Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары.

2. Қазақстандағы радиациялық жағдайы.

3. Қазақстанның су ресурстары.
а) Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
б) Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
в) Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
г) Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

4. Қазақстан Республикасының орман қоры және оны пайдалану
мәселесі.

5. Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеру мәселелері.

6. Қазақстандағы демографиялық жағдайдың кейбір мәселелері.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы
кең – байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2, 925 км (Каспий
теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай
– 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань
таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы аумағы (2,7 млн.
шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу
тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6 %), дала (28%), шөлейт
(18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік
таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды.
Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта
алмаймыз. Қазақстандағы қазіріг кездегі экологиялық мәселелерге байланысты
бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен
ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын
Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам;
немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрйды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-
ын береді. Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы
жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры – 3-3,5 млрд.
тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1%
құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүогізілді,
жақын жылдары одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың
95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс
аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді.
Сондықтан, биокөтүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған
ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен
ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену
процесстерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу
жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны
облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің
концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің
басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас
балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш
еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 мле. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт
пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш
органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м3
серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп
соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен,
парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы
температураның жоғарылауына әкеледі.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының
өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті жәнее қара металлургия,
энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған
ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғпуға
алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар – Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-
кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып
табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік
және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4
млн. га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының
50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс – Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары – негізгі
су көзі.
Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс
және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және
ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық
су беруді жоспарлау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру
мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп
қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып
жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері
сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мгкг
құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы
керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен,
формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс
жасалып, 300 мың га территорияда радиоактивті жауын шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің
ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліктің
кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300
млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен
ауыру деңгейі ең жоғары.

С аймағына – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы
негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің
шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени
ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн., негізгі қызметі –
ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің
өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт
континентальды шөл аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал
шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл
көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып
жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы). Бірақ оның көлемі тұздану
мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз
пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990-1996 жылдар аралығында 10 млн га-
дан астам жайылымдылық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік
жерлер өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың
тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне
байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына
деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен
тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың
ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарды 2-3 есе артқанн. Халықтың өсуі мыңға
шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп – суға байланысты аурулар. Экстремалды
жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай
және қоытындылай келе ұлттық деңгейдеең алдымен шешуді талап ететін маңызды
экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
1) су ресурстарының тапшылығы;
2) жайылымдар мен егіс танаптарының азуы
3) урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;
4) мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;
5) қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
6) ормандар мен ерекше қорғауға алынған территорияның жетіспеуі;
7) су қорларының шайынды сулармен ластануы;
8) радиациялық ластану.

Қазақстандағы радиациялық жағдай.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – дадиациялық ластану болып
қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана
болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануымен нейтралдайтын биологиялық
ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша
тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиактивті заттар азық-түлік
өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге
дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауады, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге
байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкимиядан қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары,
радиоактивті материалдарды пайдаланаиын атомдық өнеркәсіп орындары,
ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті
қалдықтар.

Қазақстанның су ресурстары.
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су
көздеріне: Ерттіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері
жаттады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл
өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи
ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз
жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның
сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар
– мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі
ластаушыларға иондық ағыс, азотты органикалық қосылыстар, фосфор
қосылыстары, цинк жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы
дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық
жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз
экожүйесінің антропогенді әсерге ұщырауына байланысты болады. Ғалымдардың
болжамары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700
км ұзарып, су астыннда қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. га қосылуына
әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-
Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі
төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау
облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен
ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық
қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық
алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал
теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін
қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астап
қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін
жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам
артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа
таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Экология ғылымының дамуы
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстанның экологиялық проблемалары жайлы
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Жалпы экологияға кіріспе
Пәндер