Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы2

Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы3

Атмосфераны қорғау8

Атмосфераның шумен ластануы9

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы - Алматы қаласы өзінің физика-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамасы уникалды болып, экологиялық ерекшелігін территориясында түрлендіріп келеді.

Алматы Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау етегінде, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Алматы жер шарындағы осындай ғажап «биіктік» орын алған біраз қалаларының біріне жатады. Теңіз деңгейінен Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі 670 метр биіктікте белгі алып, ал ең аласа нүктесі 970 метрде орналасқан. Оның табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігі осындай ғажап қаланың тігінен орналасуына байланысты. Қатал солтүстік және ыссы оңтүстік табиғи зоналары Алматы қаласында қосылған сияқты. Сібір аққайыңы мен Тань-Шань шыршасы, жүзім сабағы мен шабдал көршілесіп тұр.

Барлық табиғи белдеулер-солтүстік шекарадан асатын шөлейт даладан оңтүстіктен асатын мұздыққа дейін қалалық картада белгіленген.

Қаланың климаты континенталды болып келеді және тау-алқап циркуляциясының ықпалымен сипатталады. Желдің барлық бағытында қала «аэродинамикалық көлеңке» атауында болып шығады, жыл бойы 95%-дан астам толық штилді күндер бақыланады, штилдің жазда қайталануы 45%, ал қыста 70%. Қыс мезгілінде қала үстінде температурасы қуатты және ұзаққа созылған инверсиялары пайда болады. Тұманның пайда болуы атмосфералық ауа қабатының вертикалды араласуын болғызбайды. Қоспаның тарқауына аласа қайнар көздердің лақтыруынан климаттық ерекшеліктер қолайсыз жағдайлар жасайды, зиянды заттектер атмосфералық жер қыртысының қабатында жиналады.

Күрделі ландшафттық-географиялық шарттар қала келбетінің жаңа жоспарын анықтайды. Қаланың белгілі бөлігін тұрғын массивы алып жатыр. Қаланың орта бөлігінде барлық мәдени тұрмысқа тағайындалған мекемелердің 70%-ы орналасқан. Райымбек көшесінен солтүстігіне қарай өнеркәсіп және кіші этажды құрылыстар басым келеді. Қала жоғары сейсмикалық және қауіпті сел зонасында орналасқан.

Алматы қаласының қоршаған ортаның экологиялық жағдайы ауаның ластану деңгейі бойынша табиғатты қорғау шараларының дамуына қарамастан республикамыздың қолайсыз қалаларының біріне жатады. Алматы қаласы дүние жүзіндегі ең лас 10 қалалардың ішіне кіреді. Алматы қаласының атмосфераға шығаратын зиянды заттектерінің мөлшері және олардың топырақ құрамындағы мөлшері Өскемен қаласынан кейін екінші орында. Егер бұрын жүздеген өндірістік өнеркәсіптер түтіндесе, қазір олардың орнын жүз мыңдаған автокөліктер алады. Автокөліктердің 60%-ы тиімсіз пайдаланады (бір жүргізушіні ғана тасиды), қалалық АЗС-тар жанармай маркасын көтеру үшін экологиялық зиян қорғасын қоспаларын пайдаланады. Жүйелі түрде көмір тотықтары мен формальдегидтердің рұқсат етілген концентрациялары жоғарылайды. Көп мөлшерде азот диоксиді, фенол, шаң, күкірт қоспалары және басқа улы заттектер кездеседі. Орта есеппен жылына қала атмосферасына газ және шаң түрінде 180 мың тонна зиянды заттектер шығарылады.

Атмосферада жылына бір тұрғын адамға 35 кг зиянды заттектер келеді. Ауада зиянды заттектердің концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан әлдеқайда асады. Ауада қорғасын, кадмий, хром, азот диоксиді, фенол, күшән және формальдегид көп кездеседі. Осы жылдың басында ауадағы шаң рұқсат етілген нормадан 1, 4-1, 8 есе, фенол - 1, 4-1, 8 есе, формальдегид - 1, 8 есе, көмір оксиді - 1, 1 есе асып кетті.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы

Қала территориясын түр бойынша бөлу шешілетін мәселенің масштабы мен оның шешілу деңгейіне байланысты. Атмосфераның ластану деңгейін есептеу үшін жасалған жұмыстың еңбек өнімділігінің және шығындардың азаюы оны ластайтын көздер санының (N) азаюымен байланысты. Қалада ауаның ластануы жекелеген автокөліктердің мыңдаған түр есебінен болатынын ескеру керек. Көздер саны азаюының бір әдісі бұл жекелеген кішігірім көздердің сызықтық және аудандық көздерге ауыстырылуы, яғни бірнеше көздер топтарын бір шартты көзге бірігуі болып табылады.

Ауаның ластану деңгейін есептеу мен шешілетін мәселенің күрделілігіне қарай нақты критерийлер қолданылуы мүмкін. Практикада біріккен көздердің координаттарына максималды шашыратуға ( L) шектеу қойылады. Сонымен қатар біріккен көздердің әрқайсысынан максималды концентрацияны алып қашықтық (X р ) пен қауіпті жылдамдықтар мәндерінің максималды шашырауына шектеу қойылады. Осы жағдайда автокөлік көзі сызықтық көзге жатады. Осыған байланысты қала территориясын жеке зоналарға бөлу ластану деңгейімен ерекшеленетін (шығарынды тығыздығы) ластанудың таралу ұзындығына (көздің ұзындығы) байланысты. Есептеулер үшін келесі формуланы қолдануға болады:

(2)

Қазіргі кезде Алматы қаласының территориясында келесі аудандар бар [1, 2, 4, 5, 18] .

1. Бес аудан автокөліктер отын жағатын құрылғылар мен өндірістердің шығаратын шығарындылары есебінен болатын топырақтың металдармен ластану деңгейінің интенсивтілігі (ластау коэффициенті әлсіз к 3 <3; орташасы к 3 =3-10; күшті к 3 = 10-30; өте күшті к 3 = 30-100; максималды к 3 > 100) .

2. Төрт аудан техногенді шығарындылардың қоспасы мен ғарыштық шаңның ағыны нәтижесінде ауа бассейіннің техногенді шаңды ластайды (бірінші аудан орташа фондық шаңды жүктеме q 1= 50 . . . 100 кг/км 2 тәулікте; екінші -q 2= 100 . . . 250 кг/км 2 тәулікте; үшінші -q 3= 250 . . . 1000 кг/км 2 тәулікте; төртінші -q 4= 250 . . . 500 кг/км 2 тәулікте) . Осыған сәйкес бірінші - Абай даңғылы және оған қарайтын кварталдар; екінші - өндірістік кварталдар кіретін Абай даңғылынан Райымбек көшесіне дейін; үшінші - өндірістік кварталдар кіретін Райымбек көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін; төртінші - өндірістік кварталдар кіретін Рысқұлов көшесінен бастап қаланың солтүстік шекарасына дейін.

3. Экологиялық қауіптілігі жоғары 6 аудан белгіленді; топырақ, қар, ауаның ластануы, шығарындылар құрамы, шаң, күйенің таралуы бойынша ластану көрсеткіштерінің комплексі бағаланады. Бірінші экологиялық қиын аудан машина жасау өндірістерінің шығарындыларымен байланысты («Поршень» зауыты, АЗТМ, электровагондарды жөндеу зауыты және төменвольтты аппаратура зауыты) . Олар көп мөлшерде вольфрам, мыс, марганец, хром, жүздеген киллограмм қалайы, күміс, сынап, кадмий (10 . . . 100 фон) шығарады. Шығарындыларға қарағанда топырақ құрамында көптеген элементтер 10-15 есе кем кездеседі (молибден, никель, кобальт 50 . . . 100 есе кем) . Алматы төменвольтты аппаратура зауыты қала атмосферасына өндірістік шаңдардың 8 . . . 23% -ын шығарады. Цехтарға жақын территориялар күміс, сынап қалдықтарымен (40 фонға дейін) ластанған. Бұл территорияларда автокөліктер есебінен - қорғасын, «Поршень» зауыты мен АЗТМ есебінен - сынап концентрациялары жоғары. Екінші экологиялық қиын ауданға «Асфальтобетон» КСМК - 3 және басқа да 10 кішігірім өнеркәсіп орналасқан территория жатады. Бұл ауданға күмістің аномалиялары тән, отындық мазуттың кең пайдалануының есебінен бүкіл аудан бойынша сынаптың жоғары концентрациялары кездеседі. Үшінші экологиялық қиын аудан Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысынан оңтүстік - батысқа қарай орналасқан. Мұнда фондық концентрациялардан 100 есе асатын қорғасын топырақ пен қар құрамында кездеседі (табачный комбинат) ; 10 есе асатын (тәжірибелі - механикалық зауыт) ; мыс (жөндеу - подшипниктік зауыт) ; сынап - «Электроприбор зауыты». Төртінші экологиялық қиын ауданға «Саяхат» автобекеті, «Эталон» зауыты, аумағындағы территорияларымен бірге полиграфкомбинаты жатады. Бұл ауданға (фондық концентрациядан 10 . . . 30 есе артық) сынаптың жоғары концентрациялары тән. Солтүстік бөлігінде автопарк территориясымен байланысты. Бесінші экологиялық қиын аудан Рысқұлов көшесінен солтүстікке қарай Сейфуллин мен Сүйінбай көшелерінің аралығында орналасқан. Мұнда ТЭЦ-1-дің шығарындылары шөгіліп, топырақ берилий, қорғасын және циркониймен ластанған. Алтыншы экологиялық қиын ауданға Алматы-1 теміржол бекетінің территориясы жатады. Мұндағы топырақ құрамында сынап пен кадмийдің мөлшерлері көп. Бұл аудандағы грунтты суларының кадмиймен ластануы ШРК-дан 6 есе артық.

Ерекшеленген жоғары қауіпті экологиялық аудандардың көлемі 17, 5 км, бұл жалпы қала территориясының 10% құрайды. Бұдан басқа аудандарда да қиын экологиялық жағдай орналасқан. Мысалы: Розыбакиев көшесі - Тимирязев, Розыбакиев көшесі - Рысқұлов, Рысқұлов көшесі - Сейфуллин даңғылы және т. б. көшелер қиылыстарында.

Атмосфераның автокөліктер шығарындыларымен ластану деңгейінің тығыздығына байланысты Алматы қаласының территориясын түр бойынша бөлудің негізіне мыналар кіреді:

Жоғарыда айтылғандай қаланы үш позициядан экологиялық аудандарға бөлудің бағалау қорытындылары (топырақ ластануының n=5 деңгейімен қарқандылығы бойынша, техногенді шаңды жүктеу n=4 экологиялық қауіпті деңгейдегі аудандар n=6), олардың жағымды және жағымсыз жақтары мен концептуалды бөліну негіздері.

Қаланың аудандары бойынша транспорттық аудандардың қызмет етуінің деректі беталысы; практика және әртүрлі локалды бақылаулар;

Объектінің экологиялық жағдайын анықтаудағы бағалау:

Ластанудың комплексті индексі, жеке экологиялық ерекшеленген объектілер бойынша орташа статистикалық, фондық және болжаулы шығарындылар;

Алматы қаласын жеке аудандарға бөлу үшін қажетті жалпы көрсеткіштер (әртүрлі метеорологиялық және рельефті факторлар және де бұл аудандардағы халықтың тығыздығын есепке алғанда атмосфераның автокөліктер шығарындыларының ластану деңгейімен ерекшеленетін аудандар) .

Қаланың қазіргі экологиялық жағдайын анализдеу қорытындысы бойынша метеорологиялық факторлар мен автокөліктердің үлкен ағындары және қарқынды қозғалысының нәтижесінде автокөліктердің орталық магистральдарында атмосфераны ластаушы концентрациялардың мөлшері жоғары болып, қаланың орталық бөлігінде ауа ағындарының пайда болуына әкеледі. Ал бұлар жақын жерде орналасқан кварталдардың кір ауасын сорып, қыста тұмшаның пайда болуына әсер етеді. Бұған қоса рельефті фактор-ауаның бір орында тұруына әкеледі (ауаның тазалану деңгейі) . Осыған байланысты атмосфераның жалпы ластанунда автокөліктер шығарындыларының мөлшері 70-80%-ға дейін жетеді.

Жоғарыда келтірілген қаланың экологиялық ерекшеліктері және олардан шығатын сұраныстар Алматы қаласын аудандарға бөлудің келесі үш комплексті критерийдің негізінде жатыр:

Автокөліктер шығарындыларымен W оп ластану деңгейінің жоғарылауына әсер тигізетін метеорологиялық, стратификациондық және рельефті әсер ету факторларды ескеретін комплексті жалпы структуралық параметр.

Бірінші экологиялық қолайлы аймаққа қорғалатын аймақтар кіреді. Олар Алматы қаласының ерекше қорғалатын объектілер: Медео, Баум бағы, Алматы өзені, әртүрлі мәдени парктар (М. Горький және т. б. ), сонымен қатар қаланың шеткі аймақтары: қаланың солтүстік бөлігінде 1-ші теміржол вокзалдан бастап ары қарай, қаланың оңтүстік бөлігінде - Қазақфильм, Таулы Қырат ықшам аудандары, Каменка; шығыс бөлігінде - Талғар ауданы; оңтүстік-батыс бөлігінде - Сайын көшесінен төмен Ақсай және т. б. ықшам аудандары.

Екінші экологиялық орташа ластанған аймақ - Баумана көшесінен бастап және Қапшағай - Алматы, Алматы - Қаскелен трассалардан оңтүстік - батысқа қарай барлық ықшам аудандар.

Үшінші экологиялық тұрақты емес аймақ - жылжымалы көліктерді жөндейтін, техникалық қызмет көрсететін, жанармай толтыратын, көлік жуатын автокөлік комплексінің объектілері.

Төртінші экологиялық орташа ластанған аймақ - қаланың оңтүстік бөлігіндегі аудандар - орташа және үлкен көлік магистральдар: Әл-Фараби, Тимирязев, Жандосов, Сайын, Абай және Розыбақиев көшелері.

Бесінші экологиялық ластанған аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар үлкен автомагистральдар: Әуезов көшесі, Абай, Абылайхан, Достық даңғылдары, Гоголь, Төле би, Қазбек би, Сәтбаев, Байтұрсынов, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері.

Алтыншы экологиялық “қолайсыз аудан” қаланың орталық бөлігінде өте үлкен автомагистральдар - Райымбек, Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдары, Сейфуллин, Мақатаев, Жібек Жолы көшелері, Абай - Әуезов, Тимирязев - Әуезов көшелерінің қиылысы, Көк базар.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераны ластаудан қорғау үшін негізгі екі бағытты ерекшелеуге болады: газ шығарындыларының азаюы; құрамында зиянды заттектер бар шығарындыларды зиянсыздандыру.

Бірінші проблеманы шешу үшін прогрессивті технологиялар мен жоғары газтығыздығы бар қондырғыларды қолдану, екінші - шығарылған компоненттер қайта пайдаланумен сорбциялық тәсілдерді қолдану, ал кейбір кезде - бұл компоненттерді жағу арқылы шешіледі. Газ, шаң және тұман аулайтын аппараттар мен жүйелер кең қолданылады.

Газшаңұстағыштар келесі топтарға бөлінеді: газдарды электролитикалық тазалау (құрғақ, сулы, аралас) ; маталы, талшықты фильтрлер (дорбалы, рамалы, импульсті және кері үрленетін) ; құрғақ инерциялы шаңұстағыштар (бір циклонды, топтық және батарейлі, акустикалық коагуляторлар) ; сулы шаңұстағыштар (насадкалы скруббер, сулықабықшасы бар циклондар) ; газдарды химиялық қондырғылары (абсорбциялық, адсорбциялық, рекуперациялық) ; каталитикалық тазалау және электрофильтрлер.

Физика - химиялық процестерге байланысты өндірістік шығарындыларды газтәріздес қоспалардан тазалау әдістері келесі төрт топқа бөлінеді: шығарындыларды ерітінділермен шаю (абсорбция тәсілі) ; шығарындыларды реагент ерітінділермен шаю (хемосорбция тәсілі) ; газ тәріздес қоспаларды қатты активті заттармен жұтып алу (адсорбция тәсілі) ; шығарындыны каталитикалық түрге айналдыру арқылы жұтып алу.

Атмосфераның шумен ластануы

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңінде атмосфераның шумен ластануы да бірқатар зардаптарын тигізуде. Деңгейі шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, есту органдарының қызметін нашарлатып, тіпті кейбір жағдайларда жүйке - психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнің эндокриндік системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клткаларының дегенерациялануына әкеп соғады. Үздіксіз қатты шу әсерінен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келіп жетуі қиындайды. Деңгейі 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.

Батыстың бірқатар елдерінде әскери аэродромдар маңындағы елді мекендер тұрғындарының үнемі ұшып тұратын реактивті самолеттердің шуынан жүректің миокарді инфаркт, жыныс органдары қызметінің әлсіреуі сияқты аурулар жиілеген. Ал кенеттен болған қатты шу әсерінен жүректің тоқтап қалуы да байқалады.

Осыған байланысты шудың әсерін төмендету үшін біраз шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл өсімдіктер шудың деңгейін біршама төмендетеді. Олар түскен шу қуатының 20% жұтады. Бұнымен бірге шуды сіңіруші конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмосфераның шумен ластануынан қорғайды.

Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Қалалар
Негізгі ластаушы көздер
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: 1
2
3
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Алматы
Энергетика, автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт зауыты, ауыр машина жасау зауыты.
Бенз (а) пиран, шаң, көмірқышқыл газдары, күйелер, азот окситтері, ауыр металдар, аммиак.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Тараз
Фосфор зауыттары, энергетика, автокөлік.
Бенз (а) пиран, фторлы сутек, аммиак, шаң, күкірт, күйе, көміртегі және азот окситтері.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Өскемен
Қорғасын, мырыш, титан, энергетика, авто- көлік, цемент зауыты.
Қорғасын, күкірт, азот окситтері, мырыш, хлор, ауыр металдар.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Шымкент
Қорғасын, фосфор, цемент зауттары.
Қорғасын, ауыр металдар, шаң, күкірт, азот окситтері.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Түркістан
Мақта тазалайтын орындар, автокөлік, темір жол обьектілері.
Көміртек окситтері, ауыр металдар, тұздар, мұнай өнімдері.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Балқаш
Тау-кен металургия комбинаты, ЖЭО.
Күкірт, көміртек, азот окситтері, ауыр металдар.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Ақтау
АЭС, автокөлік.
Радиаактивті заттар, мұнай, көмір сутектер.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Атырау
Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірісі.
Күкірттік сутек, шаң, тозаң.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Теміртау
Қара металургия және синтетикалық каучук заттары.
Азот окситтері, сынап, көміртек.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Ақтөбе
Хром, химия, жасанды талшық өндірісі, энергетика.
Хром қосылыстары, азот окситтері, ауыр металургия.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Қостанай
Тау-кен өнеркәсібі, қызыл және силикатты кірпіш өндірісі.
Көміртек окситтері, шаң, тозаң, ауыр металургия.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Павлодар
Қазақстан алюминиі, ЖЭС.
Фторлық қосылыстар, азот окситтері, көмірсутектер.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Жезқазған
Тау-кен металургия комбинаты, ЖЭС.
Күкіртік окситтер мен тұздар.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Қарағанды
Синтетикалық каучук, ауыр металургия ком-ы.
Көмірқышқыл газы, күкірт қышқылының буы.
Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер: Семей
Цемент, автокөлік.
Азот, күкірт, көміртек оксит-і.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда ауа температурасының статистикалық құрылымы
Атырау және Семей қалаларының физика – географиялық сипаттамасы
Алматы ауасының ластануын зерттеу
Алматы және Астана қалаларының жел режимі жайлы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы және Астана қалаларының физика географиялық сипаттамасы
Күн радиациясының атмосферада әлсіреуі
Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы
Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін әсері
Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ауыр металдармен ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz