Экологияның негізгі проблемалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Ауаның ластануы. 3

Су ресурстары. 6

Жер ресурстары8

Радиациялық жағдай8

“Таза ауыз су“ проблемасы11

Пайдаланылған әдебиеттер12

Экологияның негізгі проблемалары

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны талмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым.

Қазақстан өзінің экологиялық проблемаларының күрделілігі жағынан ТМД елдері мен Шығыс Европада алдыңғы орындарда. Негізгі қауіп-қатер қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфераның жер бетіндегі жер астындағы сулардың қоршаған ортаның өнеркәсіптен және тұрмыс қалдықтарынан шыққан қатты заттармен, химиялық радиациялық улы заттармен ластануы болып отыр. Әсіресе Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Лениногор, Шымкент, Жамбыл, Теміртау, Қызылорда, Өскемен қалаларында экологиялық ахуал өте қолайсыз.

1996 жылы Республиканың өнеркәсіптік тұрақты көздерінен атмосфераға 2607 мың тонна зиянды заттар, автокөліктерден 756, 2 мың тонна қоқыс шықты.

Қазақстанда көбірек ластанған өзендер Жайық пен Ертіс. Бұлардағы судың ластану индексі 7, 18 және 6, 56 бірлік. 1995 жыл республикада жер асты суларының ластануының 456 ошағы болғаны анықталды.

Республика үшін ең қатерлі қауіп-қоршаған ортаның радиоактивті элементтермен ластануы болып отыр. Семей полигонында 470 ядролық жарылыс болды. Тек жер бетіндегі 26 жарылыстың салдарынан атмосфераға жалпы активтілігі 45 млн. кюри радионуклидтер шығарылды.

Ең күрделі проблеманың бірі-радиоактивтік қалдықтардың шоғырлануы мен сақталуы, оның өзі қоймалар мен үйінділерде 232, 9 млн. тоннаға, активтілігі 13, 2 млн. кюриге жетті.

Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануына байланысты көптеген ауру түрі пайда болды. Соның ішінде бұрыннан белгілі рак пен аллергия секілді дерттермен қоса, организм иммунитетінің нашарлауы, сондай-ақ бұрын белгісіз сырқат түрлері етек алды. Әсіресе әйелдердің кемтар бала тууы жиілей түсуде.

Ауаның ластануы

Атмосфера - бұл орасан зор ауа жүйесі.

Жердің экологиялық жүйесіндегі атмосфера адамдарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі; оргон; көмірқышқыл газы) қамтамасыз етеді, сонымен қоса ол жерді метеорит әсерлерінен күн және ғарыш сәулелерінен қорғайды, адамдардың шаруашылық қызметіндегі процесстерін газ элементтерімен (оттегі, сутегі, азот және бейтарап газдар) қамтамасыз етеді.

Атмосфера ауасы тіршілік процесінде мынадай өзгерістерге ұшырайды:

  • өздігінен тазару;
  • жылыту;
  • газ элементтерімен толығу;
  • газ элементтерін мүлде жою;
  • газ элементтерін уақытша жою;
  • оның газ құрамын бүлдіретін газ қоспаларымен ластануы;
  • қалқыма заттармен ластану;

Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып табылады. Егер атмосфера ауасында ластанушы заттардың шектеулі-ауытқу концентрациясы тиісті талаптар мен өлшемдерге сай келмесе, онда оны ластанған деп санайды.

Көптеген ластанушы заттар атмосфераға түскеннен кейін ауа компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан кейін химиялық реакцияның ақырғы өнімдері атмосферадан жер бетіне тұнба немесе тозаң түрінде түседі. Биологиялық объектілерге, құрылыс конструкцияларына және өзге де заттарға түскен тұнба-тозаң органикалық заттарды, металдарды және бейорганикалық материалдарды бүлдіреді.

Атмосфера ауасы табиғи және антропогендік көздерден ластанады, олардың ингредиенттер жиынтығы-ластанушы заттары болады. Атмосфера ауасы ең көп ластанатындар Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Өскемен қалалары. Бұларда қара және түсті металлургия кәсіп орындарынан шығатын қоқыс көп.

Қоршаған ортаны қорғаудағы өткір проблеманың бірі-өнеркәсіп пен көлік құралдарының өте тығыз шоғырлануынан, сондай-ақ аумақтарда халықтың тығыз орналасуынан болып отыр. Атмосфераның ластануына республика өнеркәсіптерінің мамандануы да қолайсыз әсер етіп отыр. Атап айтқанда, жалпы өндіріс көлемінде отын-энергетика және химия-орман кешендерінің үлес салмағы анағұрлым басым, бұлардағы технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді қалдықтардың орасан көп мөлшері бөлінеді, әрі олардың көпшілігі өте улы келеді. Ірі өндіріс кешендеріне жақын орналасқан аудандарда өнеркәсіп қоқыстары қоршаған орта мен адамдарға өте зиянды әсер етеді. Атап айтқанда, фосфор өнеркәсібінің орындары табиғи ортаны едәуір ластаушыға жатады. ТМД елдері бойынша Қазақстан негізгі фосфор өндіруші болып табылады, оның қоры фосфор өндірісінің 90 % -ін қамтамасыз етеді .

Республика облыстарында ауа бассейнінің ластануына автокөліктерден шығатын газдар да елеулі себепші болады. Автокөліктерден негізгі бөлінетіні көміртегі оксиді, оның концентрациясы 75-тен 80%-ке дейін қалған бөліктері көмірсутегі, азот оксиді және өзге де заттар.

Атмосфера ауасына және табиғи ортаға кемтіп қолайсыз әсерлерді азайту үшін кәсіпорындар қолайсыз метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, қалдықсыз технологияны енгізу және шығарылған газды пайдаға асыру арқылы табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруы тиіс.

Қоршаған ортаның өнеркәсіппен және көлікпен ластануы қазіргі кезде елеулі қолайсыз жағдайға ұшыратып, халықтың ауруға шалдығуын көбейтіп отыр. Қалалардың атмосферасы негізінен, қатты заттармен, көміртегі оксидімен және күкірт диоксидімен ластанады. Атмосфераның ластануы күн сәулесінің мөлшерін кемітеді, ауаны ұсақ бөлшектермен ластайды, оның өзі тұман пайда болуға ықпал етеді. Атмосферада қатты және газ күйіндегі зиянды заттар қоспасы атмосфераның жылулық қасиетіне әсер етеді. Күн сәулесінің әсерінен, фотохимиялық реакцияның нәтижесінде жаңадан неғұрлым улы заттар пайда болып, өнеркәсіптік тұманның құрамына қосылады.

Су ресурстары

Су - табиғатта өте кең таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады.

Адамдар қызметінің су ресурстарына әсері ластану объектілері мен материалдары бойынша бағаланады. Су бассейні бетінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған немесе жеткілікті тазартылмаған ағын сулардың өзен-көлдерге ағызылуы. Бұған жататындар:

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • өнеркәсіп орындары;
  • ауыл шаруашылық ұйымдары;
  • халық шаруашылығының өзге де салалары;

Ағын суларға құйылатын лас суларды бірнеше топқа бөлуге болады. Физикалық күйіне қарай қоспалар: сонымен қатар, лас сулар минералдық, органикалық, бактериалдық және биологиялық болып бөлінеді.

Минералдық лас суларға сазбалшықты бөлшектер, кен бөлшектері, қоқыстар, сілтілік қышқылдар ерітіндісі т. б заттар болады. Органикалық ластануларды өсімдіктер мен жануарлар тудырады. Өсімдіктің органикалық ластағыш заттары өсімдік қалдықтары, жемістер, көкөністер, дәндер т. б. Жануарларға тән ластағыштар-адамдар мен жануарлардан бөлінген физиологиялық қалдықтар, желімді заттар т. б.

Бактериалдық және биологиялық ластағыштарға негізінен тұрмыстық ағын сулар мен кейбір өнеркәсіп орындарының сарқынды сулары жатады.

Синтетикалық беттік-активті заттың (СБАЗ), әсіресе жуатын заттың көптеп өндірілуі және қолданылуы олардың өзен-көлдерге көптеп құйылуына әсер етеді. Бұл заттар-кең етек алған химиялық ластанудың бірі. СБАЗ су сапасына, өзен көлдердің өздігінен тазаруына, адамдардың организміне қолайсыз әсер етеді.

СБАЗ - бен бірге кең тараған химиялық ластаушыларға пестицидтер жатады, олар өзен-көлдерге жауын-шашын мен еріген сулардан, өсімдік пен топырақтың шайылуынан, ауыл шаруашылық жерлері мен ормандарды суарғаннан және өңдегеннен, өзен-көл жиектерін пестицидтермен дәрілегеннен т. б. құйылады.

Жер асты суларының ластану көздері:

  1. Өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар;
  2. Тыңайтқыштар, пестицидтер және т. б. химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық немесе басқа да жерлер;
  3. Коммуналдық және тұрмыстық қалдықтар жиналатын орын;
  4. Жер асты суларымен жалғасқан жер бетіндгі су объектілерінің ластанған учаскелері;
  5. Су қабаттарымен жалғасқан табиғи немесе жасанды су қабаттарының ластанған учаскелері;
  6. Ластанған атмосфера жауын-шашындардың сүзілген учаскелері;
  7. Кәсіпорынның өнеркәсіп алаңы, сүзілген алқаптар, бұрғыланған скважиналар;

Жер асты суларын ластау көздеріне өнеркәсіп қалдықтары, тұздары араласқан жауын-шашын, мұнай өнімдері сақталған учаскелер, химия өнеркәсібінің шикізаттары мен дайын өнімдері, улы химикаттар мен тыңайтқыштар жатады.

Жер ресурстары

Қазақстан Республикасында мол жер ресурстары бар, мұның өзі ауыл шаруашылығын дамытуға толық негіз қалайды. Республика жерінің жалпы аумағы 272, 5 млн. га. Қазақстан аумағының топырақ қыртысы алуан түрлі. Оның өзі климатының, жер бедерінің, тау жыныстарының, өсімдіктердің аймақтық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Республикада 1996 жылдың 1 қаңтарында 2663 кәсіпорын, ұйым мен мекеме жұмыс істеп, олардың қарамағында 181, 4 мың га бүлінген жері болды, соның 70, 4 мың га жері пайдаланылған және жақсартуды қажет етеді. 1994 жылмен салыстырғанда бүлінген жер көлемі 4, 2 мың га көбейіп, пайдаланылғаны 345 га-ға кеміді.

Жердің бүлінуі пайдалы қазбалардың орнын іздестіруге, оларды өңдеуге, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, линиялық және өзге де құрылыстарды салуға және пайдалануға тікелей байланысты. Энергетикалық кәсіпорындар қызметі де жердің бүлінуіне едәуір әсер етеді.

Топырақтың ластануы ауыл шаруашылығын химияландырудан, өнеркәсіп қоқыстарынан болады. Өнеркәсіп орындарының қоқыстары ауа ағынымен талай жерге таралады. Әдебиет деректеріне қарағанда, ауыр металдармен көп ластанғаны Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар облыстары Оңтүстік Қазақстан облысында ауыр металдармен ластау көздері тау кен және химия өнеркәсіптері.

Радиациялық жағдай

Аса маңызды экологиялық проблеманың бірі - радиоактивтік қалдықтарды жою және сақтау .

Радиоактивтік ластану ошақтары Шымкент облысының Созақ және Қызылқұм аудандарында (мұнда жер астында уранды шаймалау арқылы өндіреді) және Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы кейбір орындарда кездеседі.

Тау-кен - химия комбинатының қоқыс қоймалары мен үйінділерінде активтілігі 68 мың кюри келетін 66 млн. тонна радиоактивтік қалдықтар, Жамбыл облысында 54 млн. тонна, Жезқазған облысында - 57 млн. тонна, Өскемен қаласында - 1, 4 млн. тонна радиоактивтік және улы (берилий) қалдықтар бар.

Шығыс Қазақстан облысында қорғасын аномалиясы солтүстік аумағын қамтиды. Осы облыс аумағындағы жер бетіндегі сулар кадмиймен едәуір ластанған. Жалпы ластану аумағы 25 мың шаршы км .

Радиоактивтік ластанудың 5 түрі бар:

  1. Жер қабатындағы сулар мен мұнайдың егіс алқаптарына, су тұндырғыштар мен қамбаларға мұнай құбыры бойындағы топырақ пен жұмыс істеп тұрған қондырғыларға құйылуы;
  2. Мұнай қоқыстарының бастапқы тұндырғыштарға мұнай қыздыратын пештерге, аралық ыдыстардың түбіне жиналуы;
  3. Жер қабатындағы суларды кері айдағанда сүзгілерді бітейтін заттар-қиыршық тастар мен кварцты құмдар; радиоактивтілігі 200 мкр/сағ.
  4. Ұзындығы 100 метрден астам ашық мұнай құбырлары учаскелері, мұнда құбырларға жиналатын радиоактивті тұзды масса -ЭДҚ 400 -600 мкр/сағ;
  5. Насос-компресс құбырларының қалдығы, тұз үйінділері мен металл беттеріндегі ЭДҚ 130-170 мкр/сағ;

Жалпы шолып байқағанда жергілікті жердегі радиоактивті дақтардың, мұнай көздерін алған кезде жердің мұнаймен ластануымен тікелей байланысты екендігі, демек, мұнайдың, оның өнімдерінің жер қабатындағы суларға төгілуі де радиоактивтік ластану көздері болып саналады. Су жүйелерінің радиоактивтермен ластануы 1994 ж. жер бетіндегі сулардың радиоактивтермен ластануын бақылау қысқа бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Стронцийдің жылдық орташа концентрациясы: Жайық өзенінде - 7, 9 Бк/м, Балқашта - 28, 6 Бк/м болды, бұл 1973 ж шектеулі концентрациядан анағұрлым кем.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы экологияға кіріспе
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Жалпы экология және оның даму тарихы
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz