Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Демография және экологиялық мәселелер3

Адамзаттың сандық сипаттамалары4

Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы5

Әдебиеттер6

Кіріспе

Демография (гректің - халық және -жазамын деген сөздерінен алынған) - халықтың санын, құрамын құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты элеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығын да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін, оны қанағаттандырдағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т. б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.

Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған тұрақты жері.

Халықтың жыныстық жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі - белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің, ал екіншісі - әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен естияр адамның арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатынастар әлемнің әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктер де солай.

Елдер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, өндірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.

Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысты зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография-ғаламдық проблема.

Демография және экологиялық мәселелер

Демография ( грек. демос - халық ) - халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.

Адамзаттың сандық сипаттамалары

XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.

Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.

Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффицентінің төмендеуі туу коэффицентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті.

Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.

Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.

Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және экологиялық мәселелер
Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер
Демография ғылымы туралы түсінік
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Экологиялық демография мәселелері
Халықты санау әдісі
Демографиялық мәселелер
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz