БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 2
БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ 4
БАЛҚАШТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ 7
БАЛҚАШ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ 9
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11

БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш –
Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені –
9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал,
Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан,
оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте
жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы
өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі
Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы
егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд
және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап
отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік
жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш
экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү
қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын
бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп
отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су
жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына
байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-
1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің
орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала
күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи
жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле
тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс –
қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі
көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі
соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары
батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің
фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе
төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле
бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер
және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле – балқаш
алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен
құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын
терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Жезқазған өңірі кең-байтақ еліміздің дəл орталығында орналасқан жəне
республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы.
Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек жəне шашыранды металдар
өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мəдени аймақтар кен
өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.
Жеқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі
металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген
тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.
Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер
көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрлысына байланысты.
Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40-10
мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола
дəуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген.
Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады.
Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың
ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам,
молибден, ванадий жəне құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры
жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері
кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың Пермь дəуіріне дейін
жиналған тау жыныстарымен байланысты.
Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын
өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың
салырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды
табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы
жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп
орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет
үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде
қалдыруға кері əсерін тигізуде.
Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты
əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар
екені де күмəнсіз.
Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды,
оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі
ауылшаруашылығына арналғаны- 831701 гектар, өнеркəсіп, көлік жəне байланыс
құрылымдарына қатыстысы- 14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді.
Тіршіліктің тіні - Табиғат-Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша
адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің
өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен
салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді.
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш
тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен
үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ
депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те,
жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені
жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен
“екінші табиғат” (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға
қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер
көбейе береді.
Балқаш көлі - ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек,
жұмбағы мол.
Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып
келеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы
Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы туралы
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Пәндер