Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы


ЖОСПАР
Атмосфера2
Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы4
Көлік шуы, діріл мен магнит өрістері әсерінің рұқсат етілген шектік деңгейін нормалау7
Жанар май құю станциялары және олардың қоршаған ортаға тигізер әсері8
ЖҚС ағын суларын тазалау13
ЖҚС орналасқан жердегі қоршаған ортаның ластануына жол бермеу шаралары14
Қолданылған әдебиеттер17
Атмосфера
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5, 157·10 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - трофосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, трофосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс - әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т. б. ) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақта адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістеге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөіктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т. б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі-жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанған қалаларға (Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. ) Әрине бұл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т. б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2000 жылдары Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қоқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.
Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері:Павлодарда 763, 0 мың т., Қарғандыда 601, 6 мың т., Шығыс Қазақстан қалаларында 170, 0 мың т., Қостанайда 170, 0 мың т., Ақмолада 120, 0 мың т., Атырауда 90, 0 мың т., болды. Бұл аймақтарда жылу знергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километріне жылына орта есеппен 1, 13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттарымен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар қалалар бойынша: Қостанайда 119, 4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87, 3 мың т., Алматыда 85, 0 мың т., Павлодарда 74, 7 мың т., Көкшетауда 53, 6 мың т., көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлық шығарылатын заттардың 70-80% құрайды.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік у түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, қауын, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т. б. ) нитраттар көп болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда санэпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріп отырады. Экологиялық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі. Бұл фактілердің бәрі Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыпты емес екендігін көрсетеді. Жергілікті жердегі өнеркәсіп орындарының шоғырлануы, зиянды заттардың шектен тыс көбеюі, атмосфераның ластануы, т. б. экологиялық жағдайларды нашарлатады.
Автомобиль жолдарын пайдалану жағдайындағы қоршаған ортаның ластануы
Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы авотмобиль жұмысының тиімділігіне (өнімділігі, өзіндік құны, қозғалыс пен экологиялық қауіптілігі) тікелей байланысты фактор. Егер автомобиль жылдамдығы 20% артатын болса, жүк тасымалының өзіндік құны шамамен 8-10%-ға төмендейді, еңбек өнімділігі 18-20%-ға артады, қозғағыштардың қызмет мерзімі 12-15%-ға өседі, қозғағыштар шығаратын пайдаланылған газдың мөлшері 35-40%-ға төмендейді.
1-суретте профессор Н. Я. Говорущенко жүргізген зерттеу нәтижелерінің мәліметтері [11] бойынша жол кедергісінің жиынтықты мәнінің f, жол жамылғыларындағы тегістік дәрежесінің S, жолдағы бойлық еңістіктің і, теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктің h және қозғалыс қарқындылығының N автомобиль қозғалысының есептік жылдамдығына (V =90 км/сағ) әсері көрсетілген. Техникалық жылдамдықтың орта мәнін анықтайтын есептік өрнектер 1-кестеде келтірілген. Жол жамылғысының жағдайы автомобиль доңғалағы мен жолдағы қозғалыс бөліктің бір-біріне әсерін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар, жол жамылғысының төмендеуіне, атмосфераға шығарылатын пайдаланылған газдардың көбеюіне айтарлықтай әсер ететін факторлардың бірі.
Ресей ғалымдары М. В. Немчинов, Н. С. Гринберг және С. Ю. Ткачевтің зерттеулері жол жамылғыларының тербеліс кедергісіне әсері жамылғыдағы тегіссізтіктердің ықпалын және жанасу кезіндегі үйкеліс күшін жоюға кететін энергия мөлшерін арттыратынын көрсетеді.
Тегіс бетті асфальт-бетонды жамылғыда (жамылғы бетінің кедір-бұдырлығы 0, 2-ден кем болса) ВАЗ-2107 автомобилінің жанар май шығыны тура сондай кедір-бұдырдағы тегіс бетті цемент-бетонды жамылғымен салыстырғанда 13-20% аз болады. Қозғалыс жылдамдығы жоғары болған сайын жанар май шығынының айырмасы да арта түседі (2-сурет) . Жанар май шығынына автомобиль шиналарындағы протектор пішіні де тура сондай әсер етеді. Өлшемі 280-508Р және 260-508Р шиналарының арасындағы айырмашылық жанар май шығынындағы айырмашылықты 13, 3%-ға жеткізеді.
Жол жамылылары бетінің макро кедір-бұдырлығы да жанар май шығынының мөлшеріне қатты әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, жамылғы бетіндегі кедір-бұдырлықтың өсуі жанар май шығынын күрт арттырады. Егер жамылғы бетіндегі макро кедір-бұдырлықтың тегіссіздік тереңдігі орташа есеппен 1 мм артатын болса, ол ВАЗ-2107 автомобилінің жанар май шығынын қозғалыс жылдамдығына қарай - 1, 6-2, 4%-ға арттырады(3-сурет) .
Соныменен, макро кедір-бұдыр өлшемінің 5 мм-ге дейін өсуі жанар май шығынын 8-12%-ға арттыруы мүмкін. Жүк таситын автомобильдер үшін жанар май шығыны мен жол жамылғысы бетіндегі текстуралық тереңдіктің өзара байланысын анықтау қиындау(4-сурет) . Жүк автомобильдерінің шинасының пішіні жеңіл автомобильдердің шиналарына қарағанда әлдеқайда үлкен, сонымен қатар, олардың конструкциясында да айтарлықтай ерекшеліктер бар (мысалы, корд қабаттарының саны және т. б. ) . Сондықтан жанасу кезіндегі энергиялық шығын мен жанар май шығынына кедір-бұдырдың беттік радиусы елеулі әсер етеді. Нәтижесінде кедір-бұдырлы беттегі тегіссіздік тереңдігі 2, 3 мм болған кездегі жанар май шығыны 0, 7мм-ге қарағанда әлдеқайда аз болып отыр, ал кедір-бұдырлық тереңдік 0, 7мм-де, керісінше, 3, 0мм-мен тең өсуі байқалады.
Жол жамылғыларының бетінде микропішіндік тегіссіздіктердің туындауы-автомобильдегі жанар май шығынын арттыратын бірден-бір фактор. Өйткені тегіссіздік тереңдігінің мәні үлкен болған сайын жанар май шығыны да арта түседі(2-кесте) .
Q=A+B·H +C·H², л/100 км
Автомобиль паркінің тез өсуі мен көлік ағынындағы тығыздықтың артуы қаладағы қозғалыс коммуникациясының сипатын және оның пайдаланымдық жағдайын толығымен өзгеріске ұшыратады. Аталмыш проблема ірі қалаларда, әсіресе, қысқы күндері қатты сезіледі. Жолдың тайғақтығы және қиылысу аймақтарындағы қар үйінділерінің пайда болуына байланысты қозғалыс бөлігінің тарылуына жол беріліп, қозғалыс режимінің хаостық процесі артады, демек автомобильдердің бағдаршамдарда іркілісі қалыптасып, автокөліктік “кезек” салдарынан тоқтап қалған көліктер саны артады. Осыған байланысты қиылыспа аумағында автомобиль қозғалысының бос қызметі (“холостой ход”) орын алады, “тоқтау сызықтарында” мұның алдындағы кезектің ұзындығына байланысты көлік шуының деңгейі де 2-4 есе артады. Осындай құбылыстар әсіресе қысқы мерзімдерде қиылысу аймағында жүргізушілердің, жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің жүйкесін тоздырып, күтпеген жайттарға-автомобильдердің қақтығысуына, жаяу жүргіншілерді қағып кету және т. б. жайсыздықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Оның себебі, жоғарыда айтылған жолды қысқы мерзімде күтімге алған кездегі жамылғылардың пайдаланымдық жағдайларының (қозғалыс бөлігінің тарылуы, ілінісу коэффициентінің төмендеуі ) .
Реттелетін қиылысу аймағында ілінісу коэфицентіне байланысты пайдаланылған газдармен ауаның ластануын анықтау үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ зерттеушілері Алматы, Өскемен және Талдықорған қалаларында бірқатар зерттеулер жүргізген болатын.
Қоршаған ортаға көлік ағындары шығаратын зиянды заттардың таралуына талдау жүргізу мақсатымен Қазақстанның бірқатар қалаларында жүргізілген зерттеу нәтижесінде зиянды заттардың ШРК-дан асатын аса жайсыз аймақтар анықталды. Мысалы, Алматы қаласында қауіпті газдардың ең жоғарғы деңгейі Райымбек пен Розабакиев көшелерінің қиылысында болып отыр. Ол жерде жазғы күндері ауа құрамындағы СО зиянды заттардың рұқсат етілген шекті мәнінен 20, 7 есе, С Н -11, 4 есе және NO -17, 8 есе жоғары болса, қысқы мерзімдерде тиісінше 33, 6, 16, 7 және 24, 3 есе жоғары болды. Өскемен қаласында ең қауіпті аймақ Абай мен Ленин көшелерінің қиылысы, ал Талдықорған қаласында Жансүгіров пен Абай көшелерінің қиылысы болып отыр(3-кесте) . Автомобиль жұмысы оның қозғалысынан, қиылысудағы бағдаршамның тиым салатын сигналына (белгісіне) және аялдау орындарына тоқтаудан қалыптасады. Бұл жағдайда автлмобиль қозғалыстағы төрт режимінің жиынтығынан құралады: қозғағыштың бос айналуы, тұрақты режимдегі қозғалыс, газ шығару қарқындылығы тұрақты тежеу және үдету режимдері. Автомобильдің аталған әрбір режимдегі қозғалысы пайдаланылған газ шығарудың дербес көзі болып саналады. Тұрақты режимдегі, үдету және тежелу режимдеріндегі қозғалыс (қиылыспалар арасындағы аралықтарда) пайдаланылған газ шығарудың тұрақты көзі болса, қозғағыштың бос айналуы кезіндегі режим (бағдаршамның алдында тұрғанкезде) -бір реттік газ шығару көзі болып есептеледі.
Көлік шуы, діріл мен магнит өрістері әсерінің рұқсат етілген шектік деңгейін нормалау
Шу, діріл, магнит өрістерінің теріс әсерлері мен басқа да зиянды физикалық әсерлер қоршаған табиғи ортаны акустикалық ластау түрлеріне жатады. Акустикалық ластау әсерін басты қадағалаушы объект адам болып табылады. Бұл оның денсаулығы мен еңбек ету қабілеттілігін төмендетеді. Шудың, соның ішінде көлік шуының жалпы қабылданған шектік рұқсат етілген деңгейін денсаулық сақтау мекемелері, мысалы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындары Құрылыс пен көлік мекемелерімен бірлесе отырып, шудан қорғану шараларын қарастыратын құрылыстық-санитарлық нормалар мен ережелерді әзірлейді және бекітеді. Аталмыш нормалар мен ережелер талаптарын орындамау кінәлілерді жауапқа тарту мен әкімшілік тарапынан жазалау немесе олардың қызметін шектеу құқығын береді.
Адам мен табиғи ортаны шудың зиянды әсерінен қорғаудың басты бағытына көлік саласы мен өндірістік процестерде экологиялық залалсыз, шусыз технологияны пайдалану болып табылады.
Жанар май құю станциялары және олардың қоршаған ортаға тигізер әсері
Жанар май құю станциялары(ЖҚС) -автомобильдерге және шынжыр табанды көлік құралдарынан басқа жол-көлік құралдарына жанар май құюға арналған өндірістік объектілер.
Автокөлік паркінің өсуіне орай ЖҚС саны да өсіп келеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде ЖҚС саны 29, 3 мыңға, соның ішінде Мәскеу қаласында 950-ге жеткен (1992 жылы тек 200 ғана болған) . АҚШ-тағы автокөлік паркі 400 млн машинаны құрайды(дүние жүзіндегі автомобиль паркі-700 млн автокөлік) , ал ондағы ЖҚС саны 180 мың. Соныменен, АҚШ-тағы 1 ЖҚС 2500 автокөлікке, Ресейде-1200 автокөлікке, соның ішінде Мәскеуде 4500 автокөлікке, Алматыда шамамен 3000 автокөлікке қызмет көрсетеді.
- ЖҚС дегеніміз-қолданымдағы барлық машиналар паркінің шектеулі аумақта шоғырлану орны;
2) Ресей мен Қазақстанда көлікке жанар май құю жиілігі (ЖҚС-на кіру жиілігі) басқа елдерге қарағанда жоғары. Бұны бірқатар факторлармен түсіндіруге болады: бұрынғы Кеңес Одағында шығарылатын автокөліктердегі бензин құятын құтылардың сыйымдылығы өте шамалы(40-50 литр), ал шет елдік автокөліктердегі құтылардың сыйымдылығы 70-80 литр. Сол себепті бұрынғы Кеңес Одағында шығарылған автокөліктер ЖҚС-на диі кіреді.
- ЖҚС әсерінен пайда болатын атмосфераны ластаудың негізгі көздері
ЖҚС пайдаланған кезде атмосфераға түрлі ластаушы заттар (Ресей және шет ел зерттеушілерінің мәліметтері бойынша) шығарылады. Олардың туындайтын негізгі көздері төмендегідей(4-кесте) :
Жанар май құятын құтылар. ЖҚС-да этилденбеген бензин мен дизель отынын сақтауға арналған жер асты ыдыстары орналастырылған. Мұнай өнімдерін автоцистерналардан құю, сақтау кездерінде ауа шығаратын клапандар арқылы атмосфераға (С -С ), (С -С ), (С -С ) шектік, шектік емес амилендер, хош иісті көмірсутегілер-бензол, толуол, ксилол, этилбензол, күкіртті сутегі шығарылады. Жанар май бір мезгілде тек бір құтыға ғана құйыла алады.
Апаттық құты. ЖҚС алаңында төгілген жанар майды жинауға арналған, сыйымдылығы 10 м³ апаттық ыдыс орнатылады. Жанар май төгілген кезде ыдыстың ауа шығаратын клапаны арқылы атмосфераға, (С -С ), (С-С ), (С -С ) шектік көмірсутегілер және шектік емес амилендер, хош иісті көмірсутегілер-бензол, толуол, ксилол, этилбензол, күкіртті сутегі шығарылады.
Жанар май құю колонкалары. ЖҚС-да жанар май құятын колонкалар орнатылады.
Автомобиль құтыларында жанар май құятын кезде, жоғарыда аталғандай, (С -С ), (С -С ), (С -С ) шектік көмірсутегілері, шектік емес амилендер, хош иісті көмірсутегілер-бензол, толуол, ксилол, этилбензол, күкіртті сутегі шығарылады.
Жанар май құятын орынға келетін автокөліктердің кіріп-шығуы. ЖҚС аумағы арқылы карбюраторлы және дизельді қозғағыштары бар автомобильдер қозғалған кезде атмосфераға азоттың қос тотығы, азот тотығы, көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, дизель отыны мен бензиннің буы, ыс, бенз(а) пирен бөлініп шығады.
Жанар май құйылған автоцистерналардың кіріп-шығуы. ЖҚС аумағы арқылы карбюраторлы қозғағышты машиналар қозғалған кезде азоттың қос тотығы, азот тотығы, көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, дизель отыны мен бензиннің буы, ыс, бенз(а) пирен таралады.
Тазалағыш құрылғылар. ЖҚС аумағынан ласатанған ағын суларын жинауға арналған құрылғылардан атмосфераға (С -С ) шектік көмірсутегілер мен күкіртті сутегілер шығады.
Техникалық күтім көрсету станциясы (ТКС) . ТКС аумағында камераны желімдеу, жөндеу алдында автокөлік тетіктерін жуу жүзеге асырылады. Аталған технологиялық процестер нәтижесінде атмосфераға күкірттің қос тотығы, бензин буы, натрий карбонаты, резина және металл шаңы көтеріледі. Автокөліктер ТКС бокстарына қарай қозғалғанда олардан азоттың қос тотығы, азот тотығы, ыс, көміртегі тотығы, күкірттің қос тотығы, дизель отыны мен бензиннің буы, бензапирен таралады (4-кесте) .
ЖҚС - да апаттық және үлкен мөлшердегі зиянды заттар шығаруға шек қойылған, себебі бұған технологиялық тұрғыда жол берілмейді.
