Қоршаған ортаның ластануы. Ғылыми экологиялық проблемалар


Жоспар
Кіріспе2
Қоршаған ортаның ластануы. Ғылыми экологиялық проблемалар. 2
Ластанудың көзі. 3
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер12
Кіріспе
Қоршаған табиғи ортаның қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану - қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы, ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - «Жер» туралы ғылым.
Құқықтық экология деп - қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз.
Қоршаған ортаның ластануы. Ғылыми экологиялық проблемалар.
Экологиялық дағдарыстар мен ахуалдардың екі түрін белгілеу керек: 1) табиғи үдерістер себебімен болатындар, 2) табиғатты ұтымсыз пайдалану әсерімен және басқа антропогендік факторларымен болатындар. Мұздың жылжуы, жанартау жарылуы, таулардың жаңадан құрылуы, жер сілкінулер және олармен байланысты цунамилар, дауылдар, су тасқыны, жер жылжуы, қар жылжуы және басқалар - бұның бәрі жердің, табиғи факторлар іс-әрекетінің нәтижесі. Олар біздің серпінді планетамызда заңды. ХХ ғасырдың екінші жартысында ірі дүлей апаттар жиілеп кетті және бұл апаттар әсерінен экономикалық ысыраптары мен адам өлімдері көбейді.
Дамушы елдердің көбінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың көкейтестігі көп себептерімен шарттасылған:
-жер шарында табиғи жағдайлардың аймақталғанымен (дамушы елдердің көбі тропиктарда орналасқан. Бұл аймақтардың экологиялық жүйесі өте тұрақсыз, елеулі ауқымда тез қарқынмен азады) ;
-биосфераға қысымның объективті күшеюіне әкелген дамудың дәстүрлі бағдарлануымен (халық санының тез өсуі, дәстүрлі ауылшаруашылығы, шетке шығарылатын ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге бағдарлану, минералды шикі заттарды өндіру және шетке шығару және т. б. ) ;
-әлемнің әртүрлі аймақтарының өзара қарым-қатынасы мен өзара тәуелдігімен (дамыған елдерден дамушы елдерге өндірістің экологиялық қауіпті салаларымен бірге “ластандыруды көшіру”) ;
-бұл елдердің салыстырмалы түрде нашар дамуымен, бұрынғы метрополийларға тәуелділігімен, инвестицияларды құю және дамыту үшін экологиялық қатерге көздерін жұмған елдердің бақылауы мен заңдылығының ыхтиярлығымен.
Ластанудың көзі.
Кең түсінікте қалдықтар дегеніміз - бұл адамзаттың қоршаған ортаға шаруашылық қызметі, энергияны пайдалану және бүкіл өмір сүру үдерісі нәтижесіндегі тасталымдардың жиынтығы.
Бұл - тұрмыстағы қоқыстар, атмосфера мен гидросфераға түскен өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қалдықтары. Дүниежүзілік Мұхит үшін қауіп-қатерлі мұнайдың ағымы жерге, одан кейін суға және адамның тамағына сіңетін, ауыр металлдар мен улы заттар. Бұл, әлі сенімді көмуді үйренбеген АЭС қалдықтары, және т. б.
Қоқыстардың көбі ірі қалаларда жиналады (мысалы, Нью-Йорктің әр тұрғыны жыл сайын өз салмағынан 9 есе, Париждың тұрғыны - 6 есе, ал Манила тұрғыны - 2, 5 есе көп қоқысты лақтырады) . Бұның себебінің бірі - ірі қалаларға өнімді алыстан жеткізеді, сондықтан өнімнің сапалы, әсемді және өңділігін сақтайтын тоғанақтың үлес салмағы өсе береді.
Қалдықтарды жою тіптен ғалами проблема болып тұр. Батыс Еуропадағы қалдықтарды жинау мен өңдеуі ЕО елдерінің ұлттық өнімнің тек 1, 5 пайызына жуығын береді. Тек қатты тұрмыстық қалдықтар санының өсімі жыл сайын 3 пайыз құрастырады.
Антропогендік қызметтер нәтижесінде планетаны қоршаған ортаның жалпы ластанудан болған экономикалық зиянының жылдық сомасы көп уақыт әлемнің бүкіл елдерінің ЖІӨ сомасымен салыстырғанда 5-6 пайызға жетті.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық (әсіресе индустриясы дамыған елдерде) қоршаған ортаға ең күшті және ең елеулі әсер ететініне күмән жоқ.
Сонымен қатар, атмосфераның ластануына басыңқы әсер ететін өнеркәсіп салаларын атауға болады. Бұл - энергетика (әсіресе ЖЭС), түрлі-түсті металлургия, мұнай өндіруі, коксохимия, цемент өндірісі және басқалар. Еңбірінші суды ластандыратын салаларға целлюлоза-қағаз және ет-сүт және мұнай өндіру өнеркәсібі жатады. Жердің қорларына барлық өндіруші салалар, құрылыс материалдар өнеркәсібі және т. б. әсер етуде.
Өнеркәсіптің кейбір салалары табиғи ортаның барлық бағыттарына жағымсыз әсер етеді, суды, ауаны, жерді ластайды. Ол негізгі химия, қара металлургия, пластмасс және синтетикалық талшық өндірісі, тағам өнеркәсіп салалары (әсіресе крахмал мен қант өндірісі) жатады.
Тек бірнеше мысалды келтірейік. 1 т шойынды балқыту кезінде атмосфераға ұшқан майда топырағы - 4, 5 кг, күкіртті газдың - 2, 7, марганецтің - 0, 5 кг құрастырады. Тасталым құрамында мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап буы т. б. заттары бар. Агломерациялық фабрикалардың түтіндігінен созылған “түлкі құйрықтары” - зиянды түтін (бұл күкірт жанғаннан кейінгі өнімі) . Алюминийдің 1 т шығарған кезде 38-ден 47 кг дейін фтор жұмсалады (технологияға байланысты), ал 65 пайызы атмосфераға кетеді. Химия өнеркәсібі ауа бассейінінің стирол, фенолдар, ацетон, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, күкіртті ангидрид, күкірттісутек, хлор және фтор қосымдары деген улы заттармен толықтырады. Бұл заттардың көбінде қанцерогендік және наркотиктық әсері бар. Бұған, сонымен қатар, пайдаланған автокөліктің газдармен ауаны ластандыратын әсерін қосуға болады (көмір тотығы мен азот тотықтары ең қауіпті) . Бұл ластану түрлерінен әсіресе ірі қалалардың және өнеркәсіп орталықтарының тұрғындары қиналады.
БҰҰ ғалами экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтері бойынша, өзендердің (бақылау жүргізілетін) 10 пайызы ағын сулармен ластандырылған (бастапқы айыпкерлер - өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы) .
Мысалы, Еуропа өзендеріндегі нитраттардың бары орташа ұйғарынды мөлшерден 45 есе жоғары. Фосфаттар мен пестицидтармен ластандыру кеңінен таратылды. Қызығы, Танзания, Колумбия, Малайзия өзендерінің бір қатарында пестицид деңгейі Еуропадан жоғары. Экологиялық жағдай нашарлауда, соның ішінде өзендер, теңіздер жағалауындағы өнеркәсіп және тұрмыстық сарқынды (ағынды) сулар нәтижесінде.
Булану нәтижесі. көмірқышқыл газы атмосферада, оранжереяның әйнегі сияқты, күн сәулесінің энергиясын жіберіп, жердің жылуын ұстайды, сөйтіп “булану нәтижесі” - болады. Ал атмосферада көмір тотығы өседі (ормандарды өртеу, шабу нәтижесінде, оларды өнеркәсіп қалдықтарымен және т. б. ластандыру себебінен) . Хлорфторкөміртегінің шығарымдары да климаттың жылыуна әсер етеді (бірақ бұл ой - пікір кейбір ғылымдармен әліде бәсекелесуде) .
Сонымен, жердің климатына адамзат өркениетінің әсер етуі - нақты. Соңғы жүз жылдықтың ең жылы төрт жылы 80-шы жылдарға келеді (1988 жыл ең ыстық болды), яғни дүние жүзіндегі климаттың жылуы жөнінде айтыла бастады. Әлемнің негізгі аудандарындағы ауа-райы жағдайлары ғылымдар тұжырымдарын дәлелдеді. “Булану нәтижелердің” күшею себебінде өмір сүру жағдайы қандай болатынын көрсетті.
Ауа температурасының болжамы бойынша, 2020 жылы 2, 5 С градусқа, ал 2050 жылы -3 - 4 С градусқа көтеріледі. “Булану нәтижесі” планета климатын бұзады. Жауған жаңбырдың саны, желдердің бағыты, бұлттардың қабаты, мұхит ағымы және полярды мұздардың биіктік көлемі секілді маңызды өлшемдерді өзгертеді. Ал бұл Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне әсер етеді, аралды мемлекеттер мен елдерде проблемаларды тудырады, әсіресе төмен жағалауда орналасқан халық саны көп елдерде, мысалы, Қытайда, Бангладеште, Нидерландыда, Мексиканың америкалық жағалауында және басқа жерлерде.
Планета температурасы көтерілуінен оңды нәтиже күтіп отырған ғалымдарда бар: мысалы, олардың пікірі бойынша, жоғары ендіктерге ауыл шаруашылығы жылжиды, Солтүстік теңіз жолында жыл бойы кеме жылжу маусымы үшін ашылады, ірі кемелерге ыңғайсыз порттардың біразы тереңдеу болады және т. б.
Озон тесіктері: Озон қабаты күннің ультракүлгін сәулесінен жердегі бар тірі жанды қорғайтын және климатқа әсер ететін атмосфераның маңызды құрамды бөлігі бөлып саналады. Озонның негізгі салмағы 10 км-ден 50 км-ге дейінгі биікте, ал оның ең жоғары тығыздығы 16-26 км-ге дейінгі биіктікте жиналған. Озонның құрылу және күйрену үдерістерінде азот қышқылымдары, ауыр металлдар, хлор, фтор, бром белсенді орын алады.
Жердің озон қабығында ірі “тесік” бірінші рет 1978 жылы Антарктидада байқалды. Келесі жылдары бұндай “тесіктер” Антарктидада, АҚШ-да, Еуропада, Ресейде спутниктермен зерделеу кезінде байқалды. Озон қабатының бұзұлуына адамзат жасаған және табиғатта жоқ аэрозольды газдар-хладагенттар хлорфтор-көміртегінің (ХФК) және озонды қүйрететін басқа заттардың (ОКЗ) тасталымдарын кінәлайды.
Автокөлік - қатер-қауіптың негізі. Автокөліктің дамуы, қалалардағы ауа ортасын шығарымды газдармен ластандыруы - біразаурудың бастапқы себептерінің бірі. Атмосфераны барлық қауыпты ластандырудың 60 пайызынан жоғарысын жарты миллиардтан астамын автокөліктер тасталымдары құрастырады. “Фотохимиялық туманның” (смогтың) негізгі себебі - автокөліктердің жұмсалған газдары. Ал бұл жағдай әлемнің бірталай ірі қалаларында байқалады - Мехикода, Лос-Анджелисте, Нью-Йоркте, Чикагода, Бостонда, Лондонда, Токиода, Миланда және т. б.
Халыққа шаққан автокөліктер санының көрсеткіші ел байлығы өлшеміндегі нағыз экологиялық қауып-қатер өлшемі болды.
Автокөліктің зиянды әсерін төмендету шараларының арасында келесілерді атауға болады:
-уландыру жағынан автокөліктердің құрастыруын жетілдіру;
-автокөліктерді отынның басқа түрлеріне ауыстыру;
-автокөліктерді экологиялық жағынан “тазасын”, жаңасын, электромобильдерді, “күн сәулесімен жүретіндерді” және т. б. құру (1977 жылы Францияда жеңіл машиналар паркінің 2 пайызын электромобильдер құрастырады) ;
-электр жүйесімен істейтін қоғамдық көліктерді жетілдіру және кеңейту.
Атом энергетикасының әсері. Бүгінгі күнгедейін жағдайы қауыпты болып тұрған Чернобыль АЭС-ғы апаттан кейін ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта қолдану жөнінде қарама - қарсы пікірлер айтылуда: біреулері - бар АЭС жою және жаңа құрылыстарын тоқтату керек десе, басқалары - оларды келешекте дамыту және жетілдіру керек дейді. Кейбір елдер атом энергетикасын дамыту бағдарламаларын уақытша тоқтатып қойды, ал Жапон елі, керісінше, 2010 жылға дейін 20 дан астам энергоблоктар мен АЭС салу жөніндегі жоспарын хабарлады.
ЮНЕП (БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттігімен (МАГАТЭ) және бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымымен бірге, қауып-қатерді бағалауына және күрделі өнеркәсіптік құралдарын басқаруына қатысты әртүрлі жобаларды жүзеге асыруына қатысады.
Ормандарды жою. Дамыған елдердің ормансыз қалуы - үлкен апат екенін осыдан 20-30 жыл бұрын түсінді. Сондықтан қоңыржай белдеудің ормандар көлемі қазіргі кезде азайып жатқан жоқ, ал бір қатар жерлерде орманды қайта құру жұмыстар нәтижесінде өсуде. Он жылдықта экономикасы дамыған елдерде орманнан айырылуының және оның сапасы төмендеуінің негізгі себебі ащы жауындарда. Олар 30 млн га жуық ормандар аумағына әсер еткен.
Латин Америкасындағы Амозонияның экваториалдық және ылғал тропикалық ормандар ауқымы 5 млн. шағын км көлеміне жуық. Бұл ауқымды жедел менгеруіндегі басыңқы ору-оттау әдісі, трансамазондық жолдардың құрылысы экологияға ауыр әсерін білдірді.
Ормандарды сақтау, ұтымды пайдалану және оларды жасамды қайта құру проблемасы Африкада да бар қазір. Әлімнің көп елдері мен аумақтарында, Қазақстанда соның ішінде, ормандарды қысқарту үдерісі экологтарды күдіктендіреді. Әлемдік ауқымда тек соңғы 100 жылда орман көлемі екі есе қысқарды.
Шөлдену. “Шөлдену” деген аталыммен жердің азу үрдесі белгіленеді. Ол ақыраяғы құнарлы жерлерді экологиялық шөлге айналдырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz