Ауаны ластаушы көздер туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

Ауаны ластаушы көздер3

Автокөліктермен атмосфераның ластануы6

Атмосфераның аэрозольді ластануы7

Қорытынды10

Қолданылған әдебиеттер11

Кіріспе

Адам өзінің барлық даму сатыларында қоршаған ортамен үнемі қарым-қатынаста болады. Бірақ соңғы он жылдықтарда Ғылыми Техникалық Революцияның даму барысында адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері күрт үлкейіп, қазіргі кезде глобальды яғни дүниежүзін қамтитын проблемалардың біріне айналды. Жоғары индустриялық кең орындар табиғиқазба байлықтарды пайдаланып, олардың қорларын қайта толтырмайды, сонымен қатар көптеген орман мен далалы жерлерге экономиканың дамуы барысында әр түрлі зауыттар, тұрғын үйлер, темір жолдар тағы басқалар салынуда.

Адамзат өзі тіршілік етіп отырған ортаға, яғни биосфераға өзінің "қолын сұғып" ондағы болып жатқан экологиялық, генетикалық, биологиялық, химиялық және тағы басқа табиғатта болып жатқан құбылыстарға өзінің кері әсерін тигізетініне көзіміз жетті. Бірақ бұған қарамастан қоршаған орта, оның ішінде тіршілік маңызы зор атмосфера ластануда. Біздің республикамыздың қалаларында автокөлік, жылу электр станциялары ауаға көптеген улы заттарды шығарып отыр. Солардың біріне жататын көміртегі оксиді (СО) . Бұдан басқа да улы заттарға баяндама барысында сипаттама беріледі

Жұмыстың мақсаты ретінде атмосфераның ластаушы көздерін анықтап, оларға сипаттама бере отырып, адам организміне тигізетін әсерін анықтау.

Ауаны ластаушы көздер

Қазіргі кезде үлкен мөлшерде ауаның химиялық ластануы жүріп жатыр. Соларға жататын өндірістік орындардан шығатын газ тәрізді және аэрозольді заттар. Негізінен атмосфераның ластануы құрамында көмірсутекті қосылыстары бар жанармаймен жұмыс істейтін қондырғыштардан шығатын заттарға байланысты (бензин, керосин, мазут, көмір, табиғи газ т. б) . Ластану мөлшері жанармайдын жану процесіндегі құрамы мен мөлшеріне байланысты анықталады.

Атмосфераның ластаушы көздері негізінен іштен жану двигательдері бар автокөліктер (ДВС) . Кейбір мөлшері газотурбинді қондырғыштары мен ракета двигательдерінің салдарынан ластанады.

Жалпы айтқанда атмосфера ластануының 3-көзі бар. Олар:

-өнеркәсіп

-тұрмыстық қажеттіліктерді өндіру орындары

-транспорт

Орналасу орындарына байланысты бұлардың әрқайсысы атмосфераны әртүрлі ластайды.

Біздің заманымызда ауаны көп мөлшерде ластайтын бұл өнеркәсіп орындары деп есептелуде, олардың ішінде - жылу электрстанциялары. Себебі олар түтінмен бірге ауаға күкіртті және көмір қышқыл газын шығарады; металлургиялық кен өндіргіш орындар (әсіресе түсті металлургия) ауаға:азот оксиді, күкіртті сутек, хлор, фтор, фосфор қосындыларын, аммиак т. б шығарып отырады.

Зиянды газдар атмосфераға өндіріске қажетті отындардың жануы нәтижесінде, тұрғын үйлерді жылытуда, транспорттың жұмыс істеу кезінде және тұрмыстық-өндірістік қалдықтарды жою нәтижесінде түседі.

Атмосфераны ластаушылар екі топқа бөлінеді:

1-ші реттік (ауаға тікелей түседі)

2-ші реттік (ауаға түскен соң өзгеріп пайда болады)

Мысалы атмосфераға түскен күкіртті газ күкіртті ангидридке дейін тотығып, бұл өз алдына су буларымен әрекеттесіп күкірт қышқылының тамшыларын түзеді. Күкірт ангидридтерінің аммиакпен әрекеттесу нәтижесінде сульфатты аммоний кристалдары түзіледі. Осылайша ластаушы заттар мен атмосфера компоненттері арасында химиялық, фотохимялық, физико-химялық және т. б әрекеттесулердін нәтижесінде 2-ші реттік заттар пайда болады.

Пирогенді ластаушылардың негізгі көзі жылуэлектр станциялары, металлургиялық, химялық орындар болып табылады. Жыл сайын өндірген қатты және сұйық отындардың 170%қолданады.

Пирогенді туындыларға келесі заттар жатады:

-көміртегі (ІІ) оксиді(СО) - көміртекті заттардың (көмір, мұнай, газ) толық жанбауы нәтижесінде түзіледі. Ауаға қатты қалдықтардың жануы нәтижесінде зиянды газдардан және өндірістік қалдықтардан түседі. Жыл сайын ауаның құрамына бұл газдың 1250 млн. т. түсіп отырады. Көміртегі оксиді қосылысы атмосфера құрамындағы бөлшектермен активті әрекеттесіп жер бетіндегі ауа температурасының жоғарлауына әкеліп парниктік эффектінің пайда болуын тұғызады. Ауаға түскен көміртегі оксиді көмір қышқыл газына айналады.

Тыныс алу кезінде көміртегі оксиді оттегінің қанға түсуін жауып, нәтижесінде бас ауруын туғызады, ал жоғарғы концентрацияларында - тіпті өлімге алып келеді. Егер ауаның құрамындағы СО-ның концентрациясы 14мг/м 3 жоғары болса, инфарктық өлім көбейеді. Бұндай концентрациялар антропогендік факторлардың әсері жоғары жерлерде байқалады, яғни бұндай аймақтарда транспорт саны транспорт саны көп, сонымен қатар инверсия байқалады (яғни ауа алмасуы баяу) бұл "смогтың" пайда болуына алып келеді. СО-ді ауаға аз мөлшерде түсүін қамтамасыз ету үшін газдарды қосымша жандырып, автокөліктерге катализаторларды қолдану нәтижесінде болады.

  • азот оксиді мен диоксиді

Азот оксидтері - газ тәріздес азот моноксиді(NO) мен азот диоксиді (NO 2 ) ; жалпы формуласы NO x .

Барлық жану процестерінің нәтижесінде азот пен ауаның оттегі молекуласының қосылуы нәтижесінде азот оксидтері түзіледі.

Азот диоксиді - жағымсыз иісі бар, адам ағзасының шырышты қабаттарына қатты әсер ететін қызғылт газ.

Азот оксиді - түссіз газ, ауада дереу диоксидке айналады. Жану температурасы жоғарлаған сайын оттегінің түзілүі артады. Барлық жану прцестердің нәтижесінде алдымен NO-і түзіліп, ол кейіннен ауада NO 2 дейін тотығады бұл денсаулыққа өте зиянды газ. Азот диоксидінен күкірт қышқылы пайда болады (HNO 3 ) . Оның құрамындағы қышқылдардың 1/3 бөлігі қышқыл җаңбырлардың пайда болуына қатысады. Күн сәулесінің әсерінен азот оксидтері кауіпті фотоаксиданттар (озон және улылығы жоғары пероксиацетилнитра) түзеді. Азот оксидтерімен уланған жағдайда өкпелердің ісініп кетуі байқалады. Уланудың сипаттамалары: бас ауруы, шырышты қабаттардың зақымдануы.

Азот оксидтерінің ауаға түсүін кеміту үшін, мысалы денитрификационды жабдықтардың көмегімен жүзеге асыруға болады.

Фенол - жай ароматты спирттер тобына жататын түссіз, жарықта қызаратын кристалдар. Синтетикалық смола мен басқа химялық заттарды алуда пайдаланады, сонымен қатар медицина саласында дезинтификация үшін қолданады. Фенолмен тыныс алу кезінде шырыш қабаттарын зақымдап, ал теріге түскен жағдайда күйдіреді. Ұзақ уақыт уланған жағдайда бауыр, бүйректі зақымдап және қан құрамының өзгеруіне алып келеді. Фенол тұқымқуалаушылыққа зиянды әсерін тигізеді. 10-15 г. мөлшерінде фенол тағамға пайдаланатын балықтардың дәмін өзгертеді.

Формальдегид - өндірілуі 100 жыл бұрын пайда болған. Жеңіл өнеркәсіп салаларында маталарды өндіруде дезинтификатор немесе конервант түрінде пайдаланады. Өнеркәсіпте синтетикалық смолаларды алуда қолданса, ағаш өнеркәсіп салаларында ағаш бетін өңдеуде кеңінен пайдаланады.

Дүние жүзінде формальдегидтің өндірілуін бірнеше миллиондаған тоннамен өлшеуге болады. Формальдегид адам ағзасында аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Кейбір заттардың жануы нәтижесінде формальдегид түзіледі. Мысалы ол автомобильдердің сыртқа шығаратын зиянды газдары мен темекі түтінінің құрамында болады. Бөлменің формальдегидті ПДК-сы тек темекі тартуының салдарынан ғана жоғарлауы мүмкін. Сондықтан бұндай жерлерде арнайы темекі тарту орындары болуы қажет.

Формальдегидтің сыртқа шығаруының негізгі көзі қазіргі кезде автокөлік болып есептелінеді. Жылдан жылға бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Автокөліктермен атмосфераның ластануы

Егер автокөлік бір жағынан біздің өмірімізді жеңілдетсе, екінші жағынан тіршілігімізді уландырып отыр. Бұған төменгі мәліметтер дәлел бола алады.

Бір жеңіл автокөлік жыл сайын атмосферадан орта мөлшерде 4т. оттегтнт жұтып, улы газдармен бірге 800кг. көмір қышқыл газдарын, шамамен 40кг. азот оксидтерін және 200кг. жететін әр түрлі көмірсуларды сыртқа шығарады.

Автокөліктердің адамға және қоршаған ортаға тигізетін кері әсері келесідей:

  • ауаның ластануы
  • қоршаған ортаның ластануы
  • жылу бөлінуі (энегияның таралуы)

Әр автокөлік қажетсіз газдармен бірге сыртқы ортаға 200-дей әр түрлі компонентерді сыртқа шығарады. Қажетсіз газдардың кұрамында жанармай жанбаған кезде немесе жартылай жану прцесінің нәтижесінде көмірсулар пайда болады, ал бұндай жағдай көбінесе двигатель аз айналымдарда жұмыс істеген кезде және тоқтап содан соң жүріп жылдамдығын жоғарлатқан кезде байқалады. Дәл осы кезде акселлераторға басқан жағдайда қалыпты жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық жанбаған бөлшектер сыртқа шығады.

Жанбаған газдарға көміртегі ІІ оксиді жатады. Ол кез-келген жану процесінің нәтижесінде түзіліп отырады. Двигательдің қалыпты жағдайда және сапалы жанармаймен істеп тұрған кезде сыртқа шығаратын қажеттсіз газдардың құрамында орта шамамен 2. 7% көміртегі оксиді болады. Жылдамдығы төмендеген жағдайда 3. 9% дейін жоғарыласа, ал баяу жүріп келе жатқанда - 6. 9% дейін жетеді. Көміртегі ІІ, ІV оксиді және т. б двигательден шығатын газдар массасы ауадан жоғары болғандықтан алдымен жер бетінде жиналады.

Сонымен қатар қажетсіз газдардың құрамында өзінің өткір иісімен, қоздырғыш қабілетімен ерекшеленетін альдегидтер болады. Оларға акролендер мен формальдегид жатады. Автокөліктердің қалдықтарында сонымен қатар азот оксидтері кездеседі. Азот ІІ оксиді атмосферадағы көмірсулардың алмасуында маңызды роль атқарады. Қажетсіз газдардың құрамында жанармайдың ыдырамаған көмірсулары болады. Олардың ішінде этилен қатарына жататын гексен және пентен ерекше орын алады.

Атмосфераның аэрозольді ластануы

Аэрозольдер - бұл ауаның құрамында болатын қатты немесе сұйық бөлшектер. Қатты бөлшектері адам ағзасында спецификалық ауруларды туғызады. Атмосферада аэрозольді ластанулар түтін, ылғал және тұман түрінде болады. Аэрозольдердің кейбір түрлері қатты җәне сұйық бөлшектердің өзара немесе су буларымен әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Аэрозольдердің орташа көлемі 11-5мк. м. Жердің атмосфера қабатына жыл сайын 11 куб км. дейін жасанды жолмен пайда болатын аэрозольдер түседі. Шаңды бөлшектердің бір бөлігі сонымен қатар адамдардың тұрмыстық өндірісінде пайда болады. Кейбір техногенді шаңдардың көздері төменде көрсетілген.

Өндіру процесі: Өндіру процесі
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %:

Шаңның сыртқа шығуы

Млн. т. /жыл %

Өндіру процесі: 1. тас көмірді жағу
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 93. 60
Өндіру процесі: 2. шойынды балқыту
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 20. 21
Өндіру процесі: 3. мысты балқыту
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 6. 23
Өндіру процесі: 4. мырышты балқыту
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 0. 18
Өндіру процесі: 5. қорғасынды балқыту
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 0. 13
Өндіру процесі: 6. цемент өндіру
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %: 53. 37
Өндіру процесі:
Шаңның сыртқа шығуыМлн. т. /жыл %:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы
Атмосфералық ауаның ластану көздері
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz