А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 А.Байтұрсыновтың ғылыми.саяси шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Курсовая
А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ахмет Байтұрсыновтың
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .14

КІРІСПЕ

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің
мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан
қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп
қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі
тілмен жақсы білдіреді: Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң,
олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз,
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты деп тіпті батыра
айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар
жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті
қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі діттеген
ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген
істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ   даласындағы
мектептердің жайын бала    оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде
нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-
жағдайды жақсы көрсетеді.

1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі
еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың қазақ,
баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған
халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас
совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов
1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының
5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай
ауданы, күні кешеге дейін Южный деп аталған ал бұл күнде Ахмет
Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі –
қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың
немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр.
Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан
болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд
басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол
үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде
Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен
Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып
бермедіңдер, деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап,
бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай
алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына
алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым жабайы киргиздің
бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып,
ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып,
ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан
келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15
жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына
алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы
екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың
мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891  жылы
бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін оралады),
қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік,
жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды.
Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда
Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына – Учительская
школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен
ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.

2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы

1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына
дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ
жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақтың ерте оянған
тобының инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы Қазақ атты газет
шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды.
Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның
редакторы болып  қыруар   еңбек  етеді.
Бес жылдай (1913–1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен тиражбен
(8000 дана) шығып тұрған Қазақ газеті ең алдымен қазақ, халқының ұлттық
азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының
мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген
орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін
сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана
тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие
ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына, әкімшілік
тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет
орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады, редакторы
түрмеге жабылады. Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-
аяқ біркелкі бағытта болған жоқ  оның беттерінде әрдайым прогрессивтік,
демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ. Дегенмем әр
құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына
қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, Қазақ
газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиістігі
көрінеді. Оның үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға
дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе
қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған қазақ
публи¬цистика стилін жетілдіре түскен орган болды. Мұнда редактордың саналы
турде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.
А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919
жылдың наурызына дейін Алаш партиясының жұмысына араласады, Алашорда
атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу жөніндегі
Комиссиясы-ның құрамында қызмет етеді. Алаш - жылдық орта тұсында
құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық-ұсақ
буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі
платформасы ұлттық даму, ұлттық тең праволық үшін күрес болса, бұл идея сол
теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады
деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе
жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. Алашқа қызмет
ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін
мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы
деген ой толғандырады. Алаш партиясының Қазан революциясынан кейінгі
ұстаған автонымшыл-ұлтшыл платформасы қазақ, қоғамының әрі қарайғы дамуына
қол емес екенін түсінеді.

3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары

А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің
мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 
        Сап-сары,  аяқтары ұзын маса. 
        Өзіне біткен түрі өзгерілмес, 
        Дегенмен қара я қызыл маса. 
        Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
        Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша. 
        Ұйқысын аз да болса белмес пе екен
        Қоймастан құлағына  ызыңдаса,

деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол
қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты
етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да
бей-нелі тілмен жақсы білдіреді: Надандық, өнерсіздік аға жол-дасымыз
болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ор-далы жерде орыннан
қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты
деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар
жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына да, тіпті
қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген – өзі діттеген
ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген
істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ   даласындағы
мектептердің жайын бала    оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде
нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-
жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы Қазақ газетінде Оқу жайы деген бас
мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов  болатын. Бұл мақалада оқу-
білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып
дәлелдейді: Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан
жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген
кемшілік,-дейді. Надандық деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс
қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз
дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы
екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар даярлайтын
оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен
(яғни стипен¬дия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген
балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады. Қаражаты бар ауқатты
қазақтар баласын ақша жұмсап оқытуға ынталы еместіктен кедейлердің шамасы
келмегендіктен сол школаға жылына оқуға түсуге 50-60 бала келсе, солардың
тек төртеу-бесеуі ғана түсетіндігін баяндайды (Орысша оқушылар
[басмақала].– Қазақ, 1913, №26, 15 тамыз).
Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан
құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты
ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мек-теп. Сондықтан А.
Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады. 1914
жылы Бастауыш мектеп атты көлемді мақаласын жариялайды. ('Қазақ, 1914.
№ 61, 9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
Шәкәрім мұрасы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Пәндер