Алматы ТЭЦ - 3


Жоспар:
1) Экологиялық төлқұжат
2) Энергетикалық ресурстар
3) Қазақстандағы энергетика өндірістері
4) Алматы ТЭЦ - 3
а) Қысқаша өнеркәсіп жайлы мәлімет.
б) Өнеркәсіп технологиясы.
в) ТЭЦ-3 өнеркәсібінің қалдық тастайтын полигонының қоршаған ортаға кері әсерін жою жұмыстары. Шаң басу жұмыстары.
Экологиялық төлқұжат
Экологиялық төлқұжаттау объектілердің (территориялар, территориялық өндірістік жүйелер және шаруашылық объектілер) табиғатты қорғауға бағыттылған іс-әрекетіне құжаттарға сүйене отырып экологиялық - экономикалық сипаттама беру болып табылады.
Осы мақсаттарда кәсіпорындарға, территорияларға арналған экологиялық құжаттар үлгілері мен төлқұжаттандыруды жүргізу әдісі жасалған.
Экологиялық төлқұжат - объектілердің немесе кәсіпорындардың нормативті - техникалық құжатының жаңа түрі.
Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер:
- Кәсіпорында қолданылатын технологиялар;
- Пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның ) сандық және сапалық сипаттамалары;
- Шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы;
- Қоршаған ортаға тасталынатын шығарындылардың ( төгінділердің, қалдықтардың ) сандық және сапалық сипаттамалары;
- Кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері.
Экологиялық төлқұжатта берілетін мәліметтер табиғатты құрғауға бағытталған мынадай мәселелерді шешуге арналған:
- Шығарылатын зиянды заттектерді және өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға және табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің мөлшерін анықтауға;
- Қоршаған ортаға тасталынатын зиянды заттектерге негізделіп кәсіпорын үшін ШРК белгілеуге;
- Кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалауға және олардың тиімділігін бағалауға;
- Кәсіпорынды қайта құруға арналған жобаларды сараптауға;
- Табиғи және материалдық ресурстарды, энергия және қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға.
Экологиялық төлқұжаттың бірінші бөлімінде жалпы мәліметтердің ішінде кәсіпорынға шекаралас объектілер де көрсетіледі. Төлқұжатта кәсіпорынның карта - схемасы келтіріледі, онда атмосфераны және жер асты суларын ластайтын көздер, су алатын нүктелер, қалдықтарды сақтайтын орындар көрсетіледі.
Төлқұжаттың « Кәсіпорынды орналастыратын аймақтың қысқаша табиғаттық - климаттық сипаттамасы » деп аталатын екінші бөлімінде метерологиялық және ластаушы заттектердің таралуы жағдайын анықтайтын коэфиценттер туралы мәліметтер және сумен қамтамасыз ететін көздер мен ақаба суларды қабылдаушылардың сипаттамалары беріледі. Бұл мәліметтерді Казгидрометтен және Қоршаған ортаны қорғау министірлігінен алуға болады.
« Өндірістің қысқаша сипаттамасы, өнім туралы мәліметтер » бөлімінде бастапқы шикізаттың түрі мен мөлшері және аралық өнімдер, өндірістік бағдарлама, шығарылатын өнімнің түрлері мен көлемі туралы және басқа да мәліметтерді көрсетеді. Әр өндіріс түріне байланысты материялдық кіріс шығыстың теңдестік шығыны жасалынады.
« Өнімдер түріне байланысты энергетикалық ресурстардың шығыны » бөлімінде газ, көмір басқа отындар түрінің шығыны, сонымен қатар әр өндірістерде өнімдер түріне байланысты жұмсалатын жылу энергиясы туралы мәліметтер келтіріледі.
« Атмосфераға тасталынатын шығарындылар туралы сипаттамалар » бөлімінде шығарындылар, ШРШ - ның жобалық нормасына сәйкестендіріп газ тазалайтын және басқа да қондырғылар туралы мәліметтерді береді.
« Кәсіпорындағы суды пайдалану, суды шығару және ақаба суды тазалау жүйелерінің сипаттамалары » туралы бөлімінде суларды пайдалану мен шығарудың теңдестік схемасымен байланысты мәліметтері, сумен қамтамасыздандыратын көздердің сипаттамасы, сонымен қатар суды қолданушылар, ақаба сулар, тазалау ғимараттары, су айналым жүйелері туралы барлық ақпарат толығымен қарастырылады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, әр ластаушы заттекке ШРТ нормативі жасалады.
« Қалдықтарды көмуге арналған полигондар мен жинайтын жердің сипаттамасы » бөлімінде кәсіпорын балансындағы қалдықтарды жинайтын жерлердің, полигондардың сандары, орналасқан орны, олардың алып жатқан жерлердің көлемі, санитарлық қорғау аймағының көлемі мен ауданы, ашылған жылы мен жоспарлық жабылу жылы көрсетіледі. Бұл бөлімде сүзуге қарсы қолданылатын экрандар, объекті орналасқан жердегі қоршаған ортаның жағдайын анықтап отыратын бақылау жүйесі және қалдықтарды жинау мен көмуге және объектіні ұстауға жұмсалатын қаражаттың көлемі көрсетіледі.
« Бұзылған жерді рекультивациялау мен топырақтың бұзылған қабатын алу » бөлімі статистикалық есептілік мәліметтер негізінде толтырылады. Бұл тәкелей тау-кен өндіру өнеркәсіптеріне және кәсіпорынды салғанға, қайтадан жөндегенде, қатысты. Жылына бұзылатын және қалпына келтірілетін жерлердің жалпы ауданы, оның ішіне ауылшаруашылығына, жайылымға, орман егуге, су қоймаларын ұйымдастыруға және басқа мақсаттарға пайдаланған мөлшері көрсетіледі.
« Кәсіпорынның көлігі » деген бөлімде көлік және олардың, есептеу арқылы анықталған, жылына қоршаған ортаға шығаратын негізгі зиянды компоненттері туралы мәліметтері беріледі.
« Шығарынды, төгінді, коршаған ортада зиянды заттектері бар қалдықтарды орналастыру үшін төленетін төлем » деген бөлімді қоршаған ортаны әртүрлі зиянды заттектердің түрімен ластанғанда алынатын істегі төлем көлеміне сәйкестіріп дайындайды.
Кәсіпорын құрастырған экологиялық төлқұжат жергілікті табиғатты қорғау органдарының талабына қарай сарапталуға жіберілуі мүмкін.
Энергетикалық ресурстар
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық, физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.
Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы
Қазақстанның энергетикалық базасы 20 ғасырдың 30-жылдарында құрыла бастады. Алғашында кішігірім электростанциялар фабрика, зауыт, мұнай кәсәпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында салынған. 1950 жылдан бастап қазәргі уақытқа дейін істеп жатқан энергетика өндірістері мына кестеде келтірілген.
Қазақстандағы энергетика өндірістері
Алматы ТЭЦ - 3
Алматылық ТЭЦ-3, Алматы обылысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан. ТЭЦ-3 Өтеген батыр ауылын және оған жақын орналасқан өнеркәсіптер мен ауылшаруашылық кәсіпкерліктерді жылумен қамтамасыз ететін және біріктірілген энергия жүйені энергиямен қамтамасыз ететін басты көз.
Қазіргі уақытта ТЭЦ-3 электрлік қуаты - 164 МВт, жылулық қуаттылығы 335 Гкал/сағ, БКЗ-140-100 энергетикалық қазандық және үш Т-41-90, бір К-50-90 турбиналар жұмыс істеуде.
АПК ТЭЦ-3 өнеркәсібінің өнімі жылу және электро энергия болып табылады.
Жылу энергиясы тұрғын үйлер мен ғимараттарды жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Бұл кәсіпорын бүкіл қаланы жылу және электро энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, 300 адамға жұмыс орны болып отыр. Осыған орай ТЭЦ-3 өнеркәсібінің әлеуметтік - экономикалық маңызы өте зор.
АПК ТЭЦ-3 1962 жылы іске қосылған, қазіргі уақытта Өтеген батыр ауылының жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуші басты кәсіпорын.
ТЭЦ-3 өнеркәсібінде қатты және сұйық отын қолданылады. Көмір мен мазут темір жол арқылы тасымалданады. Көмір ленталалық конвеерлер немесе ұнтақтау корпусы арқылы қазандықтардың бункерлеріне түседі. Ал станцияға түскен мазут мазут құйғыш эстадалар арқылы жерасты ыдыстарына құйылып, сыйымдылығы 1000 метр куб үш жерасты резервуар арқылы айдалынады.
Техникалық мақсаттарға арналған бастапқы су артезиандық деп аталады, ол 14 скважинада тұрады. Булы қазандықтар мен жылу жүйелеріне арналған су химиялық тазалау цехтарында дайындалады. Су химиялық тазалаудан бұрын су қайнатқыштарда қайнатылады. Қазандықтарды толтыруға арналған судың химиялық тазартуы екі бағытты толық тұзсыздандыру схемасы бойынша, ал жылу жүйесіндегі химиялық тазалау тура қышқылдандыру, одан кейін бойынша жұмыс істейді.
Құрылғылармен мен конденсаторлардың суытылуы вентеляторлық градирен мен циркулярлы насос станцияларының көмегімен жүзеге асады.
Түтінді газдар атмосфераға биіктігі 60-100 метр темір және бетоннан жасалған трубалар арқылы шығады. Бұл газдар атмосфераға шығарылғаннан бұрын күл ұстағыштардан өтіп, күлден тазаланады. Барлық қазандықтарда Вентури трубалары бар скрубберлер орналасқан. Алғашқы үш қазандықтардың әр қайсысында екі Вентури трабалары және екі скрубберлер орналастырылған. Ал қалған үш қазандықтардың әр қайсысында төрт Вентури трубалары және бір скруббер қондырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz