Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы4

Шарын өзені бассейнінің климаттық көрсеткіштері5

Аймақтың топырақ жамылғысы мен биотасы6

Бассейн суын ауыл шаруашылығы мен энергетика мақсатында пайдалану7

Су үлгісін дайындау8

Үлгілердің анализі8

Су құрамындағы ауыр металдардың мөлшері9

Жәндіктер денесіндегі ауыр металдардың мөлшері10

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Кез-келген елде даму проблемасының шешімін табуы тиімді экологиялық жоспарлауды талап етеді. Бұл әсіресе шешімін таппаған әлеуметтік және экологиялық проблемалардың ауыр жүгін мұрагерлікке алған Қазақстан үшін өзекті мәселе. Қазақстан жері бүгінгі таңда жан ауыртар экологиялық проблемаларымен әлемге танылып отыр. Сондай экологиялық проблемалардың бірі - еліміздегі гидросферасының ластануы. Еліміздегі гидросфераның ластануы өндіріс пен техниканың дамуына, яғни антропогендік әсердің күшеюіне байланысты болып отыр. Антропогендік әсер әсіресе тұщы су көздеріне көп зиянын келтіруде. Бәріміз білетіндей дүние жүзі су қорының 3 пайызы ғана тұщы суға тиесілі. Ал соның тек 0. 3 пайызын адам өз өмірінде пайдалана алады. Қазіргі кезде осы аз мөлшердегі тұщы судың жағдайы мәз емес.

Тұщы судың негізгі көздері өзендер. Ал өзендер қалдық сулармен, өндірістің қатты қалдықтарымен, пестицидтермен, ауыр металдармен және де басқа заттармен ластануда. Осындай ластануға ұшырап отырған өзендердің бірі - Шарын өзені. Бұл аймақта негізінен ауыл шаруашылығы дамыған. Сондықтан өзеннің бірнеше ластаушы көзін ажыратуға болады. Олар: пестицидтер, ауыр металдар, шайынды сулар тағы басқалары.

Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы

Шарын өзенінің бассейнінің ауданы 14000 км 2 асады, оның 6930 км 2 Қырғызстан Республикасының территориясында, ал Қазақстан Республикасының Алматы облысында 8260км 2 орналасқан(12) . Өзеннің ірі салаларына Темірлік, Шет-Мерке, Орта-Мерке, Кеңсу, Қарқара, Кеген тағы басқалары жатады.

Шарын өзені өз бастауын Кетмен жоталарының оңтүстік бөлігінен ағып шығатын Шалкедесу және Теріскей Алатаудан басталатын Қарқара өзендерінен алады. Жоғарғы бөлігінде ол кезінде тау көлі болған, қазір Шарын өзені бастауының далаларына айналған кең көлемді, батпақты аумақтан ағып өтеді. Төмендей келе өзен терең шатқал арқылы солтүстікке қарай ағып, Іле өзеніне келіп құяды. Ол - Іле өзеніне келіп құятын суы мол ірі салалардың бірі. Шарын өзенінің бірнеше атауы бар: ол жоғарғы бөлікте Шалкедесу, Қарқара, Кеген деген атқа ие, ал орта бөлігінен бастап Шарын өзені деп аталады. Бұл өзеннің жалпы ұзындығы 1972 км тең және 72 саласы бар. Олар әртүрлі гидрографикалық көрсеткіштері бойынша 3-кестеде сипатталған. (18)

Шарын өзенінің негізгі салаларының гидрографикалық сипаттамасы.

Кесте 3

Өзендердің аты: Өзендердің аты
Құятын жері: Құятын жері
Ұзындығы, км: Ұзындығы, км
Еңіс, %: Еңіс, %
Өзендердің аты: Шарын
Құятын жері: Іле
Ұзындығы, км: 170
Еңіс, %: 7. 7
Өзендердің аты: Шарын-Кеген
Құятын жері: Іле
Ұзындығы, км: 346
Еңіс, %: 3. 9
Өзендердің аты: Шалкедесу
Құятын жері: Жоғалады
Ұзындығы, км: 50
Еңіс, %: 20
Өзендердің аты: Қарқара
Құятын жері: Шарын
Ұзындығы, км: 65
Еңіс, %: 20
Өзендердің аты: Кеңсу
Құятын жері: Шарын
Ұзындығы, км: 43
Еңіс, %: 40
Өзендердің аты: Орта-Мерке
Құятын жері: Шарын
Ұзындығы, км: 34
Еңіс, %: 59
Өзендердің аты: Шет-Мерке
Құятын жері: Шарын
Ұзындығы, км: 34
Еңіс, %: 47
Өзендердің аты: Темірлік
Құятын жері: Шарын
Ұзындығы, км: 58
Еңіс, %: 35

Шарын өзенінің суы Күнгей Алатауының қарымен толығады. Ол қыста 12. 8%, көктемде 33. 8%, жазда 31. 1%, күзде 19. 3% ағысқа ие. (4)

Өзеннің су жинау ауданы -7310 км 2 . Бассейндегі мұздықтардың саны-20, ал ауданы - 2. 4 км 2 , ал бассейннің қату коэффициенті -0. 0003м. (33)

Шарын өзені бассейнінің климаттық көрсеткіштері

Шарын өзені бассейнінің климаты континентальды. Мұның себебі Тянь-Шань тауларының ылғал көзі - Атлант мұхитынан біршама арақашықтықта орналасқанына байланысты. Сонымен қатар бассейннің климаттық жағдайы Іле бассейнінің басқа региондарымен салыстырғанда құрғақ.

Бассейн территориясының климатына интенсивті күн радиациясы тән . Радиацияның жылдық ағыны жазық аудандарда 135-150 ккал/кв. см, ал тау етегімен таулы аймақтарда бұлттылықтың жоғары болуына байланысты радиация ағыны 125-130ккал/кв. см азаяды. (35)

Температура және жауын-шашын режиміне байланысты бассейннің 4 климаттық белдеуін ажыратуға болады:

1. Жазықтық белдеу Іле өзенінің сол жақ жағалауынан тау етегіне 700 метрге дейінгі территорияны қамтиды. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ, яғни континентальды.

2. Тау етегі белдеуі 700-ден 1500 метрге дейінгі территорияны алып жатыр. Төмен континентальдығы және төмен температура тербелістерімен айқындалады.

3. Тау ішілік белдеу абсолютті биіктігі 1200-1500 метрге жететін Шалкедесу, Кеген, Қарқара қазандығымен Жалаңаш жазығының батыс бөлігін қамтиды. Климаты континентальды.

4. Тау белдеуі 1500 метр биік территорияны қамтиды. Климаты анық көлденең зоналы.

Атмосфералық жауын-шашын бассейн территориясында тегіс түспейді. Оның негізгі себебі физико-географиялық жағдайларға және жер бедерінің формасы мен жартастардың экспозициясына байланысты. Қордағы су қоры 30мм-ден аспайды.

Ауа ылғалдылығы. Жылдың суық мезгілінде ауаның ылғал ұстағыштығы төмен, ал булармен қаныққандығы жоғары болады. Жаз айларында бұл қатынас керісінше өзгереді. Ауаның жылдық абсолюттік орташа ылғалдылығы жазық аймақтарда 5-5, 5 мб-дан 7, 3 мб-ға дейін өзгереді, ал таулы аудандарда абсолютті биіктіктің жоғарлауына байланысты орташа есеппен 6 мб-3, 5 мб-ға дейін азаяды. (33, 25)

Аймақтың топырақ жамылғысы мен биотасы

Өсімдік-топырақ жамылғысының жиынтығы бассейннің геоморфологиялық, геологиялық және климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша аздап өзгереді. Осыған байланысты бассейн территориясын бірнеше биіктік белдеуге бөлуге болады:

Биік таулы белдеу (3000 метрден жоғары) . Территорияда өсімдік жамылғысы аз, кей жерлерде тіпті кездеспейді. Тастар мен жартастарда балдырлар мен қыналар кездеседі. Төменірек тау-шалғынды топырақтарда альпілік шалғындардың фрагменттері таралған. Сонымен қатар қыналар мен мүктер де бар. Жануарлар әлеміне келетін болсақ, бұл аймақта кемірушілерден тышқандар, суырлар, құстардан - жартас кептері, альпілік галка, сұр құр тіршілік етеді.

Орта таулы биіктік белдеу 3000-2200 метрлік абсолюттік биіктікті қамтиды. Бұл белдеудің жоғарғы бөлігінің күңгірт тау-шалғынды топырағында альпілік және субальпілік шалғындар, күңгірт түсті шымды топырағында аршалар өседі. Одан төмен шыршалы орман орналасқан. Жануарлар әлемі біршама алуантүрлі. Мұнда борсық, қабан, үй және орман тышқандары, суыр, тоқылдақ, жапалақ, үкі тағы басқа жануарлар кездеседі.

Төменгі биіктік белдеуге 2200-1600 метр абсолюттік биіктік тән. Топырағы-тау қара топырағы және қызғылт. Өсімдік жамылғысы ақселеу, бетеге және астық тұқымдас-әртүрлі шөпті шалғын. Берілген белдеудің жануарлар әлемінің көпшілігін бауырымен жорғалаушылар құрайды. Сонымен қатар қасқыр, түлкі, борсық, ал құстардан құр, орман кептері, қырғауыл тағы басқалары тіршілік етеді.

Келесі белдеуге шөл-далалы зона кіреді (1600 метрден төмен) . Бұл белдеуге сұр-құба топырақта өсетін өсімдіктерге жусан, тасбұйырғын және астық тұқымдастар тән. Дала тасбақасы, тышқан және құстардан қараторғай кездеседі. (25)

Бассейн суын ауыл шаруашылығы мен энергетика мақсатында пайдалану

Бассейн аймағында елді-мекендер орналасқандықтан өзен суы суармалы егін шаруашылығында кеңінен қолданылады. Шарын макрогеосистемасында суармалы 6 массив бар. Олар: Шалкедесу, Қарқара, Бестөбе, Ұзынбұлақ, Жалаңаш және Шарын өзенінің дельтасы. Суармалы жерлердің көлемі 2005 жылы Шалкедесуда 7, 6 мың га-дан 12, 68 мың га-ға, Қарқарада 3, 82 мың га-дан 11, 71 мың га-ға ал Шарын өзені дельтасында 18, 65 мың га-дан 45, 77 мың га-ға дейін жоғарлайды деп болжануда. (24) Сонымен қатар өзендегі су қорын энергетика көзі ретінде қолдануға болады. Шарын өзені бассейнінің су энергетикалық потенциалын (Казгипроводхоздың анықтауы бойынша) 2-кестеден көруге болады.

Шарын өзені бассейнінің су энергетикалық ресурстары

Кесте 2

Бассейн аты: Бассейн аты
Есептелген өзендердің саны: Есептелген өзендердің саны
өзендердің жалпы ұзындығы, км: өзендердің жалпы ұзындығы, км
Жалпы потенциалды су энергетикалық қоры: Жалпы потенциалды су энергетикалық қоры
Бассейн аты: Күштілігі, мың. квт
Есептелген өзендердің саны: Энергия, млн. квт. сағ/жыл
Бассейн аты: Шарын
Есептелген өзендердің саны: 69
өзендердің жалпы ұзындығы, км: 1739
Жалпы потенциалды су энергетикалық қоры: 730
6392

Кестеден көріп отырғанымыздай Шарын өзені басейнінің су-энергетикалық потенциалы жоғары, әсіресе таудан шыққанға дейінгі орта ағысында байқалады.

Өзенде су электр станцияларының құрылысын жүргізетін бөліктер бар, бірақ олар қазіргі кезде толығымен қолданылмай отыр (28) . Негізінде 4 су электр станциясын салу жоспарланған(20, 28) . (3-кесте)

Шарын өзенінде салуға жоспарланған су электр станциялары

Кесте 3

Су тарату жүйесінің деңгейі: Су тарату жүйесінің деңгейі
Орташа су шығыны, м3/сек: Орташа су шығыны, м 3 /сек
Ағыс көлемі, млн*м3: Ағыс көлемі, млн*м 3
Ағыс модулі, л/сек, км2: Ағыс модулі, л/сек, км 2
Су тарату жүйесінің деңгейі: Бестөбе
Орташа су шығыны, м3/сек: 28, 0
Ағыс көлемі, млн*м3: 883
Ағыс модулі, л/сек, км2: 5, 45
Су тарату жүйесінің деңгейі: Мойнақ
Орташа су шығыны, м3/сек: 28, 8
Ағыс көлемі, млн*м3: 908, 4
Ағыс модулі, л/сек, км2: 5, 42
Су тарату жүйесінің деңгейі: Ақтоғай
Орташа су шығыны, м3/сек: 32, 9
Ағыс көлемі, млн*м3: 1037, 7
Ағыс модулі, л/сек, км2: 5, 35
Су тарату жүйесінің деңгейі: Мойынтоқай
Орташа су шығыны, м3/сек: 35, 6
Ағыс көлемі, млн*м3: 1122, 8
Ағыс модулі, л/сек, км2: 4, 78

Су үлгісін дайындау

Көлемі 1 литр су үлгілері қыздыруға төзімді шыныдан жасалған стакандарға құйылып, электроплитада ыдыс табанында шамалы ылғал қалғанға дейін қайнатылады. Стакан түбіндегі қалдық 2 мл азот қышқылымен шайылып, пробиркаға құйылады да, 20 минутқа қойылады. Содан соң ыдыс дистилденген сумен 2-3 қайтара шайылып, ерітіндінің жалпы көлемі 10 мл/ге жеткізіледі. Осылайша дайындалған үлгі анализге дайын болып есептеледі(42) .

Үлгілердің анализі

Үлгілердің анализі атомдық-абсорбциялық спектроскопия әдісімен жүргізіледі. Элементтің газ тәріздес күйінде болатын атомдардың жарық сәулелерін сіңіріп алу арқылы атқарылады. Элементтің булануы немесе газ күйіне айналуы газ білтесіндегі от жалынның күшіне байланысты.

Аспаптың газ білтесіне ауа арқылы жанғыш газбен (пропан) араласқан үлгі шашырандысы беріледі. Газ жалынында жанған зерттелетін элементтердің қатты қызған атомдары газ күйіне айналады. Осы атомдар қуыс катодтан шыққан жарық сәулелерін сіңіріп алады. Сонан кейін сәуле шоғыры монохроматорда ыдырайдыда, шыға берісте анықталатын элементке ие аналитикалық сызық пайда болады. Бұл сызық фотоэлектронды арттырғыштың фотокатодына түседі, бұдан барып ток тіркеуші аспапта тіркеуге алынады. Анықталатын элементтердің жарықты сіңіруі фототоктың азаюына себеп болады, ал бұл жағдай лезде тіркеледі.

Содан кейін градуирленген график тұрғызылады. Оның абцисса осінде белгілі ерітінді концентрациясы тұрғызылады, ал ординат осінде спектрограмма пикі көрсетіледі.

Әрбір үлгідегі элементтердің концентрациясы төмендегідей формуламен есептелінеді:

C%=a*V/p*n

Мұндағы:

а - табылған концентрация, мг/л

V- соңғы көлем, мл

p - өлшем коеффициенті

n - үлгі салмағы, 1 л

Су құрамындағы ауыр металдардың мөлшері

Зерттеу барысында су құрамындағы Pb, Cd, Cu, Zn, Fe мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша Pb мөлшері №1-пунктте 0, 0095 мг/л, яғни ШРК-дан төмен, №2-пунктте 0, 0087 мг/л, №1 -пункттегіден 0, 0008 мг/л төмендеген. №3-пунктте 0, 0060 мг/л болса, №4-пунктте 0, 0080 мг/л, яғни ШРК-дан(0, 03мг/л) әлдеқайда төмен.

Cd ШРК-сы 0, 001 мг/л, ал зерттеу нәтижелері бойынша №1-пунктте 0, 0003 мг/л, №2, №3-пункттерде де дәл осындай, яғни ШРК-дан төмен. №4-пунктте 0, 0004 мг/л.

Cu мөлшері зерттеу нәтижелерінде төмендегідей болды: №1-пунктте 0, 0025 мг/л, №2, №3 және №4-пункттерде 0, 0017 мг/л болды, бұл нәтижелер ШРК-дан 100 еседей төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарын өзенінің суы мен жәндіктерінің ауыр металмен ластануы
Мойнақ су электр станциясы салынуына байланысты Шарын өзені аңғарының табиғаты мен жануарлары әлемінде болуы ықтимал өзгерістер
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау
Гидрометриялық ізденістердің даму тарихы
Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Іле өзені – Қапшағай бекетіндегі су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау
Гидрологиялық есептеулер мен гидрологиялық болжаулар пәні бойынша өндірістік практика есебі
Есіл өзені – Приишимское ауылы тұстамасының күнделікті су өтімін есептеу 2013 ж
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz