БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
БИОЦЕНОЗ,
БИОГЕОЦЕНОЗ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: ШАНАЕВА Г.

БАҒАСЫ:__________

АЛМАТЫ-2007

ЖОСПАРЫ:

БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ 3
БИОТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-КАТЫНАСТАРДЫҢ ТИПТЕРІ 5
БИОЦЕНОЗДАР ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕДЕГІ ЭНЕРГИЯ 11
БИОЦЕНОЗДЫҢ КЕҢІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 12
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ

Табиғатта әр-түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп,
ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде бірлестіктер немесе
биоценоздар деп атайды. Биоценоз (bios - өмір, кoinоs - жалпы) – табиғи
жағдайларды бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен
микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған
неміс зоологі К.Мебиус (1877). Биценоз құрамындағы организмдердің бір-
бірімен қарым-қатынасын биценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез-
келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашан да өлі табиғатпен
бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биценоз компоненттерінің қолайлы
тіршілік ортасы – биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп – тірі организмдердің
жиынтығы. Тіршілік ететін орта. Нәтижесінде, биоценозбен боитоп бірлесіп –
биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940-жылы В.Н.Сукачев
енгізген. Сонымен, биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың (экотоп)
диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдікқоректі
жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар
(микроорганизмдер), және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер
арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады. Ал,
биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың
біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан, табиғатты
биологиялық бірлестіктер кез-келген копуляциялар мен биотоптардан тұратын
кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биомассасын қамтитын
табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе – биосфера немесе экосфера.
Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық
ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде Экожүйе термині жиі
қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенели енгізген. Шын мәнінде екі ұғым да
бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты-
автотрофты жэне гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз
ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе,
ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен
экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен
уакытқа байланысты көп түрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы,
5) эволюция және даму, 6) баскару. 7) компоненттердің қарым-қатынастарын
толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты
қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал
етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардын ең бастылары қоректік және
кеңістіктегі байланыстар. Қоректік карым-катынастарды ғылымда биотикалык
факторлар деп атайды. Яғни биотикалык факторлар дегеніміз тіршілік
барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы.
Аталған факторлар бір түрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін
организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен,
өсімдік - өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль
атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып,
колайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, т.б.
жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз кұрылымының
күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді, пайдалы
немесе кері әсер ете отырып, үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.

БИОТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-КАТЫНАСТАРДЫҢ ТИПТЕРІ

Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар
қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі.
Десе де, организмдер арасыңдағы кеңістік карым-катынастар да негізгі роль
аткарады. Қоректік тізбектер өсімдік, кұстар мен жануарлар арасында болды.
Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз бір немесе бірнеше түрге жататын
организмдердің өзара қорек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік
жағдайындағы карым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі
бәсекелестік тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретіңде
бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасындіа жиі байқалады.
Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе кұмырсқалардын қырылу
популяциясын реттеуі жатады.
Түраралык бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол
бірде айкын білінсе, бірде пассивті көрінеді. Сондыктан эколог Г.Ф.Гаузенің
зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уакытта бір жерде
өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылык көрсетіп,
екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине, коректік ресурсқа
тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік коректік
фактор аркылы емес баска да (мінез-кұлык, тұрағы үшін, аумактың, т.б.)
факторлардың жегіспейтінінен де болады.
Жырткыштык. Жырткыштык түрлер арасында болатын карым-қатынастардың ең
жоғарғы формасы. Ол кейде корек, аумак. т.б. ресурстар үшін бірін-бірі
өлтіру, куу, жеу аркылы көрініс береді.
Жырткыштык организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жырткыш жемтігін
алдымен іздеп тауып ұстауы қажет. Ал жемтік өз кезегінде жауына деген
корғаныс кабілеті немесе жоғары бейімделушілік касиетке ие болады. Бұл
кұбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялык, физиология,
биохимиялык, т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Олар өсімдіктердетікен. кабық,
жағымсыз иіс түрінде білінсе. ал жануарлар дүниесінде улы бездер,
панцирлер, корғаныс түстер, мінез-кұлкының өзгеруі, түрін өзгерту денесінің
кейбір мүшесін бөліп тастау, кашып кету, жасырыну, т.б. кұбылыстар аркылы
жүзеге асады. Тіпті кұстар, түз тағылары сес көрсетіп, карсы шабу, катты
дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жырткыштар
жемтігін тандап жеуге, екіншілері көпкоректілерге айналған. Мәселен касқыр
көп коректі болса, ал кейбір кұстар тек балыкпен қорактеиуге бейімделген.
Тіпті кейбір ірі жырткыштар корегін тандаумен катар өзіне тән агрсссивті,
баяу, кейде пассивті (өлекселермен көректенетіндер) формалары келіп шықкан.
Адам баласы жыртқыш андар мен кұстарды байқап олардың мінез-кұлқына
қарай ат қойып, қолға үйретіп мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған.
Кейбір кезеңдерде жырткыш аң мен құстарды зиянды, қас жау. кұбыжық
санап, көпе-көрнеу кырып-жойып отырған. XIX гасырдың баскы кездерінде
жырткыштарды (қаскыр, жырткыш кұстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта
күтпеген экологиялык апаттарға ұшырап отырған. Мәселен, қасқырларды кырып
түз тагыларының арасындағы жұкпалы аурулардың тез таралып андардың қырылуы
немесе жыртқыш құстарды кырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің каптап
кетуі (Қытай жеріңде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек.
Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені казір
баршамызға мәлім. Олар дала санитары ретінде биоценоздағы түрлер
арасыңдағы тепе-теңдікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни
жыртқыш - табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде,
популяциялардың сапалык кұрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал өз
кезегінде жемтік те жырткышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті
дамуына ықпап етеді. Осылайша карама-карсылыктың әсері зволюциянын қозғаушы
күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктін ара салмағын дисбаланс жағдайда реттеп
отыратыны анық.
Паразитизм. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін корек
немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиггік
кұбылыс организмдер арасында тікелей жанасу аркылы бірте-бірте пайда
болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер
арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңыраукұлак. қарапайымдылар,
кұрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен есімдік, жануар мен
жануар және өсімдік пен жануар арасында да паразиттік кұбылыс жаксы
дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына. бейімделуіне карай
монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сырткы
(эктопаразиттер) және ішкі (эндо-паразиттер) паразиттер болып бейімделген.
Олардың ішінде пайдалы да немесе өте кауіпті ауру тарататын түрлері де
баршылык. Бірак олардың кай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар.
Мәселен, біздін жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттсрі
олардыңтабиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір
ғана кұм тышканының үстінен немесе ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі
табылган. Ал адамның ішек-карын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида.
эхинококк, т.б. организмдер паразиттер катарына жатады.
Паразиттердің көптеген түрлері жұкпалы тіптен катерлі аурулар (сүзек,
тырыскак, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың катарына
Қазакстан аумағында жиі кездесетін маса, сона, кұмыты, бүрге, кенелер
жатады. Әсіресе, республикамыздың шөл-шөлейтті аймағыңда ксздесетін маса,
бүрге, кенелердің биологиясын білу, олармен күресті сактануды жеңілдетері
сөзсіз.
Көптеген жануарлар (түлкі, кояы, жыртқыш кұстар. карсак, т.б.)
паразиттерді таратушылар ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Экожүйелер экологиясы
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
Биоценоз туралы түсінік
Биогеоценоздар
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйелер тұжырымдамасы
Экожүйе құрылымы
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Пәндер