ЛИТОСФЕРА. ТОПЫРАҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1 ЛИТОСФЕРА3
1. 1 Литосфераның құрамы3
1. 2 Литосфераның қасиеті4
2 ТОПЫРАҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ5
2. 1 Топырақтардың ластануы5
2. 2 Топырақтың бүлінуі (деградациялануы) 6
2. 3 Жерді қайта құнарландыру7
ҚОРЫТЫНДЫ9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ10
КІРІСПЕ
Литосфера - жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км., оның ішінде жер қыртысы - құрлықта 50-70 км. -ге дейін (жазықтықтарда - 35-45 км-ге дейін, тау сілемдері астында 70 км. -ге дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера - қоршаған ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, бетінің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа байланысты литосыфераның жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б. ) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанар таудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т. б. ) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
1 ЛИТОСФЕРА
1. 1 Литосфераның құрамы
Литосфераның үстінгі қабатын топырақ деп атайды. Топырақ - ол аналық жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық - тарихи дене.
Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнмрлығы, ягни өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттар мен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді.
Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В. В. Докучаев (1846-1903ж. ж. ) қалады. Ол бірінші рет «топырақ» және «топырақ құрылымы» ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процессінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты.
В. В. Докучаев топырақ түзілу процессінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға бастапқы жыныстар, ауа райы, жер бедері және уақыт, өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трасформациясына байланысты топырақ құрылымы бірнеше қабаттарға, немесе горизонттарға дараланады. Қабаттардың арақатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты. Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны гумусты немесе қарашірінді деп атайды, құрылымын қиыршықты - түйірлі болады. Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануартекті қалдықтарды айтады.
Топырақтың минералды бөлігі негізінде 50 ℅ кремнеземнан ( SiO 2 ), 25 %-ке дейін глиноземнен (Al 2 O 3 ), 10 %- ке дейін темір оксидінен (Fe 2 O 3 ) және 0, 1 %-тен 5 %-ке дейін (MgO), калий (K 2 O), фосфор (Р 2 О 5 ), кальций (СаО) оксидтерінен тұрады. Органикалық қалдықтар жай (су, көміртек диоксиді, аммиак және т. б. ) немесе күрделілеу (мысалы, гумусты) қосылыстарды түзіп минералданады.
1. 2 Литосфераның қасиеті
Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ерітінділеріндегі тұздар мөлшерінің, қышқылдықтың өзгеруі жатады, себебі оларға микроорганизмдердің белсенділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтың коллоидтердің алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Топырақтағы судың мөлшері бір қатар факторларға байланысты, әсіресе температура мен жауын-шашынның көлеміне. Топырақ ерітінделері неғұрлым тұзды болған сайын олардың өсімдікке өтуі төмендейді. Қоректік заттектер топырақтан өсімдіктерге иондық түрде тамыр арқылы өтеді, мысалы, металл катиондары органикалық қышқылдардың сутек катионымен алмасады. Топырақ түзупроцессінде топырақты мекендеген тірі организмдердің атқаратын ролі зор. Топырақ неғұрлым құнарлы болса соғұрлым олардың саны жоғары болады. Қара топырақтың қалыңдығы 15 см беткі қабатының 1 га ауданында 10 т бактериялар, сонша саңырауқұлақтар, 4 т шылаушындар, . 140 кг балдырлар, 17 кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелді.
Топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерінің қалыптасуына ерекше маңызды роль атқаратын жәндіктерге жауын құрты жатады. Олардың көмегімен күрделі экологиялық мәселені шешуге болады, мысалы, органикалық қалдықтарды өңдеуді және топырақтың құнарлығын жоғарылатуды. Көрнекті биолог ғалым Ч. Дарвин айтқандай топырақ « . . . өткен ғасырлар бойы жауын құрттары арқылы жыртылып келген».
Бір жауын құртының массасы шамамен 0, 5 г-дай, бір шаршы метрде олардың саны 50-ге жуық болады. Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 т-дай топырақты, құрғақ шөптерді, жапырақтарды, көңді және т. б. да органикалық заттектерді өткізіп, құнарландыра алады. Жаңбыр құрттарының өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері кейбір елдерде жасанды жолдармен өсіріліп құстарға, балықтарға, терісі қымбат аңдарға жем ретінде беруге және өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып жүр. Жауын құртының ішегінен өткен органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге ұшырап, жай қосылыстарға айнаады және микроэлементтер мен пайдалы микрофлорамен байытылады, капролитті құрылым түзеді. Капролиттер суда біртіндеп еріп топырақтың құрылысын жақсартып отырады.
Жерді жыртуды, тырмалауды, дара дақыл егуді және т. б. қамтитын топырақты ауылшаруашылығы тұрғысында пайдалану заттектердің айналымының тепе-теңдігін бұзады, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.
2 ТОПЫРАҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Топырақтардың ластануы
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетінде тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд. т. деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтардың көлемі 4 000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану - радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштар мен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Топырақтың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластану концентрациясының коэффициенті (Л і КК) қолданылады:
Л і КК = Х і / ШРК і немесе Л і КК = Х і / Х ф
Бұл жерде Л і КК - і- заттегіне тән ластану концентрациясының коэффициенті
Х і - і- заттегінің мөлшері
Х ф - осы заттектің фондық мөлшері.
2. 2 Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30 %- нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65% жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
• топырақ эрозиясы немесе дефляциясы - су мен желдің (дефляция) және т. б. табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
• агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоекті заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
• құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортандануы)
• топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы) ;
• топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасикттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымға шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына т. б. өзгерістерге байланысты. Осы қарастырылған процесстерге аймақтардың ерекшелігіне қарай өздеріне тән өзгешелігі бар.
Топырақ түзілу процессі аймақтық геологиялық жасына да көп байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу процесстерінің бастапқы сатылары жүріп жатады. Топырақ түзілу процессіне әсер ететін факторлардың көбісі: ауа райы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, адам қоғамының әрекеттері күрт өзгерді.
Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидрологиялық, морфодинамикалық, фитогенді және зоогенді) және антропогенді факторлар әсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.
Америка экологы Л. Браун (1992) ауылшаруашылығы жерлерін құнарсыздандыру дәрежәсі бойынша үш санатқа бөлді:
• құнарсызданудың бәсең - әлеуетті өнімділігі 10 % аз төмендеген жерлер;
• құнарсыздануы орташа - әлеуетті өнімділігі 10-50 % төмендеген жерлер;
• әбден құнарсызданған - әлеуетті өнімділігі 50 % артық төмендеген жер.
2. 3 Жерді қайта құнарландыру
Жерді қайта құнарландыру (рекультивация) деп бүлінген жерлердің өнімділігін және қоршаған ортаның жағдайын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың жиынтығын айтады. Жерді қайта құнарландырудың мақсаты: жер мен оның қойнауын ұтымды пайдалану, табиғат ресурстарын сақтау, өндіріс дамыған аудандарда қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету. Рекультивация объектілеріне мыналар жатады: жер асты мен жер үсті тау-кен жұмыстарын жүргізгенде пайда болған ойпаңдар, қазба жыныстары мен өндіріс қалдықтарының үйінділері, өнім қоймалары, қазандықтар мен жылу -электр орталықтарынан шыққан шлак пен күл үйінділері, уақытша өндірістік және тұрғын үй құрылыстары алып жатқан аудандар, жол, құбырлар, электр желілерін және т. б. жұмыстарды жүргізгенде бұзылған жер беті жатады.
1-ші және 2-ші кестеде Қазақстан жері туралы қысқаша мәліметтер келтірілген.
1-ші кесте. Қазақстан топырақтары туралы мәліметтер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz