Экология ғылымының зерттеу объектісі мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Экология ғылымы туралы түсінік 2
Экология ғылымы және оның міндеттері 5
Экология ғылымының зерттеу объектісі мен міндеттері 11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 14

КІРІСПЕ

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ
ол бірде тез, бірде бояу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа
да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы
деректер бар. Сонымен бірге гректер экология деген сөзді білмеген. Бұл
салаға биологиялық қайта өрлеудің (XVIII – XIX ғғ.) көптеген ұлы
қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғ. басындағы алғашқы
микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон ван
Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын -
қоректік тізбектерді және популяция санының динамикасын зерттеудің
пионері болып табылады.

Экология ғылымы туралы түсінік

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты.
Экология терминің 1869 ж. неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын.
Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу
кезенің басынан кешіріп отыр. Экология (грекше oicos – мекен, үй және logos
- ғылым) сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология
ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы
зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету
жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы
өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте
ауқымды, сондықтан қайқырына баса мен берілуіне қарай, оның анықтамаларының
тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Мысалы, ұзақ мерзімдік қолданыс үшін ең
қолайлысы Экология – қоршаған ортаның биоогиясы деген анықтама болар еді.
Отандық экологтардың бірі А.С. Данилевский: Экология – экологиялық
дүйелердың құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін
қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым деп анықтама берген. XX ғасырдың
ақырғы онжылдыктары үшін Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген: Экология
пәні – организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы немесе
құрылымы - деген анықтама экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді.
Автолар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір-бірімен жарыса
отырып, бұл ғылымға ең толық анықтаманы Эрнест Геккельдың өзі бергенін
естерінен шығарып алады: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты
барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және органикалық
емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатың
жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық
әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда,
экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған,
барлық күрделі қарым – қатынастарды зерттеу болып табылады.
Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның
бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының
заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған
білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану.
Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық манызы бар бірде-бір
ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы
байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен табиғатты пайдалану
мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи ресурстарды
пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте, табиғи процестердің
негізінде жатқан зандылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі
қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Р.
Риклефс: Табиғатқа келтірілген нұқсанды түзетудің ешқандай көпекөрінеу
жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген
келеңсіз көзқарасы үшін адамға тағылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды
төгу, егістіктерге пестицидтер бүркі, аңшылардың найзасы мен мылтығы,
автомашиналардан шығатын түтін, қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі
фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы негізінде жатқан
заңдарға тиесілі дәрежеде көңіл бөлмегендігі үшін айып тағылуы тиіс, - деп
жазады.
Өзіндік табиғи процестердің негізінде жатқан заңдар біздің басты
назарымызда болуға тиіс. Дегенмен, оларды талдамас бұрын, экология мен
табиғатты қорғаудың арақатынасына тоқталып өткен жөн. Батыс ғалымдары
әдетте экология ғылымы мен қоршаған орта туралы ғылымдарды дербес салалар
ретінде қарастырады. Экология организмге әсер ететін сыртқы орта
факторларының үш тобын – абиотикалық, биотикалық және антропогендік
факторларды зерттейді. Табиғат қорғау болса, үшінші факторды ғана – адамның
қоршаған ортаға әсерін қарастырады, соның өзінде де бұл жалпы экологиятық
көзқараспен сәйкес келе бермейді. Табиғат қорғау ұғымы экологияның
антропогендік фактордың табиғатқа әсерін зерттейтін бөлімінен – тарлау да,
кеңдеу де. Тарлау болатың себебі - әсерлердің кез келгені емес, нәтижесінде
адамзат қоғамының өмірі үшін белгілі бір мәні болуы мүмкін факторлар ғана
талданылады. Кеңдеу болатыны – антропогендік фактордың органикалық әлемге
ғана емес, өлі табиғатқа әсері де қарастырылады.

Мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық шаралар кешенін ескере отырып,
табиғат қорғауды әдетте адамзат қоғамының игілігі үшін табиғатты оңтайлы
пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға
бағытталған тәжірибенің бір саласы ретінде қарастырады. Бірақ табиғат
қорғаудың әлеуметтік заттар алмасуын немесе табиғат пен қоғам арасындағы
заттар алмасуын зерттеуші ғылым ретінде түсіндірілетін де жиі ұшырасады.
Қоғам мен табиғат арасындағы беталды (стихиялы) зат және энергия алмасуы
интенсивтілігінің қазіргі кезде белең алғандығы соншалық, адамзаттың бұдан
әрі тіршілік етуіне айтарлықтай қатер төніп отыр. Қоғам өзінің табиғатқа
көрсетер ықпалының дәрежесі жағынан геологиялық күшке айналды. Кен өндіру
және жер қазу жұмыстары нәтижесінде жыл сайын жер бетіне 5 текше километр
тау жыныстары шығарылатынын айтсақ та жеткілікті: бұл біздің планетамыздың
барлық өзендері мұхитқа ағызып әкететін жыныстар көлемінен үш есе ғана кем.
Сонғы 500 жыл ішінде жер астынан ең кем дегенде 50 млрд т. көміртегі, 2
млрд т. темір алынды. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп атмосфераға жалпы
көлемі 360 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газын шығарды, бұл оның
концентрациясын 13 проценттей арттырды.
Жер жырту барысында адамзат, дәл осындай уақыт аралығында жер
қойнауынан жер бетіне шығарылатын жанартау жыныстарының көлемынен 3 есе
артық топырақ массасын аударады. Адамның әрекеті қазірдің өзінде, бұрын кен
орындарында шоғырланған кейбір элементтердің шашырауы салдарынан жекелеген
аудардандың геохимиясының өзгеруіне әкеліп соғуда. Бұның түбінде үлкен
қатер жатыр, өйткені күллі организмдер, соның ішінде адам да, эволюция
барысында қоршаған ортадағы химиялық элементтердің белгілі бір
арақатынасына бейімделген.

Экология ғылымы және оның міндеттері

Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ
уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және
олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар
өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі
өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе табиғи
тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы
Эрнест Геккель (1834—1919). Экология сөзі гректің ойкос сөзінен
алынған, қоныс, мекен еткен жер, тұратын үй деген мағыналарды білдіреді.
Геккельдің пікірі бойынша экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара
қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен
байланысын зерттейді.
Тірі ағзалар белгілі бір табиғи орта жағдайларында ғана тіршілік етуге
бейімделген және олардың арасында тығыз үйлесімділік, бір-біріне тәуелділік
қалыптасқан. Сондықтан да тірі ағзаларды өздері тіршілік ететін орта
жағдайларынан бөліп қарауға мүлде болмайды.
Экология ғылымының негізгі міндеттеріне ағзалар мен айналадағы орта
арасында болатын өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстарды зерттеу
жатады. Сонымен қатар, оған тірі ағзалардың өз ішінде болатын байланыстарды
да және айналадағы орта жағдайларының сол ағзалардың құрылысына, тіршілік
әрекетіне, таралуына және мінез-қылығына тигізетін әсерін анықтау да
қамтылады. Мысалы, Қазақстан жерінің 70%-ке жуығын шөлді және шөлейтті
аймақтар алып жатыр. Ондағы өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлар
арасында және оларды қоршаған айналадағы орта жағдайларының арасында да
өзара тығыз байланыстылықты көруге болады. Бұл аймақта өсетін сексеуіл,
жүзгін, қоянсүйек, қияқ, құмаршық, изен, бүрген, т. б. өсімдіктер шөлді
жердің табиғатына мейлінше бейімделген. Олардың жапырақтарының пішіні
тікенекті — ине тәрізді немесе жапырағы ұсақ, ал тамырлары өте тереңге
таралған. Ал бұл аймақтарда кездесетін көптеген жорғалаушылар, құстар және
сүтқоректілер шөлді жерге бейімделгені өздеріңе жануартану пәнінен белгілі.
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және
олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына
айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де — экологиялық
міндеттердің бірі.
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін-өзі реттейтін жүйе
болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да
үнемі өзгеріп отырады, мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді.
Тірі ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық
дәуірлерде бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да —
экологиялық міндеттерге тиісті мәселе.
Қазіргі таңда шаруашылығын кез келген салаларын дамыту үшін
экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын
дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуге және табиғат байлықтарын пайдалану мен
табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер
көмегі орасан зор. Сондықтан да экология шаруашылықтың барлық салаларын
дамытуда әрі ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып саналады.
Экологиялық факторлар. Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық
жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға
түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі ағзалардың бір-біріне әсері және
орта жағдайлары мен ағзаларға адамнын іс-әрекетінің әсері де экологиялық
жағдайларға жатады. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге
экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экология ғылымы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экология ғылымы туралы
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Геоэкология
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Оқушылардың экологиялық тәрбиесінің өзекті мәселесі
Пәндер