да қоры бар. өндірілетін көмірде қоспа мен жанбайтын материалдар көп болады. Олардың құрамы мен мөлшері кен орындарының және көмірдің түріне, оны алуға қолданылатын әдіске байланысты. Көмірдің ішінде саз, пирит және басқа да заттар кездеседі.

Көмір өндіру процесінде қоршаған орта шаң мен газбен ластанып отырады. Аттыру жұмыстары кезінде газ, шаң, ауа қосындысының атқылауы. Тау-кен шығарылған жерден бөлінген заттар, тау жыныстары үйінділерінің, ашық карерьлерден, автокөлік жолдарынан шығатын шаң, көміртек оксиді, улы заттармен ластануы, минералды тұздардың суаттарға түсуі. Сақтаған кезде көмірдің тотығы мен өз бетімен жануы, түтін мен улы заттардың бөлінуі, отын сапасының төмендеуі.

Көмірді тасымалдау кезінде отын шығыны және атмосфераны ластайтын көмір сапасын анықтайтын тексеру жүйесін орнату. Жабық вагондарды, құбырларды пайдалану.

Қатты отынды дайындау және жағу кезінде көмір ұнтағының қопарылу қауіптігі.

Көмірді жабық әдіспен алғанда атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер шаң мен газ түріндегі улы заттар. Мысалы 2 млрд тонна көмір өндіргенде ауаға 27 млрд кубометр метан және 16, 8 млрд кубометр көмір қышқыл газы бөлінеді. Жыл сайын шахталардан атмосфераға миллиондаған тонна шаң тасталады. Ал террикондарда қалған көмір қалдығы (5-20 пайыз), парит (10 пайыз), күкірт (5 пайыздан) жоғары, тоығып, жанғанда әр текше метрден ауаға 180 мг шамасында көміртегі мен күкірт оксидтері бөлінеді.

Жабық әдіспен салыстырғанда ашық әдісті қолданғанда тіршілік ортаға көмір бөлінетін зиянды заттардың көлемі көбірек болады. Мысалы, шаңды ұстаған жағдайдың өзінде бұрғылау арқылы ұңғыма қазғанда ауаға тасталатын шаңның мөлшері 30-дан 120 мг/с дейін, ал шаң ұстағыш қондырғылар болмаған жағдайда 2200 мг/с дейін шаң бөлінеді.

Бұрғылау кезінде қоршаған орта көміртек, күкірт, азот оксидтерімен, көмір сутектерімен, минералды тұздармен ластанады.

Автокөлік жолдарынан, карерьлерінен бұрғылағанда, тасымалдау, суды сепкілеу арқылы азайтылып отырылады. Тау жынысын бұрғылау кезінде орта есеппен жұмсалатын судың көлемі 100 л/тоннаға дейін. Қыстыгүні судың орнына шаңды басуға магний, кальций немесе натрит хлорид тұздарының ертінділері қолданылады. -2 градус суықта 1 кубометр суға 40 кг тұз, ал 20 градус суықта 300 кг-ға дейін тұз ерітіледі.

Тіршілік ортаны ластайтын, уландыратын көздерді, көмірдің ысырапталуын азайту мақсатында прогрессивті бұрғылау, өңдеу технологияларын жасап, оларды іс жүзінде пайдалану барлық жағынан тиімді болып жатыр.

Алдағы уақытта шешімін таппаған осы саладағы әлі күнге дейін орын алып келе жатқан проблемаларға мыналарды жатқызуға болады.

  1. Кен орындарынан шығатын қышқылданған, тұздалған ақаба суларды тазалайтын әдістер табу мен қатар оларды іс жүзінде кең пайдалану;
  2. кішігірім қазандықтарды жою;
  3. бұзылған жерледі реккультивциялау;
  4. айналма технологияны кеңінен қолданып, жұмсалатын таза судың мөлшерін төмендету;
  5. қатты қалдықтарды шикізат ретінде басқа өндіріс салаларында қолдану жолдарын табу.

ІІ. Өнеркәсіптен шығатын қалдықтар, олардың қоршаған ортаға әсері.

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортаға тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерінен, өнеркәсіп қалдықтарын, кокстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда жұмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отыр. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болды, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Өндіріс қалдықтарынан бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақта өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді.

Қалдықтары жер атына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады.

Біздің халық шаруашылығымыздан шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд тонна шамасында. Оның ішінде 5, 2 млрд тонна түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады. (4 млрд тонна Тау-кен өндірісі, 1, 1 млрд тонна байыту фабрикалары және 105 млрд тонна металлургиялық өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар) Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларында тұндырғыштарда көп мөлшерде сұйық қалдықтар жиналған. Қалдықтардың 70 - 75 пайызы тау - кен өндірісінен, 20 пайызы байыту және қалғандары металлургия кәсіпорнынан пайда болған.

Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдықтарын пайдалану мәселесі шешілетін болса, ауыл шаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Экологиялық пирамидалар
Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі
Экологияның дамуы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Арыс көлі
Адам экологиясы. Экологиялық медицина. Экологиялық медицина
Халық шаруашылығы әр түрлі салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Экология және денсаулық (Көкшетау қаласының көшелері мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz