Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі

экологиялық талаптар

  1. Қалдықтарда трансшекаралық тасымалдау құқығы

3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар

Өнеркәсіп қалдықтарын төгінді, шығарынды, тастанды орналастыруда құқықтық реттеу негізінде басқару.

Қалдық дегеніміз экологияда:

  • Затты өндіру кезінде физикалық және басқа да себептермен бұзылу салдарынан тұтастай қасиетін жойған шикізат қалдықтарымен т. б. материалдарды айтады.
  • Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың іс -әрекеті нәтижесінде түзіледі.
  • Өндіріс процесі кезінде түзілген леспе заттекті.
  • Пайдалы қазбаларды игеру барысында түзілген және леспе түзілуші зиянды заттектер.

Адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға тигізетін зиянды

әсерін болдырмау және өндіріс, сонымен қатар тұтыну қалдықтарын шаруашылықта қайта тұтыну мақсатында ҚР бірқатар нормативті құжаттар бар.

Қалдықтармен жұмыс істеудегі мемлекет саясатының негізгі принциптері:

  • Алдамның денсаулығын сақтау, қолайлы қоршаған ортаны сақтау немесе қалпынағкелтіру және биологиялық әр -түрлілікті сақтау.
  • Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында экология -экономикалық аспектілерді ғылыми -техникалық бағдарламалар негізінде жүргізу.
  • Аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды қолдану мақсатында жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді басқару.
  • Қалдывқ мөлшерін азайтуда матриалдық шикізат қорларын кешенді пайдалану.
  • Қалдықтардың мөлшерін азайтуда және оларды шаруашылық айналымына енгізуде қалдықтармен жұмыс жасауда экономикалық реттеу әдістерін қолдану.
  • Қалдықтармен жұмыс жасауда толық ақпаратқа қол жеткізу.
  • Мемлекеттің қалдықтармен жұмыс жасауда халықаралық қауымдастықтарға қатысуы.

Барлық табиғат пайдаланушылар өндіріс қалдықтарын орналастыруға немесе утилизациялауға, залалсыздандыруға, тазартуға және пайдалнуға міндетті. Залалсыздандыру деп адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауға арнайы қондырғыларда қалдықтарды өртеу, залалсыздандыру және қалдықтарды қайта өңдеу деп айтады. Пайдалану деп қалдықтарды тұтыну (жаңа зат алу мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу) . Утилизациялау деп залалсыздандыру мен қатар өндіріске қажетті құрамдарды бөліп алу. Орналастыру деп қалдықтарды сақтауда және көмудегі әр-түрлі операцияларды айтады.

Қоршаған ортаға қалдықтардың қауіптілігін азайту мақсатында уақытша нейтральды түрде оқшаулау-сақтау. Қалдықтарды сақтау орындарында оларды орналастыру үшін мерзім белгіленеді.

Зиянды заттардың қоршаған ортаға зиянды әсерін бодырмауда және қалдықтарды одан әрі пайдаға жарату мақсатында қалдықтарды оқшаулау -көму. Қалдықтарды рналастыру обьектілері-өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды заласыздандыру және көау полигондары, шлам жинағыштар және басқа да жобаланған ғимараттар жатады.

Қалдықтарды шекаралық тасымалдау сыртқы және ішкі түрде болады:

  • Сыртқы екі мемлекет арасындағы заңды негізде келісімге келу нәтижесінде жүзеге асады.
  • Ішкі республика территориясында бір субьектіден екінші субьектіге көшіру, тасымалдау, орналастыру.

Қойылатын негізгі талаптар өндірісті экплуатациялауда, ғимарат құрылыстар жүргізгенде қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:

  • Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу іс-шараларына байланысты лицензиялау.
  • Аз қалдықты технологияны енгізу.
  • Түзілген, пайдаланылған, залалсыздандырылған басқа тұлғаларға берілген немесе басқа тұлғалардан алынған, сонымен қатар орналастырылған қалдықтарды есепке алу, олардың орналасу обьектілеріне және қалдықтарға инвентаризация жүргізу.
  • Қалдық орналасқан аймақтың қоршаған ортасына мониторинг жүргізу.
  • Белгіленген ережеге сай қажетті ақпаратты ұсыну.
  • Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қауіпті жағдайды бодырмаудың ескерту талаптарын сақтау және олардың алдын алуда іс -шаралар қолдану.

Қалдықтарда трансшекаралық тасымалдау құқығы

  1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаты үшін қауіпті қалдықтарды тарнсшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының 1-ші қосымшасына сәйкес келетін қалдық топтары қауіпті болып табылады.
  2. Қауіпті қалдықтарды пайдалану және көму мақсатында ҚР аумағына әкелу мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде ҚР үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
  3. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының тараптары-мемлекеттерге және өздерінің заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар импортына тиым салған дамушы елдерге не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық негізделген түрде жүзеге асырылмайды деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарда қауіпті қалдықтарды экспорттауға тиым салынды.
  4. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қатысты ұсынылатын адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты табыс етуге міндетті. Ъ
  5. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде олар орап -буу, таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған халықарарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оралып, буылуға таңбалануға жәе тасымалдануға тиіс.

Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар

  1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы

барынша зайтылуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Экологиялық талаптар
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі
Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы
Глиноземнен алюминийді электролиздеу
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz