Қазақстанның отын-энергетикалық қорыньң жағдайы мен болашағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

Отын - энергетикалық кешен4

Қазақстанның отын-энергетикалық қорыньң жағдайы мен болашағы9

Қорытынды11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі12

Кіріспе

Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат - нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Халықтың көзқарасы өзгеруде. Жұрт бизнеске ұмтылып, өз істерін ашып күн көрістерін ойластыруда. Нарық кісілерді еңбектенуге және өзі үшін өнімді еңбектенуге ынталандырады.

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі - ұлттық дәулеті болып табылады.

Бұл жұмыста Қазақстанның отын ресурстары сипатталған. Отын ресурстары мүмкіншілігі жене оның даму үрдісі ел экономикасының болашағын анықтайды. Сондықтан ОЭК туралы ақпарат жеткілікті нақты және дәл болса еліміздің дүние жүзіндегі орны мен келешегін болжауға көмектеседі.

Отын - энергетикалық кешен

Дүние жүзінің энергетикалық қоры

Энергетика - дүниежүзілік энергетикалық шаруашылықтың бір бөлігі.

Дүниежүзілік энергетиканы талдаудың маңызды бір қыры шетелдердің келіп жатқан Қазақстан энергетикасында қолданудың мүмкін аймақтарын және Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігін шетелдік энергетиканың дамуы мен қалыптастыруында пайдалануды анықтау.

Өзіндік даму жолына түскен және едәуір отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшін барлық дүниежүзінің және жеке мемлекеттер ен дамуының негізгі үрдістерін талдауды жүйелі түрде жүргізіп тұру өте маңызды. Бұл әсіресе ұзақ мерзімді энергетикалық және дүниежүзілік нарыққа шыққанда қажет. Дүниежүзіндегі органикалық отынның шығарылатын қоры 6, 3 трлн. т. ш. о. деп бағаланады да отын түрлері бойынша былай бөлінеді:

Тас және қоңыр көмір 4850 млрд. т. ш. о. 76%

Мұнай және шық 1150 млрд. т. ш. о. 19%

конденсат

Табиғи газ 310 млрд. т. ш. о. 5%

1 кг шартты отын жанғанда 29, 3 МДж жылу бөлінеді деп есептелінеді. Органикалық отынның дәлелденген қоры жер шарының алқаптары бойынша біркелкі тарамаған. Егер дәлелденген көмір қоры негізінде Азияда (Қытай, Ресей, Қазақстан) шоғырланса, ал мұнай қорлары Таяу шығыста, табиғи газ Ресейде, Таяу және Орта Шығыста шоғырланған.

Органикалық отынның дәлелденген қорының ішінде қатты отын, яғни көмір, басым. Көмір дүниежүзілік отын - энергетикалық теңестікте (баланста) маңызды орын алады. Көмірдің ең үлкен қорының болуы дүнижүзілік алғашқы энергияның үштен бірін және электр энергия өндіру үшін пайдаланатын жанарғының 40 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жақын болашақта Азия мен Австралияда, соның ішінде дүниеде көмір өндіру бойынша 8- ші орын алатын Қазақстанда, көмір негізгі энергия көзі болып қала береді.

Энергия тасығыштармен халықаралық сауда елеулі өсті. Дүниежүзілік нарыққа шығарылған энергия тасығыштар мөлшері 4 млрд. т. ш. о. немесе дүние жүзінде бір жылда өндірілген алғашқы энергетикалық қорлардың үштен біріне жетті. Энергетикалық қорлармен дүниежүзілік сауда көлемі жылына 6%-ке өседі.

Отын мен энергияны жалпы дүниежүзілік тұтыну соңғы кезде 0, 9%-ке артты, бірақ 1993 ш. о. кісі болған үлестік энергия тұтыну 2, 5%-ке кеміді. Бұны дүниежүзілік энергия өндірудің өсу қарқынымен салыстырғанда сол кезеңде халық санының тезірек өсуімен (негізінде дамушы елдерде) және ТМД елдерін қоса Орта жоне Шығыс елдеріндегі энергия тұтынудың абсолюттік және салыстырмалық төмендеуімен түсіндіруге болады.

Энергия қорларын өндіру жөне тұтыну қарқындарының айырмашылығына байланысты дүниежүзілік энергетикалық теңестік құрылымында белгілі өзгерістер болды - жалпы энергия түтынудағы қатты және сұйық отындар үлесі біраз төмендеді, сол уақыт арасында газ және алғашқы электр энергия үлесі өсе түсті (жалпы өндіріске қатысты, процент) :

Дүниежүзілік энергия теңестігінде газ үлесінің өсуі негізінде оны электр энергияны өндіруге көбірек пайдаланудан болғаны баршаға мәлім.

БҰҰ-ның статистикасы бойынша уранның дүниежүзілік өндірілуі 36000 т-ға жетті, оның үштен бірі Солтүстік Америкада (төрттен бірі АҚШ-та), 19%-і Африкада (негізінде ОАР мен Нигерияда), соншама Азияда (негізінде Қазақстан мен Өзбекстанда) жөне ширегіндей Еуропада (негізінде Ресей, Украина жөне Францияда) өндірілді.

1990-2010 жылдар аралығында дүние жүзі халқы 1, 4% деп қабылданған, ал өткен 20-жылдық кезеңге болжау жасағанда халық санының және экономикалық баға динамикасы есепке алынды.

Бірінші энергетикалық қорға қажеттіліктің ең төмен өсу қарқыны Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей және бұрынғы КСРО жерінде пайда болған тәуелсіз елдер үшін Қазақстанды қоса болжамдалып отыр.

Егемен мемлекет болған бұрынғы 15 республикалардың үшеуі (Ресей, Туркменстан, Қазақстан) 1995 ж. отын - энергетикалық қорлардың нетто-экспортерлары болды. Тағы екі ел (Өзбекстан мен Әзербайжан) негізінде өздерін энергия қорларымен қамдады, ал қалған 10 ел энергия қорын сырттан іздеуге мәжбүр болды.

Энергия қорларымен қамдау мәселесін тиімді және түбегейлі шешуді ТМД елдеріне интеграция жолында іздеген жөн. Дүниенің бұл алқабында отын - энергетикалық кешен көп жылдар бойы біртұтас жүйе ретінде қалыптасқаны белгілі ТМД алқабында әрбір отын түрі жеткілікті және ТМД - экспортер, әсіресе мұнай мен газдың. Энергия қорларының экспорты жоқ дегенде 2010 жылға дейін өседі.

Болжау бойынша алғашқы энергия қорларының экспорты бұл алқаптан 2000 ж. 270 млн. т ш. о., 2010 ж. 370 млн т. ш. о. құрайды. Мұнайдың таза экспорты 2000 жылға дейін қазіргі деңгейде (80 млн. т-дай) сақталады да 2010 жылы 130 млн. Т-га дейін өседі.

Табиғи газдың таза-экспорты 2000 жылы 200 млрд. м 3 -қа дейін, ал 2010 жылы 320 млрд. м 3 -қа дейін жетеді. Экспортер елдер катарына Әзербайжан мен Өзбекстан қосылады.

МЭА (Международное энергетическое агентство - Халықаралық энергетикалық агенттік) жасаған болжау бойынша 2010 жылы дүние жүзінде электр энергияны өндіру 20450 млрд. кВт сағ. Болады, ол 1990 жылмен салыстырғанда 70% артық. Бұл болжау бойынша электр энергияны өндіру және тұтыну қарқынының өсуі алғашқы энергия қорларын өндіру және тұтыну қарқынымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Дүние жүзінде электр стансалардың қондырылған қуаты 2010 жылы 3600 млрд. кВт құрайды, қуат өсімінің 2/5-І 24 елге - ОЭСР мүшелеріне, қалған 3/5-і 186 басқа елдерге келеді.

Энергия қорларының дүниежүзілік бағаларына келсек олардың динамикасы Халықаралық энергетикалық агенттіктің пікірі бойынша төмендегідей болады: долл. /т. ш. о.

МИРЭС жариялаған дүниежүзілік энергетиканы болжаудың максималдық жэне минималдық нұсқалары бойынша мәліметтер

1-кесте 1993 жыл

Көрсеткіш: Көрсеткіш
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
1990жылғы ақиқатмәліметтер:

1990

жылғы ақиқат

мәліметтер

2020 жылға дейін болжау: 2020 жылға дейін болжау
Көрсеткіш: Макснмалдық нұсқа
Өлшем бірлігі: минималдык (экологиялык) нүсқа
Көрсеткіш: Жалпы мәліметтер:
Көрсеткіш: Халық саны млн. адам
Өлшем бірлігі: 5292
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 8092
2020 жылға дейін болжау: 8092
Көрсеткіш: Экономикалық өсуі:
Көрсеткіш: Жалпы ішкі өнім
Өлшем бірлігі: трлн. АҚШ долл.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 21, 0
2020 жылға дейін болжау: 64, 7
55, 7
Көрсеткіш: Жалпы ішкі өнім 1 тұрғынға
Өлшем бірлігі: АҚШ долл.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 3972
2020 жылға дейін болжау: 8001
6884
Көрсеткіш: Алрашқы энергетикалық қорга кажеттілік:
Көрсеткіш: Жиынтык
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 12593
2020 жылға дейін болжау: 24610
16120
Көрсеткіш: Меншікті
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о. /кісі
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2374
2020 жылға дейін болжау: 3060
1988
Көрсеткіш: Электр энергия қажеттілігі
Өлшем бірлігі: млрд. кВт. сағ
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 11608
2020 жылға дейін болжау: 23000'
Көрсеткіш: Экономикалық энергия сіңіргіштігі
Өлшем бірлігі: кг ш. о/долл
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 60
2020 жылға дейін болжау: 39
29
Көрсеткіш: Экономикалық электр сініргіштігі
Өлшем бірлігі: кВт. сағ/долл .
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 0, 55
2020 жылға дейін болжау: 0, 4Г
Көрсеткіш: Дүнисжүзілік энергетикалық тенестіктің кұрылымы:
Көрсеткіш: Көмір
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 26, 3
2020 жылға дейін болжау: 28, 2
18, 9
Көрсеткіш: Мұнай
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 31, 0
2020 жылға дейін болжау: 26, 7
25, 7
Көрсеткіш: Табиги газ
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 19, 5
2020 жылға дейін болжау: 21, 2
22, 1
Көрсеткіш: Атом энергиясы
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5, 0
2020 жылға дейін болжау: 5, 7
6, 1
Көрсеткіш: Су энергиясы
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5, 3
2020 жылға дейін болжау: 5, 8
5, 9
Көрсеткіш: Жанғыртылатын энергия көздері
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 12, 9
2020 жылға дейін болжау: 12, 4
21, 3
Көрсеткіш: Алқаптар бойынша алгашқы энсргетикалық қорларға қажеттілік:
Көрсеткіш: Солтүстік Америка
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 3095
2020 жылға дейін болжау: 3494
2615
Көрсеткіш: Латын Америкасы
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 825
2020 жылға дейін болжау: 3190
1869
Көрсеткіш: Батыс Еуропа
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2091
2020 жылға дейін болжау: 2594
1886
Көрсеткіш: Орталық және Шығыс Еуропа
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 418
2020 жылға дейін болжау: 515
379
Көрсеткіш: ТМД елдері
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2069
2020 жылға дейін болжау: 2394
1830
Көрсеткіш: 1 аяу Шығыс және Солтүстік Африка
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 453
2020 жылға дейін болжау: 1853
1131
Көрсеткіш: Африка Сахара шолінен Онтүстіктеу
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 380
2020 жылға дейін болжау: 1829
869
Көрсеткіш: Тынық мұхит алқабы
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2635
2020 жылға дейін болжау: 6989
4273
Көрсеткіш: Оңтүстік Азия
Өлшем бірлігі: МЛН . Т. Ш . 0.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 637
2020 жылға дейін болжау: 2648
1287
Көрсеткіш: Зиянды заттардың ауаға шығуы:
Көрсеткіш: Күкірт
Өлшем бірлігі: млн. т.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 64, 6
2020 жылға дейін болжау: 98, 1
42, 8
Көрсеткіш: Азот
Өлшем бірлігі: м л н . т .
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 24, 0
2020 жылға дейін болжау: 37, 9
20, 9
Көрсеткіш: Көміртек
Өлшем бірлігі: млн. т.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5. 9
2020 жылға дейін болжау: 11, 5
6, 3

Ескерту: * - орташа нұсқа бойынша

Көк жиекті ар жағында не бар? Болашаққа көз салып болжау жасауға талайлар ат салысуда. Әрбір цифрдың астарында қаншама ұжымдар мен дарынды ғалымдардың ойы, тәжірибесі, еңбегі жатыр. Әр санның астарында көптеген халықтың болашақта болу-болмау тағдыры елестейтіні ақиқат.

Қазіргі уақытта жер халқының 30% тұратын өнеркәсіптік елдер дүниежүзілік энергияның 70%-ін тұтынады. Бұған олар қыруар еңбектің арқасында жетті. Бірақ жердің энергетикалық мүмкіншілігі және оны пайдаланғандағы туатын экологиялық қиыншылықтар бүкіл жер халқының мүддесі болғандықтан ХХІ-ғасырда оларды әділ бөлу мәселесі туындауы мүмкін.

Қазіргі алғашқы энергия теңестігінде оның жанатын көздері - мұнай, көмір, газ 90%-ін алады. Бұл үрдіс әлі көп жылдар бойы сақталады. Қоғамдық пікір жөне экономикалық жағдай атом энергиясына қарсы болады.

Осы себептен "Шелл" компания сарапшыларының пікірі бойынша, энергия коктейлінің" құрылымы кеңейеді. Жаңғырылатын энергия түрлері 2030 жылдары қатты дамиды. Бұл экология мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Энергия тұтыну жылына 2%-ке өсіп 2060 жылы бір кісіге шаққанда мұнайдың баламалық 3, 4 т. деңгейіне жетеді, бұл Жапониядағы қазіргі тұтыну деңгейіне сәйкес. Дүниежүзілік қоғамдастағы энергия ағындары 3-суретте көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отын – энергетикалық кешен
Дүние жүзінің аймақтарында мұнай тасымалдаудан туындайтын мәселелер
Нарықтық экономикалық саясаттағы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
Қазақстандағы энергия ресурстары
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
Геотермалды энергия көздері
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫ
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz