Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері 4
Орманды пайдалану критерийлері 4
Ормандардың экологиялық маңызы 5
Ормандарға рекреациялық қысымның әсері 6
Орманың - қорғаның 7
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман жобасының мәліметі
бойынша 1998 жылы 24568,2 мың гектар болды. Соңғы жылдары саланы
қаржыландырудьң қысқаруы, орманды күтіп ұстаудың нашар ұйымдастырылуы
нәтижесінде орман шаруашылығының жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың
10 айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Сонымен қатар,
кеміргіштер әрекеттері, адамзат тигізетін факторлар ормандардың күйін
төмендетіп отыр.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазақстан территориясының 3,8%-ы
орманды жерлер алып жатыр. Қазақстан—2030 стратегиясында бұл көрсеткішті
5,1%-ке дейін көтеру жоспарланған. Мына жұмыста осы мәселелер барынша
қарастырылады.

Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі Қазақстан территориясы кең
байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км (Каспий теңізі мен
Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1,600 км.
Батыс-Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары
мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн.
шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен
белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала
(28%), шөлейт (18%), шөлді (40%).

Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар.
Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде
сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен
сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең
қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық
көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор;
төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман
шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат
көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигиеналық тынығу,
стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі
маңызы зор.
1992 жылы Рио-де-Жанейродагы БҰҰ-ның конференциясында Ормандарға
қатысты мәлімдеме принцинтерінде былай делінген: Ормандар атмосфераға
түсіп, парниктік эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма
болып табылады. Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық,
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың
маңыздылығын көрсетеді.

Орманды пайдалану критерийлері

Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрдга-дан астам. Жалпы
ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,
жолдар, шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрдга-ды алып
жатыр. Бір адамға есептегенде жалпиы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан
келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың
пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бүл
көрсеткіш 32,2%-га тең (басқа мәліметтер бойыніпа 25%).
Өзінің тарихында адам шпамамен 23 орманды аудандардағы ормандарды
жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%-дан қазір 25—30%-ға дейін
кеміді. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл
процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз
болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл
шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.
Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының (биомасса) 1,65—1,96
триллион м3 (құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үсті (бұталар,
діңдер, жапырақтар) және жер асты (тамыр) массасы кіреді. Агаш діңінің
ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сииаттайтын маңызды
көрсеткіш агаштың жылдық өсімі болып табылады.

Ормандардың экологиялық маңызы

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға
әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский
бойынша тірі заттың бірінші реттік қызметі) және механикалық немесе
физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі). Биогеохимиялық қызмет әртүрлі
физиологиялық ІІроцестердің (фотосинтез, минералдық қоректену,
транспирация, қоршаған ортаға әртүрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және
т.б.) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның
көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің
іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды
тұндыру қызметі арқылы көрінеді. Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу
жылдамдығына (өнімділік) байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер
кіші мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер
ететін фактор болып табылады.
Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық
өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы
улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың
артуына да байланысты болады.
Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін
концентрациясын (ЗЖЖК) көптеген өсімдіктерге қолдануга болмайды. Себебі,
өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары болады.
Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту
үшін орманда биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің
анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен
пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру (тыңайтқыштар, суару),
фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б.
жатады.

Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

Рекреация ұғымы үйден тыс жерде адамдардың денсаулығы мен еңбекке
жарамдылығын қалпына келтіруді сипаттайды. Рекреациялық объект ретінде
ормандар мен ормандық ландшафттар кеңінен қолданылады.
Өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,
көбеюге мүмкіндік бермеуі арқылы әсер етеді. Қышқыл жауын-шашын мен оның
комноненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді. Қышқыл жауын-
шашын өсімдіктерден биогендерді (әсресе кальций, магний, калий), қанттар,
ақуыздар, амин-қышқылдарын ығыстырып, зақымдайды. Олар қорғанышсыз
ұлпаларды зақымдап, ағзаға катогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену
мүмкіндігін арттырады. Мұндай әсердің нәтижесінде фитоценоздардың
өнімділігі төмендеп, кейде толық жойылыи кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да
байқалады. Бұл әсер алюминий мен ауыр металдардың қозғалғыштығьшың артуы
нәтижесінде болады. Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды. Оларда
инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартаюына
әкеледі.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады. Бұл ең алдымен
олардың қылқанының ұзақ (4—6 жыл) өмір сүруіне, ондағы улы зат-тардың
жиналуына байланысты.
Атмосфераның ластануына жогары дәрежеде сезімталдығымен қыналар
сииатталады. Олар әдетте ең бірінші болып, экожүйеден жойылады және
қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.
Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары мен озонның бірлескен
әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде. Озон негізінен фотохимиялық
смогтың өнімі болып табылады. Оның әсерінен хлорофилл тікелей және
хлорофилді тотығудан қорғайтьн маңызды агент С витаминнің шектен тыс
жұмсалуы арқылы бүзылады.
Орман өсіру гылымының жеке бөлімі рекреациялық орман шаруашылығы
қалыптасқан. Оның міндеті жекеленген экожүйелердің (ормандардың типі)
рекреациялық бағасын анықтау, қысымды реттеу іс-шараларын жасау, экожүйелер
мен шаруашылыққа зиянын төмендету.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
Орман қорын құқықтық қорғау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Пәндер