КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ 2
Пайданланылған әдебиеттер: 10

КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ

Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өндеу
кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан
табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі —
әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий
теңізінің деңгейі жел-қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 - 1 м-ге
дейін ауытқып отырады, 1837 - 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының
нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930
және 1980 - 90 ж. аралығына сәйкес кездесетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су
деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшеріне (-
29,01 м) жетті. 1978 – 95 ж. су деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995 ж.
бұл көрсеткіш – 26,66 м болды (қ. 1 сурет).

Су деңгейінің тұрақсыздығы — климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына
байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұзд. 0 — 12%о. Каспий теңіз
морфология жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және
Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі — солтүстік-
шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік
Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан география орны, теңіз
түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі
(балансы) жөне т.б, бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге
қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аум. 80 мың км2. Оған келіп
құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы — жалпы Каспийге құятын
барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар
дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі
(оның ішіңде омыртқасыздар - 1069, омыртқалылар - 415, паразит жануарлар
-325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар
(шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды.
Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн. т болса, оның 40%-і Солт. Каспий
бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңіз — ежелден балық ауланатын маңызды су
айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзі өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы
кезде балықтардын уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін
өзендерге салынған бегеттер, судың радиациялык және химиялық жолмен
ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын
азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қоыртпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеніп
бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім
- Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазіргі заманнын балық ш. —
балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне
пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл
сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне
75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты
жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы
суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мыс., шортан, оңғақ,
қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе,
қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (түзд. 10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер
судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2
тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет).

2 сурет. Каспий теңізіндегі 2 тропикалық жүйе

Солт.-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде
Қазақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін
қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы
— тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан
астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450
мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8
мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы
қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солт. бөлігіндегі
гидрометеорология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий экологиясы туралы
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Су жүйелер экологиясы
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Каспий теңізінің экологиясы мен құқықтық мәртебесі
Экология ғылымы туралы ақпарат
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Пәндер