Автомобильдер ауаны картер газдарымен қатар жанар май булануы арқылы да ластайды. Олардан зиянды заттар негізінен пайдаланылған газдар арқылы шығарылады.
Автомобильдер шығаратын газ шамамен 250 - дей химиялық элементтер мен қоспалардан тұрады. Ал осындай пайдаланылған газдардың негізгі компоненттеріне жататындар: көміртегі тотығы (СО), көмір сутегі (С Н ), азот тотықтары (NО ), ыс, бензапирен, тетраэтил қорғасыны, күкірттің қос тотығы, альдегид.
Көмірсутегілердің жануы кезінде туындайтын химиялық процестер кезінде қалдық газ пайда болады. Стехиометрлік тендеу түріндегі реакция кезінде көмірсутегілердің толық жану ықтималдығы өте төмен болады, әрі бұл іс жүзінде де солай орындаларын процесс.
Автомобиль агрегаттарының жұмысына байланысты атмосфера ауасының ластануы негізгі үш көзден тұрады: қозғағыштан зиянды заттардың шығуы, картердің майлануы мен желдетілуі, автомобиль қозғалтқышының жанар маймен қоректендірілуі. Автомобиль қозғалтқышы шығаратын зиянды заттардың негізгі үлесі пайдаланылған газдар болып саналады. Сондықтан, пайдаланылған ғаз құрамындағы зиянды заттардың мөлшері айтарлықтай дәрежеде қозғағыштың жұмыс режиміне, оның техникалық жағдайына, қолданылатын жанар май түріне, оның құрамындағы қоспаларға байланысты. Қозғағыш цилиндрінің жұмыс органдарында жанар май жану арқылы жылу энергиясына ауысады да, бұдан пайдалы механикалық жұмыс пайда болады. Бірақ, бұл жағдайда энергияның қандай да бір бөлігі шығынға ұшырайтыны анық (бұл шығындар 55%-ға дейін жетеді. ) . Пайдаланылған энергияның негізгі бөлігі жылуға ауысады, ал қалған пайдаланылмаған бөлігі параметрлік ластанудың басқа түріне ауысады. Жану реакциясы нәтижесінде улы компоненттер пайда болады, олар көміртегі тотығы (СО), жанбаған көмірсутегілер (С Н ), соның ішінде қышқылды альдегид пен ыс. Жанудың жанама өнімдерінен, азот тотығы (NО ), күкірттің оттегі және сутегімен қосындысы, күкірт және мұнайдан алынатын жанар май мен жанар майға қосылатын қоспалар түзіледі. Бұл қоспалар жану реакциясын аяғына дейін жеткізбейді, яғни, олардан СО мен Н О толық түзілмейді.
Жоғарыда аталғандай, автомобильден шығатын пайдаланылған газ құрамында шамамен 250-дей механикалық элементтер мен қосындылар болады. Жану өнімдерінің барлығы негізгі екі топқа бөлінеді: улы және усыз. Пайдаланылған газдардың негізгі компонеттері 5-кестеде берілген.
Пайдаланылған газдар ауамен араласқаннан кейін зиянды (улы) қоспа құрап, атмосфералық ағындармен қозғала отырып, ауаны ластайды. Бұл жағдайда улы заттар адам организміне өкпе, асқазаны, ішек-қарын және жарақаттанбаған тері арқылы өтеді.
Улы заттардың дем алу органдары арқылы өкпеге өтуі организмді улаудың ең негізгі түрі және қауіпті түрі. Организмдегі өзінің химиялық активтілік дәрежесіне қарай барлық химиялық заттарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бу мен оның туынды өнімдеріне әсер ететін заттар жатады. Өздерінің химиялық активтілігінің төмендігіне орай олар адам организмінде өзгеріске ұшырамайды, демек, олар қан түзілуіне қарағанда баяу жылдамдықпен өзгереді.
Екінші топ азот тотығы, күкіртті газ және осы сияқты басқа да әсерлі газдар құрайды. Бұл газдар реакцияға тез түсуіне байланысты олар ешқашан қанықпайды. Осының нәтижесінде уақыттық шамаға сәйкес атмосфераның улану қауіптілігі де арта түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz