Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы және биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы4
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер7
3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары11
4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары12
Қорытынды14
Қолданылған әдебиеттер тізімі15
Кіріспе
Адам өзінің барлық даму сатыларында қоршаған ортамен үнемі қарым-қатынаста болады. Бірақ соңғы он жылдықтарда Ғылыми Техникалық Революцияның даму барысында адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері күрт үлкейіп, қазіргі кезде глобальды яғни дүниежүзін қамтитын проблемалардың біріне айналды. Жоғары индустриялық кең орындар табиғи қазба байлықтарды пайдаланып, олардың қорларын қайта толтырмайды, сонымен қатар көптеген орман мен далалы жерлерге экономиканың дамуы барысында әр түрлі зауыттар, тұрғын үйлер, темір жолдар тағы басқалар салынуда.
Адамзат өзі тіршілік етіп отырған ортаға, яғни биосфераға өзінің "қолын сұғып" ондағы болып жатқан экологиялық, генетикалық, биологиялық, химиялық және тағы басқа табиғатта болып жатқан құбылыстарға өзінің кері әсерін тигізетініне көзіміз жетті. Бірақ бұған қарамастан қоршаған орта, оның ішінде тіршілік маңызы зор атмосфера ластануда. Біздің республикамыздың қалаларында автокөлік, жылу электр станциялары ауаға көптеген улы заттарды шығарып отыр. Солардың біріне жататын көміртегі оксиді (СО) . Бұдан басқа да улы заттарға жұмыс барысында сипаттама беріледі.
Жұмыстың мақсаты ретінде атмосфераның ластаушы көздерін анықтап, оларға сипаттама бере отырып, адам организміне тигізетін әсерін анықтау.
1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы және биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
Жер атмосферасы (грекше: atmos - бу және sphaira - шар) - Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5, 15-5, 9 х 10 15 тонна. Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен әсер етедi.
Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жер бетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады.
Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады.
Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi - 10-12 км, экваторда - 16-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км - ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сәулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте - 70 0 С -қа түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биiктiкте температура +1600 0 жетедi. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан.
Атмосфераның 400-600 км биiктiкке дейiн ғана сақталатын газды құрамы 1 кестеде берiлген.
1 кесте
Атмосфераның төменгi қабаттары мен таза құрғақ ауаның химиялық құрамы
Массасы
бойынша,
%
Көлем бойынша,
%
Көлем бойынша,
%
Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ бетiндегi, топырақтағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.
Атмосфералық ауа - түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78, 08% азот, 20, 9% оттегi, 0, 93% аргон, 0, 03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0, 01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т. б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк әрекеттерi нәтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануар-лар организмiне зиянды әсер етедi.
Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының және тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тәрiздi өнiмдерiн қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн және басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына әсер етедi, т. с. с.
Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк және ол Жердiң қатты қабықшасынан пла-нета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлiнуi, вулкандардың әрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ультракүлгiн сәулелерi әсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесiнде бөлiнетiн газдар әсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi.
Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк әре-кеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды әсерлерiнен сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекеттерi өз кезегiнде осы атмосфералық жағдайларға тiкелей байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды әсер ететiн Күннiң ультракүлгiн сәулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi өсiмдiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климаттық факторлар, әсiресе, жылу режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне әсер етедi. Со-нымен қатар адамның тiршiлiк әрекетi атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен әсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын - 300-395 жылда сiңiредi.
Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы - көмiр қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон және басқа тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компонентi - су буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi атмосфераның қабаттары жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая бередi.
Атмосфералық процестерге, әсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен әсер етедi. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн сәулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2, 3-5, 2 мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк әрекетiнiң әсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына әсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн сәулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау - мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға әкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы әлемде бұл көрсеткiш әлi де жоғары күйiнде қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан жылға ұлғайып отыр.
Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферада бiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оңтүстiкке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нәтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нәтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен әсер етедi.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нәтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т. б. түрiнде және өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10 -3 -10 -4 см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нәтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар - бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.
Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi.
Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне әсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сәулелерiнен қорғайды. Академик В. И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды.
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне әкелiп соғады.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, әсiресе автомобильдердiң жанар-майларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы - 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер - 0, 5%, оттек - 4%, сутек -2%, альдегидтер - 0, 004, азот оксидтерi - 0, 06%, күкiрт оксидтерi - 0, 006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт және азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3, 4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етедi.
Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды.
Қазiргi кезде бүкiл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2, 5 млн автомобиль, Парижде - 900 мың, т. с. с. ластайды. Ал әрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т. с. с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейнiн күкiрттi газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр стан-циясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид және 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу әдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады.
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0, 7 кг/м 3 альдегидтер, 6, 5 кг көмiртек оксидi, 1, 7 кг көмiрсутектер, 4, 3 кг азот оксидтерi, 6, 3 кг/м 3 қатты бөлшектер бөледi екен
Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000 га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды екен.
Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркәсiптерi, транспорт, термояд-ролық қаруларды сынау, т. б. арқылы жүредi. Бұлардың әрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi, 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.
Биосфераның ауыр металдармен ластануы - ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл және түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, магний - 1, 5 есе, молибден - 3 есе, мышьяк - 7 есе, уран, титан - 10 есе, аллюминий, иод, кобальт - 15 есе, сынап-50 есе, литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий - 100 деген есе, галлий мен германий - мыңдаған есе, иттрий - 10 мыңдаған есе, т. с. с.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т. с. с. көптеген организмдерге зиянды әсерiн тигiзедi.
Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен әсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi 0, 4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0, 032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi әр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сәуленi - жылу сәулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына әкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтiк қасиетi бар.
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам орга-низмiне зиянды әсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауа-ды. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды әсерiн тигi-зедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн те-жейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.
Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нәтижесiнде радиациялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық әсер - радиоактивтi заттардан бөлiнетiн радиоактивтi сәулелердiң әсерi. Бұл сәулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сәулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық және физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.
Радиациялық әсерлердiң шығу көздерi баршаға мәлiм, қарапайым космостық сәулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т. с. с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байла-нысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды.
Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды әсер етедi.
Атмосфера радиоактивтi заттармен әсiресе, атом және сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жарылысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Әсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасы-малдануында қоректiк тiзбектер де бiршама роль атқарады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т. с. с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдардың өмiрiн қиды, оның зардаптары әлi күнге дейiн сақталуда.
1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңiстiгiнде және су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақтау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда үлкен маңызы бар.
Атом энергиясын кең масштабта қолдану нәтижесiнде атом өндiрiсiнiң қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы шешу жолдары түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң қалдықтарын Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақтайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл ең зиянсыз және тиiмдi жол болып саналады.
Атмосфераның шумен ластануы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz