Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
ЖОСПАР
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары 2
Қызыл кітап 4
Қазақстанның қызыл кітабы 7
Қазақстан Қызыл кітабындағы сүтқоректілер. 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Қорық сөзі өте көне, ол сондай Киев Русінің тұсында аң аулауға ең
қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қызыл
кітап термині жақында, бар-жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің
өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық
әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа ие болды. Бұл
тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар мемлекеттер
биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан кейінгі (Рио-де-
Жанейро,1992) 2-3 жылда өсуіне байланысты, күшейе түсті. Бұл мақалаларда
осы ұғымдардың бір-біріне пара-пар еместігі жайында сәл-пәл болса да ойлар
жиі-жиі көріне бастады. Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ
бұл терминдер мазмұны жағынан әр түрлі. Өйткені, олар биологиялық
әртүрлілікті сақтауды екі - территориялық және таксономиялық тұрғыдан
қарастырады.
Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында қорықтар 1926
жылдан. Оңтүстік Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань табиғатының үлгісі (эталоны)
ретінде бұл өңірде бірінші болып Ақсу-Жабағылы қорығы ұтымдастырылған
жылдан ашыла бастады. Екінші болып, Қостанай облысының тың бидайықты
далаларын, ең шеткі оңтүстіктегі қарағай ормандарын және жануарлар
дүниесіне өте бай далалық аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға алған
Наурызым қорығы (1930 жылы құрылған) ашылды. Одан әрі Солтүстік Тянь-Шань,
оның әр түрлі белдеуімен қоса табиғатының эталондық учаскелерімен таныстыру
мақсатымен Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан Алматы қорығы
құрылды(1931ж.). Төртінші қорық - Көкшетау облысының далалары, гранитті тас
сілемдерінде өсетін қарағайлы-қайыңды ормандары мен айдан көлдерін
(Бурабай, Шортанды, Шабақты) қорғауға арналған Бурабай қорығы. Бұл қорық
бар-жоғы 15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды. Бесінші, Барсакелмес
қорығы, 1939 жылдан Арал теңізіндегі осы аттас аралда жұмыс істейді.
Алтыншы қорық, Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылды, негізінен, Орталық
Қазақстандағы (Ақмола облысы) Теңгіз және Қорғалжын көлдерінің су айдынын
және оларға жақын жатқантың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр. Бұл
жерлер су құстарының, соның ішінде Азияның ең терістігінде қоқиқаздар тобы
орналасқан нағыз қанаттылар базары. Келесі қорық - Марқакөл, осы аттас көл
мен Оңтүстік Алтайдың таулы тайгасымен таныстыратын, 20 жылдан астам
уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі Үстірт қорығы
1984 жылы құрылған, ол Үстірттің батыс тік жарларының ең биігінде
орналасқан. Батыс Алтай тайгасының қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы
аттас қорық 1992 жылы ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы
қорғауға алынып, соңғы есеппен Алакөл қорығы 1998 жылы құрылды.
Өкінішке орай, айтылған қорықтардың көпшілігі орман-аңшылық және
аңшылық-қорық деп аталатын шаруашылықтар болып бірнеше рет қайта құрылды.
Бұл кезде олардың территориялары көп өзгеріске ұшырап,тіпті бір жерден
екінші жерге ауыстырылды (мысалы, Алматы қорығы ) . Тек Ақсу-Жабағылы
қорығы ғана 75 жылдан аса Батыс Тянь-Шань табиғатының эталонын қорғау
қызметін бұлжытпай орындап келеді.
Табиғат эталоны термині - жай бейнелі сөз емес. Ол қорықтар құрудың
негізгі мақсатын білдіреді. Бұл барлық табиғи комплекстерді адам баласының
қызметі араласпаған күйінде эталондық учаскелер ретінде сақтау деген сөз.
Осындай эталондық учаскелерде экосистемалардың даму бағыты мен қарқыны
зерттеліп, мал жайылған немесе шөп шабылған көршілес осындай учаскелерде
болып жатқан өзгерістермен салыстыру - адам баласының шаруашылық қызметі
өздері пайдаланатын табиғат ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне
қалай әсер етеді деген сұраққа жауап беруге тиіс. Биологиялық әртүрлілікті
сақтау міндеті маңызды болғанымен де, бұл жерде ол комплексті қорғаудан
кейін екінші орында тұрады.
Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады: Наурызым қорығы
үшін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жеке топтарының күрделі жүйелі
өзара қарым-қатынасымен қоса барлық көл комплексін сақтау ол жерде ұялайтын
сирек кездесетін түр - бұйра бірқазанының санын көбейткеннен әлде қайда
маңызды болып табылады. Екінші жағынан, түрді сақтап қалу мәселесінде сол
қорықта ұялайтын 40 шақты бірқазанды ғана қорғап қалу емес, оны шешуде
қорғалмайтын басқа көлдердегі олардың маңызы зор. Өйткені Наурызым
көлдерінде бірқазандар санының шектен тыс көбеюі тіпті қорық комплексіне
зиян келтірген болар еді.
Қорыта айтқанда, республикамыздың барлық территориясының 0,3%-ға жуық
аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен-саран жағдайларда
болмаса, жануарлардың (сол сияқты өсімдіктердің) сирек кездесетін түрлеріне
байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан
Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат
территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары
іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді
қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау
ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық
тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және
өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа
да атқарылатын қызметіне көп жағдайда сәйкес келеді. Ал, түрді (туысты,
түршені немесе кез-келген басқа да экологиялық таксонды) толықтай қорғау
тек оның саны көп болғанда ғана емес, өзінің табиғи таралуының үлкен
бөлігінде мекендегенде ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол
жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана
жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана
емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі
мен маңызын көрсетеді.
Қызыл кітап
Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда, көшеден өтуге болмайты-нын
білесіңдер. Қызыл түстің, кейде осындай тыйым салу белгісі екені бүкіл
дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Сондықтан да сирек кездесетін және
жойылып кету қаупі төнген, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін
хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап Қызыл кітап деп
аталған.
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде
планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында
қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп
отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты
организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен
хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі
тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя
бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп
аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Планета табиттының жұтау қаупі бірден белгілі бола қойған жоқ. Тек
көптеген түрлер құрып кеткеннен кейін ғана адамдар олардың енді қайтып
келмейтінін, ешқандай ғылыми-техникалық прогресс құралдарының оларды
қалпына келтіре алмайтындығын байқады. Түрлердің жойылу қарқыны қауіпті
түрде шапшаңдай түсті. Омыртқалы жануарлардың кейбір топтарындағы жойылып
кеткен түрлердің саны 10—20 процентке дейін жетті. Міне, бұл деген
кәдімгідей жан түршігерлік жағдай еді.
Хайуанаттар мен өсімдік түрлері - табиғаттың қайталанбас, генетикалық
бірегей туындысы, олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз табиғаттың баға
жетпес сыйынан айырылумен барабар болып табылады. Өйткені тіпті ластанған
су мен ауаны да тазартуға, қалпына келтіруге болады, ал жойылып кеткен
биологиялық түрді қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру деген — мүмкін емес
нәрсе.
Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің
70 шақты түрі құрыды, ал үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында Жер
бетінен тағы да 40 түр құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана
600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр.
Тіпті фаунамыздың (жануарлар дүниесінің) кейбір тамаша өкілдерінің
құрып біткен ақырғы уақытын да айтуға болады. Мысалы, 10 ғасырда Европаның
ормандары мен орманды далаларында қаптап жүрген тур жабайы сиырының ең
соңғысы 1627 ж. Польша жерінде өлді. 1741 ж. Командор аралдарынан табылған,
дене тұрқы 8 м, салмағы 3000 кг шығатын су сиырлар 1768 ж. бүтіндей құрып
бітті. 18 ғасырда оңтүстік орыс далаларында тарпан жабайы жылқысы үйір-
үйірімен жайылып жүретін, соңғы тарпан 1879 ж. құрыды. Бір кездерде
Солтүстік Америкада бірнеше миллиондап колония болып ұялайтын кезеген
кептерлерді адамдар бас-аяғы жүз жылдан аз-ақ астам уақыт ішінде қырып
жіберді, ақырғы кезеген кептер 1914 ж. АҚШ-та хайуанаттар паркінде өлді.
Бұл жағдайдан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді
қорғау қажеттігі туды. Бұл істе Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды
қорғау одағы (Международный союз охраны природы и природных ресурсов —
МСОП) үлкен роль атқарды. 1962 ж. Сирек кездесетін құстар мен сүтқоректілер
тізімінің алғашқы жобасын дайындады. 1966 ж. анықталған тізім арнайы Қызыл
кітапта көрсетілді.
1979 жылғы жағдай бойынша алғанда, халықаралык, Қызыл кітапқа
сүтқоректілердің 305 түрі мен түр тармағы, құстардың 258, бауырымен
жорғалаушылардың 98, қосмекенділердің 40, балықтың 193 түрі мен түр тармағы
енгізілді.
1978 ж. СССР Қызыл кітабы жарық көрді. Бұл өзі еліміздің
хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау ісіндегі көрнекті оқиға, СССР-дегі
сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген түрлердің жағдайы жайындағы ресми
анықтамалық болды. Оған сүтқоректілердің 62, құстардың 63 түрі мен түр
тармағы, қосмекенділердің 8 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 21 түрі,
жоғары сатыдағы өсімдіктердің 444 түрі енгізілген. Бұдан кейінгі
басылымдарда бұл сандар толықтырылып, басқа да түрлер қамтылды.
СССР Қызыл кітабына енген түрлер екі категорияға бөлінеді. А тобы —
жойылып кету қаупі төнген түрлерді, Б тобы — сирек кездесетін түрлерді
қамтиды. Жойылып кету қаупі төнген топқа қырып-жоюдың, мекендеген жерлерін
бұзып-бүлдірудің салдарынан саны мен ареалы (таралған жері) күрт азайып
кеткен және одан ары азайып бара жатқан түрлер жатады. Бұл түрлердің
адамның белсене араласуынсыз тірі қалуы мүмкін емес. Оларды аман сақтап
қалу үшін қырағы қорғап, арнайы қорықтар, заказниктер мен питомниктер құру
қажет.
60-жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл
кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға
негізделген. Бұл - Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды
қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы
берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты
шаралары - түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін
қамтамасыз ету. Бірақ тәжірибеде Қызыл кітаптардың қорғауға қажетті
шараларды қарастыруға арналған бөлімдерінде келешекте қорықтар құру жайында
ұсыныстар болды. Бұл көпшілік жағдайда дұрыс та бола бермейді. Осыған
байланысты мұзтау ережесін еске түсіре кеткен орынды: мұзтаудың ең аз
көлімді жоғарғы ұшы - түрді қолдан өсіру; мұзтаудың келесі шамалы бөлігі -
қорғалатын территориялар, ол мұзтаудың ең үлкен су асты бөлімі түрді барлық
таралу аймағында қорғау. Түрдің қалыпты жағдайда өмір сүруі осы соңғысына
тәуелді болады.
Бұл сирек кездесетін түрді территория жағынан қорғау қажеті жоқ немесе
оның маңызы шамалы деген сөз емес. Керісінше, ол түрді қорғаудың қажетті
шараларының бір бөлігі. Бұл кезде қорықтармен қатар, қорғалатын табиғи
территориялардың басқа категорияларының, оның ішінде алғашқы қатарда
қорықшалардың маңызы арта түседі. Сирек кездесетін жануардың немесе
өсімдіктің ең тығыз популяциялары әрқашанда ландшафтың қорық болуға лайық
эталонды учаскелерімен территория жағынан сәйкес келе бермейді. Бұл
жағдайда осы түрді немесе түрлердің топтарын қорғау үшін арнайы қорықшалар
құру тиімді. Бұл учаскелерде шаруашылық қызметтердің кейбір түрлерін
жекелей шектеу қорғалатын түрдің бұл жерде қалыпты тіршілік етуіне жетіп
жатыр. Осындай қорықшаларды ұйымдастыру, қорық ашқанға қарағанда әлде қайда
жеңіл және аз күш жұмсалады. Себебі бұл жерлер шаруашылыққа пайдаланудан
алынбайды.
Өте қатал қорғау режимі бар комплексті қорықша құру қорық
ұйымдастарудан әлде қайда жеңіл. Бұл арқылы түрдің таралу аймағы шегінде
үлкен территорияларды қамтуғаболады. Ал қорықтар болса бұл территориялардың
шамалы ғана пайызын құрайды.
Қазақстанның қызыл кітабы
Қазақстанда Қызыл кітаптың бірінші басылымы 1978 жылдың соңында жарық
көрді. Бұл Омыртқалы жануарлар бөлімі еді, оған жануарлардың 87 түрі мен
түршелері, оның ішінде сүтқоректілердің - 31, құстардың - 43, бауырымен
жорғалаушылардың - 8, қосмекенділердің - 1 және балықтардың 4 түрі мен
түршелері тіркелді. 13 жыл өткен соң, 1991 жылғы Республикалық Қызыл
кітаптың екінші басылымына омыртқалылардың 129 түрлері мен түршелері, оның
ішінде сүтқоректілердің - 42, құстардың - 58, бауырымен жорғалаушылардың -
10, қосмекенділердің - 3 және балықтардың - 16 түрлері мен түршелері енді.
1996 жылы жарық көрген үшінші басылымда, екінші басылыммен
салыстырғанда, түрлер санына аздаған өзгерістер енгізілді, ең бастысы-ол
көрсеткіш кеміді. Онда балықтың 16 түрі (түршелері, популяциялары),
қосмекенділердің -3, бауырымен жорғалаушылардың - 10, құстардың - 56 және
сүтқоректілердің - 40 түрі (түршелері) қалды. Осы екі басылымды салыстырап
қарасақ, 2-басылымдағы құстар мен сүтқоректілер қатарларын қайта қарау
арқылы тізім саны кемігенін байқаймыз. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы
Министрлер кабинеті 1995 жылы 21 тамызда бекіткен.
Қазақстан Қызыл кітабының үшінші басылымына тіркелген сирек кездесетін
омыртқалы жануарларды территориялық жағынан қорғау қалай қамтамасыз
етіледі? Шындығына келгенде, балықтар мен қосмекенділердің 19 түрі мен
түршелерінің бірде-бірі қорғалатын территориялардағы өзен-көл айдындарында
кездеспейді. Сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың 10 түрінің 3-уі
ғана қорықтар территориясында таралған. Олар: Ақсу-Жабағылы қорығында
мекендейтін аяқсыз кесіртке, сарыбауыр мен қызыл теңбіл шұбар жылан, Үстірт
қорығында кездесетін төртжолақты шұбар жылан.
Құстар мен сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлерінің жағдайы біршама
жақсы. Сонымен, қызыл кітаптық құстар түрлерінің 64%-дан астамы және
сүтқоректілердің 50%-дайы Қазақстан қорықтарында кездеседі. Бірақ та,
қорықтардың оларды қорғаудағы рөлі әлі де төмен болып отыр. Мәселе, тек бір
немесе басқа бір сирек кездесетін түрдің қорық территориясында кездесуін
дәлелдеу емес (мысалы, Үстірт қорығында қабыланның, Ақсу-Жабағылы немесе
Алматы қорықтарында қызыл қасқырдың, Қорғалжын немесе Наурызымда шитұмсық
шалшықшының бар-жоғы). Маңыздысы көптеген сирек кездесетін түрлердің
бірінің (өте сирек-екі) ғана қорық территориясында, оның өзінде де өте аз
мөлшерде, мекендеуі болып табылады.
Шындығына келгенде, Қорғалжын қорығы тек қоқиқаз үшін ғана түрді
сақтаудың қамтамасыз етілгенін айта кету керек (онда саны бірнеше мыңға
жететін негізгі ұялайтын тобы қорғалады). Территориялық жағынан бірнеше
таудағы қорықтарда ұялайтын бүркіт, қара ләйлек және сияқты хайуанаттар
біршама жақсы қорғалады. Далалық жерлерде мекендеушілермен салыстырғанда
таудағы қорықтарда таралған барыс, түркістан сілеусіні, тас сусары, тянь-
шань қоңыр аюы сияқты сүтқоректілердің тіршіліктері де әлде қайда жақсы.
Келешекте ұйымдастырылатын қорықтардың ішінен мыналарды ерекше атап
өтуге болады. Олар: өзіне тән ерекшелігі бар реликті өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің комплексін, соның ішінде өте сирек кездесетін арқарды
қорғауды қамтамасыз ететін Қаратау қорығы; жусан-сораң өскен тақырлы шөлді
және Қазақстан эндемигі Шренк тобылғы түсі мен жалманды қорғауға арналған
өзі аттас шөлдің ортасында орналасқан Бетпақдала қорығы; су құстарының
тіршілік мекені ретінде халықаралық маңызы бар сазды-батпақты көлдерге бай
Торғай қорығы; Іле өзенінің сағасында орналасқан, сақталып қалған шөл
өзендерінің ішіндегі ең үлкенінің атырауындағы өзіне тән ерекшелігі бар
комплексін, сонымен қатар сол жерде ұялайтын қызғылт және бұйра
бірқазандардың негізгі шоғырларын және іргелес жатқан шөл учаскелерінде
мекендейтін жыланшы бүркіт, іле сексеуіл жорға торғайы, қылқұйрық және
қарабауыр бұлдырықтар, боз ергежейлі қосаяқ және басқа да сирек кездесетін
жануарлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz