Озоносфера


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе2

Озон3

Озоносфера4

Озон саңылаулары5

Қорытынды10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:11

Кіріспе

Атмосфера - жерді қоршап тұрған газ тәрізді қабық. Жер атмосферасы азоттың 79 көлемінен, оттегінің 21 көлемінен және аз мөлшерде су буынан, аммиактан, аргоннан, озоннан т. с. с газ тәрізді денелерлен құралған. Бұл таза механикалық қоспа, оның тығыздығы жоғарыдан төменге қарай азаяды. Өзінің ауырлығымен атмосфера жердің бетіне түсіретін қысымы 1кг/1см 2 .

Атмосфера жерді күн сәулелерінен қорғайды, адамның тыныс алуын қамтамасыз етеді, ғарыш денелерінен қорғайды, демек атмосфера жердің қорғаныш қабығы.

Адамзат дамуының қай сатысында болмасын, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста болды. Бірақ, жоғары индустрияланған қоғам пайда болғаннан кейін адамның табиғатқа араласуы ұлғая түсті, яғни кәзіргі кезде осы араласудың салдары адамзат үшін жаһандық қәуіп төндіріп тұр. Түрлі тәжірибелер мен космостық ғарыш кемелерінің ұшуы, ұшақтардың үздіксіз қатынауы, қарулардың түрлерін ашық ауада сынақтан өткізу, алып заводтардың атмосфераға мыңдаған кубо метр лас газдарды тастауы ауа қабатын аяусыз ластап жатыр.

Олардың ішінде атмосфераны химиялық ластау елеулі орын алады. Олардың ішінде - газтәрізді және аэрозольді ластанулар. Көмірқышқыл газының атмосферада жиналуы тоқтамауда. Бұл процестің әрі қарай етек алуы жылдық температураның қалаусыз өсу тенденциясына айнала бастайды. Экологтар мұнайдың мұхитты ластауы онсыз да нәзік тепе-теңдікті қалпынан шығарып жатыр деуде. Мұнай және мұнай өнімдерінің мұхиттыңі 1/5 бөлігін ластағаны айтылуда, мұндай және мұнай өнімдері атмосфера мен гидросфераның газ-су алмасуын бүлдіруде. Сол сияқты жерді химиялық пестицидтармен улау және қышқылдықтың жоғары деңгейі экосистеманың ыдырауына әкелетіні даусыз. Жоғарыда айтылғандардың бәрі біртіндеп, әр минут сайын табиғат-ана жасаған қайталанбас экосистеманың өлуіне әкеледі. Мұның бәрі адам баласының - жер бетіндегі ең ақылды, ең дамыған тіршілік иесінің ісі дегенге сену қиынға соғады, дегенмен бұл - ақиқат, осы ақиқат тез арада жер болмысын тақыр шөл далаға айналдырмас үшін ойластырылған іс-әрекеттер жасалуы тиіс.

Озон

Озон (грек. Ozon - аңқығыш) - оттегінің оллотропиялық түр өзгерісі. Химиялық формуласы О3 1785 жылы гом. физигі М. ван Марум ашқан. Түсі қою көк, ал сұйық озон күлгін-көк, өзіне тән өткір иісті газ, балқу t-192, 7°C, қайнау t-112°C. Суда ерігіштігі 0, 399г/л (0°C-та) . озон тұрақсыз, өздігінен жылу бөліп, оттекке айналады. Күшті тотықтырғыш, алтын мен пластинадан басқа барлық металдарды тотықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді. Озонды йод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды: O3+2KI+H2O=I2(көк) +O2+2KOH.

Кәдімгі оттек О2 KI-мен реакцияға түспейді. Табиғатта озон найзағай жарқылаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі (қ. Озоносфера) . Таза озон - улы, микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда, т. б. қолданылады.

Озон “жыртығы”, Озон тесігі - озоносфера қабатының жарылуы (диам. 1000 км-ден астам) . Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс XX ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудырады. Озон “жыртығы” табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсерісе өнер кәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондорды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептеледі.

Соңғы 20 жылды озон “жыртығының” аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға) . Озон “жыртығы” арқылы Күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ Күннің ультракүлгін радиациясының жоғарлауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесімен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасы қабылданған. Озон “жыртығын” алғаш рет 1985 ж. ағылшын зертеушісі Дж. Фарман байқаған.

Озоносфера

Озоносфера, озон қабаты (грек. Ozon - аңқығыш және Sphere - шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10-50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20-25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің Күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутациялық өзгерістер байланысты.

Озон саңылаулары

1985 жылы Британдық Антарктикалық қызмет ғалымдары Антарктидадағы Хали-Бери станциясындағы атмосферадағы озон деңгейі 1977-1984 жылдар арлығында 40%-ға азайғанын мәлімдеді. Кейін басқа да ғылыми одақтар бұл мәліметті растап, бұл құбылыс тек Антарктиданы ғана емес, сол сияқты оның биіктігі 12-ден 24 километр биіктікті, яғни төменгі стратосфераны қамтиды. Антарктиданың озон қабатын түбегейлі зерттеу - Халықаралық Самолеттық Антарктида Озон Эксперименті болды. Бұл экспериментті жүргізу барысында ғалымдар самолетпен озонның ең әлсіреген аймақтарына көтеріліп, оның мөлшері мен онда жүріп жатқан химиялық процестер туралы өте құнды мәліметтер жинады. Төрт мемлекетің мүшелері қатысқан бұл экспедиция озон «ойығының» (тесігі, саңылауы) бар екенін айқындады. 80-ші жылдарда «Нимбус-7» спутнигі озон «ойығының» Арктикада бар екенін көрсетті, бірақ ол Антарктидағы «ойықтан» кішірек болды және озон деңгейінің төмендеуі тек 9%. Жалпы жерде 1979-1990 жылдар аралығында озон деңгейі 5%-ға төмендеді. 1<280 нм көрсеткіші ультракүлгін барьерін әлсіретеді, ал 280<1<315 нм болғанда тірі ағзалар жасушаларының өлуіне алып келеді. Озон конценрациясының 1%-ға төмендеуі қатаң ультракүлгін сәулелерінің интенсивтілігін орта есеппен 2%-ға ұлғайтады. Қатаң ультракүлгін сәулелері тірі ағзаға әсері ионизациялық сәулелену әсерімен бірдей, бірақ оның толқындарының ұзындығы ұзын болмағандықтан ол терең өте алмайды, сондықтан ағзаға үстіртін әсер етеді. Қатаң ультракүлгін сәулелері ДНК және басқа органикалық молекулаларды өлтіреді. Сол себепті тері рагын, тез өрбитін катаракта, меланома және иммундық жетіспеушіліктер тудырады. Қатаң ультракүлгін сәулелерінің әсері терінің күюіне әкеліп соғады. Қатаң ультракүлгін сәулелері сумен сіңірілмейтіндіктен мұхит экосистемасына бұзушы әсер етеді. Зерттеулер нәтижесі бойынша су бетінде қалқып жүретін планктон ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түгел жойылып кетуі мүмкіндігін ескертеді. Планктон теңіз экосистемасының негізі болып табылады.

Жоғарыдыбыс авиациясының адам өмірінің бұлжымас бөлігіне айналуы озон қабатына қауіп төндіреді. Жанармайдың күйдірілуінен азот оксидтері пайда болуы және азотты тыңайтқыштарды пайдалану озон қабығының әлсіреуіне алып келеді. Ракеталардың ұшуына пайдаланатын хлоратты қосылыстар, мысалы "Спейс-Шаттл" немесе "Арианда" пайдаланады, олар озон қабаты үшін локальді зиян тигізеді.

1974 ж. Ирвин Калифорния университетіндегі М. Молина және Ф. Роуленд (ХФК) озонның бұзылуын тудыратынын дәлелдеді. міне 60 жылдан астам холодильниктер мен кондиционерлерде хладагент, аэрозольді қоспалар үшін пропеллентер, өртсөндіру аппараттарында көбік жасаушы, электронды приборлар үшін тазартқыштар, киімді химиялық тазарту үшін, пенопластиктер жасау үшін қолданылады.

ХФК молекулалары азон концентрациясы максималды 25 км биіктікке көтерілгенде, ол ультракүлгін сәулелерінің әсеріне ұшырайды, ультракүлгін сәулелеріне жай кезде төзімді ХФК молекулалары жоғары реакциялық қабілеті бар компонентерге ыдырайды, мысалы атомды хлорға. Осылайша ХФК хлорды жер бетінен тропосфера арқылы атмосфераның төменгі қабаттарына тасымалдайды. Атмосфераның төменгі қабаттарында хлордың аз инертті қосылыстары ыдырайды, ал стратосферада болса озон концентрациясы мол қабатқа да жетеді. Өте маңызды нәрселердің бірі - хлор озонның жойылуы кезінде котализатор қызметін атқара отырып өзінің мөлшері азайтпайды. Хлордың бір ғана атомы озонның 100 000 молекуласын жояды. Қазіргі кезде ХФК-ның миллиондаған тонналары атмосфераға жіберіледі. Егер де бүкіл ХФК-рын пайдаланатын өндірісті тоқтатқанның өзінде оның әрекеті әлі он шақты жылға созылады. Кеңінен қолданылатын ХФК-дар фреон-11 (CFCl) және фреон-12 (C) -лердің атмосферада өмір сүру ұзақтығы сәйкесінше 75 және 100 жыл.

С 1978 ж. АҚШ-та ХФК-рын аэрозольдер жасау үшін пайдалануға тиім салған. Өкінішке орай басқа өндірістерде ХФК-ды пайдалану тоқтаған жоқ. 1987 ж. қыркүйегінде 23 жоғары дамыған мемлекеттің қатысуымен Монреальде конвенцияға қол қойылды, ол конвенцияда ХФК-ды пайдалануды төмендету шарты қойылған болатын. Конвенцияға сәйкес 1986 жылға қарағанда бұл мемлелекеттер 1999 жылы ХФК-ды пайдалануды екі есе төмендету керек еді. Аэрозольдерді жасау үшін қолданылатын пропеленттің орнына пропан-бутан қоспасы ойлап табылды. Өзінің физикалық параметрлері бойынша пропан-бутан қоспасы фреондардан артта қалмайды, дегенімен өртенгіш келеді, көптеген мемлекеттерде өндіріледі соның ішінде Ресейде де. Бұл мәселе фреондар кеңінен қолданылатын холодильниктер жасауда өте ауыртпалы. Себебі: ХФК молекулаларының жоғары полярлылығының есебінен буланудың деңгейі жоғары болуы холодильниктер мен кондиционерлер жасау үшін өте қолайлы. Бүгінгі күнде фреонның орнына қолданылатын аммиак, ол улы бірақ ХФК физикалық параметрлері бойынша аммиактан асып түседі. Көп елдерде фреондарды ауыстырушыларды жасау қолға алынып жатыр, дегенімен бұл проблема толық шешілген жоқ. Жаһандық Климаттың мониторингі бойынша өндіріс орындарынан және тығыз қоныстанған қалалардан қашық жатқан Тынық және Атлант мұхиттары мен аралдарында -11 и -12 фреондарының концентрациясы жылына 5-9%-ға көтеріліп жатыр. Фреондарды тез өндіруге дейін, яғни 50-жылдарға қарағанда стратосферадағы хлордың фотохимиялық активті қосылыстарының деңгейі қазір 2-3 есе көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Ғаламдық экологиялық проблемалар. озон қабаты
Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы
Озон қабатының бұзылу салдары
Озон қабатының бұзылуы
Атмосфераның озон қабатының Жердегі тіршілікті сақтаудағы маңызы
ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Күн-жер байланыстары
Биоалуантүрлілік жəне ортаның биологиялық ластануы. Ғаламдық мәселелердің биоалуантүрлілікке әсері
Фотохимиялық реакциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz